Просмотр содержимого документа
«ХІХғ.соңы-ХХғ.басындағы халықаралық қатынастар. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы»
Дүниежүзі тарихы
Тақырыбы:1.4. ХІХғ.соңы-ХХғ.басындағы халықаралық қатынастар. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге ХХ ғ. басындағы дамыған капиталистік елдердің арасында пайда болған екі одақтың арасындағы Бірінші дүниежүзілік соғыстың болу себебін түсіндіру. Бірінші дүниежүзілік соғыстың адамзатқа тигізген зияны туралы айтып өту. Студенттерге соғыста бірінші рет қолданылған жаңа қарулардың түрлерімен таныстыру.
Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: «Дүние жүзінің саяси картасы», тірек-сызбалар, техникалық құралдар.
II. Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою.
1. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа елдеріндегі демографиялық өзгерістердің болу себебі?
2. Жапониядағы реформалар неліктен табысты өтті?
3. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?
4. Имперализм дегеніміз не?
5.Сунь Ятсен дегеніміз кім?
6. Батыс елдерінің отаршылдығы шығыс елдерінің мәдениетіне өз әсерін тигізді ме?
III. Жаңа материалды оқыту
Соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар.
Соғыстың себебі және сипаты
Ұлы державалар ХХ ғасыр басында
Дүниені қайта бөлісу үшін жүргізілген алғашқы соғыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыс: себебі және барысы.
IV. Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту бойынша жұмыс
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себебі.
2. Германияның соғысты тез аяқтау туралы жоспары неліктен іске аспай қалды?
3.Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейге қалай әсер етті.
4. Имперализм дегеніміз не?
5.Верден маңында болған соғыс не себепті верден қырғыны деп аталды?
6. Соғыста бірінші рет қандай қарулар қолданылды?
V. Үй тапсырмасын беру
лекция материалдарын оқу
хабарлама әзірлеу
Соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар.
Соғыстың себебі және сипаты
Ұлы державалар ХХ ғасыр басында
Дүниені қайта бөлісу үшін жүргізілген алғашқы соғыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыс: себебі және барысы.
1.ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында халықаралық қатынастар жүйесі күрделене түсті. Халықаралық аренада жаңа аса қуатты күштер пайда болды. Еуропада дүниежүзілік саяси сахнаға біріккен Германия мен Италия шықты. Олардың Англия, Франция және Ресей, Австро-Венгрия және басқа да империалистік мемлекеттермен қақтығысулары қашып құтыла алмайтын мәселеге айналды.
Азияда бірінші рөлден үміткер Жапония болды, бұл оның мүдделерін Ресей, Англия, Германия, Франция және АҚШ мүдделерімен қайшылықтарға соқтығыстырды.
Жанжалдың дәл ортасында Осман империясы мен оның Солтүстік Африкадағы, Таяу Шығыстағы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы орасан зор отаршылдық иеліктерін бөлісу мәселесі тұрды.
Халықаралық мәселелердің шиеленісі «байырғы» және жас ұлы мемлекеттердің ауқымды мүдделерінің ерекшеліктерімен анықталды.
Нағыз қатты қақтығыстар мен жанжалдар отар үшін, ықпал аймақтары, теңіз бен құрлықта әскери басымдылық үшін күреспен байланысты болды. Экспансия, территорияларды басып алуға ұмтылыстар ұлттық және геосаяси теориялар және идеялармен анықталды (пангерманизм, панамериканизм, пантюркизм, «Ұлы Азия» туралы жапон идеясы, Британ империясының «ұлылығы» туралы және т.б.)
Әскери күштеулік ойлау, абырой және ықпал туралы мәселелерді күшпен шешу көп жағдайларда дипломаттардың мінез-құлқы мен мемлекеттердің сыртқы саясатын анықтады. Күш қолдану саясаты құпия дипломатиялармен ұштастырылды.
2.«Мэйн» крейсерінде болған жарылысты сылтауратып,АҚШ 1898 жылы сәуірде Испанияға қарсы соғыс бастады.Олар тез жеңіске жетіп, испан флотын талқандады, «тәуелсіз» Куба Американың жартылай отарына айналды. АҚШ Филлипины аралдарын басып алды. Осылай испан-американ соғысы халықаралық қатынастар тарихында басталған жаңа кезеңнің белгісі болды: бұл соғыс дүниені қайта бөлу үшін жүргізілген бірінші соғыс болды.
Испанияны жеңген АҚШ-қа Латын Америкасы мен Қиыр шығысты, Оңтүстік-Шығыс Азияны одан әрі экспансиялауға жол ашты.
Дүниені отаршылдық қайта бөлісумен байланысты Англия Африка құрлығының оңтүстігіндегі екі бур республикасына қарсы ашты. Ағылшын-бур соғысы(1899-1902) үлкен соғыс болды. Ұлыбритания бурлардың партизандық отрядтарына қарсы 250 мыңдық армиясын аттандырды. Соғыс кезінде кейіннен дүниежүзінің барлық армиялары үшін үлгі болған кейбір жаңалықтар қолданды: ағылшындар алғаш рет пулемет қолданды, хаки түсті жасырғыш киім киді, ұзақ уақыт пайдаланылатын окоптар қазды. Бурлар жеңіліс тапты. Ағылшындар және жергілікті қара нәсілдер үшін солар сияқты отаршылдар болып табылатын ақ нәсілді бурлар арасындағы келісім 1910 жылы өзін-өзі басқаратын доминион мәртебесін алған Оңтүстік-Африка Одағын құрумен аяқталды.
1904-1905 жж. орыс-жапон соғысыҚиыр шығыстағы территория мен ықпал аймағын бөлісу үшін жүргізілген соғыс болды. Нәтижесінде Жапония өзінің Оңтүстік Маньчжуриядағы позицияларын нығайтты және келешекте 1910 ж. Кореяны аннексиялау, Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азияда экспансия жасау үшін алғы шарттар жасады. АҚШ нәтижесінде басқыншы бәсекелеске тап болды.
Француз-орыс одағының (1891-1893) құрылуы.ХХ ғасыр басындағы еуропада басты екі әскери-саяси одақ құрылды. Біріншісі, Үштік одақ, Франция-Пруссия соғысынан кейін қалыптасты. Канцлер Бисмаркті Германияның Еуропа орталығындағы жағдайы мазалап, «одақтар сұмдығы» тынышын алды. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында герман билеуші топтары өз одағын құрмақшы болып, мүдделестер іздеді. Ең қолайлысы көршілес Австрия-Венгриямен байланыс орнатып, Франциямен арасында кикілжіңі бар Италияны өз жағына тарту болды. Осылай, біртіндеп, 1882 жылы Германия, Италия және Австро-ВенгрияныңҮштік одағықұрылды, ол 1892 жылы жаңарып, 1915 жылы Италия одан шыққанға дейін өмір сүрді.
Үштік одақтың құрылғанын Франция өзіне төнген қауіп деп түсініп, оған қарсы тұратын күш іздеді. Ондай одақтас ең алдымен Ресей болуы мүмкін еді. Оны іске асыру үшін Франция мен Ресей арасындағы Таяу және Қиыр Шығыстағы қайшылықтарды реттеу қажет болды. Франция мен Ресей француз-орыс одағын құрып, әскери-саяси конвенция (1891-1893) жасасты. 1907 ж. ағылшын-орыс келісімі Англия, Франция және Ресей құрамындағы Үштік одақтың (Антантаның) құрылуын тәмамдады. Үштік одақтың Антантаға қарсы тұруы көп ұзамай Бірінші дүниежүзілік соғысқа алып келді.
Балқан одағы және Бірінші Балқан соғысы (1911-1902).1908 ж. жастүріктер революциясынан кейін Осман империясының ыдырауы тездеді. 1908 ж. Австро-Венгрия Босния мен Герцеговинаны өзіне қосып алатындығын жариялады. Түркияға бір мезгілде екі соғыс жүргізуге тура келді. 1911 ж. 29 қыркүйегіндегі италия-түркия соғысы басталды: Солтүстік Африкаға тасталған итальян десанты түрік әскерлерімен соғыстың нәтижесінде Триполитания мен Киренаиканы басып алып, оларды Италияның отары Ливияға айналдырды. Балқанда осы кезде күштерді жаңадан орналастыру жүріп жатты. Ресейдің араласуымен және Англия мен Францияның қолдауымен үш монархиялық мемлекет: Болгария, Сербия және Грецияның одағы құрылды. Олардың мақсаты Түркиядан Македонияны тартып алып, өзара бөлісу болды.
Македонияны бөлісу туралы мәселе талқыланып, оның шешуі Түркияға қарсы соғыс біткенше кейінге қалдырылды. Түркияға қарсы соғыс 1912 ж. қазанда басталды. Одақтастар әскерінің негізгі күні Болгарияның әскери бөлімдері болды. Олар түрік әскеріне басты соққыны берді, нәтижесінде одақтастар Константинопольге таяу келді. 1912 ж. 28 қарашасында Албания тәуелсіздік жариялады.
1913 ж. 21 сәуірде уақытша бітім жасалып, 30 мамырда Лондонда бітім шартына қол қойылды. Бұл шарт бойынша еуропалық Түркияның барлық территориялары жеңімпаздарға берілді: Түркияның қарамағында Константинопольге (Стамбулға) тиіп жатқан жіңішке жолақ қана қалды.
Екінші Балқан соғысы.Бірінші Балқан соғысы Балқандағы күштердің арақатынасының өзгеруіне әсер етті. Сербия күшейіп, Австрия мен Түркияның ықпалдары төмендеді.
Австро-Венгрия мен Германияның дипломатиясы славян мемлекеттері мен Греция Балқанды түрік езгісінен азат ету үшін құрған одақты бұзуға күш салды. Олар үшін басты мәселе – Болгария мен Сербияның одағын ыдырату еді. Бұл одақтың ыдырауына балқан елдерінің өзі, дәлірек айтқанда, олардың монархтарының шовинистік кеудем соқтығы себеп болды. Болгар патшасы Фердинанд «Ұлы Болгарияны» құруды армандады, сол себепті Македонияны бөлісер кезде қомағайлық көрсетті. «Ұлы Сербия» идеясын армандап жүрген Сербияның шовинистік билеуші топтары да осындай пиғыл білдірді. Грек монархистері де мұндай ойдан кет әрі емес еді. Көмек беруге уәде еткен Австро-Венгрияның айдап салуымен Болгария 1913 ж. 29 маусымында сербтер мен гректерге қарсы соғыс қимылдарын бастады. Сөйтіп, екінші Балқан соғысы басталды.
Кешегі одақтастарына шабуыл жасай отырып, Болгария Австро-Венгрия мен Германияның тарапынан уәде етілген көмекке сенген еді. Егер Болгария табысқа жеткен жағдайда Австро-Венгрия да соғысқа араласпақ еді. Бірақ Болгария тез жеңіліп қалды.
1913 ж. 10 тамызында Бухарестте бітімге қол қойылды. Сербия «Македониядағы талас территорияны» алып қана қоймай, Македонияның «болгарлық бөлігін» де алды. Греция Македониямен Салоникеге қоса, Батыс Фракияның бір бөлігін алды. Фракияның бір бөлігі мен Андрианополь Түркияға қайтарылып берілді де, Румыния оңтүстік Добруджаны иеленді. Балқан картасы тағы да қайта сызылды.
3.І дүниежүзілік соғыс: Шілде дағдарысы.Соғыстың басталуына 1914 ж. 28маусымында Сараевода Босния мен Герцеговинадагы австро-венгр әскерлерінің жаттығуларына келген австрия тағыныц мұрагері эрцгерцогФранц-Фердинандтыңөлтірілуі сылтау болды.
Террористік актіні іске асырушы "Млада босна" ұлтшылдық ұйымының мүшесі Гаврило Принциптің ұлты серб болып шықты. Австро-Венгрия өкіметі Германияның мақұлдауымен мұны Сербияға ультиматум коюға негіз бар деп шешті. Ультиматумның талаптары Сербияның тәуелсіздігіне нұқсан келтіретіндей дәрежеде еді.
Бүкіл бір ай бойына Еуропаның ұлы державалары эрц-герцогтың өлімінің салдары қалай болады екендігін талқылаумен болды. Герман императоры Вильгельм II австриялықтарды «сербтерді кұртуға» айдап салды. Ресей, Франция жөне Ұлыбритания австро-германдықтардың бұл әрекеттеріне тойтарыс беру керек деп есептеді. Серб үкіметі Ресейдің кеңесі бойынша ультиматумның барлық талаптарына келісті. Бірақ бұл есепке алынбады.
28 шілдеде Австрия-Венгрия армиясы Сербияга басып кірді. Еуропа еріксіз соғыс өртіне шарпылды. 29 шілдеде Ресей ішінара мобилизация жариялады. 1914 ж. 1 тамызында Германия Ресейге, ал 3 тамызда Францияға соғыс жариялады. Келесі күні соғысқаҰлыбритания кірісті.Тамызда Германияға Жапония соғыс жариялады. Оның мақсаты Германияның отарларын Қытайдағы иеліктері мен Тынық мұхиттағы аралдарды басып алу еді. Германия өз жағында соғысқа Түркияны, соңынан Болгарияны тартты. Закавказьеде, Таяу Шығыста, Балканда және Африкадағы герман отарларында жаңа майдандар ашылды. Осылай Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Соғыстың себептері жөне оған қатысушылардың мақсаттары.Соғыстың себебі Еуропаның ұлы мемлекеттерінің арасындағы терең қайшылықтар, олардың құрлықта үстемдік орнату үшін өзара таластары, отарларын қорғау немесе оларды кайта бөлісу мүдделері жөне монархтар мен мемлекет саясаткерлерінің кеудемсоқтықтары болды.
Франция 1871 ж. айырылған территорияларын қайтаруды, тіпті мүмкіндігі болса, Рейн жағалауын қосып алуды көздеді. Ұлыбританияның мақсаты мен арманы Германияны құрлықтағы басты бәсекелесі есебінде күйрету болды. Австрия-Венгрия Сербияны қиратып, Балкандағы панславяндық қозғалысқа жөне оның тірегі Ресейге соққы беруді мақсат етті. Германия Франция мен Ұлыбританияны талқандап қана қоймай, олардың отарларын және отарға айналдыру үшін Ресей территориясының бір бөлігін басып алуға ұмтылды. Қос әскери-саяси одақ мүшелерінің кейбір пиғылдары кұпия келіссөздер барысында келісімдермен тұжырымдалған болатын. Қалғандары ашық айтылып, өз елдерінің халықтарының ұлттық сезімдері мен мүдделеріне түрткі салды.
«Ұлттық тұтастыққа», «отан корғауға» шақырған шовинистік ұрандар алғашқы кезде барлық соғысушы елдерде едәуір кең қолдау тапты.
Соғыстың сипаты туралы ол аяқталғаннан кейін ұзақ уакыт бойында пікір таластар жүрді. Үкіметтер «түсті кітаптар» (бір елдерде көк, екіншілерінде ақ т. б.) шығарып, оларда қарсы жақтарын соғыстың шығуына кінәлілер деп айыптады. Шын мәнінде жалпы бүкіл капиталистік жүйенің және әрбір соғысқа катысушы елдің бұл күнәда өз үлесі болды. Жұмысшы қозғалысындағы солшылдар соғысты империалистік деп жариялап, оны буржуазияға қарсы азамат соғысына айналдыруға шақырды. Соғысты бастау және кінәсіз кейбір Еуропа елдеріне (Сербия, Бельгия, Люксембург) агрессия жасау бастамасы австро-германдық одақтың жағынан болды. Соғыс тек Сербия мен Бельгия тараптарынан ғана әділетті еді.
Шлиффен жоспарының сәтсіздікке ұшырауы.
Францияға бейтарап Бельгия арқылы басып кірген герман әскербасшылығы француз-герман шекарасында шоғырланған француз армиясын қоршауға алып, оны күзге дейін талқандап, Францияны тізе бүгуге мәжбүр етуді қөздеген болатын. «Блицкриг» жоспарын соғыс басталудан біраз уақыт бұрын генерал Шлиффен түзген еді. Бірақ жоспар толық іске аспай, қыркүйекте герман әскері тек Верден түбіне дейін ғана жетті. Парижге басып алу қаупі төнді, дегенмен «қас қаққанша аяқталатын» соғыс жоспары іске аспай қалды.
Франция Ресейге Шығыс майданда соғыс қимылдарын жасау туралы өтініш білдірді. Орыс әскерлерінің Шығыс Пруссияда және оңтүстік бағытта австро-венгрия әскерлеріне қарсы шабуылы соғыс қимылдарының француз театрынан Германияның біраз күштерін бұруға себеп болды. Шығыс майдандағы соғыс қимылдары Францияға қарсы шабуылға шығу үшін күш жинауға мүмкіндік берді.Марнадағышайқаснәтижесінде Парижге тікелей қауіп жойылды. Соғыс қимылдары позициялық сипат алды. Германия екі майданда ұзақ соғыс қымылдарын жүргізуге көнуге мәжбүр болды.
1915 ж. соғыс қимылдары.1915 ж. Германия мен Австрия — Венгрия Ресейді талқандап, соғыстан шығару мақсатымен стратегиялык белсенділікті Шығыс майданға ауыстырды. Ресейге қарсы австрия-герман қарулы күштерінің жартысынан көбі аттандырылды. Орыс әскерлері Шығыс Пруссия мен Польшадан ығыстырылып шығарылды, бірақ австро-герман әскерлері шабуылды өрістете алмады.
Осы кезде Германия Ұлыбританияны қоршаумен тұншықтырмақ болып, жаңа қару – сүңгуір қайықтар қолданды. Аз ғана уақыт ішінде бірнеше жүздеген кемелер суға батырылды. Бірақ бұл күткендей нәтиже бермеді. Неміс сүңгуір қайығының шабуылы нәтижесінде жолаушы таситын«Лузитания» лайнерінің суға батуы бейтарап елдерде, әсіресе АҚШ-та күшті наразылық туғызды. Осы кезде Германия Гаага конвенциясын (1899 және 1907) қылмыстық жолмен бұзып, Ипра маңында химиялық қару – газ қолданды, ол кейін «иприт» деп аталып кетті.
Соғысушы одақтардың өз жақтарына жаңа одақтастар тарту жөніндегі күресі жалғаса түсті. Италия Антантаның билеуші топтарының соғыстан кейін Балқаннан территориясын кеңейту жөніндегі берген уәдесіне сеніп, Антантаға қосылуды дұрыс деп тапты. Германия Сербия мен Греция территорияларының бір бөлігін беруді уәде етіп, Болгарияны өз жағына соғысқа тартты.
Верден қырғыны және 1916 ж. соғыс қимылдары.Верден маңында бүкіл 1916 ж. барысында (ақпаннан желтоқсанға дейін) орасан зор шайқас жүріп жатты. Француздар бас қолбасша Ж.Ж. Жоффрдың «Қасық қаның қалғанша шайқас!» деген бұйрығын орындады. Бір жылда «верден қырғынында» 1 млн. аса солдат қаза тапты.
Герман армиясының Верденге қысымын әлсірету мақсатымен француздар немістердің Сомма өзенінің жағалауындағы қорғаныс шебін бұзуға әрекет жасады. Соммадағы шайқас бүкіл күз бойына созылды. Бұл жерде ағылшындар алғаш рет танкілер қолданды. Бұл болат әзірейілдер неміс солдаттарына психологиялық әсер етіп, шабуылдың табыстылығын қамтамасыз еткенімен, жалпы стратегиялық жағдай өзгермеді.
1916 ж. жазында Шығыс майдандағы шабуыл табыстырақ болды. Генерал А.А. Брусиловтың әскері Галицияда австрия майданының шебін бұзып өтті. Брусилов шабуылы Австрия-Венгрияны әскери талқандамағанымен, ағылшын-француз әскерлеріне Верден түбі мен Соммада табан тіреп тұруға көмектесті.
1916 ж. соңында Еуропада соғыс қимылдарындағы стратегиялық бастама Антантаға көшті. Таяу Шығыста ағылшын-француз әскерлері Туркияға карсы шабуылды өрістетті. Германия Африка мен Тынық мұхиттағы барлық отарларынан айырылды. Оларды Үлыбритания, Франция және Жапония басып алды. Германияның Ұлыбританияға беттеген кез-келген кемелерге шексіз су асты соғысын жариялау туралы торыққаннан шықкан шешімін осы сәтсіздіктермен ғана түсіндіруге болады. 1917 ж. герман сүнгуір қайықтары 2700 ден астам кемені суға батырды. Бірақ шексіз су асты соғысының басталуы Германияға тағы да бір жау шығуына алып келді – 1917 ж. сәуірінде АҚШ Германияға соғыс жариялады.
Соғысушы елдердің ішкі жағдайлары.Барлық соғысушы елдерде соғыс букіл материалдьщ және адам корларын жұмылдырды талап етті. Үкіметтер халыққа «Барлығы да жеңіс үшін!», «Барлығы да майдан үшін!» деген ұран тастады. Соғыс әрекеттеріне жаппай қолдау табу және ұлттық бірлікке жету үшін билеуші топтар коалициялық үкіметтер құрды.
Бірақ соғысушы елдердің ішкі саясатының басты белгісі өндіріске, тұтынуға, жалпы қоғамға мемлекет тарапынан бақылау мен реттеуді бұрын болып көрмеген жағдайда күшейту болды. Үкіметтер мен өнеркәсіптік буржуазияның әрекеттерінің арқасында әскери-мемлекеттік корпоративттік капитализмқалыптасты. Шикізатты, материалдарды, адам ресурстарын жұмылдыру мен бөлуді, әскери-техника, кару-жарақтардың өңдірілуін басқаратын арнайы комиттер кұрылды. Азық-түлік өндірісі төмендеді. Барлық жерлерде азық-түлік бөлудің карточкалық жүйесі енгізілді.
Жүмыс күнінің 12 сағатқа, тіпті одан да көп уақытқа ұзартылуы, қанаудың күшеюі және еңбекшілердің тұрмыс жағдайының нашарлауы; екінші жағынан, корпорациялардың пайдасы мен әскери алып-сатарлардың табысының артуы, коррупция және демагогия соғысушы екі одаққа кіретін барлық елдерге тән ортақ құбылыстар еді. «Жау бейнесін» жасай отырып, үкіметтер «жау» елдерден шықкандарды арнайы лагерлерге қамады. Саяси бостандықтар мен құқықтар қатаң шектелді немесе соғыс кезеңдерінің заңдары негізінде мүлдем жойылды.
Соғыстың бастапқы кезеңівде кептеген елдердщ үкіметі отанды қорғау үранымен халықтың кепшілігін соғыс әрекеттеріне қолдау көрсетуіне жетісті. Соғыстың созы-луы мен өмір сүрудің қиындығына байланысты халықтың наразылығы күшейіп, олар кептеген ереуілдер мен соғысқа қарсы шығу әрекетерінен көрініс тапты. Азаматтық бітімге қандай әрекет жасағанымен де қол жетіспеді. Бүл жөнінен 1917 ж. шешуші болды. Антанта мен Төрттік одақтың барлық елдерінде наразылык ереуілдер мен соғысқа қарсы толқуларға ұласты, ол армияны да шалды.
Ресейдегі 1917 ж. революция және Брест бітімі.
«Жоғарыдағылар» мен патшалық тәртіптің дағдарысы, бейбіт халық бұқарасы мен солдаттардың жаппай кетерілісі 1917 ж. акпанда патшаның тақтан бас тартуына әкеп соқты. Билікті қолға алған Уақытша үкімет соғысты жалғастыра берді. Елде саяси бостандықтар берілгенімен, жұмысшылар мен шаруалардың өмір сүру жағдайын жақсарту мен реформалар жүргізу (оның ішінде аграрлық реформа) жөніндегі талаптар қанағаттандырылмады. Ресейдің алдында екі жолдың бірін не реформалар жасау мен соғыстан шығу, не революцияны таңдау тұрды.
Уақытша үкімет ұйымдастырған жазғы шабуыл ойлағандай нәтиже бермеді, керісінше, жағдайды шиеленістіре түсті. Жаңа, 1917 ж. қазандағы болған, революция уақытша үкіметті құлатты. Билік В.И Ленин бастаған большевиктердің колына көшті. Кеңес үкіметі соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, бітімге келуге шақырды. Бірақ бүл үндеуді олар қабылдамай тастады. Кеңестік Ресейді дүниежүзілік революцияның тірегі деп есептеген большевиктер армияның қалжырап, майданың күйреген жағдайында біржақты бітім жасауға бар күшін салды.
Ұзаққа созылған келіссөздерден соң 1918 ж. 3 наурызындакеңес үкіметі әділетсіз, тонаушы Брест бітімінеқол қойды. Оның шартарына сәйкес Ресей жерінің біразынан айырылды, ол жер Германияға өтті, орасан көп мөлшерде контрибуция төленді. Бірақ бітім үшін кеткен шығын күткендей қорытынды бермеді. Антанта елдері Кеңестік Ресейге қарсы интервенция ұйымдастырды. Елде азамат соғысы басталды.
Батыс майданындағы 1918ж. соғыс қимылдары. Батыс майданында соғыс кимылдары жалғаса берді қантөгіс шайқастар позициялык ұрыстармен алмасып тұрды. 1917 ж. сәуірінде француз қолбасшысы Нивель Аррас пен Рейн маңында 100 аса дивизия, артиллерия, танктер, самолеттер қатысқан күшпен күшті шабуыл ұйымдастырды. Ұрысқа үсті-үсті жаңа дивизиялар салынғанымен, бұл шабуыл немістердің шебін бұза алмады. Бұл көп адам құрбан болған сөтсіз шабуылда француздар "нивельқырғыны"деп атады.
Камбр манындағы 1917 ж. қазанында болған шайқаста ағылшындар тұңғыш рет жаппай танк (шамасы 400) шабуылын қолданды. Немістер де соғыс жаңалығын қолданды. Бірінші рет жаяу әскер соғысқа жаңа қару миномет оғының астымен кірісті. Италия әскерлері тағы да сәтсіздікке ұшырады. 1917 ж. қазанындағы итальян әскерлерінің Капореттатүбегіндегі жеңілісі Италияда осы уақытқа дейін италия тарихындағы "жазылмас жара" және орны толмас апат деп есептелінеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктері мен жаппай қырып жоюдың құралдары — тез атылған құралдар, пулеметтер, артиллерия, танктер, самолеттер, дирижабльдер, бомбалар, от атқышттар, газдар мен уландырушы заттар қолданылады. Сол себепті соғыс барысындағы құрбандардың саны бірнеше ондаған миллиондап есептелді.
Төрттік одақтың жеңілуі. Революциялар. Уақытшабітім.Германияның әскери басшылығының 1918 ж. көктемі мен жазында Марна өзенінде күшті шабуыл операциясын жасау арқылы тікелей Парижге шығу, сөйтіп соғыс барысында өзіне пайдалы езгерістер жасауды көздеген жанталасқан әрекеттері және Амьен түбегіндегі сәтсіз шабуыл елдің материалдық және адам резервтерін түпкілікті сарықты. Германия бұл шайқастарда 800 мыңнан астам солдаттарынан айырылды. Антанта күштері АҚШ соғысқа кіріскенен кейін Германия мен оның одақтастарының күштерінен әлдеқайда артық болды. АҚШ соғыс қимылдарының Еуропа театрына бірнеше жүз мың әскер жіберді, бұл күштер соғыстан шыққан Ресей күштерінің орынын жапты.
Германия және онымен одақтағы әріптестерінің жеңілетіндегі айдан айқын болды. Қыркүйекте Антанта әскерлерінің шабуылы басталды. Герман майданы бұзылды. Одақтастары да соғыстан шықты. Қыркүйекте Болгария, казанда Осман империясы уақытша бітімге қол қойды.
1918 ж. 5 қазанында Германия үкіметі американ президенті Вудро Вильсонға 1918 ж.қаңтарында бейбітшілік бағдарламасы ретінде Вильсон ұсынған "14пункттің"негізінде уақытша келісімге қол қоюға өтініш білдірді.
Вильсонның бағдарламасы Кеңестік Ресейде кабылданған бітім туралы декретке және көптеген елдердегі соғысты тоқтату туралы талаптарға жауап ретінде жарияланған болатын. Ол большевиктердің импералистік соғысты азаматтық соғысқа айналдыру туралы үндеулеріне қарсы бағытталды. Бұл бағдарламада бітім туралы ашық келіссөздер жүргізу, суда жүзу мен сауда жүргізу еркіндігі, қару-жарақты қысқарту, Германияның барлық басып алған жерлерін азат етуі, қираған империяның қарамақтарында болып келген кейбір елдерге тәуелсіздік беру, бейбітшілікті сақтап тұратын халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасын құру көзделген болатын.
1918 ж. қарашадаГерманияда революция басталды.Монархия құлатылды, Вильгельм IIелден қашты. 9 қарашада Германияда республика жарияланды.
Революциялық дағдарыс Австрия-Венгрияны да қамтыды, небәрі санаулы күндердің ішінде империя құлады. Революцияның барысында екі елде де монархия құлатылды. Тас-талқаны шыққан империя көлемінде бірнеше мемлекет шаңырақ көтерді: Чехословакия республикасы (бұрын жарияланған Чехия мен Словакия республикалары бірікті, Сербтердің, хорваттардың және словендердің корольдігі (кейінірек Югославия корольдігі). Осман империясының ыдырауы тездеді, Түркияда революция басталды.
1918 ж. 11 қарашасындатаңертенгі сагат 11-де Компьен орманында Ретонд станциясында тұрған француз маршалы Фоштың штабтық соғыс вагонында Германияның жаңа республикалық үкіметінің өкілдері тізе бүгу туралы шартқа қол қойды. 1918 ж. қарашасында кеңес үкіметі Брест бітімін жаратпай тастады.
Германияның тізе бүгуі туралы құжаттан: "...6 сағат ішінде кұрлықта және әуеде соғыс кимылдарын тоқтату, басып алған елдерден: Бельгиядан, Франциядан, Люксембургтан және Эльзас-Лотарингиядан 15 күн кешікпей кету, соғыс кұралдарын (зеңбірек, пулемет, аэроплан, сүңгуір қайықтар, крейсерлер) тапсыру, соғыс кемелерін тұтқындау және т. б.
Көрініп түрғандай, герман әскерлерін Ресей жерлерінен әкету қарастырылмаған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары.Бірінші дүниежүзілік соғыс еуропа өркениетінің терең дағдарысқа үшырағандығының көрінісі болды. Ресей,Германия, Австро-Венгрия және Осман империяларыныңкүйреулері; революциялар барысында жаңа мемлекеттердіңқұрылуы, көптеген елдердегі әлеуметтік сілкіністер— міне, мұның барлығы соғыстың тікелей салдары еді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс адам баласының бүкіл тарихындағы ең қырғын, жойқын соғыс болды. Соғысқа халқының саны 1,5 млрд жететін 33 мемлекет тартылды. Шайқастарда 10 млн адам опатболып, одан екі есе көп адам жарақат алды. Соғыс шығындары мен қиратулар сол кездегі бағамен300 млрд долларға тең болды. Мыңдаған калалар мен селолар, тұрғын үйлер мен мәдениет, оқу, денсаулық ошақтары, кәсіпорындар мен мекемелер қиратылып, көптеген ауыл шаруашылық жерлер қаңырап бос калды, миллиондаған адамдар баспанасынан, мал-мүлкінен айырылып, азаматттықтарын және кәсіби мамандықтарын жоғалтып, жұмыссыз калды, азу-тозғынға ұшырады. Соғыстың моральдік және әлеуметтік зардаптарын ешбір өлшеп, мөлшерлеу мүлдем мүмкін емес.