kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жанжалды? алдын алу?а психологиялы? дайынды?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жанжалды?  алдын алу?а психологиялы? дайынды?.

Сынып са?атыны? ма?саты:жас?спірімді мінез-??л?ын ба?ылау?а, жанжалды? к?нделікті ?мірде пайда болуы ж?не алдын алу м?мкіндіктерін жетілдіруге баулу.

Міндеттері:1. Жанжалды? сипаттамасын т?сіндіру;

2. Жанжалда?ы стильдерге т?сініктеме беру;

3. Бас?а адамды? ?станымын т?сінуге к?мектесетін ережелерді сипаттау.

         Сынып са?атыны? формасы: трениег, с?ра?-жауап т?рінде.

         Сынып са?атыны? барысы:

         1.?йымдастыру кезе?і.

         2.Та?ырыппен ж?мыс.

         3.Сынып са?атына байланысты тапсырмалар:

         1-тапсырма.Жанжалды? сипаттамасы.

         2-тапсырма.

Жанжалды? жа?ымды жа?ы

Жанжалды? жа?ымсыз жа?ы

Осы сызыл?ан тірек-схемаларын о?ушыларды? алдарына таратып толтырту.

         3-тапсырма. Немен келісесіз со?ан белгі ?ойы?ыз:

         Жанжал жа?дайында к?п адамдар:

  • Дауласып, айтысады
  • Бір-бірін т?сінуге ?мтылады
  • Бір-біріне к?мектеседі
  • Бір-біріне ай?айлайды
  • Ынтыма?тасады
  • Бір-бірін алдайды
  • Бір-бірін зер салып ты?дайды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жанжалды? алдын алу?а психологиялы? дайынды?»

Жанжалдың алдын алуға психологиялық дайындық.

Сынып сағатының мақсаты: жасөспірімді мінез-құлқын бақылауға, жанжалдың күнделікті өмірде пайда болуы және алдын алу мүмкіндіктерін жетілдіруге баулу.

Міндеттері: 1. Жанжалдың сипаттамасын түсіндіру;

2. Жанжалдағы стильдерге түсініктеме беру;

3. Басқа адамдың ұстанымын түсінуге көмектесетін ережелерді сипаттау.

Сынып сағатының формасы: трениег, сұрақ-жауап түрінде.

Сынып сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Тақырыппен жұмыс.

3.Сынып сағатына байланысты тапсырмалар:

1-тапсырма. Жанжалдың сипаттамасы.

2-тапсырма.

Жанжалдың жағымды жағы

Жанжалдың жағымсыз жағы







Осы сызылған тірек-схемаларын оқушылардың алдарына таратып толтырту.

3-тапсырма. Немен келісесіз соған белгі қойыңыз:

Жанжал жағдайында көп адамдар:

  • Дауласып , айтысады

  • Бір-бірін түсінуге ұмтылады

  • Бір-біріне көмектеседі

  • Бір-біріне айқайлайды

  • Ынтымақтасады

  • Бір-бірін алдайды

  • Бір-бірін зер салып тыңдайды

  • Бір-біріне күдікпен қарайды

  • Жеңуге тырысады

  • Бір-бірін кешіреді

  • Бір-бірінің сандарын соқтырып кетеді

  • Жымияды

  • Бір-бірімен бәсекелеседі

  • Бірге жұмыс істейді және жанжалды шешеді

  • Бір-бірінің сезімін түсінуге тырысады

  • Бір-бірін кінәлайды

  • Басқалардан көмек сұрайды

  • Әңгімені доғаруға тырысады

4-тапсырма.

Жанжалдағы тартыс стилі

Жанжалдасқанда оның стилін білу керек. Ол үшін алдымен жеке стиліңді және басқалардың стилін анықтап алу керек. Оның түрлі модельдері болады, солардың бірі төменде қысқаша суреттелген. Осы әдісті қолдана әрі талдай отырып, мәдени құндылықтармен жанжалдың нақты жағдайын ұмытпаған дұрыс.

Сен тимесең мен тимеймін

Бұл стиль иелері қақтығыстан физикалық немесе эмоционалды түрде құтылуды ойлайды. Оның себебі, ондай адамдар саналы түрде тартыс-таласқа араласпай, қарсы жақты «сан соқтырғысы» келеді.

Жанжалдағы тартыс стильдерінің сипаттамасы

Бақылау

Бұл күшті керек ететін агрессивті әдіс. Жанжалды не жеңетін, не жеңілетін сайыс ретінде қарастырғанда қолданылады. Егер жанжал құрбаны немесе жеңілген адам ренжіп, кек алуды мақсат етіп қойған болса, жанжал өршіп кетуі мүмкін.

Мәміле

Бұл тартыста ең жиі қолданылатын стиль. Бұл жерде екі жақ мүддесі бірдей орындалады. Дегенмен ол шешім қысқа мерзімді болады.

Жанжалдасушылар одан да жақсы шешімге жетуді көздейді, өйткені бұл стиль мүмкіндіктерді шектейді.

Бірлесіп әрекет жасау

(мәселелерді шешу)

Сонымен бірге «екі жаққа да ұтымды» деп те аталады, себебі мәселе екі жақтың сыйластығы және келісімі бойынша шешіледі. Бұл тәсіл көп уақытты қажет еткенмен , екі жақты да риза қылатын ең әділетті және ұзақ уақытқа барынша тиімді амалы болып табылады.

Бейімделу

Бұл жақсы қарым-қатынастардың жалғасуын қолдайтын ең маңызды стильдердің бірі. Келіспеушіліктер еленбейді не оған назар аударылмайды, бұл стильмен өмір сүретін адамдар, басқалардың мәселесін шешуге араласпай, тек қана бақылап жүргенін қалайды.



Бұл жағдайда не мәселе шешілмей қалады немесе басқаларға қысым көрсетіледі, бірақ қайсысы болса да өзңндік салдарын қалдырады.

5-тапсырма. Қандай жанжалды жағдайда болғаныңызды еске түсіріңіздер. Жанжалда өзіңізді қалай ұстағаныңыз туралы айтыңыздар. Жанжалдағы тартыстың қай түрі сізге тән?

6-тапсырма. Басқа адамның ұстанымын түсінуге көмектесетін ережелер:

-Басқа адамның көздеген мақсаты туралы тұжырым жасама. Адамдар қарсыласының ойында тура өзінің қорқып қалмайтын нәрсесі тур деп ойлайды;

-Екінші жаққа кінә тақпаңыз. Кінәлау дегеніміз жұқпалы жаман әдет, одан арылу керек. Кінәлаушы адам өзін қорғауға бағыт алады;

-Әрқайсысын орынды талқылаңыз;

-Бөтен адамның жағымсыз қылығына оң ықпал жасап көріңіз;

-Бөтен адамға келіссөздің табысы сіздің қосқан үлесіңіз деп сендіруге тырысыңыз. Егер адамдар өзінің ойының қабылданғанын сезіп тұрса, келісімге жету оңайырақ;

-Серіктесіңіздің оң кейпін сақтап қалуына мүмкіндік беріңіз.

Бөтен адам тұрғысына жанжал себебін түсінгеннен маңызды еш нәрсе жоқ. Егер де сіз басқа адамдарға әсер еткіңіз келсе, қарсылас көзқарасыңыздың күшті қырларын байсалдылықпен түсініңіз.

7-тапсырма. Өмірде кездесетін әр түрлі жанжал түрлерін ситуация түрінде рольдерге бөліп талдау.

Талданатын ситуациялар: мектеп ауласындағы төбелес; Ересек оқушылардың кішілерден ақша сұрауы; Оқушыға ұялы телефон керек пе?

Рольдер 4 топқа бөлінеді: 1. Ата-аналар; 2. Мұғалімдер; 3. Оқушылар; 4. Полиция қызметкерлері.

4. Қорытынды.

а) алдын-ала жүргізілген тест нәтижесін айту, кеңес беру;

б) оқушылардың сынып сағатынан алған әсерлерін тыңдау;

в) тақырыпқа қорытынды жасау;

Тренингке қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жанжалды? алдын алу?а психологиялы? дайынды?

Автор: Есенжолова Венера Максоткызы

Дата: 12.02.2016

Номер свидетельства: 292238


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства