Представленный урок проводился в Северо Казахстанскай области, Есильский районе, село Тауагаш. Урок проведен по предмету казахский язык в 8 классе. Урок открытый. Проведен Нуран Айбарша Биржанкызы в Тауагашской школе. Урок проходил по новой теме в 8 классе. Урок прошел в хорошей отмосфере, в се ученики активно принемали участие в новом уроке. для учеников урок был поучительным и интересным. ученикам на открытом уроке было интересно и позновательно.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жaлa? ж?не жaйылмa с?йлeм»
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
«Тауағаш орта мектебі»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сагандыкова Жанар Сериковна
Күні: Қазақ тілі 8-сынып
Тақырыбы: «Жaлaң және жaйылмa сөйлeм»
Mақсаты: а) Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік бере отырып, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуді, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге үйренеді ;
ә) Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамытып, оқушылардың ой-өрісі, тіл байлығын кеңейеді;
б) Бүгінгі ұрпақ бойына патриоттық сезім, отаншылдық рух дарыта отырып, аңсап жеткен азаттықтың құндылығын сезінуге, білуге, құрметтеуге үйренеді.
Түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгерту
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, АКТ, тест, іздендіру.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Жалаң және жайылма сөйлем» (2-слайд).
Оқушылар жаңа сабақты өз беттерімен меңгереді.
Интерактивті тақтада сөйлемдер жазылған екі сызба беріледі, сол сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, оқушылар жалаң және жайылма сөйлемнің ережесін шығарып, ерекшеліктерін тауып түсінік береді.Оқушылардың ережелері оқулықпен салыстырылып, дұрыс-бұрыстығы анықталады.
Жалаң сөйлем
Жайылма сөйлем
Мереке құтты болсын!
Тәуелсіздік халқымызға оңайлықпен келген жоқ.
Біз мақтан тұтамыз. .
Желтоқсан құрбандарының есімі жадымызда мәңгі сақталады.
Болашағымыз - жарқын.
Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Үш үстелге үш түрлі тапсырма салынған конверт қойылады. Оқушылар жұппен үстелдерге ауысып жүріп тапсырмаларды орындайды.
№1 үстел тапсырмасы. Берілген өлең жолдарын қара сөзге айналдырып жаз. Ішінде жалаң және жайылма сөйлемдер болсын.
Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмас кішіден сұра. Мен өзімнің қазақ екенімді мақтан етемін, Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік. Еліміздің болашағы жарқын.
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау, шартты белгілер арқылы тірек-сызбалар айшықтау.
№3 үстел тапсырмасы.Сәйкестендіру тесті.
1.Жалаң сөйлем 1.Мені танимысың?
2.Жайылма сөйлем 2.Оған таңдануға болмайды.
3.Жақты сөйлем 3.Қар қылаулап тұр.
4.Жақсыз сөйлем 4.Бүгін аспан бұлтсыз.
Жауап кілті ( сәйкестендіру тест):
1
2
3
4
3
4
1
2
2. Оқулықпен жұмыс.
114-жаттығу. Берілген жалаң сөйлемдерді жайылмаға айналдырыңдар.
V. Қорытынды. Семантикалық кесте.
№
Мысалдар
Жақты сөйлем
Жақсыз сөйлем
Жалаң сөйлем
Жайылма сөйлем
1
Үлкенге құрмет көрсету керек.
2
Қар жауған жоқ.
3
Табиғат аясына саяхатқа шығамыз.
4
Біз мақтан тұтамыз.
5
Жеті жұрттың тілін біл.
6
Ұрлық түбі – қорлық.
7
Оқыған озады.
8
Менің бұл сөзге қосылғым келмеді.
9
Біз - тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз.
10
Маған сабақтан қалуға болмайды.
VI. Бағалау. «Өзін-өзі бағалау парағы» бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Өзін-өзі бағалау парағы
Тегі, аты:
Бағасы
1
Үй тапсырмасы бойынша (тест)
2
Жай сөйлем түрлерін талдау (Жаңа сабақ бойынша)
3
«А» үстелінің тапсырмасы
4
«Ә» үстелінің тапсырмасы
5
«Б» үстелінің тапсырмасы
6
Оқулықпен жұмыс (114-жаттығу)
7
Семантикалық кесте
Критерийлері:
VII.Үйге тапсырма: а) 109,112-жаттығу;
ә) »Мен – тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбына жалаң, жайылма сөйлемдерді қатыстыра отырып ойтолғау жазу.