kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ХӀХ ғасырда қазақ және қарақалпақ лирикасының жанрлық тұрғыдан дамуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это статья полезно учителей казахского языка и литературы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ХӀХ ғасырда қазақ және қарақалпақ лирикасының жанрлық тұрғыдан дамуы»



ХӀХ ғасырда қазақ және қарақалпақ лирикасының жанрлық тұрғыдан дамуы

Смамутова Ширин. Өзбекстан.

Қарақалпақ мемлекеттік университеті., Филология кафедрасы оқытушысы.

Түйіндеме

Мақалада қазақ және қарақалпақ лирикасының жанрлық тұрғыдан дамуы ХӀХ ғасырда басталғандығы, бұл бойынша қазақ, қарақалпақ, өзбек ғалымдардың еңбектерінде айтылған пікірлерді негізге ала отырып, салыстырмалы түрде талдау жасау орынды екендігі жайлы сөз етіледі.

Қазiргi дәуiрге дейiн қазақ әдебиетi де, қарақалпақ әдебиетi де өз алдына классикалық әдебиетi, соның iшiнде классикалық лирикасы әрқилы аспекттерде зерттелдi және зерттелуде. Ең бастысы екi халықтың поэзиясы, әдеби мұра бағдарында жемiстi зерттелдi.

Сонымен қатар бас-басына атап-атап айтар болсақ, қазақ, қарақалпақ әдебиетiнiң түркi халықтарына ортақ кезеңдерден бастау алатындығын тың проблема ретiнде алғаш көтерiп көпке жеткiзген, концепцияға айналдырып әдебиетке орнықтырған табанды, көреген ғалымдарды атап өту, бiздiң шәкiрттiк парызымыз.

ХХ ғасырда қылышынан қан тамған кеңестік империя дәуірінде қазақ және қарақалпақ ғалымдарының идеология жегiндiсiне айналмай, саясаттан ғылым, ғылымнан саясат жасауға ұрынбай, әдеби ағымдармен өзара айқасқан, ақтарар архивi, қарап оқыр кiтабы, жарық көрген баспасөзi мол, қысқасы бейнетi белуардан келетiн күрделi кезең жайлы терең зерттеу жүргiзiп, әдеби мұраларға зерттеулер жүргізген. Ақиқатты айтамын деп талай кермек дәм тартқан. Солай бола тұрса да «Аузы күйген үрлеп iшер демей» ұлтжандылықпен, принциптiлiкпен, табандылықпен еңбек еткен ғалымдар есімін айтып өту орынды деп білеміз.

Қазақ ғалымдарынан: Б.Кенжебаев, М.Жолдасбеков, Р.Нұрғалиев, Н.Келiмбетов, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйiншалиев, З.Ахметов, Ш.Елеукенов;

Қарақалпақ ғалымдарынан: Н.Дәуқараев, И.Сағытов, М.Нұрмұмаммедов, Н.Жапақов, А.Каримов, Б.Исмайлов, Х.Хамидов, Ә.Пахратдинов, К.Мәмбетов, А.Пирназаровтардың еңбектерi ғалымдық пен ұстаздықтың, кiсiлiк пен кiшiлiктiң, азаматтық пен парасаттылықтың қосарланған қасиеттерiн бойына дамытқан биiктiгi бүгінгі ұрпаққа өнеге.

Ендi бiз осы әдебиетiмiз тарихын зерттей отырып, бiздiң лирика жанры талаптарына жауап беретiн әдеби-көркем құбылыс сипатында қалыптасқан, дамыған әдебиеттiң көркемдiк бастаулары қай ғасырдан басаталады деген сұрауға жауап iздеп көрейік.

«Қарақалпақ лирикасы осы жанрдық талаптарына жауап бере алатын дәрежеге XIX ғасырда толық жетiсiп болды» деп есептейдi1. Осы ғасырда жасаған және шығармашылықпен шұғылданған үлкен қарақалпақ ақындары: Күнхожа (1799-1880), Әжiнияз (1828-1903), Бердақ (1827-1900), Өтеш (1828-1903), Гүлмурат (1832-1897), Сарыбай (1830-1898) және т.б. ақындардың шығармаларын мысал ретiнде көрсетедi. Өйткенi аты аталған ақындар қарақалпақ сөз өнерiнде бұрыннан бар халық өлеңдерiнiң дәстүрлерiне және ескi түркi, сондай-ақ арап, парсы әдеби дәстүрлерiне сүйенiп лирика жанрын дамытып, оны қарақалпақ халқының ұлттық эстетикалық, көркемдiк талғамына сәйкестендiре дамытқандығын тiлге алады. Нәтижеде ескi түркi лирикадан, сондай-ақ халықтық лирикадан (халық өлеңдерiнен) өзiнiң ұлттық көркемдiк және мазмұн белгiлерiмен анық ажыралатын жаңа әдеби құбылыс (лирика жанры) жүзеге келгендiгiн дәлелдеген.

XIV-XVIII ғасырлардағы қарақалпақ жырау-ақындарының терме-толғауларына барып тiрелуi, қазақ және қарақалпақ әдебиеттерiнде генетикалық жақындық барлығын көрсетедi, сондықтан бұл жағдай ұлттық лириканың генетикалық тамырларына тиiстi дәрежеде назар аудару керектiгiн, қазақ, қарақалпақ лирикасының түрлерiне тоқталғанда жанрлық жақтан зерттелгенде әдеби жанрлар бойынша әдебиеттану ғылымы жетiскен теориялық жетiстiктердi есапқа алу талап етiледi. Сонымен бiрге ұлттық лириканың жанрлық қасиеттерiн, яғни оның поэтикасын ашу оны зерттеудiң басты шарттарынан болып табылады.

Демек, бiз екi халық әдебиетiн салыстырмалы түрде зерттегенiмiзде қазақ, қарақалпақ лирикасын әдеби жанрлар бойынша жалпы әдебиеттану ғылымы жетiскен теориялық табыстарды есепке алу талап етiледi.

Әдеби жанрлардың, соның iшiнде лириканың қасиеттерiн терең зерттеген бұл ғалымдардың пiкiрлерiне қосылуға болады. Сондай-ақ, қазақ және қарақалпақ лирикаларына талдау жасағанда жоғарыда аты аталған Ⱪ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Е.Исмайлов, З.Ахметов, У.Туйчиев, И.Султан, Қ.Жәримбетов, Қ.Оразымбетовтардың жұмыстарын басшылыққа алуымызға болады.

Жоғарыдағы мамандардың мазмұн, тақырып, проблематика қасиеттерi негiзiнен топтарға ажыратқанда, оларға қоғамдық-тарихи көзқарастардан жантасу талап етiлдi. Бұл принципке сүйенгенде әдеби шығармаларды тарихи мазмұндағы, философиялық, ақыл-өсиет (дидактикалық), сатиралық деп шартты түрде қоғамдық-тарихи мазмұны бойынша бөлу мүмкiн. Бұл жанрлар әдебиеттiң үш түрiнде де: эпоста, лирика, ақыл-өсиет лирикасы, публицистикалық лирика, элегиялық лирика т.б. Осы атамадағы жанрлар эпос һәм драмада да бар.

Көркем шығармаларды жанрларға бөлудiң және бiр тәртiбi-бұл шығармаларды формалық белгiлерi, қасиеттерi бойынша ажырату. Бұл жағдайда шығармалардың амалдағы тарапына басты назар берiледi. Мысалы: Шығыс лирикасында ғазал, рубаи, мурабба, мухаммес, мусаддас, және т.б. батыс лирикасында канцона, сонет, октавалар өз iшiне өте көп амалдағы немесе техникалық қасиеттердi және белгiлердi жақындастырады. Лириканың бұл түрлерi бiрiншi орында өлеңнiң қатар және буын сандарына, шумақ, ырғақ, интонация, ұйқас сияқты белгiлi техникалық қағидаларға бағынады.

Жоғарыда еске алып өткенiмiздей практикада жұмыс барысында шығармаларды ұқсас және жақын белгiлерi бойынша ажыратқанда барлық бөлiну принциптерiн жанрлар деп атау дәстүр болып кеткен. Мысалы, әдеби түрлер болғанда эпос, лирика, драма да жанрлар, мазмұн, тема белгiлерi бойынша ажыралатын шығармалар топарларын да жанрлар деп атау дәстүрге айналған. Айтайық, дидактика (ақыл-өсиет) жанры, махаббат өлеңдерi, сатиралық шығармалар, трагедиялық шығармалар және т.б. жанрлық атамалар осы принципте келiп шыққан. Бiз бұл жанрлық атаулардың барлығын қайта қарап, қайта талқылап, оларға жаңа атаулар, түсiнiктер беруден аулақпыз. «Лирикада жанрлар мәселесi туралы әрқилы теориялық-эстетикалық пiкiрлер көп (И.Султан, У.Туйчиев, Н.Шукуров, М.Ибраҳимов, О.Носиров, Р.Арзибеков). Оларды үйрену және қорытындылау негiздерiн тiрек етiп алып, лирикалық жанрлардың әрбiрiн үйрену және қорытындылау негiздерiн тiрек етiп алып, лирикалық жанрлардың әрбiрiн монографиялық тәрiзде зерттеу әлi күн тәртiбiнде тұр»2. Сондықтан бiз қазiрше әдебиеттiң лирика түрi бойынша жасап шығылған және iлiмде кең тараған теориялық түсiнiктердi, амалдық қолданбаларды, атауларды тірек ете отырып, қарақалпақ лирикасы мен қазақ лирикасының даму сатыларын XIX ғасырдан бастау алған деп есептеп, осы дәуір ақындары лирикалары мысалында жанрлық жақтан талдаған мақұл iс болады деп есептеймiз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қ.Жәримбетов. «ХΙХ әсир қарақалпақ лирикасының жанрлық қәсийетлери хәм раўажланыў тарийхы» Нөкис 2004 ж.

  2. Султан И. «Адабиёт назарияси» Ташкент. 2006 ж.

  3. Поспелов Г.Н. «Проблемы исторического развитие» М-1971 г.

  4. Умуров Қ. «Адабиёт назарияси» Тошкент 2004 ж.

  5. Қ.Жұмалиев. «Абай шығармашылығы» Алматы 1991 ж.

  6. З.Қабдолов «Сөз өнерi» Алматы 1993 ж.

  7. З.Ахметов «Өлең сөздiң теориясы» Алматы 2002 ж.




1 Қ.Жәримбетов. «XIX әсир қарақалпақ лирикасының жанрлық қәсийетлери ҳәм рауажланыу тарийхы». Нөкис «Билим» 2004 ж.

2 Султан И. «Адабиёт назарияси» Ташкент. 2006 ж.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всемирная история

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
ХӀХ ғасырда қазақ және қарақалпақ лирикасының жанрлық тұрғыдан дамуы

Автор: Смамутова Ширин

Дата: 02.12.2017

Номер свидетельства: 441734


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства