kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елі сүйген,елін сүйген Елбасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күніне арналған,президент қызметі туралы ақпарат беретін жұмыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елі сүйген,елін сүйген Елбасы»

104 жалпы білім беретін мектеп












Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары




Тақырыбы:

«Елі сүйген,елін сүйген Елбасы»







Өткізген: 9 сынып жетекшілері















Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары


Тақырыбы: «Елі сүйген,елін сүйген Елбасы»


Сабақтың мақсаты:

- білім алушыларда Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру;

– білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

- білім алушылардың қазақ халқының көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы білімдерін кеңейту;

- ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы білім алушылардың білімін тереңдету;

- ҚР Тұңғыш Президенті– Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының экономикалық жаңғыруындағы рөлі туралы білім алушылардың білімін тереңдету;

- ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халықаралық бастамалары, оның бейбітшілік пен келісімге қол жеткізудегі қызметі туралы білім алушылардың білімін кеңейту. Елбасымыздың кемеңгер,үздік саясаткер екендігі жайлы,басқару ерекшеліктері туралы,елбасы жолдаулары туралы толық мағлұмат беру.

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып,елбасымызға деген құрметті әр оқушының бойына қалыптастыру.

Президент бойындағы асыл қасиетті,ізденушілікті оқушы бойына дарытуға тәрбиелеу.Отансүйгіштікке,елін,жерін қорғауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:тарихи кеш


Көрнекілігі:Интерактивті тақта,елбасы еңбектері (кітаптар),слайд,суреттер және т.б.


Барысы:

ҚР-нің мемлекеттік Гимні

1-жүргізуші:

Армысыздарқұрметті ұстаздар,қадірменді қонақтар және оқушылар!

Бүгінгі Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары аясында өткізіліп жатқан «Елі сүйген,елін сүйген Елбасы» атты тарихи кешімізге қош келдіңіздер! Сіздерді 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймыз!


Құттықтау сөзін Әуезов ауданының әкімінің аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Исалиева Айгерім Меңдешовнаға береміз..


Мектеп құттықтауы (видео)

Нұрсұлтан есімді оқушылар бейнежазбасы


Қазақ биі

Мектеп кітапханашысы ұйымдастырған кітаптар көрмесі

Жүргізуші Диана

Жеткізбес құдай сүйсе баққа кімді

Қарыны ақ түйенің ақтарылды

Ат шаптыр,аруақ шақыр,тойла қазақ

Тәуелсіз Президентің таққа мінді.


1 жүргізуші

Бүгінгі тарихи кешіміз әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!


1-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелінен аман өткіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.


2-жүргізуші:

Халқымыздың бақытына орай еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тереңнен зерделей білетін саясатының,келешекті болжай білетін көрегендігінің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді.

Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға,барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел Елбасымыздың сөзін жазған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері.

Жүргізуші

Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім....деп Елбасының балалық шағы,еңбек жолы жайлы бейнежазбаға назар салайық.


Жүргізуші
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім,елбасым,аман болғай,

Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым


Қисыны келелі істің дер шағында

Күш-қуат келіде емес келсабында.

Сөйлейді Назарбаев Нұрсұлтан боп,

Көктулы Қазақстан жер шарында-деп кезекті Елбасымен сұхбатқа берейік

ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев президент апаратының мүшелерімен


«Қазақстан» ұлттық арнасыжурналист Мурзабек Бекзат

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің шақыруымызды қабыл алып, сұрақтарымызға жауап қайтаруға келісім бергеніңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.

1.Ел тізгінін қолға алға сәтте әсеріңіз қандай болды?

СізҚазақстан халқына Жолдауыңызда 2030 жылға дейінгі ел дамуының стратегиясын ұсындыңыз. Бұл Жолдау ел арасында қызу қолдау тауып,. Сарапшылар тарапынан да жан-жақты талқыланды. Жалпы, еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының идеясы қалайша туындады?

Президент -Біз 1997 жылы 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарлама қабылдадық. Стратегия бір жылда, бір айда, бір күнде жасалмайтыны белгілі. Ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеу үшін әлемде болып жатқан құбылыстарды, мемлекеттің ішкі жағдайын сараптау керек. Экономикамыздың қандай қуаты бар? Біз қандай өнім шығаруымыз керек? Халықтың жағдайы қалай? Міне, осының барлығын сараптай келіп, мүмкіндігімізді, келешек жолымызды, алатын белестері қандай болуы қажеттігін ой елегінен өткізуге тура келді. Бұған әр сала бойынша шетелдік және өзіміздің мамандар, үкімет мүшелері, әр министрліктің сарапшылары атсалысады. Қоғамның дамуын бағдарлайтын үлкен материал жиналғаннан кейін барып стратегиялық бағдарлама даярланады. Әрине, алғашқыда түрлі сұрақтар туындайды. Қазір бұл стратегия халықтың арасында кеңінен насихатталуда, елге түсіндірілуде.

«Астана» телеарнасы журналист Оспан Баян -2012 жыл маңызды оқиғаларға толы, жеңісті жыл болды. Елімізде 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Жалпы, ЭКСПО көрмесі қарапайым халыққа не береді және бұл жобадан барынша тиімді пайда табу үшін Қазақстан не істеуі керек? –

Болатбек Қуаныш160 мемлекеттің ішінен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алу оңай болған жоқ. Бізге мемлекеттің мүмкіндігін көрсету керек болды. Сондықтан біз жаңа экономикаға негізделген жаңа энергия тақырыбын таңдап алдық. Бұл оңай тақырып емес. Сол арқылы біз жеңіске жеттік. 1851 жылдан бері өтіп келе жатқан тарихы бай көрмені шамамен 43 ел қабылдаған. Біз бұл тізімде 45-ші ел болдық.. Бұл көрменің маңызы өте үлкен. Біріншіден, бұл - Қазақстанға деген дүние жүзі мемлекеттерінің зор сенімі. Қазақстанның дүние жүзіне танымал болып келе жатқанының белгісі. Бізге барлық дерлік мемлекеттер дауыс берді. Екіншіден, әлем елдерінің Қазақстанның мүмкіндігін бағалағаны. Үшіншіден, бұл шараға қатысу үшін елімізге 5 миллионнан астам қонақ келеді. Біздің бизнес осының есебінен мол қаржы табады. Кейде «ЭКСПО-ны өткіземіз деп мемлекеттің қаржысын жұмсаймыз, ал одан қандай пайда түседі?» деген пікір де айтылып қалады. Мысалы, 2000 жылы Ганноверде өткен көрмеде Германия өзінің павильонын 35 миллион долларға салды. Ал есептей келгенде бұл ел 350 миллион доллар пайда тапты. Біз де өз павильонымызды саламыз. Басқа мемлекеттер де өздерінің жетістіктерін көрсету үшін солай істейді. Ең негізгі мәселе - бүгінгі ең үздік технологияны көрсету. Кеше ғана күн сәулесінен, желдің күшінен қуат алатын зауыт ашқанымызды көрдіңіздер ғой. Болашақтың энергиясы дегеніміз осы. Бүкіл Америка Құрама Штаттары, Еуропа қазір осы мәселемен шұғылданып жатыр. Мысалы, Германияда энергияның 18 пайызы осындай көздерден алынады. Қазір Солтүстік Африкада күннен қуат алатын модульдер жасалып, содан Еуропаға электр энергиясын әкелу ойластырылып жатыр. Бұл орасан зор жоба. Сахара шөлінде Жерорта теңізі түбімен жеткізіліп, Еуропаны электр қуатымен қамтамасыз ететін күн модульдері салынатын болады. Біз осындай энергия көздерін құру үшін бұл тәжірибемен таныса аламыз. Біздің ғалымдарымыз, біздің ЖОО-лар болашақтың энергиясы не екенін өз көздерімен көреді.

КТК телеарнасы: - бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ жұрттың бәрінің аузында жүр, ол түсінікті де, өйткені интеграция принципті жаңа деңгейге шығып отыр. Бұл Қазақстан Республикасының мүддесіне қалай әсер етеді?

Болатбеков Бағжан-Интеграциялық мәселе өте маңызды. Бүгінде оны уақыт талабы деуге болады. Сән емес, уақыт сұранысы. Сіздер қараңыздар, бүкіл әлемде интеграциялық үдерістер жүріп жатыр. Солтүстік Америкада NAFTA шеңберіндегі интеграциялық үдеріс - Канада, АҚШ және Мексика көптен бері «үшеу» болып жұмыс істеуде. Оңтүстік Америкада - Анды қауымдастығы, сол сияқты Mercosur да бар, Оңтүстік-Шығыс Азияда - ASEAN, Парсы шығанағы елдерінің бірлестігі бар. Жаһандық әлемде бірде-бір мемлекет, тіпті ең үлкенінің өзі, өздігінен, өз өндірісі есебінен ғана өзін-өзі қамтамасыз етіп, тұрақты дами алмайды. Интеграциялық үдерістер былайша дамиды. Алдымен емін-еркін сауда жасау үшін еркін сауда аймағы құрылады. Одан соң Кеден одағы, кейін Біртұтас экономикалық кеңістік құрылады - шекаралар ашық, адамдар еркін сауда жасасуда, тауарлар өтіп, капитал қозғалуда. Одан әрі интеграцияның жоғары пішіні ретінде Біртұтас экономикалық одақ құрылады. Оған мысал - Еуропалық Одақ. Еуропа елдері бұған 1950 жылдардан бастап, 60 жыл дерлік жүріп жетті. Біз бұл жолға жақында ғана түстік.

«24 KZ» телеарнасы: - Нұрсұлтан Әбішұлы, 2012 жылдан елімізде жаңа мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күнін атап өтту енгізілген болатын.. Біз бұл Сіздің емес, Парламент депутаттарының бастамасы екенін білеміз. Дей тұрсақ та, Сіздің жеке пікіріңізді білгіміз келеді. Сіз қалай ойлайсыз, оны тойлау дәстүрін қалыптастырудың сәті түсті ме?

Президент..Мен мұндай бастамаға қарсы болдым. Дегенмен, әлемде мұндай жәйттер бар - АҚШ-та Президенттер күнін атап өтеді. Бұл мереке бірінші президент Джорд Вашингтонның құрметіне белгіленген. Бірақ бізде, әдеттегідей, бұрмалау орын алады. Бұл Назарбаевтың жеке мерекесі емес қой. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет дамудың жаңа жолын - президенттік басқаруды таңдады. Бұл жүйе бүкілхалықтық референдумда белгіленді. Және 1991 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан президенттік вертикальдың арқасында ел табысқа қол жеткізді. Мерекені де дәл осы қырынан атап өту қажет. Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары үшін үлгі ету мақсатында атыммен университетті және зияткерлік мектептерді атауға келісімімді бердім. Бұдан басқа мен ешкімге атымды пайдалануға, сондай-ақ алаңдарда портретімді орналастыруға рұқсат еткен емеспін. Өйткені, бұл тек сайлау науқаны жүріп жатқан кезде ғана жол берілетін жәйт. Тұңғыш Президент күні - жақсы мереке. Бірақ оны Қазақстан дамуы тарихының жаңа дәуірі - бүгінде тиімділігін халық көріп отырған президенттік басқаруға көшу күні ретінде атап өту керек. Біздің индустриямыз, табысты мемлекетіміз, Қазақстанның беделі - осының барлығы біз құрған президенттік республиканың нәтижесінде мүмкін болды. Мен аталған мейрамның осы тұрғыда тойланғанын қалаймын.

31 телеарна ,Жолдауыңызда2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне көшіру мәселесін айттыңыз. Бұл қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болып жатыр. - Қолдау ма, әлде сын ба?

Тұрысбек Ернұр

- Қолдау! Оның себебін әркім түсінеді. Кез келген ұялы телефонда болсын, компьютерде болсын, мынадай ақпарат тасқындаған заманда латын қарпіне көшу - әлемдік интеллектуалдық ортаға кірігудің бір жолы. Біздің еліміздің бұл мәселеде тарихи тәжірибесі бар. Байтұрсыновтың заманында да әліпби ауыстыру мәселесі қойылған. Көрші елдердегі және әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, бұл шараны неден бастау керек және оны қалай жалғастыру керек? - Бұл ой еліміз тәуелсіз алғаннан кейін мені жиі мазалады. Бірақ біз көп ұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой-пікірі бар. Қазіргі кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да бірнеше буыны тәрбиеленіп, білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын қарпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі біразға дейін бірге пайдаланылады деп ойлаймын. Латын алфавиті біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Дүние жүзі елдерінің 80 %-ы латын қарпін қолданады. Ойлап қараңыз, бүкіл Солтүстік, Оңтүстік Америка, Жерорта теңізі мен Ақ теңіздің төңірегінде тұратын халықтар, Африка, Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттердің барлығы латын қарпін қолданады. Екіншіден, қазіргі заманның, техниканың, білімнің, ғылымның тілі латын тілінен бастау алып, өмірде қолданылып жатыр. Үшіншіден, біздің жастарымыз қазір жаппай ағылшын тілін оқиды. Орта буынның барлығы да ағылшын тілін меңгеруге тырысуда. Сондықтан көшуге дайындығымыз бар. Мүмкін, 2025 жылға дейін созбайтын болармыз. Қазақ тіліне тән кейбір дыбыстар да кезінде латынша таңбаланған. Сондықтан қазақ тіліндегі барлық әріптер латын алфавитіне бейімделген деп санау керек. Тағы бір мәселе, латын қарпі бізге дүние жүзінің халқымен, әлемнің ғылым-білімімен қарым-қатынас үшін керек.



«7 арна» телекомпаниясы: - Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз, қарапайым тілмен айтқанда, «мазасыз» ырғақта өмір сүріп жұмыс істейсіз? - Тап солай. - Сіздің жұмысыңыз кілең кездесулерден, ұшулардан, сағат белдеулері мен климаттық аймақтардың өзгеруінен тұрады. Мұндай салмақты екінің бірі көтере алмаса керек. Менің қолымда Сіздің қатысуыңызбен жүзеге асқан іс-шаралардың тізімдері бар. Тек бір ғана күнде, 2012 жылдың 19 желтоқсанында Ресей Федерациясына жұмыс сапарыңыз аясында Сіз бірінен соң бірі жеті кездесуге қатысыпсыз. Сіз осындай қарқынға қалай шыдас бересіз, осындай дәйім бабыңызда жүруіңіздің құпиясы неде?

Президент -Жылы сөзіңіз үшін рахмет. Қосарым, осындай әр кездесуге мұқият дайындалу қажет. Сендіре сөйлей білу керек. Әр әңгімеге, әсіресе, шет мемлекеттер басшыларымен әңгімеге алдын ала үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Мен өз елім үшін тиімді шешім қабылданғанын қалаймын - менің сұхбаттасым да өз елі үшін соны қалайды. Барынша тиімділік әкелетін құжат дайындайсың - өтпейді. «Қалтаңда» шегініс жасайтын екінші шешім болуы тиіс. Үшінші де бар, сен одан төмен түсуге тиісті емессің. Осының бәрі талқыланады. Қорытындысында консенсусқа келесің немесе келіссөздер тоқтатылады. Тек осы жылы ғана, тұтастай алғанда, мен 700 хаттамалық кездесу өткізіп, 17 рет шетелге сапар жасадым, өзге шет мемлекеттер басшыларының Қазақстанға сапарлары бұдан екі есе көп болды. Бұдан бөлек, көптеген күн сайынғы кеңестер мен кездесулер ұйымдастырылды - мемлекетті басқару қажет қой. Демек, менің денсаулығымды ойлауға да мұршам бола бермейді. Және маған ол туралы ойламайтындай етіп өмір сүру керек. Егер өз жұмысыңды жақсы көрсең, егер өз еңбегіңнің нәтижесін көрсең - осының өзі рухтандырады. Бұл ер адам үшін шабыттандырушы күш болып табылады. Ол әркез «жер жырта» жұмыс істеуі тиіс. Мен әрқашан жастарға спортпен шұғылдану қажеттігі туралы айтамын.

Журналист - Денсаулығыңыз Сізді алдағы кезеңдерде де жерге қаратпайды деп үміттенеміз. Өзіңізді күтіңіз және Сіз бізге керек екеніңізді есіңізден шығармаңыз!

31 телеарна: - Қазір қоғамда инженерлік-техникалық мамандықтарға деген көзқарас өзгерді. Бұдан он шықты жыл бұрын жастардың бәрі заңгер, экономист болғысы келсе, енді еліміз индустриялық бағытқа бет бұрғаннан бері техникалық мамандықтарға көбірек сұраныс бар. Осыған орай мемлекет тарапынан қазір техникалық мамандықтарға гранттар көбейіп келе жатыр. Осы әлі де жалғаса бере ме?

Кененбай Арыстан- Жалпы, мемлекет елге қандай мамандар керек екенін сараптап, есептеп отыруға тиіс. Мемлекетке заңгер де, экономист те, қаржыгер де керек. Бірақ қанша маман керек? Бас кезінде бәрі сол мамандықтарды көбірек таңдады. Саны бар, сапасы жоқ болды. Олардың басым бөлігі жұмыссыз қалды. Атырауда мұнайшылар дайындайтын бір мекеме бар. Оны колледж деп те, институт деп те атай алмайсың. Бірақ соны бір жыл оқып, бітіріп шығатындар инженер болып саналады. Бір жылдың ішінде сондағы зауыттағы қондырғылармен жұмыс істеп үйренеді. Мен сапарын кезінде олармен кездестім. Сұрастырып көрсем, олардың арасында ҚазҰУ-ді, Алматыдағы, Астанадағы университеттерді бітіріп келген жастар отыр. Себебі, бір жыл оқытумен қатар, оларға жұмыс істегені үшін жалақысын да төлеп отырады. Оқуын аяқтағаннан соң, сол жерде жұмыс орны дайын тұр. Алғашқы мамандығынан гөрі осы мамандық бойынша табысы көп болғаннан кейін сонда кетеді. Біз индустрияны қолға алып жатырмыз. Егер инженерлер болмаса, кім жұмыс істейді? Инженерлерді тек шетелде ғана емес, өзіміздегі политехникалық оқу орындарында да дайындайды. Сондай-ақ химияда, құрылыста, металлургияда, кен байыту ісінде, жеңіл өнеркәсіпте, көлік саласында инженерлер бар. Түбінде сол инженерлер қажет болады. Менің айтарым, балаларды математика, физика, химия жағына бейімдеу керек. Бәрі оны меңгере алмайды, әрине. Оған да табиғатынан бейімділік қажет. Зияткерлік мектептерге дарынды балаларды жинап жатқанымыз сондықтан. Ертең солардың арасынан инженерлер шығады, жаңалық ашатын солар болады деп сенемін. Екінші жағынан, тек инженерлер керек деп басқа мамандықты ұмытып кетуге болмайды. Себебі, мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилер, полициялар - бәрі де керек.

НТК арнасы журналист Байдыханова Наргиза «Болашақ» халықаралық стипендиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері аталған стипендия бойынша 10 мыңнан астам қазақстандық мұхит асып, шетелде білімін жетілдіріп келді. Бүгінгі таңда «Болашақ» қарапайым қазақ жастарының дүниенің төрт бұрышына барып, «инемен құдық қазып» қайтуына жасалған теңдессіз мүмкіншілік. Оған қоса, дәл «Болашақ» секілді бағдарламаның баламасы әлемде некен-саяқ. Осы бағдарламаны енгізудегі мақсатыңыз қандай?

Sputnik Жұмат Жанерке Сегіз қырлы, бір сырлы: біз білмейтін Елбасы қандай?

Нұрсұлтан Назарбаевты егемен елдің кемеңгер басшысы, көреген саясаткер ретінде барша қазақстандықтар ғана емес, төрткүл дүние таниды. Алайда 18 миллион халқы бар Қазақстанды басқарып отырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыстан тыс уақытта немен айналысады? Сүйікті ісі, хоббиі қандай? Тұңғыш Президент күніне орай Sputnik Қазақстан Елбасының тұлғалық болмысын ашуды жөн көрді.

Іле Алатауының баурайында туып-өскен Назарбаев тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, таза ауамен тыныстап, "тірі" табиғатпен етене араласқанды жақсы көреді. Аз уақытқа болса да, Қазақстанның, өзі жұмыс сапарымен барған алыс-жақын шет елдердің көз қазықтырар әсем жерлерінде болуға тырысады. Ол туралы Елбасының өзінен сұрап көрсек. Нұрсұлтан Әбішұлы сіз бос уақытыңызда немен айналысасыз?Табиғатқа шығып серуендегенді ұнататынынызды естіп жатамыз

Президент ия, Жер-Анаға, табиғатқа жақын адаммын,табиғатта серуендеп тамашалағанды жақсы көремін..

"Әу" демейтін қазақ жоқ демекші, құйқылжыта ән айтып, күмбірлете күй шертетін өнерденде кенде емеспін.Бос уақытының басым бөлігін оңашада кітап оқуға арнаймын. Абай, Мұхтар Әуезов сияқты белгілі қазақ жазушылары мен ақындарының туындылары оқимын.Спорттыда жаныма серік еткен президенттердің бірімін. Бала кезден атқа мінгенді жақсы көрдім.

АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары: Ричард Армитадж Елбасыға «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның прогресі Президент Н.Назарбаевтың көшбасшылығы арқасында мүмкін болды,ол қауіпсіздщік,экономика және саяси даму мәселелері жөнінде маңызды қадамдар жасады. Президент Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту жөніндегі шешімі дүниені қауіпсіз ете түсті»,-деп өз бағасын берген болатын.

Мұғалім сөзі:2030 жылға қарай Қазақстан мұсылман әлемі, Қытай, Ресей арасындағы мәдени, экономикалық байланыс орнатуда буын рөлін атқарады. 1997 жылы қазан Қазақстан-2030 стартегиясы.

Президент кездесулері

Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр.

Қытай Халық Республикасының басшысы Ху Цзинтао

Сауд Арабиясының корольіФахд

Ресей Федерациясының президентіБорис Николаевич Ельцин

Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға алға қойып отырғанында атап кеткенімізі жөн болар.

Кеңестік жүйеден шыңдалып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшыға айналды. Ол – бабаларымыздан  келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді  тұғырлы ету жолын­дағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өз орнын алды. 

\Жүргізуші:\

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына қабылдау салтанатына мектебіміздің озат оқушыларын ортаға шақырамыз.

«ЖАС ҰЛАН» ұйымына қабылдау рәсімін өткізу.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен ұстаздарға

Бізге арналсын ізгі-ниет тілегіңіз!-дей отырып,сөз кезегін мектеп директоры А.А.Мұхтарқұловаға және ұлағатты ұстаздарға береміз.



Жүргізуші

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


Ән: «Мен қазақпын»

Жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Ел аман,жұрт тыныш болып,ашық аспан астында тату-тәтті,шат-шадыман ғұмыр кешейік.Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы тек қуаныш пен жақсылыққа толы болсын!



















«Қазақстан жолы»– Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек.

«Сындарлы он жыл» -Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. (Атамұра, 2003) «Тарих толқынында» - Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады.

Абилханов Олжас Қасіретті Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 10 жылдығына арналған Н.Ә.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабында 1991 жылғы 29 тамыз күні «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Президент жарлығынан бастап бүгінге дейінгі қалыптасқан геосаяси жағдай мен бұл жөніндегі қол жеткен табыстар, қиындықтар мен қиналыстар түгел бүкпесіз жазылған.



Тәуелсіздік дәуірі 2018 желтоқсанда жарық көрген Елбасының соңғы еңбегі Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Нақтырақ айтқанда, «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар)» бөлімдері оқырман қауымның назарына ұсынылып отыр.

Байдыханова Наргиза Әлемдік саясаттану тарихында қазіргі заман көзқарасы бойынша Назарбаев феномені жайлы ұғым қалыптасып келеді. Жаңа мемлекетті қалыптастырушы тұлғаның саяси қызметі мен өмір жолына, тарихи құбылыстарға толы жаңашыл реформаларына отандық және шетелдік авторлар үнемі қызығушылық танытады. Соның айқын дәлелі ретінде еліміздің түрлі баспаларында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жарық көрген кітаптарда бар. Елбасы туралы жазылған еңбектер жайлы айтсаңыздыр.


Сакенова Ақмарал «Елмен сырласу» - Қазақстан мемлекеттілігің негізін қалаушы, оның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың халық алдындағы тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін, қазақ топырағындағы жасампаздық құбылыстардың тікелей бастаушысы екендігін, тұрақтылық пен ұлтаралық татулық идеясын Қазақстан аясында ғана жүзеге асырып қоймай, ғаламдық биікке көтергендігін, әлемдік деңгейдегі қайраткерлігін ашып көрсететін көптомдық шығарма. Басылмға Н.Назарбаевтың қоғам дамуының 1996 жылдың екінші жартысындағы баяндамалары, мәлімдемелері, ақпарат құралдарына берген сұхбаттары, оқыған дәрістері енгізілген. 


«Н.Ә.Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының бірінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1989–1991 жылдар аралығында жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері кіргізіліп отыр. Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар


«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» басылымы – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауымдастықтан лайықты өз орнын тапқан қазақ елінің жасампаздық қасиеттерін, әлем мойындаған оның ықпалды қайраткерлігін паш ететін көп томдық шығарма. Басылымда 1997 жылдың бірінші жартысында Н.Назарбаевтың әлеуметтік бағдарлы мемлекет орнатудың қазақстандық моделін қалыптастырудағы сарабдал саясатына шетел мемлекет және қоғам қайраткерлерінің оң көзқарастары, жоғары деңгейдегі іс – сапарлары, отандық және шетелдік ақпарат құралдарында берген сұхбаттары жинақталып, кең көлемде басылған. 

Риза

Елбасы сыныптастары

«Елбасы сыныптастары» кітабында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық және жастық шағы туралы сыныптас достарының естеліктері, білім алған мектептерінің тарихы, мұражайлар қызметі туралы баяндалған. Елбасы сыныптастырының мектептегі, кейінгі кездегі кездесулердегі құнды суреттерінің өзі тарихымыздың бір белесі болып табылады. 

Қалың елім, қазағым

Бұл жинаққа Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ халқының өткен тарихы, бүгіні мен болашағы және қазақ диаспорасы жайлы әңгіме-сұхбаты, баяндамалары мен сөйлеген сөздері енгізілген. 

Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарындағы, алқалы жиындар мен кездесулерде, ел аумағының әр жерлерінде сөйлеген сөздеріндегі өмірдің сан саласын қамтитын қанатты сөздері топтастырылған. 


Көрермендер пікірі,алғысы

1.оқушы Елбасының саясатымен таныса отырып мен өзім алғыс білдіргім келеді жаопы ішкі саясатта Елбасы 1997 жылдан халыққа жолдауын жариялап келеді...........

2 оқушы Мәңгілік Ел

3 оқушы Латын әрпіне көші

4 оқушы Халықаралық ұйымдарға мүше болуы

5 оқушы Рухани жаңғыру

6 оқушы Жастар мәселесі,жастар жылы


Мұғалім сөзі:

Қазақстан .............................................. Ислам елдері,Қытай,Ресей......



Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр,

Жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен ұстаздарға

Бізге арналсын ізгі-ниет тілегіңіз!-дей отырып,сөз кезегін мектеп директоры А.А.Мұхтарқұловаға және ұлағатты ұстаздарға береміз.

Жүргізуші

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2.Ән: «Мен қазақпын »

Жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Ел аман,жұрт тыныш болып,ашық аспан астында тату-тәтті,шат-шадыман ғұмыр кешейік.Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы тек қуаныш пен жақсылыққа толы болсын!






























Елбасының жаһандық бастамалары. Қазақстан-Ислам елдері-Ресей-Қытай кездесуі

Ислам әлемі елдері

Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алғашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскіде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскідегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат құруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады.



Ресей Федерациясымен ынтымақтастық

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.

Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық

Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.





Жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен ұстаздарға

Бізге арналсын ізгі-ниет тілегіңіз!-дей отырып,сөз кезегін мектеп директоры А.А.Мұхтарқұловаға және ұлағатты ұстаздарға береміз.


Жүргізуші

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің



2.Ән: « »


Жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Ел аман,жұрт тыныш болып,ашық аспан астында тату-тәтті,шат-шадыман ғұмыр кешейік.Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы тек қуаныш пен жақсылыққа толы болсын!











































































Елбасының кітаптары Бүгін - Тұңғыш Президент күні. Аталмыш мерекеге орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарына қысқаша тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз. Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары: «Қазақстан жолы» – Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді. (Жібек Жолы, 2012) «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасалған баяндама. (Қазақстан, 1997) «Жүз жылға татитын он жыл» - Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. (Атамұра, 2001) «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл» - Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы. (Елорда, 2005) «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» - Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке бастың материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтып соның салдарынан өоғамдық азғындау басталады. Бүгінде әркімге біздің қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты тұжырымдамасы, міне, соңдықтан да қажет. (Дәуір, 1992) «Сындарлы он жыл» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. (Атамұра, 2003) «Тарих толқынында» - Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999) «Тәуелсіздік белестері» - Қадірлі халайық! Мeн сіздeргe, Қазақстан халқына, қoғамымыздың бoлашағы мeн мeмлeкeтіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жoлдап oтырмын. Мeн Сіздeргe oсынау бoлашаққа қoл жeткізіп, өз мұратымызды іскe асыруға жәрдeмдeсe алады-ау дeгeн сeнім ұялататын стратeгияны ұсынғым кeлeді. (Жібек Жолы, 2012) «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы оның «Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» атты алдыңғы басылымында бастау алған қоғамның постиндустриялық даму мәселелерін ғылыми зерттеуінің жалғасы болып табылады. (Жібек Жолы, 2012) «Ғасырлар тоғысында» - Бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты. Әрине, бір-біріне көпе-көрінеу кереғар ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу. (Атамұра, 2003) «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» - Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым. (Қазақстан, 1999) Елбасымыздың бұдан басқа «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар», «Тәуелсіздігіміздің бас жылы», «Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы - жаңарған Қазақстанға», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Әділеттің ақ жолы» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген.

Тәуелсіздік дәуірі 2018 желтоқсан

Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Нақтырақ айтқанда, «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар)» бөлімдері оқырман қауымның назарына ұсынылып отыр.







Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітаптар

Әлемдік саясаттану тарихында қазіргі заман көзқарасы бойынша Назарбаев феномені жайлы ұғым қалыптасып келеді. Жаңа мемлекетті қалыптастырушы тұлғаның саяси қызметі мен өмір жолына, тарихи құбылыстарға толы жаңашыл реформаларына отандық және шетелдік авторлар үнемі қызығушылық танытады. Соның айқын дәлелі ретінде еліміздің түрлі баспаларында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жарық көрген кейбір кітаптарды айтсақ та болады..

Бітімгер

Соңғы жылдары Украина дағдарысы газеттердің бірінші беті мен әлемдік БАҚ-тардың жаңалықтар таспаларынан түсер емес. Аталған жанжалды бейбіт реттеудің жолдарын іздестіру белсенді жалғасуда. Әлемдік қоғамдастық 2014 жылдың тамызындағы Минск кездесуінің, сондай-ақ 2015 жылдың ақпанында Минскіде өткен «норманд пішіміндегі» саммиттің даму барысын мұқият бақылап отырды. Минск-2 әуел баста Астанада жоспарланғанын көпшілік біледі, бірақ Украина үдерісінде кенеттен Қазақстан астанасы қалай пайда болғаны туралы, тіпті, түйсіне де алмаулары ықтимал? Шынтуайтында, Минск-1 және Минск-2, Украина дағдарысын реттеудегі басқа да көптеген ілгерілеушіліктер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың делдалдық күш-жігер жұмсауының нәтижесінде жүзеге асты.

Кітап авторы біздің Мемлекетіміз басшысының Украинаның оңтүстік-шығысындағы бітімге әкелген белсенді қызметінің куәгері болған еді. Кітапта Майдандағы 2015 жылдың ақпан айына дейінгі оқиғалар қамтылған. Толығырақ

Елмен сырласу


«Елмен сырласу» - Қазақстан мемлекеттілігің негізін қалаушы, оның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың халық алдындағы тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін, қазақ топырағындағы жасампаздық құбылыстардың тікелей бастаушысы екендігін, тұрақтылық пен ұлтаралық татулық идеясын Қазақстан аясында ғана жүзеге асырып қоймай, ғаламдық биікке көтергендігін, әлемдік деңгейдегі қайраткерлігін ашып көрсететін көптомдық шығарма. Басылмға Н.Назарбаевтың қоғам дамуының 1996 жылдың екінші жартысындағы баяндамалары, мәлімдемелері, ақпарат құралдарына берген сұхбаттары, оқыған дәрістері енгізілген. Толығырақ

Бейбітшілік кіндігі

Қасіретті Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 10 жылдығына арналған Н.Ә.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабында 1991 жылғы 29 тамыз күні «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Президент жарлығынан бастап бүгінге дейінгі қалыптасқан геосаяси жағдай мен бұл жөніндегі қол жеткен табыстар, қиындықтар мен қиналыстар түгел бүкпесіз жазылған.

Осыдан 17 жыл бұрын 2001 жылы 28 тамызда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесері өткізілген болатын. Толығырақ

Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы - жаңарған Қазақстанға

1. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылғы маусымның 9-ында Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзі

2. Нарықтық қайта құруларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу шаралары туралы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне Жолдау. Толығырақ

Таңдамалы сөздер

«Н.Ә.Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының бірінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1989–1991 жылдар аралығында жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері кіргізіліп отыр. Толығырақ I том, II том, III том, IV том, V(1) том, V(2) том.

Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар» атты жаңа кітабы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған. Әрбір бөлімінде мемлекет пен қоғамның: экономиканың, әлеуметтік саланың, ішкі және сыртқы саясаттың табысты дамуы туралы сөз қозғалады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап бүгінге дейінгі статистикалық мәліметтер заманауи инфографика жанрында ұсынылған. Бұл – Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен Ұлы өзгерістер жолы жан-жақты қамтылған тұңғыш кітап. Толығырақ

Әлем Қазақстан туралы. Әлем президент туралы. 12-том.

«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» басылымы – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауымдастықтан лайықты өз орнын тапқан қазақ елінің жасампаздық қасиеттерін, әлем мойындаған оның ықпалды қайраткерлігін паш ететін көп томдық шығарма. Басылымда 1997 жылдың бірінші жартысында Н.Назарбаевтың әлеуметтік бағдарлы мемлекет орнатудың қазақстандық моделін қалыптастырудағы сарабдал саясатына шетел мемлекет және қоғам қайраткерлерінің оң көзқарастары, жоғары деңгейдегі іс – сапарлары, отандық және шетелдік ақпарат құралдарында берген сұхбаттары жинақталып, кең көлемде басылған. Толығырақ 12-том, 13-том, 14-том.

Елбасы сыныптастары

«Елбасы сыныптастары» кітабында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық және жастық шағы туралы сыныптас достарының естеліктері, білім алған мектептерінің тарихы, мұражайлар қызметі туралы баяндалған. Елбасы сыныптастырының мектептегі, кейінгі кездегі кездесулердегі құнды суреттерінің өзі тарихымыздың бір белесі болып табылады. Толығырақ

Еліне елеулі елбасы

Жиырма жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда өтіп жатқан өмірлік маңызы бар оқиғалардың бәрі де көрнекті мемлекет қайраткері, қазақстандықтардың әлем мойындаған жалпыұлттық көсемі Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланысты. Ол мықты мемлекеттің іргетасын қалады. Сол арқылы өз халқын даңққа бөлеп, әлемдегі миллиондаған адамдардың құрметіне ие болды. Тәжікстанда шығарылған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы бұл кітапта автор саясаткер тікелей ұлттың мүддесін көздесе, ұлтын өзінен де жақсы көрсе, табиғатынан тума дарынға ие болса және сол дарынын өз халқына қызмет етуге бағыштаса, көп нәрсе жасай алатынын көрсетуге тырысады. Кітаптың біраз бөлігі Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің негізгі кезеңдеріне арналады. Әрі соның бәрінің лейтмотиві кітап кейіпкерінің еңбекке деген көзқарасын, борышын сезінуін, отандастарына деген қамқорлығын көрсетеді. Осы кітап оқырманға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұлғасын барынша жақсырақ танып-біліп, осынау тұлға басқарған мемлекеттің сәтті дамуының себебін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз. Толығырақ

Қазақ көші – қазақтың қауымдасуы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғаны және қызметі туралы, қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының мәселелері, этникалық көші-қон, оралмандардың қазақстандық қоғамда бейімделуі мен ықпалдасуы туралы 1991–2012 жылдардағы құжаттары негізінде жарияланады. Қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыстың өркендеуі, шетелдердегі этникалық қазақтардың тарихи отанына көшуі және халықтың бірігуі жолындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атқарған рөлі Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты қорындағы құжаттар көмегімен ашып көрсетілді. Толығырақ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 2000 жыл

Бұл кітап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» сериясы бойынша шығарылып отырған кезекті басылым болып табылады. Кітапта 2000 жылы елімізде және шетелдерде Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген басты іс-шаралар жайында баяндалған, сонымен қатар осы кезеңде Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген толыққанды сөздерінің мәтіндері, 2000 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының маңызы зор заңдары мен Президент жарлықтарының тізбесі ұсынылған, түрлі анықтамалық ақпараттар келтірілген. Сондай-ақ, кітаптың компакт‑дискідегі мультимедиялық нұсқасы ұсынылған. Басылым көпшілік оқырманға арналған. Толығырақ 2000 жыл, 2001 жыл, 2002 жыл, 2003 жыл, 2004 жыл, 2005 жыл, 2006 жыл, 2007 жыл, 2008 жыл, 2009 жыл, 2010 жыл, 2011 жыл, 2014 жыл.

Қалың елім, қазағым

Бұл жинаққа Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ халқының өткен тарихы, бүгіні мен болашағы және қазақ диаспорасы жайлы әңгіме-сұхбаты, баяндамалары мен сөйлеген сөздері енгізілген. Толығырақ

Туған елім - тірегім

Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарындағы, алқалы жиындар мен кездесулерде, ел аумағының әр жерлерінде сөйлеген сөздеріндегі өмірдің сан саласын қамтитын қанатты сөздері топтастырылған. Толығырақ

Елбасы және қазақ мемлекеттігі

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов жылдар желісінде жазылған осы мазмұнды кітабына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт әрі жасампаздық жолымен ешкімнің құқын шектемей, Қазақ елінің әлемдік дәрежеде өсіп өркендеу жетістіктері мен жаңа дәуірдегі мемлекетіміздің мақсат-мүдделерін арқау етеді. Толығырақ



Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: [email protected] 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/news/view/elbasi_nursultan_nazarbaev_turali_kitaptar__20759










Сегіз қырлы, бір сырлы: біз білмейтін Елбасы қандай?



Бүгін — ҚР Тұңғыш Президенті күні. Нұрсұлтан Назарбаевты егемен елдің кемеңгер басшысы, көреген саясаткер ретінде барша қазақстандықтар ғана емес, төрткүл дүние таниды. Алайда 18 миллион халқы бар Қазақстанды басқарып отырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыстан тыс уақытта немен айналысады? Сүйікті ісі, хоббиі қандай? Тұңғыш Президент күніне орай Sputnik Қазақстан Елбасының тұлғалық болмысын ашуды жөн көрді.

Іле Алатауының баурайында туып-өскен Назарбаев тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, таза ауамен тыныстап, "тірі" табиғатпен етене араласқанды жақсы көреді. Аз уақытқа болса да, Қазақстанның, өзі жұмыс сапарымен барған алыс-жақын шет елдердің көз қарықтырар әсем жерлерінде болуға тырысады.

Елбасы табиғат аясында

Елбасы кейінгі кездері журналистермен Ақордада емес, табиғат аясында жүздесуді әдетке айналдырғанын байқауға болады. Мәселен, Назарбаевтың бірде Ұлытауда, енді бірде Бурабайда сұқбат беруі сөзімізге дәлел.

Президенттің бір сөзінде "мен дүниедегі адамдар демалатын әдемі жерлердің бәрін көріп шыққан адаммын" деуі де оның қаншалықты Жер-Анаға, табиғатқа жақын адам екенін аңғартады.

"Әу" демейтін қазақ жоқ демекші, құйқылжыта ән айтып, күмбірлете күй шертетін өнерден тұңғыш президентіміз де кенде емес. Мерекелік жиын-тойларда Елбасының талай рет қолына домбыра алып, ән шырқаған кездері болды. Мемлекет басшысының отбасында ата-анасы әрдайым ән-күй тыңдауды ұнататын және өздері де ән сала білетін. Әсіресе анасы Әлжан Назарбаева әнді жақсы айтатын. Оның сол қабілет-дарыны ұлына берілгені сөзсіз.

Президенттің үш ән шығарғаны, сонымен қатар еліміздің әнұраны мәтінінің телавторы екені де баршаға белгілі.

Ал Елбасының сүйіп тыңдайтын әндері — "Жұлдызым", "Көзімнің қарасы", "Беу, айдай", "Сәулем-ай".

Президенттің қолы жұмыстан қалт еткен кезде айналысатын тағы бір сүйікті ісі — кітап оқу. Назарбаев бос уақытының басым бөлігін оңашада кітап оқуға арнайды. Оның сүйікті кітаптары қатарында Абай, Мұхтар Әуезов сияқты белгілі қазақ жазушылары мен ақындарының туындылары бар.

Ал жеке кітапханасындағы сөрелерден Сәкен Сейфуллинің көп томдығын, Фариза Оңғарсынова, Ілияс Есенберлиннің кітаптарын, әлемдік классикадан — Достоевский, Шекспир, Стендальдің туындыларын байқауға болады.

Нұрсұлтан Назарбаев — спортты жанына серік еткен президенттердің бірі. Бала кезден атқа мінгенді жақсы көреді.

Әсіресе, шаңғы спортына қатты қызығады. Өзінің айтуынша, алғаш тау шаңғысын аяғына 55 жасында байлапты. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаевты Шымбұлақ шатқалында және басқа да таулы курорттарда жиі көруге болады.



Президенттің бейне мұрағатынан: Тау шаңғысымен сырғанау сәті

Тенниске қызығушылығы 40 жастан асқаннан кейін оянған. Ракетканы еркін меңгерген ол кортқа жүйелі түрде шығып тұрады. Өз кезінде Мемлекет басшысының лайықты әріптесінің бірі Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин болды. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев матчтарға жиі қатысып, өзінің тамаша бабында екенін көрсетіп қана қоймай, жаңа бастаған теннисшілерге шеберлік дәрісін де өткізіп тұрады.

Тұңғыш Президент күніне орай: Теннис ойынында. Алматы, 2003 ж. Ко Дню Первого Президента: Во время игры в теннис. Алматы, 2003 г.

"Бұрын теннис дәстүрі болмаған біздің елімізде, қазір спорттың осы түрін дамыту тұрғысынан үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Мысалы, менің өзім теннисті 40-тан асқасын ойнай бастадым. Бүгінде бүкіл елімізде, өңірлерде теннис орталықтары салынып, оны танымал ету жұмыстары жүргізілуде", — дейді Назарбаев.

Президенттің бейне мұрағатынан: Гольф ойнау сәті Архивное видео с участием Президента: Во время игры в гольф

Президенттің тағы бір әуес ісі — гольф. Назарбаев өзге де белгілі әлемдік саясаткерлер және бизнесмендердің қатарында түрлі халықаралық турнирлерге жиі қатысады.

Бұған қоса, Украинада оқып жүрген кезінде күреспен де айналысқан.

Жас кезінде волейбол да ойнаған.

"Мен спортпен тұрақты түрде шұғылданамын. Бұл мен үшін қалыпты жағдай, үйреншікті әдетіме айналып кеткен. Теннис ойнаймын, әсіресе жазда атқа мінгенді жақсы көремін. Тау шаңғысымен айналысамын. Күн сайын 45 минутымды аэробика мен фитнеске арнаймын", — деген еді президент бір сұқбатында.





«Ресей-Қазақстан-Қытай» үштігі:

Мемлекет мүддесін қорғау оңай емес 2017 жылғы 29 мамыр 17:39Бөлісіңіз: АСТАНА. ҚазАқпарат –



Ресей мен Қытай сияқты екі алып державаның ортасында орналасқан Қазақстан үшін сыртқы экономикалық байланыстарды жүргізу, ортақ жобалардың тиімділігін дәлелдеу, жалпы өз саясатын мойындату оңай емес. Еуропаға шығу үшін теріскейдегі көршінің көңілін табу қажет. Ал үлкен мұхитқа жету үшін Қытайдың да тілін таба білген жөн. Бір жаққа қарай ығысып кетуге де болмайды. Себебі оның арты саяси байланыстарға ғана емес, экономикалық қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Осы орайда біраз сұрақтар да туындайды. Қазақстан мен Қытайдың қазіргі ортақ жобаларына көрші Ресей қалай қарайды? Қытай үшін Қазақстан тиімді ме, Ресей ме? Ал Ресей үшін ше? Күншығыс елінің қаржысын тартамыз деп, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі мемлекет әріптес емес, бәсекелес болып кетпей ме? Экономикадан бұрын қоғамның санасы қытайлық өндірістердің ашылуына дайын ба? Қазақстан ғана емес, Ресейдің өзі «қытайлық қатер» психологиясынан арыла ала ма? «Қазақстан - Ресей» сарапшылар форумына келген мамандар осы мәселелердің төңірегінде ой қозғаған еді. Қазақстан қытайлық менеджментті меңгерсе - ұтылмайды Ашығын айту керек, бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында саяси диалог қана емес, экономикалық байланыстар да күшейіп келеді. Сөз жоқ, оған «Нұрлы жол» бағдарламасын Қытайдың «Бір белдеу - бір жол» бастамасымен шебер ұштастыра білуіміз де өз ықпалын тигізді. Осының арқасында ортақ жобалар қолға алынып, алпауыт мемлекеттің қыруар қаржысын ел экономикасына тартуға мүмкіндік туды. «Былайша айтқанда, ортақ жұмыстың идеологиялық бір мәні пайда болды. Жұмыс та жақсы жүріп кетті. Біраз мәселелер ортақ мүдде тұрғысынан шешіле бастады. Мәселен, Астанадағы LRT жобасының өзі екіжақты ынтымақтастықтың бір көрінісіне айналды. Аталған жобаның құрылысына қытайлық компания атсалысып жатыр. Қытайда монорельспен жүретін ондай қоғамдық көліктер көп. Осы саладағы үлкен тәжірибе бізге де пайдалы болады», - дейді қазақ-қытай ынтымақтастығы жөніндегі «China Center» xалықаралық орталығының бас директоры Әділ Кәукенов. Ал ірі жобалардың ішінде Ляньюнгань портындағы қазақстандық терминал, «Қорғас» халықаралық орталығы және тағы басқа ортақ бастамалар бар. «Ендігі мәселе, қоғамның өзі осындай тығыз байланыстарға дайын ба? Себебі қоғамның бір бөлігі Қытайға сақтықпен қараса, екінші жағы мүлдем басқаша ойлайды. Мәселен, осындай отырыстарда сөз сөйлейтін сарапшылар геосаясат пен сан алуан сын-қатерлер жайында жиі айтып, xалықтың үрейін күшейтіп отырады. Ал бизнес өкілдері ондайға бас қатырмайды. Олар нақты инвестициялар туралы айтады, оны Қытайдан тарту қажеттігі жөнінде сөйлейді. Сондықтан сарапшыларға бір өтініш бар, ауаны қарпып, жоқ жерден проблема іздемей, нақты Қазақстан экономикасына қажетті нәрселер жайында айтқан дұрыс», - деп атап көрсетті Кәукенов Сарапшының ойынша, Қазақстан қытайлық өндірістерді ашуға дайын болуы қажет. Қоғамдық көзқарас жағынан ғана емес, теxникалық, тіпті маман жағынан дайын болған жөн. Себебі нарықтық заманға бейімделген қытайлық менеджменттің талаптары мүлдем басқа. Ал оның қыр-сырын меңгергендер көштен қалмайды. «Шыны керек, қоғамның қазіргі көзқарасын ескерсек, алдағы уақытта қытайлық өндірістерді көшіру жұмысы қаншалықты табысты өтетінін ешкім дөп басып, айта алмайды. Себебі зауыттарды көшіру, ол жай станоктарды көшіре салу ғана емес. Онымен бірге мамандар, топ-менеджерлер де келеді. Ал жергілікті xалық оған дайын ба? Иә, біз өндірістің еуропалық үлгісіне үйреніп қалдық. Ресей де өз досымыз. Енді, қытайлық өндіріске бейімделе аламыз ба? Мәселе сонда. Ендігі бір мәселе, Қазақстан мен Ресейдің байланыстары қалай өрбиді? Өйткені мына жақтан Еуропаға тікелей жол ашылса, Ресей жеріндегі Транссібір магистралі қалып қоймай ма деген қауіп бар. Меніңше, біз бір одаққа кіргеннен кейін бірге жұмыс жасауымыз қажет. Бізге ортақ көзқарас керек. Бірлескен жобалар мен соның барлығын іске асырудың нақты жоспарын қабылдасақ та, артық етпейді», - дейді Кәукенов. Экономикалық одақ аясында кемсітушілікке жол берілмеуі керек Расында сарапшының сөзін жоққа шығара алмаймыз. Өйткені қазіргі кезде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізі толығымен іске қосылса, Ресейдің Транссібір теміржол магистралі бойында жүк айналымы бәсеңдейді» дейтін болжамшылар аз емес. Бұны тіпті теріскейдегі көршілердің осы автожолдың өз жағындағы бөлігін аяқтауға асықпауымен де түсіндіруге болатын тәрізді. Шынымен, оларға бұл неге керек? Бұл ғана емес, бақсақ Ресейде іспетті мәселелер аз емес секілді. Мәселен, Ресейдің теңіз порттарында қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты дискриминация әлі де бар. Ол жерде Қазақстаннан келетін жүктерді ұзақ ұстайды. Кеден қызметкерлері болса, алдымен өз жүктерін, яғни ресейлік өнімдерді тиеп жатады. Қазақ кәсіпкерінің «біз бір одақтанбыз, ереже бәрімізге ортақ емес пе?» деп жалынғанынан басқа қолынан келер қайран да жоқ. Мұндайға ресейлік кеденші: «енді, біз алдымен өз жүктерімізді жіберуіміз керек қой», - деп, ашық айтатын көрінеді. Соған қарағанда, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық интеграция жоғары жақта үлкен қолдауға ие болса да, жергілікті жерде көптеген кедергілерге тап болып жатады. Соның ішінде псиxологиялық кедергі - бұрынғы таптаурын пікір, кеңестік көқарас та өз әсерін тигізіп отыр. Біреулер бұрынғы заманды аңсап, болашаққа жаңа көзқараспен қарай алмаса, екіншісі өткен-кеткенді әлі күнге дейін ренішпен еске алады. Соның барлығы адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, экономикалық байланыстарға әсер етпей қоймайды. Енді, не істеу керек? ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы әлемдік экономика мен саясат институтының маманы Асқар Нұршаның айтуынша, осы тығырықтан шығудың компромисті жолы бар. Оны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та үнемі меңзеп отырады. «Мәселен, қазіргі кезде XX ғасырға қатысты екіжақты тарихи көзқарас бар. Бір тарап оны «колониализм дәуірі - ашаршылық пен ұлт қаймақтарының қырылған уақыты, сосын экологиялық апаттардың кезеңі» десе, енді бір топ сол тұстағы индустрияландыруды, тың игеру мен халықтар достығын алға тартады. Былайша айтқанда, бір жағы - негатив, екінші жағы - позитив. Президент болса, өткен тарихқа қараудың компромисті жолын ұсынып отыр. Елбасының айтуынша, тарихтың қатерлі тұстарын жоққа шығармай, оң тәжірибенің бар екенін мойындауымыз қажет. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарда да сондай «формула» болуы тиіс. Негізі, ресейліктер оны жақсы түсінеді. Алайда Еуропа мен Украинамен қызу пікірталасқа түскенде өткен-кеткен тарихты өз көзқарасына салып, соны толығымен қорғап шығуға тырысады. Тарихтың қатерлі беттерін мойындау қажет. Одан Еуропаның державалары да өтті. Әйтпесе, тарихтың сол бір қатерлі тұстары бәрімізді тығырыққа тіреп, ашық қарым-қатынасқа түсуге үнемі кедергі жасап отырады», - дейді Нұрша. Алып көршілер нені аңдиды? Сонымен, Қазақстан мен Ресей кедендік шекараларды алып тастаса да, жергілікті жердегі менталитетті, одан туындап жатқан кедергілерді, ең бастысы, ортақ тарихқа қатысты психологиялық тосқауылдарды әлі еңсерген жоқ. Онсыз толыққанды интеграцияның іске асуы екіталай. Ал сол интеграцияға Қытай араласса, қалай болады? Ресейдің «Бір белдеу - бір жол» атты қытайлық бастамаға көзқарасы қандай? БРИКС-ты зерттеу жөніндегі ұлттық комитеттінің директоры, Азиядағы ресейлік стратегия орталығының жетекшісі Георгий Толорайдың айтуынша, Ресей де еуразиялық интеграцияға үлкен сенім артып отыр. Осы орайда ол «Бір белдеу - бір жол» (ағылшынша - Belt and Road Initiative, сарапшылар ортасында қысқаша «BRI» деп атайды -авт.) бастамасына сол интеграцияны іске асырудың бір жолы ретінде қарайды. «Енді, аталған бастамада Қытайдың өз мүддесі бар. Сөз жоқ, негізгі мақсат - қытайлық бизнесті дамыту. Әрине, соның арқасында Қытайдың экономикасы да өседі. Шыны керек, біз үшін бұл бастама күтпеген жағдай болды. Сосын оны еуразиялық интерграциямен үндестіру ұсынысы асығыс жасалды деп ойлаймыз. Себебі «BRI» Ресейдің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келе ме, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Содан болар, Бейжіңде өткен соңғы форумда Путин «үлкен еуразиялық әріптестік» туралы айтты. Ал Қытайдың «Бір белдеу - бір жол» бастамасы сол әріптестіктің бір бөлігі болуы қажет сияқты», - дейді Толорай. Соған қарағанда, Ресей «BRI»-ді интеграцияның негізгі жолы ретінде мойындағысы келмей, оны «үлкен еуразиялық әріптестіктің» бір бөлігі ретінде ғана қарастыруға дайын. Байқауымызша, аталған бастаманың арғы жағында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азияның оңтүстік-батыс елдерінің қауымдастығы (АСЕАН) арасында байланыс орнатып, қазіргі еуразиялық әріптестікті Тынық мұхитына дейін жеткізу идеясы жатыр. Ал оған Қытайдан төмен отырған мемлекеттер келісе ме? Сосын Қытайдың өзі Тынық мұхит аймағындағы саяси-экономикалық ықпалын сақтауға тырысатыны белгілі. Ресейдің де ұстанымы анық, ол экономикалық байланыстардың бір жақты болғанын қаламайды. Себебі «BRI» арқылы Қытайдың экономикалық экспансиясы басталады деген қауіп бар. Осылайша, Қытай өз бастамасын ұсынса, Ресей одан да ауқымды идеяны көтеріп, Орталық Азияда өз ықпалын сақтауды көздейтін тәрізді. Екі державаның арасында саяси сенімсіздік те жоқ емес. Дегенмен, Ресей «Бір белдеу - бір жол» бастамасының еуразиялық интеграцияны күшейте түсетінін жақсы түсінеді. Себебі оның аясында жобалар қолға алынып, нақты іске асып жатыр. Ал «үлкен еуразиялық әріптестік» идеясы әлі де шикі күйінде қалып отыр. Ресей мен Қытайға өз тауарымызды сата білуіміз керек Ресей өз мақсат-міндеттерін «Бір белдеу - бір жолмен» ұштастыра алмай жатқанда Қазақстан «Нұрлы жол» бағдарламасын қытайлық идеямен бірден үндестіре білді. Енді соның барлығы теріскейдегі көршінің сенімсіздігіне тіреліп қалмаса болғаны. Әрине, Қазақстан арқылы өтетін жүктердің экономикалық пайдасы зор. Алайда сол айналым арқылы өз тауарларымызды да екі державаға шығара алуымыз қажет. Себебі қазіргі қазақстандық тауар айналымы көңіл көншітерлік емес. «Бүгінде Қазақстан мен Еуропа арасындағы сауда-саттық Ресеймен арадағы алыс-берістен екі есе артық болып тұр. Осы бір мәселені ұмытпау қажет. Сондықтан «Қазақстанның №1 әріптесі кім?» дегенде көрші Ресейді айтсақ та, Еуропаның үлесі басым екенін естен шығарған дұрыс емес», - дейді Асқар Нұрша. Мәселен, Еуропа елдерін бір мемлекет ретінде қарастыратын болсақ, Қазақстан экспортының 50 проценті Еуропаға тиесілі. Ал Қазақстанға келетін еуропалық тауарлардың үлес салмағы да 57 процентті құрап отыр. «Демек, біздің Еуропамен арадағы сауда-саттығымыз тең, әрі көрші Ресей мен Қытайды бірге қосқандағы алыс-берістен артық. Қазіргі кезде Қазақстанның экспортында Ресейдің үлесі 10-ақ процентті құрайды. Қытай да солай. Сосын екі жақты сауда-саттықта тепе-теңдік жоқ. Мәселен, Ресей бізден сатып алған тауарлармен салыстырғанда, өз өнімдерін 6 млрд долларға артық сатып отыр. Міне, осындай мәселелер өзара интеграцияға да кері әсерін тигізеді», - дейді сарапшы Асқар Нұрша. Ал мұндай жағдайда не істеу керек? Бұл ретте сарапшы «Ресей қазақстандық тауарлар үшін өз нарығын кеңірек ашып, қазіргі тепе-теңсіздікті қалпына келтірсе, еуразиялық интеграция да күшейе түседі» деген пікірді ұстанады. Расында да, бұл солай секілді. Өйткені, сауда-саттық - бұл интеграцияның қозғаушы күші. Ендеше экономикалық одақта ол біржақты болмауы, екіншіден, басқа қатысушы әріптестерді кемсітушілікке ұшыратпауы шарт. Интеграция барлығына бірдей тиімді болғаны жөн. Түйіндей айтсақ, Ресей бүгінгі ахуалды өзінше сараптан өткізіп, өзгеруге, соның ішінде жақсы жағынан өзгеруге тиіс секілді. Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа да бірінші кезекте қатысты дүние.

Жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен ұстаздарға

Бізге арналсын ізгі-ниет тілегіңіз!-дей отырып,сөз кезегін мектеп директоры А.А.Мұхтарқұловаға және ұлағатты ұстаздарға береміз.


Жүргізуші

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің



2.Ән: « »


Жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Ел аман,жұрт тыныш болып,ашық аспан астында тату-тәтті,шат-шадыман ғұмыр кешейік.Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы тек қуаныш пен жақсылыққа толы болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всемирная история

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Елі сүйген,елін сүйген Елбасы

Автор: Алимбетова Айжан Жаркынбековна

Дата: 27.04.2020

Номер свидетельства: 548111


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства