САБАҚ: 22 | Мектеп: Ақмырза орта мектебі |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шавалиева М.Ш. |
Сынып: 5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | §22. Неліктен Ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайды? |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.3.1.1 – ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау; 5.3.1.2 – Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру; 5.1.2.1 – ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау |
Сабақ мақсаттары | «Демократия» ұғымынын мағынасын білу арқылы, ежелгі Грекияның қоғамдық құрылысының демократиялық болып өзгеруін түсіну. Барлық оқушылар: Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын білу; Оқушылардың басым бөлігі: Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін түсіну; Кейбір оқушылар: Ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау. |
Бағалау критерийлері | «Демократия» ұғымы мағынасын анықтайды; Ежелгі Грекияның қоғамдық құрылысының өзгеруін сипаттайды; Неліктен ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайтынын түсінеді; |
Тілдік мақсат | Көрсетілім-айтылым (№1), жазылым –айтылым (№2), көрсетілім- жазылым (№3) |
Құндылықтарға баулу | Ежелгі Грекиядағы демократиялық қоғамның қалыптасуы нәтижесінде, оқушылардың бойына жариялылық құндылығын сіңіру |
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы |
Алдыңғы білім | Ежелгі Грекия жеріндегі қалыптасқан өркениет ошақтары жайлы біледі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Басы 5 мин 10 мин | А) Оқушылармен амандасу В) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау С) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару - Шаттық шеңбер «Амандасу рәсімі» ойсергегін ұйымдастыру. /Италияда – құшақтасады, Бразилияда – бір-бірінің иығын қағады, Зимбабада-арқасымен, Македонияда-шынтақпен, Никарагуада-иықпен, Австралияда-Шапалақ, секіру, бөксемен, Қазақтар-қол алысады./ 1-топ: «Өркениет» 2-топ: «Саясат» 3-топ : «Өнер» 4-топ: «Ғылым» сөздері арқылы топтастырамын. Мұғалім сөзі: «Құрметті оқушылар, не себепті сендерді осылай біріктірдім?» (өз тобының атын қорғау)
№1 тапсырма: «Серпілген сауал» (жеке жұмыс) әдісі арқылы, үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру. Кнос туралы не білесіңдер? Афины жайлы кім айтады? Спарта туралы айтайық. Микены қаласы жайлы не білесіңдер? Солон кім болған? Демосфен туралы кім айтады? Перикл жайлы кім айтады? Грек театры туралы не білдіңдер? Эсхил қандай шығармалар жазды? Грек мүсіншілері. Грек құдайлары туралы кім айтады? | Мұғалімге арналған нұсқаулық 82-83 бет |
Ортасы 10 мин 5 мин | Мұғалім сөзі: «Құрметті оқушылар, үй тапсырмасын тексердік. Жаңа тақырыпты түсіну үшін «демократия» ұғымынын мәнін ашайық, ол үшін «Кім бірінші?» ойыны арқылы оқулықты назарға ала отырып, кесте толтыру, «демократия» ұғымының анықтамасын жазу керек. №2 тапсырма: «Кім бірінші?» (жұптық жұмыс) Мұғалім сөзі: «Құрметті оқушылар, енді суретке мұқият қарап, №3 тапсырма: «Біздің ойымыз!» (топтық жұмыс) әдісі арқылы топтық талқылау жүргізесіздер. Бас бармақ әдісі бойынша бағалау (топтар бірін-бірі бағалау) | 5 сынып оқулық 80-81 бет |
Соңы 10 мин 2 мин 2 мин 1 мин | Мұғалім сөзі: «Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырыпты сіздердің қалай меңгергендіктеріңізді және бекіту мақсатында төмендегі кестені жеке жұмыс ретінде толтырамыз. №4 тапсырма: Афина тұрғындары құрамын кестеге жазыңыздар: Кері байланыс: «Басқарушы қол» 1.Сізге сабақ ұнады ма? 2.Сіз осы сабақ туралы басқалармен пікір бөлісесіз бе? 3.Алдағы уақытта Блум таксономиясын қолданасыз ба? 4.Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдарын қолданасыз ба? Бағалау: «Өзін-өзі» және «өзара» бағалау Үй тапсырмасы: Неліктен Ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайды? тақырыбын оқып, Салонның реформаларын ерекшеліктерін жазу. | |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Оқушылардың танымы мен ой жылдамдығын тексеру мақсатында «Серпілген сауал» әдісін пайдаландым. Себебі, оқушылар сұрақтарға жауап берген кезде, олардың ойлау қабілеті мен тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауға болады. «Кім бірінші?» және жеке жұмыс ретінде берілген кесте толтыру тапсырмасында оқушылар оқулықпен жұмыс жасап, жаңа тақырыпты меңгереді. | Бірін-бірі бағалау «Бас бармақ» арқылы Критериалды бағалау | Ұйымдастыру кезеңі Жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар әзірлеу |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |