kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бірлігі жарас?ан, е?бегі ?кіленген ?жым.

Нажмите, чтобы узнать подробности

        «Егеменді елді?, келер ?рпа?ты? болаша?ы, келешегі білімде жатыр, ол ?шін білімді, білікті ?стаздар керек.» деп Президентіміз Н.?.Назарбаев айт?андай,«?аза?стан - 2050» Стратегиясында жо?ары білімді ?лт ?алыптастыру  ар?ылы б?секеге ?абілетті мемлекет ??ру ма?сатын ?оюы, білім ж?йесіне т?жырымдамалы? ж?не ж?йелік жа?артуларды? енуі- ?стаздар ?ауымына жа?а серпіліс беріп отыр.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бірлігі жарас?ан, е?бегі ?кіленген ?жым. »

Еңбегі үкіленген ұжым

Бактыбаева Гульзат Оразбаевна -№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары

«Егеменді елдің, келер ұрпақтың болашағы, келешегі білімде жатыр, ол үшін білімді, білікті ұстаздар керек...» деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Қазақстан - 2050» Стратегиясында жоғары білімді ұлт қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті мемлекет құру мақсатын қоюы, білім жүйесіне тұжырымдамалық және жүйелік жаңартулардың енуі- ұстаздар қауымына жаңа серпіліс беріп отыр. Биылғы 2014-2015 оқу жылын біздің № 22 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы үлкен жетістікпен бастады, ол - қалалық білім бөлімінің орта білім беретін мектептер мен гимназия, лицейлердің жылдық қорытындысы бойынша «Жоғарғы білім сапасы үшін», «Үздік орта білім беру мекемесі» номинациясында «№ 22 ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыспалы үкі мен дипломын қала әкімі Айбек Мүталапханұлы Каримовтың қолынан мектебіміздің білімді де білікті басшысы Айгүл Нүсіппекқызының алуы. Жаңалыққа жаны құмар, ұжымын білгірлікпен басқарып отырған басшымыздың «Береке – бірлік, ұйымшылдықпен жұмыс жасасақ, біз алмайтын қамал жоқ, мектепті көтереміз, қалаға танымал етеміз, білім жағынан да, тәрбие, әдістеме жағынан да барлық сайыстарға қатысамыз, оқушыларымыз «Алтын белгі», «Үздік куәлік» иегерлері атанады, мектепті гимназия деңгейіне жеткіземіз» деп осыдан 5 жыл бұрын ұжымымен алдарына мақсат қойса, бүгін сол мақсат бірте-бірте орындалып жатқанына көз жеткізіп отырмыз, оған дәлел рейтингі бойынша қаланың 48 мектебінің ішінен үзіп шығуымызбен қатар биылғы оқу жылы мектебімізде 1- сыныптар тереңдетіп оқытылатын болса, 5-8 сыныптардан гимназия сыныптарының ашылуы нұр үстіне нұр болып отыр. Бүгінгі таңда мектепті ата-ана таңдайтын уақытқа келгенде, ата-ана сенімінен шығуымыз бізге үлкен жетістік болумен қатар үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. 2013-2014 оқу жылынының қорытындысы бойынша мектебіміз 61,8 % білім сапасын көрсетсе, ҰБТ қорытындысы бойынша орта бал- 80,4 болды. «Алтын белгі» иегері- 1 оқушы, Г.Е.Ахметқалиева өз білімін нақтылады. 10 оқушы грант иегері атанды.Республикалық мұғалімдер мен оқушылардың қашықтық олимпиадасына қатысудан да мектеп ұжымы қала мектептері ішінен алғашқы үштікке еніп отыр.

Ұстаздарымыз заман сұранысына сай Кембридж бағдарламасы бойынша білім жетілдіріп, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесі бойынша білім беруде. Қалалық деңгейде «Топтық жұмыста оқушыларды бағалаудың маңыздылығы» тақырыбында коучинг өткізілді. Қала мектептерінің жас ұстаздарына арналып «Қазіргі заман сұранысына сай ұстаз» атты

дөңгелек үстел өткізіліп, мектептің іс-тәжірибесімен бөлістік. Ұстаздардың заман ағысынан қалыспау, жаңаша білім беру, іс-тәжірибе бөлісу қызығушылығы артқан.Оған дәлел ұстаздарымыздың төмендегі жетістіктері: «Педагогикалық шеберлік керуені» атты ІІ облыстық педагогикалық континуумға орыс тілі пәні мұғалімі Д.А.Жакиянова қатысып «Жоғары ғылыми – әдістемелік деңгейі» номинациясын иеленсе, А.А.Габдуллина, Г.Т.Нуркина – сертификат алды. Бастауыш сынып мұғалімдері П.С.Ашимова,Ф.К.Сабырбековалар «Педагогикалық аукционға» қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық «Шығыс Қазақстан облысының үздік педагогы» энциклопедиясына жоғары санатты биология пәні мұғалімі Л.К.Габбасова, бастауыш сынып мұғалімі Ж.Шыных еніп, облыстық білім бөлімінің сертификатын иеленді. Стамбул қаласында 1.04-15.04.2014 жылы өткен халықаралық «Қазіргі уақытта білім берудегі инновациялық және педагогикалық аспектілер» атты семинарға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Тлебалдина қатысып, іс – тәжірибе таратты. Астана қаласында өткен халықаралық семинарда О.Алимхан – сертификат алды. . Республикалық «Тоғызқұмалақ ойынын жаңа технологиялар арқылы насихаттауда әдістемелік көмек көрсету» атты семинар – мәжіліске қатысқан Д.К.Муратханов, С.Т.Теребаев, Қ.О.Махамбетов, А.А.Сарыбаева сертификат иеленді. Республикалық «Білім беруді жаңғырту жағдайындағы дене тәрбиесін оқытудың әдістемесі мен мазмұнының ерекшеліктері» атты Талдықорған қаласында өткен оқу – әдістемелік семинарына қатысқаны үшін А.Р.Узбеков, Б.Ш.Касымов, Д.Т.Тукпиев, Е.Т.Оңалбаев - сертификат алды. Халықаралық ғылыми – аналитикалық жобалар байқауында тарих пәні мұғалімі Н.С.Букашевтің жұмысы «Тарих ғылымдары бойынша жылдың үздік баяндамасы» аталымында – ІІІ орын алды. Халықаралық «Х Ғылым негіздері бойынша пән олимпиадасына» орыс тілі пәні бойынша Р.Б.Жумагазина, математика пәні бойынша К.С.Кусаинова, ағылшын тілі пәні бойынша Г.М.Кыдыргалиевалар дипломант дайындады. І – ші Халықаралық мұғалімдердің шығармашылық фестивалінде «Жаңашыл мектеп және құнарлы білім» атты «Ең үздік шығармашылық еңбек» бағыты бойынша Б.Шағамбаева, Ж. Мухаметхан І орын жеңіп алды. Халықаралық «Источник знаний» атты интернет портал жобасына орыс тілі пәні мұғалімі қатысып І орын алды. Республикалық Абай оқуларының «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша Ж.З.Малгаждарова дайындаған 9 «ә» сынып оқушысы Тлеубеков Әлішер ІІІ орын иеленді.Облыстық «Мой Пушкин» атты шығармашылық көрмеге оқушыларды тыңғылықты дайындағаны үшін С.Г.Джумадилова Халықаралық Ресей Федерациясының Бас консулдығының Өскемен қаласындағы өкілінің – алғыс хатын алды. Қалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Ең үздік сабақ» конкурсына орыс тілі пәні мұғалімдері Р.Б.Жумагазина, А.А.Габдуллиналар жұмыстарын ұсынды, жас маман математика пәні мұғалімі А.М.Мұратханова «Үздік сабақ марафонына» қатысып II орын алды, музыка пәні мұғалімдерінің «Мен мақтан ететін сабақ» атты конкурсында Н.Қауысқызы – Бас жүлде иеленді. Қалалық «Оқыту жүйесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану» әдістемелік құралық жасау конкурсында Мұхаметхан Жанар «Бастауыш сыныптағы сергіту сәтіне арналған ең үздік жаттығулар жинағы» номинациясын жеңіп алды.«Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру» атты М.З.Сейлханованың әдістемелік құралы жарық көрді Республикалық Қазақ радиосы Шалқар Ұлттық арнас мектеп оқушылар арасында ұйымдастырған ІІІ республикалық «Тайжарыс» радиобайқауына оқушы дайындағаны үшін Ж.Шынық – алғыс хат алды. Облыстық «География пәні мұғалімдерінің үздік портфолиосы» байқауының қалалық (сырттай) кезеңінде география пәні мұғалімі Ж.К.Латипова – ІІ орын алды. Облыстық «Қазақстан – менің елім» атты мүмкіндігі шектеулі оқушылардың форумына жүлдегер оқушы дайындағаны үшін Н.С.Мукушева – алғыс хат алды. Облыстық «Үйден оқытылатын балалардың қашықтықта оқытудың үлгісі бойынша даму аспектілері» атты семинарда А.Абеуханова Г.Байтемирова – сертификат алды. Облыстық «Волейбол» турниріне белсене қатысқаны үшін Қ.Махамбетов «Үздік қорғаушы» аталымын иеленді. Қалалық мектеп оқушылар арасында өткен спартакиядада тоғызқұмалақтан С.Теребаев – «Ең үздік төреші» атағын иеленді. Қалалық мектеп мұғалімдерінің «Шаңғы – 2014» жарысында С.Теребаев – І орын алды. Қалалық Миксфайт ережесі бойынша ашық чемпионатында О.Әйткенов – І орын алды. Облыстық оқушыларға экологиялық тәрбие беріп, табиғат қорғауға баулығаны үшін С.Г.Джумадилова, Н.С.Мукушева – алғыс хат алды. Қалалық «Әнші балапан - 2014» байқауына, «Еркеайым» байқауына «Бас жүлде» алған оқушыны оқушы дайындағаны үшін А.Мамырбекова алғыс хат алды. Қалалық «Қазақ сұлуы – 2014» жас мұғалімдер байқауында С.Заманбекова ІІ орын алды. Облыстық «Ең үздік оқырман жанұя» байқауында I орын алған бастауыш сынып мұғалімі Ж.Шынық жанұясы дипломмен марапатталдыҚалалық «2013 – 2014 оқу жылының үздік сынып жетекшісі» байқауында Қыдырғалиева Г.М – ІІ орынды «Іздемпаз тәрбиеші» атағын иеленді. Республикалық математика пәні мұғалімдерінің «V топтық» қашықтық олимпиадасына Б.Ж.Нугиева, Ш.Ж.Мапиева қатысып сертификат иеленді. Республикалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиадасына Б. Жунусбекова, А. Ельчибаев, Г.Кулмухаметова, Ж.Мухаметқан, М. Сейілханова, А.Габдуллина, А.Мамырбекова, К.Садвакасов қатысты. Республикалық Қазақтан тарихы мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиадасына Б.Жунусбекова, Ж.Шыных қатысып, сертификат алды. Республикалық қазақ тілі мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиадасы Б.Жунусбекова, Н.Нугибаева қатысты. Республикалық биология пәнінен мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадасына Л.Ғаббасова, А.Исимбекова, А.Қайырлыбекқызы, Н.Мукушева, А.Намазбаева қатысты. Республикалық химия пәнінен мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадасына Н.Мукушева, А.Намазбаева,– сертификат;Республикалық ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиадасына К.Есенгельдинова, А. Қыдырханова, Д.Дурмекбаева, Ф. Алшынбаева, Г.Кыдыргалиева сертификат алды. Республикалық этнография бойынша мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадасына С.Татубаева қатысып сертификат алды. Қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, педагогика жоғары мектебі, химия және география кафедрасы «Кіші географиялық қоғамы» ұйымдастыруымен өткізілген «Географиялық MIX» қалалық конкурсына белсенді қатысқан үшін Х.Ш.Сағымбаева, Ж.К.Латипова – алғыс хат алды. Қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоратының оқушылардың экологиядан аймақтық олимпиадасына оқушылар дайындағаны үшін Л.К.Габбасова, Н.Мукушева алғыс хат алды. Қалалық «Көктем мерекесі - наурыз» шығармашылық сайысына оқушы дайындағаны үшін С.Г.Джумадилова – мадақтама алды. Қалалық өзін – өзі тану пәні бойынша «Менің мектебім – менің туған үйім» шығарма (эссе) сайысына оқушыларды дайындағаны үшін Ә.Қайырлыбекқызы – алғыс хат алды. Қалалық «Ауғанстаннан кеңес әскерін шығарудың 25 жылдығына арналған» «Ал, қанекей, жігіттер!» атты әскери эстафеталық жарысқа мектеп командасын дайындағаны үшін О.Алимхан – алғыс хат алды. Қалалық Шәкәрім атындағы университетінің физика – математика факультетінде Семей педагогикалық институтының 80 жылдығына арналған «Математикалық есептер патшалығы» атты математика және информатика апталығында өткізілген «Орта мектептің математика және информатика курсында ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында семинарға қатысқан А.Н.Омарова – сертификат алды. Қалалық «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» атты тіл фестивальіне белсене қатысқаны үшін П.С.Ашимова, А.К.Ельчибаев, С.А.Заманбекова алғыс хат алды. VIII аймақтық Т.Ы.Аманов атындағы информатика пәнінен мектеп оқушылары олимпиадасында ІІІ орын алған оқушыны дайындағаны үшін А.Н.Омарова – диплом алды. Аймақтық «Semey - Star» телевизиялық өнер байқауынан гран – при иеленген оқушыны дайындағаны үшін С.Татубаева алғыс хат алды. Мектепке дейінгі тәрбие бойынша тәрбиешілер жыл бойы өз білімдерін жетілдіру курстарынан өтті. Мектепалды даярлық № 3 топ тәрбиеленушісі Арманқызы Раббия қалалық «Самға, жұлдыз» сайысына қатысып, Алматы қаласында өткен Республикалық «Ғұмырдария» атты фестиваль лауреаты атанды. Шағын орталық «Балапан» және мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері сәуір айында өткен халықаралық «Үркер» интеллектуальдік орталығы мен Ф.М.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті бірігіп ұйымдастырған «Пони мектепке дайындал!» атты турнирге 18 тәрбиеленуші қатысып, сертификат алды. Педагогтардың үнемі іс-тәжірибе тарату семинарларына қатысады. Халықаралық «Сәтбаев оқулары» ғылыми – тәжірибелік конференцияға оқушы дайындаған Р.Ж.Оспанова, Г.О.Бактыбаева,К.А.Олжаханова, А.М.Муратханова, Ш.Ж.Мапиева, А.А.Абеуханова, Г.Т.Байтемирова, Н.С.Мукушевалардың материалдары жинаққа жарияланды. Халықаралық «Кәсіптік білім беру жүйесінде педагогтарды даярлау, бағдарлау мен үрдістер» атты ғылыми – практикалық конференцияда А.Р.Ракишева, Г.Т.Нуркина мақаласы жарияланды. ІХ халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға оқушы дайындағаны үшін С.А.Татубаева, Д.Н.Дурмекбаева, Г.М.Қыдырғалиевалар грамота алды Халықаралық «Қозыбаев оқулары» ғылыми – практикалық конференцияда Э.Ж,Кидирмина, А.А.Габдуллинаның мақаласы жарияланды. Республикалық лингвист – ғалым Ж.Шакеновтың 100 жылдығына арналған «Қазақ тілінің құрылысы мен оны оқыту әдістемесінің заманауи мәселелері» атты ғылыми – практикалық конференция жинағына Ж.З. Малгаждарова, М.Бағдаулетқызы, А.С.Мамырбекова, Г.М.Кыдыргалиева, Б.О.Жунусбекова,Т.Ш.Дастанова, Ж.Шыных, А.Б.Оразгалиева, Г.Б.Кулмухаметова мақаласы енді. Педагогтардың іс-тәжірибелері үнемі таратылып отырады, Республикалық «Оқыту тәрбиелеу технологиясы», «Дәулет.kz», «Асанәлі» журналына 100- ден артық педагогтардың мақаласы жарияланды.«Білімділер» веб сайтында «Пайдалы қазбалар», «92*4 және 368:4 түріндегі көбейту мен бөлу», «Ер Тарғын» сабақтары жариялағаны үшін А. Габдуллина – сертификат №000286, «Үшбұрыштың түрлері, жай бөлшектерді азайту, бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу» сабақтары жарияланғаны үшін Кабышева Сауле №000287; «Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар», «А.Байтұрсынов оқуға шақыру», «Ауа. Ауаның құрамы» сабақтары жариялағаны үшін Ж.Мухаметхан – сертификат № A000288;«Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі», «Ұ дыбысы және әрпі», «Сиқырлы қылқалам» сабақтары жариялағаны үшін Э.Кидирмина – сертификат; № A500288,«Sabaq.kz» ұстаздарға арналған танымдық – әдістемелік сайтына «Ойлайық, ойнайық» сабағы жариялағаны үшін М.Дүйсекенова – сертификат; № 000028, Республикалық «Биология және салауаттылық негізі» журналына 2014 жылы А.Н.Исимбекованың «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында оқушы тұлғасының түрлі құзіреттілігін дамыту – қазіргі заман» мақаласы жарияланды.Республикалық «Ұстаз» сайтына «Иррационал теңдеулер» тақырыбындағы сабағы жариялағаны үшін С.Кабышева -сертификат; Дүниетану пәнінен «Су» тақырыбындағы сабағы жариялағаны үшін Ж.Мухаметхан -сертификат;«Ағылшын тілін оқытудың әдістемелігі» журналы наурыз 2014 жылы А.А. 4 санында жарияланды. Республикалық «Ақжолтай» газетінде № 8, 2014 А.С.Мамырбекованың «Өсімдіктерді қорғау» мақаласы жарияланды. Республикалық «Бастауыш мектеп» журналы № 1, 2014 Сейлханова М.З «Сауат ашу» сабағы жарияланды. Республикалық «Білім технологиялары» журналы № 2 2014, Габдуллина А.А «Употребление фразеологизмы в речи» мақаласы жарияланды. Облыстық «Ұстаз» газетінде Ж.Мұхаметхнның М.Қайыңбаев «Аққала» мақаласы, № 4, 2014 жылы А.Н.Исимбекованың «Брать высоту всегда» мақаласы, А.А.Хамитованың «Әлемді қиянаттан құтқара аламыз ба?» мақаласы,А.Н.Исимбекованың «Ішекқуыстылардың табиғаттағы маңыздылығы» мақаласы жарық көрді.Ш.С.Калияскарованың «Семейтану курсының бағдарламасы», «Ұстаз» газетінде 2014 жылы Э.Ж.Кидырмина «Мамандықтың бәрі жақсы» мақаласы жарық көрді. Педагогтардың БАҚ – пен де үнемі байланыста болады, қалалық «Радио 7» эфирінде «Әнші балапан – 2014» байқауының жеңімпазы туралы А.С.Мамырбекова сұхбат берді; Қалалық СТР телеарнасында тарих пәні мұғалімі Н.С.Букашев сұхбат берді.Қалалық СТР телеарнасында дене шынықтыру пәні мұғалімі Э.С.Какимова «Саламатты Қазақстан» тақырыбында сұхбат берді.Қалалық СТР телеарнасында қазақ тілі пәні мұғалімі А.Б.Иманкалиева «Ана тілі» тақырыбында сұхбат берді. Республикалық «Абай оқуларының» жеңімпазы А.Тлеубеков облыстық «Шығыс жұлдыздары» энциклопедиясына енді. XV Абай оқуларының қалалық кезеңінде Г.Жакина, Д.Бақбергенов II орын алса, облыстық кезеңде Г.Жакина II орын алды. Республикалық «Қазақстанның үміт артарлары» энциклопедиясына 2011-2012 оқу жылында 11 оқушы енсе, 2013-2014 оқу жылында тағы да 11 оқушы енді. Міне, мектептің ұстаздары мен оқушылары тағы бір оқу жылын табыспен аяқтап, жаңа оқу жылын бастады. Кәсіби шеберліктерін шыңдай отырып, болашақ ұрпаққа терең де сапалы білім беру жолында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына шығармашылық табыстар тілеймін, алар биіктеріміз биік болсын демекпін.


Бактыбаева Гульзат Оразбаевна-

мектеп директорының ғылыми-

әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бірлігі жарас?ан, е?бегі ?кіленген ?жым.

Автор: Бактыбаева Гульзат Оразбаевна

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 176276


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства