"Жан еді ?ле? ?шін дара ту?ан" Т?леген Айбергеновті? ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан.
"Жан еді ?ле? ?шін дара ту?ан" Т?леген Айбергеновті? ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан.
Б?л ашы? т?рбие саба?ым ?аза? хал?ыны? рухани м?дениетіні? ірі т?л?аларыны? бірі Т?леген Айбергеновті? ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан.А?ынны? ?мір жолы мен асыл м?раларын насихаттау,о?ушыларды? поэзия ?леміне с?йіспеншілігін ояту,елді, ту?ан жерді ??рметтеуге т?рбиелеу.Поэзия дейтін ??діретті ?лемні? ??діретті а?ынына айнал?ан Т.Айбергеновті? ?ыс?а ??мырында ?алдыр?ан м?расы м??гілік.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Жан еді ?ле? ?шін дара ту?ан" Т?леген Айбергеновті? ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан.»
«Жан еді өлең үшін дара туған»
Кештің мақсаты: қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген
Айбергеновтың өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға
таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу,туған
тілге деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәрбие негіздерін
қалыптастыру.
Көрнекілігі: поэзия кеші өтетін залда Төлеген Айбергеновтің портреті
слайдтар,кітап көрмесі,ақын туралы қанатты
сөздер.
Мұғалім:
Поэзия дейтін құдіретті әлемнің құрметті ақынына айналған Төлегеннің ғұмыры қысқа болса да,өлеңі мәңгілік .Төлеген Айбергенов шабыт қысқанда көкке парлай, самғай көтеріліп дүниенің тас төбесіне шығып алып, қиядан жүзіктей жұмыр жер, жалпақ әлемге назар салатын қыран көз, періште-қанат ақын. Ол ата жұрт — қазақ еліне қиырдан сағынып келді. Өле-өлгенше сол сағынышын баса алмай кетті. Алмағайып жылдарда айырылып қалған ата жұртының әрбір тау мен тасына, көл мен шөліне шөліркеп, алыс тарихи сапардан оралған аруана- бауыр жанның іңкәр көзімен қарады. Кешегі кеңестік аласапыран жылдарда артта қалған ата жұртқа деген сағыныш шеттегі қазақтардың бойына ана құрсағында жатқанда-ақ қанмен, зармен бірге дарыды. Дүниеге қарақалпақ жерінде келген Төлеген тал бесікте тербеліп жатып-ақ, алыста қалған ата жұртқа деген құтаймас сағыныш мұңына суарылған бесік жырымен көз ашты. Балалық шағы шығыс шайырлары шарлаған шайырлы, құнарлы топырақ Хорезмде өтті. Жас Төлеген Новаи, Мақтымқұлы, Бердақтардың рухы тұнған, ізі қалған қасиетті өлкені шарлады. Балаң санасын қашан қалыптасқанша үздіксіз де үзіліссіз күмбірлеген бабалар үні, жыраулар сарыны тербетіп тұрды. Ғасырлардан ғасырларларға көшкен жыр дәстүр осылайша бала құлағына, санасына ұя салды. Мектеп табалдырығын аттасымен Абай, Жамбыл, Махамбеттермен қауышты. Сөйтіп, бала сана, бұла сана өлең сөздің тұма бұлақ, тұнбасынан жүзіп жүріп ішті, сімірді. Тереңге тамыр салды. Ата-салт, тіл, дін, діл қаймағы бұзылмаған қазақы орта, ұлы Тұран төрі оның бойына елдік пен ерлікке толы мыңдаған жылдық ұлы бабалар өсиетін, қасиетін екті. Жаратқан ие елпең-елпең жүгірген қағылез қара баланың маңдайына ақын болуды жазды. Бұғанасы қата келе жас дарын күмбірлеген әулие бабалар әуезіне әуейленіп, өзі де күбірлеп тақпақ жаза бастады. Осылайша, тарихи жады шытынамаған Тұран топырағының төсін тесіп тағы бір қайнардың көзі ашылды. Төлеген ақын, тамыр салған топырақ араб, парсы, түркі өркениеті әлімсақтан біте қайнасқан рухани шайыры шүйгін топырақ болды, оған далалық еркін ер қазақтың азаттық рухы атойлаған жыр, саз сарыны қосылып, бала санасында соны рухани элементтер құрап ию-қию араласты. Сана тұңғиығында болашақта атылар жанартау — жыр негізі, жасушалары түзілді.
Қанша құнарлы десек те Қазақстаннан шет өлке қазақы өршіл рухы көкірегіне сыймаған Айбергеновтей арқалы ақынға өсе келе тарлық ете бастады. Анау бір қиырда толықсып аламан бәйгелер мекені ұлан-байтақ Қазақстан жатыр. Қазақтың қалың елі тербетілген тал бесік. Шетте, жат елде жүрген қазақтың көз салар құбыласы, мәңгілік Меккесі, мәңгілік сағынышы.
Кемесiнде арманның, Жалау етiп өрлiктi.
Ескек етiп ерлiктi, Есiп келе жатырмын... Өсiп келе жатырмын» деп өрге ұмтылып, өлмес өлеңiмен қаламгерлер қауымының бел ортасында белсендiлiк танытып жүрген ақын отыздан жаңа асқан шағында дүние салды.Қазақ поэзиясында өмірімен де,өлеңімен де, қысқа ғұмырда лапылдап өткен шығармашылық шабытымен де үлгі боларлық ақындар аз болмапты. Соның бірі Төлеген Айбергенов.Бүгінгі поэзия кешіміз Т. Айбергеновке арналады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,оқушылар!
Ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 77 жыл толуына арналған «Жан еді өлең үшін дара туған» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ...Бірақ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын!
Қыз қуатын жігітке ат беремін!
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен,әйтеуір,бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін?!
Мұны айтқан тарпаң мінезді ақжарма ақын Төлеген Айбергенов еді.
II жүргізуші: Оның сол бір қиын-қыстау заманда бар жиған-тергенін ортаға салып,тамаша бір той ғып өткеретінін өзінен басқа ешкім де аңғарған жоқ -ты .Тіпті сол тойының қашан,қайда және қай күні болатынын да ақын ашып айта алмады.
Солай десек те,ақынның өзі осынау өмірде болсын-болмасын, сол бір тамаша тойдың ерте ме, кеш пе, әйтеуір күндердің бір күнінде болатынын сезген сыңайлы.
I жүргізуші:Сол күннен бері, әне-міне дегенше, аңдатпай жүріп, арада қырық жеті жылдың қалай зымырап өте шыққанын бүгін көріп отырмыз. Ал әлгі өтілуге тиісті өз тойын осыдан 47 жыл бұрын армандаған тұлпар мінезді арғымақ ақын Айбергеновтың 77 жылдығына арналған поэзия кешін ашуға рұқсат етіңіздер!
II жүргізуші: Өлең жазсам,тал бойым,
Қорғасын боп балқиды.
Шертіп бір сырлы сан күйді,
Домбыра көңілім шалқиды.
Жақсы өлең туса құттықтап,
Жатады шулап ну орман
Орындалғандай ну арман
Қалам бір шығып құмардан.
Бұл ақынның өлең туралы толғанысы еді.Арамызда Айбергенов жоқ,бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.Біз де бүгінгі кеште сөз кезегін ақынның өлеңдері мен әндеріне берейік.
Анама-----Ақтілек
Ана----Аманова Амангүл,Беркалиева Райхан
Апаларым-----Дина
I жүргізуші: Төлеген жырлары – қуаныш жырлары. Бірақ, бұл гүлге елтіген көбелек қуған серуеншінің қуанышы емес, қиынды көрген, қайғы мен қасіреттің де ащы дәмін татып байқаған адамзат адамның жүзеге асқан мақсаты мен орындалған арманының қуанышы. Бір жағынан Жібек баулы қырандай күй кештіріп, барша әлемді бауырына сыйыстырғанша сиыстырып кеткен жас тұлғамыздың бірі еді, тіпті бірегейі десек те жарасады.Соған бұл ақынның әр-бір жыры толық жауап беретіні хақ.
Перзент жыры----Назарбаев Нұржан
Туған еліме----Абдивариев Нұрсұлтан
Қаратау----Темірханов Мерей
Ақынның өмірбаянымен қысқаша таныстырып өту.
Ақын өмірбаяны. Салтанат Айбергенова.(диафилъм )
II жүргізуші: Арғы тегі Ақтөбе өңірін жайлап,кейінгі кер заманда бір сыпырасы әрі кетіп, бір сыпырасы бері кетіп, яғни Кеңес үкіметінің қолдан жасаған аштық топалаңынан әркім басы ауған жаққа жол кезіп кеткен ұрпақтың ата-аналарының көземелімен қайта тоғысып, енді-енді ес жия бастаған сыңайлы.Соның кепілдігі болар жан-жаққа шашырап кеткен жанардың сәулесі санасы, ізгілікті істерінің өз атамекеніне ойыса бастағаны.
I жүргізуші: Осы жайдың бір куәгеріндей туған жері мен жүрген жерін, қала берді, ата-бабаларының атамекенін аңсап,сол өңірдің барша құнарын аталарының қанымен, аналарының ақ сүтімен бойына сіңірген Төлеген Айбергенов сияқты дүниеден жастай кеткен ұлы ақынымыздың жөні бір бөлек еді. Төлеген сонау ертеректе Арал теңізінің Солтүстігіне көзі жәудірей қарағанымен, Оңтүстігінде дүниеге келген сағынышты қай елдімекені болмасын көгертіп-көктетіп, әлсін-әлі жыр арқауына өзгеше өрнек төктіртіп отырғандығы барша қазаққа аян.
II жүргізуші: Ол өзінің ата-бабаларының мәңгілік ірге тепкен «Атамекені» және бұған қоса «Адамға» деген сүйіспеншілігін «Ақындық» жаралғысымен ала келгендей.Енді біз сол жырларға құлақ түрейік:
«Атамекен» -
«Адамдар» -Айдана
«Ақындық» - Ұлболсын
I жүргізуші: Төлеген – жыр әлемінде өзіндік үнімен еніп соңынан тұтас бір толқынды ерткен, қазақ поэзиясы тарихын да бүтін бір дәуірдің кілті болған тұлға. Оның өлеңдерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқ. Осынау марқұм боп кеткен талантты сазгер жігіт Жеңіс Естілеуов ән жазған Айбергеновтың «Қош сәулешім», «Есіңе ал», «Сайрашы,сандуғашым», «Марфуға», «Өтті ғой,сәулем,ай талай»т.б.ән текісттері тыңдаушысын қай жағынан да баурап алатын асыл дүниелер!
Алаштың екі бірдей дарынды ұлы,Ш.Қалдаяқов пен Т.Айбергеновтің Атырауға бірге келген кезінен ескерткіш болып қалған «Ақ ерке-Ақ Жайық»әнінің қалай туғаны туралы біреу білсе, біреу білмес. Ақ Жайықтың көз тойғысыз ғажап сұлулығын асқақ романтикамен жырлайтын бұл әннің шығу тарихы мынадай.1965 жылдың желтоқсан айында ақын Т.Айбергенов пен композитор Ш.Қалдаяқов сол кездегі Гурьев облысын аралап, бір айдай жүріпті. Жайықтың бойындағы қалың тоғайдың ақ қыраудан сырға таққан талдары ақын мен сазгерді қатты тамсандырып, Төлеген қас-қағым сәтте сұлу жыр шумақтарын төгілдірте жазады. Көп ұзамай әні де дүниеге келеді.
5 «Ғ»сынып оқушыларының орындауында би «Ақ ерке –Ақ Жайық»
II жүргізуші: Төлеген лирикасының ең басты қаһарманы-сағыныш. Ол оқушысымен әр кездескен сайын сөзін сағыныштан бастайды.
Ей,адамдар,айналайын,туғандар.
Жалғыз минут тыңдаңыздар!
Мен сендерге көп болды сыр шертпедім.
Қазір мені жұлып алды төсектен...
I жүргізуші: Оның қай жырын оқысаңыз да осындай сағыныш сазы еседі.Туған жерге деген сағыныш, достарға деген сағыныш, өлеңге деген сағыныш... Шындап келгенде бұл,сағыныштың бәрі де ақын көкірегін өртеп бара жатқан алай-дүлей махаббат. «Сағыныш» деген бір тақырыппен төрт өлеңдік топтама арнаған екен,соның бір өлеңін тыңдап көрелік.
II жүргізуші: Ақынның қысқа да нұсқа жырларының өзі асыл тастан мөлдіретіп құйылған моншақтай көздің жауын алатынын қайтерсің.Тек тастан жасалған моншақты жан жоқ қой, ал Төлеген ақын керсінше жансыз дүниеден жанды әлемді мегзеп, өз оқырмандарының көңілін соған еріксіз аударып, жан дауасына айналдырып жібергеніне таңданасыз.
«Бір тойым бар» Нұрлыбаева Жанар
I жүргізуші: Оқырманның ерекеше таңдандырып, тамсандыратын қасиетті ақын интуциясы.Болашаққа деген болжамы, көріпкелдігі, әулиелігі.
Өзінің өлең-жыр тойының мәңгі-бақи тарқамайтын,талай жыл бұрын болжаған ақынды «әулие емес» деп кім айта алады?! Оның тойы өлмей тұрып-ақ отызға толмай тұрып-ақ басталып кеткен еді.Содан бері әні жалғасып келеді.
II жүргізуші: Төлеген, меніңше де, әулие ақын! Ол өзінің өлетінін де және қайда неден өлетінін де болжай салған!
Бір жетсе менің ажалым жетеді,
Найзағай оттарынан.
Сатқындар оқтарынан,
Өйткені мен теңіз боп ақтарылдым...
Өле берсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде...
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты
Мен өлемін өзімнің биігімде?!
I жүргізуші: Айтса, айтқандай, ол өлең шабытының шарықтап өрлеген шағында,табиғи талантының асқар биігіне енді шыға берген сәтінде,орда бұзар отыздың мерекелі де, берекелі «Жеті қанат» отауының шаңырағын биікке енді көтере бастағанда, тағдыр оғының біріне тап болып,дүниеден өтті.Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты өз биігіне шығып өтетінін және де артында ұлан-асыр той жүріп жататынын алдын ала болжаған ақынды «Әулие емес» деуге кімнің аузы барады?!
Т.Айбергенов туралы диафильм көрсетіледі..
II жүргізуші: Кезекті өмірден өзі кетсе де,Төлеген жырларына баға берген
қаламдастарын тыңдалық.
. Ақындар лебізі“
Амал бар ма, біз, қазақ әдебиеті, екі-үш дарыннан ерте айрылдық. Олар – Абдолла, Баубек, Төлеген”.
Ғабит Мүсірепов
“... Біз поэзиямыздың тағы бір алтын тұтқасын аштық. Аштық та, Төлеген дүниесін көрдік”. Әбділдә Тәжібаев
“... Әртүрлі гүлзарларымен, даланың самалымен, жусанның иісі, таудың бұлағымен - өзімен өзі тыныш жатқан поэзиясының қалғымалы тірлігіне кенет көтерілген мұхиттың жол-жол толқындарындай асау ағысты екпінімен әсер еткен Айбергенов поэзиясы қазақ өлеңінің өресін биікке көтерді”.
Фариза Оңғарсынова
“Төлеген, сөз жоқ, талант. Дара талант, сара талант... Т.Айбергенов творчествосы - өлімді жеңіп шыққан өмір шаттығының жыры”.
Әбіш Кекілбаев
“XX ғасырдағы қазақ лирикасына тұтас бір өрлеу дәуіріндей ықпал еткен Төлеген Айбергенов өлеңдерін көк пен жерді рахман нұрына бөлеп өте шыққан көктемгі ақ жауынға теңеген жан болады. Ол нұрдың оты – адамзат баласына деген ғашықтық асыл сезім, ғажайып сағыныш сазы. Мұның терең бастауына телегей жыраулар дәстүрі мен халықтық һәм әлемдік поэзия қайнарының тегеурінді қуаты бар”.
Есенбай ақын
Тұрап Айдаров---Сынабаев Сүндет
Кәкімбек Салықов----Әсемай
М.Мақатаев «Төлегенге» - Нұрлыбаева Жанар
Шәкірті Ерлан Шарапи –Абдир Нұрдаулет
М.Шаханов «Айбергенов шыңы» -Ақтілек
Тәрбиемде болып, лекцияларымды тыңдаған студенттер арасынан Төлеген Айбергеновтей аса талантты ақын, публицист-журналистер, оншақты ғылым кандидаттары мен оқу-ағарту және қоғам қызметкерлерінің шыққаны ұлағатты ұстаз еңбегінің сәтті жемісінің нәтижесі деп орынды мақтаныш көремін.
Тұрап Айдаров---Сынабаев Сүндет
Дұрыс! Төлегеннің ұйқаста жеткен жетістігі өз алдына әңгіме етуге
тұрарлық дүние. Шәмші Қалдаяқов туралы Қадыр Мырзалиевтің
«Қайырмадан қайырма тудыратын композитор» дегені бар еді.
Төлеген «ұйқастан ұйқас тудыратын ақын – өлеңінің музыканты».
«Қаратау» өлеңінде:
Есен-сау бармысыңдар, армысыңдар,
Армысыңдар, қария, қарлы шыңдар.
Төсінен керуен-керуен көш өткен тау,
Сен менің керуен-керуен алғысымды ал.
Сенбісің сияқты орман күй ақтарған,
Ұзатқан қыздың көші сияқтанған.
Жаныңда саз қалды ма, наз қалды ма,
Сан тұлпар дүбірлеткен тұяқтардан
Кәкімбек Салықов.
Төлегенге (Мұқағали Мақатаев)
Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.
Торғай-өлең шырылдап бара жатты
Аузында ажал дейтін сұрапылдың.
Торғай-өлең өлмеді, аман қалды
Әкетті ажал...
Жыр емес, адамды алды.
Бір өмірдің дастаны басталды да,
Шорт үзілді,
Шоп-шолақ тамамдалды.
Қаралы лек.
Бозғыл шаң шұбатылды.
Бара жатыр жерлеуге шын ақынды.
Маржан - жырдың мөп-мөлдір бір түйірі
Құмға түсіп кетті де, уатылды.
Тұңғыш көрдім қайтқанын шын ақынның,
Қаталы-ай жыл дейтін сұрапылдың!
Сұңқар - төсі томпиып қарсы қарап,
Қаршығадай қылшылдап тұратын кім?!
Енді жоқ азаматым, аймаңдайым,
Жоқ болды құмға сіңген айрандайын.
Асығыс, ылғи жортып жүруші еді,
Бетпақтан су іздеген жайрандайын...
Бармаңдар ақынды жұрт жерлегенде,
Көрмеңдер көрдің аузы жабылғанын.
Көтеріп сендер оны келмегенде,
Көмусіз қалмайды ғой бауырларым!
Көмбеңдер!
Топырақты тастамаңдар!
Жабыла толтырыңдар кұмды ұдаиы.
Ақынды көмсін білмес басқа жандар,
Басына бармаңдар да, құрбылары!
Ет жүректің езілмес кезі ме бұл...
Жылай білсең, шын жыла!
Жасыма тек,
Кезек күтіп тұрғандай сезіне біл,
Алдыңдағы апанның басына кеп.
Ерлан Шарафи
Өмір-өзен айдынында,
аз жүздіңде көп ықтың
Ну қамыстың арасынан,
бір шоқ гүлдей боп шықтың.
Ерте солып кетсең-дағы,
сол гүл болып қалдыңда,
Хатың қалды хош иістей,
мәңгі бақи артыңда.
Бір тамаша сол тойыңды,
бере алмадық біздерде,
Дәл қай күні екенін,
ұрпақ әлі іздеуде.
Шырылдамасын рухың сенің,
шайқалмасын қәбірің,
Мәңгілікте күнде болар,
сөзсіз сенің сол тойың.
« Айбергенов шыңы» - (Мұхтар Шаханов)
Бәйшешектің ғұмырындай тағдар кешкен мәрт батыр,
Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр.
Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл,
Міне, содан ұлтымызды рухсыздан күзетіп.
Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр,
Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, мен –бала.
Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана,
Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.
Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты,
Толғандырған, таң қалдырған
Махамбет пен Сен ғана
Заманының ыңғайына жүрмей кеткен іңкәрім.
Саф өнерде қызғанышты білмей кеткен іңкәрім,
Иығына бүтін бешпет ілмей кеткен іңкәрім.
Жер астынан сәлем жолдап жатырсың сен күн сайын,
Қазағымның маңдайына сыймай кеткен сұңқарым.
I жүргізуші: Төлеген жырлары туралы ойласақ,ол жырларды адам қолынан шықты қаламмен жазылды дегенге сеңгің де келмейтін секілді. Бұл әлде сыр құдірет арқылы ақын көкірегіне құйылып,содан төгіле қалған дүниелері ме дейсіз. Төлеген –құйма жырдың киесіндей ақын. Төлеген-Алланың ерекше мейірімі түскен адам болса керек. Өмір-жасы қысқа болғанымен, поэзия көгіне өз жырларын,қолтаңбасын мәңгі өшпес күн секілді шығарып кетті емес пе?-дегім келеді.
II жүргізуші: Құрметті қонақтар! Осымен құйма жырдың киесі Төлеген Айбергеновтың мерей тойына арналған бағдарламамыз мәресіне жетті. Сөз соңында,әрқашан ақынды еске алып,жырларын оқи жүрейік-дегім келеді.