« Түртіп алу» стратегиясы арқылы оқушылардың өткен сабақтағы білімдерін бекіту, яғни берілген мәтіннен көнерген сөздерді теріп алу.
І жұп Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан нөкерін ертіп, сейілге шықты. Жандарал келді,жандарал келді,- деген хабар жұртты дүрліктірді. Хан бұйрыған соң, амал жоқ,уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіреседі. Бастарындағы дулыға жағылары,белдеріндегі кісілері, асынған бес қарулары түгелінен бір миясардың қолынан шыққандай.
ІІ жұп Сыбан, Тобықты, Керей, Уақ, болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алыпты. Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Мынау жалғыз ояз емес, көп төренің тобы ғой. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтыға болыстық старшын еткенді.
І жұп
Бадана көзді кіреуке
Жауға қарсы жетпеген,
Жел айырдың оғы өтпеген,
Сатуға басын сұрасаң,
Мың ділдә да жетпеген. (Ер Тарғын)
ІІ жұп
Алдына дабыл төңкерген,
Артына сауыт бөктерген...
Барабан соғып, шың қағып. (Қобыланды )
-Көнерген сөздер дегеніміз не?
-Нешеге бөлінеді?
-Архаизм дегеніміз не?
-Историзм дегеніміз не?
-
б) Жаңа сабақ
Жаңа сөздер- Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер немесе(нологизм,грек)-қоғамдық қатынастардың,ғылым мен техниканың,мәдениеттің өсіп,дамуына байланысты тілге енген сөздер мен сөз тіркестері, фразелогиялық оралымдар. Неологизм лексикалық және сематикалық болып екіге бөлінеді.Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа сөздер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе – сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Олар тілге алғаш енген кез інде ғана жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, компас, космонавт ,спутник, қор, кесте, шарт,қорғау, жүйе ,талдау.Олар төл сөзбен аударылғанда негізгі сөздік қордың негізінде сөз тудырудың барлық тәсілдері арқылы жасалады. Аялдама, өміршең жұрнақтар жалғану арқылы , балмұздақ, баспасөз, зейнетақы, бірігу арқылы, жер серігі, ғарыш кемесі тіркесу жолымен, ТМД, АлМУ қысқару жолымен деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды.Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр.Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз,теңге,құжат,отбасы, кеден, зейнетақы,зейнеткер, сынып, үнқағаз, және тағы сөздер жатады.
Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп,қолданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік, бау-бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: жылыжай,қызанақ, орамжапырақ,жасуша, ағза, т.б.
Тілде болып көрмеген жаңа ұғымдардың пайда болуы
Бұрыннан тілде бар атаулардың жаңаша мән беруі
Жаңа сөздердің жасалуы
Үнқағаз,сенат Үнтаспа, зейнетақ
в) Жаттығу жұмыстары
165-жаттығу. Бастауыш сыныпта оқып үйренген пәндеріңнен білетін атау мәндегі сөздерді сала-салаға топтап жазып шығыңдар.Олардың ішінде қайсысы жаңа сөз болса,сол сөздің астын сызыңдар.
Үлгі: еңбек құралдары: желім, ермексаз ...
Графикалық диктант
көнерген сөз
жаңа сөз
несие болыс жылыжай ағза ауылнай бөрік қызанақ хан
165-жаттығу.Мәтіндегі неологизм сөздерді теріп жазып, жасалуына талдау жасаңдар .
Әңгімедегі Патшайымның кім екенін анықтаңдар.
І топ Үлгі: Президент-тілде болмаған жаңа ұғым
ІІ топ Мектеп, карта, телевизор,аялдама, кеден, өнеркәсіп, қағаз, оқулық, баспасөз,ғарыш,әмбебап,желтоқсан айы,сынып,қорғаушы,асаба, оқушы,ұстаз,саябақ,мұрағат,дерексөз,бағдаршам, салық, мұражай, жеделхат,балмұздақ,оқулық,ұшақ, жолсерік,тоңазытқыш,ермексаз сөздерінің аудармасын табу.
Тапқыр болсаң,тауып көр.
Қазақ тілін жаңа үйреніп жүрген Дымбілместің білмейтін сөздерін айтып бер
Мен------------------------------ұшқанын көрдім. Ол маған қатты ұнады.Мен өскенде------------------------ болуды армандаймын.
Үстіміздегі жылы атам мен әжемнің зейнетақысы көбейді.
Әр оқушы қалаған жаңа сөздеріне 5 жолды өлең құрастырады.
Зат есім 1 сөз Ғарышкер
Сын есім 2 сөз Ержүрек,білімді
Етістік 3 сөз Ұшады, зерттейді, тамашалайды.
Сөйлем Тұңғыш ғарышкер-Тоқтар Әубәкіров
Синоним Тоқтар.
«Зерделі сұрақ,дәлелді жауап». Жекелеген оқушылармен жұмыс.
Мысал
Ереже
1.Пайыз,сынып
Көнерген сөз (жаңа сөз)
Мысал
Ереже
2.Найза, шабарман
Жаңа сөз (көнерген сөз)
Мысал
Ереже
3.Саяжай, отбасы
Жаңа сөз (жалпылама лексика)
«Жәрмеңке» ойыны. Оқушылар жәрмеңкеге қойылған заттарды сұрақтарға жауап беру арқылы сатып алады.
1.Көнерген сөз деген не?
2.Тарихи сөз бен архаизмді қалай ажыратамыз?
3.Жаңа сөз деген не?
4.Неологизм қай тілден енген сөз?
5.Жаңа сөз қалай жасалады?
Жаңа сөздер қанша түрлі жолмен пайда болады. Мысалдармен дәлелде
Венн диаграммасы
Көнерген сөз Жаңа сөз
Е) Үйге тапсырма
Жаңа сөздерді жасырып ойдан жұмбақтар құрастыру.
163-жаттығу «Шоқан кім» атты шағын мәтін құрау
Қазақ тілі 5-сынып Мұғалім:Шарипова Ботагөз Ермешқызы
Сабақтың тақырыбы:Лексика саласын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Лексика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіру, пысықтау.Олардың тіліміздегі орны туралы теориялық түсінік беру; ақыл-ойларын, іскерлік белсенділіктерін арттыру, ізденушілік қабілетін дамыту, сөздік қорларын толықтыру, әдепті,сыпайы сөйлеуге баулу.Тіл мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі :Жарыс сабақ
Сабақтың барысы: : а) Ұйымдастыру кезеңі
І кезең Кубизм стратегиясы
1.Лексика дегеніміз не ? Сөздердің тура және ауыспалы мағыналы сөздері
2.Эфемизм мен дисфемизм. Табу сөздер
3.Көп мағыналы сөздер. Омоним
4. Синоним. Антоним.Тұрақты сөздер
5. Мақал-мәтел. Көнерген сөздер
6. Жаңа сөздер. Кірме сөздер.
ІІ кезең Сөздерді топтау
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.
Жақсы сөз, жақсы адам,жақсы ой, жақсы бала.
Терең сай, терең білім, терең құдық, терең сезім.
ІІІ кезең МЫҚТЫ БОЛСАҢ ТАУЫП КӨР
Тұрақты тіркестердің мағынасын тап.
Бетінен оты шығу- ұялу,ит терісін басына қаптау-ұрысу
Көз ілмеу-ұйықтамау, тас бауыр-мейірімсіз, ит өлген жер-алыс,зәресі ұшу –қорқу,
ІҮ кезең Асықтарға белгіленген тапсырмаларға жауап беру
Тұрақты сөз тіркесінен синонимдік қатар жаса.
1.Алыс- ит өлген жер,ит арқасы қиянда
2. Ұйықтамады-түн ұйқысын төрт бөлді,көрер таңды көзімен атырды.
3. Қорықты-төбе шашы тік тұрды, жүрегі аузына тығылды.
Ү кезең Кім жылдам
Тұрақты сөз тіркесінен антонимдік жұп жасау
1 Қоян жүрек- жүрегінің түгі бар,жүрек жұтқан.
2 Тісінен шығармау-ашық ауыз
3 Ит өлген жер- таяқ тастам жер
4 Төбе шашы тік тұрды- қуанышы қойнына сыймау,бөркін аспанға лақтыру.
ҮІ кезең Сәйкесін тап
Өрнектелген қағазға жазылған синонимдерді сәйкестендіру тапсырмасы беріледі.
Алыс Баяғыда
Үлкен Ауқат
Кішкентай Дәу
Ажар Биттей
Тамақ Келбет
Таңертең Шалғай
Ертеде азанда
ҮІІ кезең Көнерген сөздердің мағынасын ашу.
1.Лашық -ағаштан жасалған үйшік.
.Пәуеске-арбаның түрі.
3.Адырна-ұлттық аспап
4.Кебеже-сандықтың түрі
5.Патсайы- мата атауы
ҮІІІ кезең ЖАСЫРЫНҒАН МАҚАЛ
Жазылған әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған әріптерді тап.