kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен Есте қалған.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ауған  соғысының 29 жылдығына арналған ерлік сабағы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен Есте қалған.»

Ауған, сөнген шоқ,өшкен арман тек сенен Есте қалған


Мақсаты:

  • оқушыларға Ауған соғысының болу себептерін түсіндіру;

  • Отанын құрметтеуге,еркіндікті бағалай білуге,ұлтжанды,елжанды болуға үйрету;

  • Бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға,үлгі ете білуге тәрбиелеу.


1-жүргізуші: Армысыздар Ауған соғысына қатысқан,ардагерлер!

2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар,

Біз соғысты,

Жеңгеніміз үшін еске алмаймыз,

Жамандықты ешуақытта жақтамаймыз.

Ұрпаққа айта береміз,қайта айтамыз,

Бұндай жағдай ешуақытта болмасын деп.

Қайталаймыз ұрпаққа қайталаймыз.

1-жүргізуші Ауған соғысының ардагерлері. Бүгінгі «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен Есте қалған...» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

-Тарих көші үнемі жаңаланып отырады.Десе де ұмытылмайтын,ескірмейтін тарихи оқиғалар болды.Соның бірі-әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы.

Ауғанстан жеріне қатерлі күн туғанда елін,жерін қорғау үшін көптеген ер азаматтар соғысқа аттанды. 1979 жылы басталған соғыс 10 жылға созылды.1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылды. Бұл соғысқа 22 мың қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 21жауынгер хабарсыз кетті. Содан бері 29 жыл өтіпті.

2 жүргізуші:

Елбасымыз Н.Назарбаевтың ауған соғысы туралы сөзінде : « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар .
Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер,ардақты ағалар,аяулы әкелер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен бүгінгі кездесуді өткізіп отырмыз

1-жүргізуші:

Еліміздің елдігін танытатын,

Ерлерімнің ерлігін жаңғыртатын.

Қазақстан Гимні шырқалады,

Қыран құсын қияға самғататын.

Назар аударыңыздар! Тәуелсіз еліміз, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады


1 жүргізуші:

Ауған соғысының Қазақ еліне әкелген адам шығыны мен зардабы аз емес. 1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Абзал ана жалғыз боздағынан айырылды, әйел жесір, бала әкесіз, отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз Ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып, қаны төгіліп мүгедек болғандар қаншама!
Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер...
Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы- Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.

2-жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды сол кез,

Қирады талай арман көңілге алған.

Тұғыры биік заманда,

Тамыры терең адамға.

Кенде емес мынау ұрпағым,

Сіз тұрсыз мәңгі жанымда.

Бүгін кездесуге келген , Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен таныс болыңыздар: (ардагерлер таныстырылады)

1._________________________

2._________________________

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін,

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!

Осындай ержүрек, қайтпас,қайсар жауынгерлердің арқасында жат жердің болашағы үшін, бейбіт өмірі үшін ,соғыста қаза тапқан батыр ағаларымызбен есіл боздақтарымыздың рухына тағзым етіп,

1 минуттық үнсіздік жариялаймыз.

1- жүргізуші: Бейбіт ел қанат жайып өсер өрлеп,

Адамзат адал ойлы бізге сенбек.

Жақтаған бейбіт күн мен әділетті,

Жолымен ұлы мақсат іздей бермек.

Сөз кезегі мектеп директоры Қойайдаров Нүркен Ыдырысұлына беріледі.

Ән: "Алға Қазақстаным" 7 сынып оқушысы Сапаш Айбек

2- жүргізуші: Тілегені бейбітшілік әр елдің,

Тыныштыққа орансын байтақ жерің

Аттандырды соғысқа асыл ерін

Сонау жаққа,қорғауға Ауған жерін

Назарларыңызға Ауған соғысы туралы бейне фильмді ұсынамыз.

1- жүргізуші:Ардагерлер,

Айтса ертек көргендері,

Табандары таймаған өрден кері.

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

1-жүргізуші: Ауған соғысы кезіндегі Қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге болғандай.

2 жүргізші: Кір жуып,кіндік кескен жері үшін,аялап,әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп,от кешкен ер азаматтарымыз ешқашан ұмытылмайды. Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына, елге аман оралған, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға мың тағзым!

Құрметті ардагер ағалар.Ортамызда сіздермен кездесуге зор ықыласпен келіп отырған Қазақстан жерін қорғайтын азаматтар ,арттарыңыздан ерген ұрпақтарыңыз,болашақ жауынгерлер отыр.


Сөз кезегі: Ауған соғысының ардагерлеріне беріледі

Би: 3 сынып оқушылары

1 жүргізуші:

Қаншама ана айырылды баласынан,

Бала күтті, әкесін теңіз жағасынан.

Шүберекке түйіп жанын,елең етіп

Ана байқұс, әр дыбысқа жаутаңдаған.

Құрметті ардагер ағалар сіздердің құрметтеріңізге

2- жүргізуші:

Соғыс бұзды тыныштықты,өмірді,

Жауынгердің алып ұшқан,көңілді.

Соғыс бұзды бар арманын ұланның

Сол арманның бірі алу жеңісті.

ӘН: «Қазақ жері» 6 сынып оқушысы Жұмабай Шұғыла

1-жүргізуші:

Соғыс бітті, жауынгер келді әскерден,

Еске алады сол бір күнді өртте өткен.

Сол соғыста қайтпай қалған қайсардың

Жаны бірге тірі келген, ерлермен.

БИ: 10 сынып оқушылары

2 жүргізуші: 29 жыл-бейбіт көктем таң атқалы,

29 жыл-шуақты күн таратты әнін

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады ән

Хор:«Атамекен» орындайтын 10 сынып оқушылары

1 жүргізуші : Жақсының еңбек десе жаны күлер,

Бағаңды жаста,кәрі,бәрі білер .

Бас қосу құтты болсын ер ағалар,

Мерекең құтты болсын аcыл ерлер .

Елі үшін ,ерлік туын желбіреттің,

Жанарын талай жанның мөлдіреттің

Көк туым көк аспанда қорған болып,

Жүрегін қазағымның елжіреттің.

ӘН:«Елім-ай» Естемесов Ерасыл


2-жүргізуші:

Елім менің Егеменді еңселі,

Ел теңдігі жүрегімде еседі.

Тәуелсіздік туын биік көтерген,

Ерлерімнің даңқы көкке жетеді.-деп шағын сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші:

Өткеніміз ұмытылмайды. Бүгініміз бейбіт күн, Ертеңіміз жарқын болсын, бейбіт өмірдің ақ таңында көріскенше күн нұрлы болсын құрметті ардагерлер ! Қош сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всемирная история

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен Есте қалған.

Автор: Жангазиев Самат Канатович

Дата: 15.02.2018

Номер свидетельства: 457584


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства