kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?сылы?-жан азы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Жа?сылы? жан азы?ы та?ырыбында ?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары берілген. саба? жоспары 10 клас?а арнал?ан. ?зін-?зі тану п?ніні? м??алімдеріне к?мекші ??рал ретінде. Саба?та ?р т?рлі элементтер ?олданыс тап?ан. Жа?сылы? жасауды? жасау туралы ?р т?рлі ма?л?маттар берілген. Б?гінде ?зін-?зі тану саба?ынан саба? жоспарлары ?те аз. Сонды?тан б?л ж?мысты? ?зін-?зі тану п?ніні? м??алімдеріне к?мекші болатынды?ы аны?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?сылы?-жан азы?ы»

Мектебі: Қызылжар ОМ

Мұғалім: Г.К.Есентаева

Күні:12.02.2015 жыл

Класы:10

Пәні: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы:Жақсылық – жан шуағы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу.

  • Жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту.

  • Жақсылық жасауға тәрбиелеу.


Ресурстар: интерактивті тақта, ватман, маркерлер


«Жақсы адам көңілі - күн» атты тренинг.

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Олар осы шеңбердің бойымен бір-біріне шаттық көңіл мен қуаныш сыйлаулары тиіс. Ол мынадай тәртіппен:

  • Бір-біріне жымию;

  • Мейріммен сипау (басынан)

  • Қол алысу;

  • Жүрек жылуын беру;

  • Жақсы сөз айту.

Оқушылардың үйден дайындап әкелген тапсырмалары тексеріледі.

Әділет –«Жақсылық –жан жадыратады» деген тақырыптағы эссесін оқиды.

Индира – «жақсылық пен жамандық» туралы мақал-мәтелдерін, афоризмдерін оқиды.

Арзу – «жақсылық» туралы жағдаятын оқиды.

Абай – жақсылық туралы суретін көрсетіп, түсіндіреді.

Қуаныш – жақсылыққа байланысты әнін айтады.


«Мектептегі жақсылық» атты бейнесюжет көрсетілімі.

  • Әңгімелесу.

Оқушыларға мектепте оқушылармен жасалынатын жақсылық түрлері көрсетіледі.

Олар осы бейнесюжет бойынша өз ойларын айтулары тиіс. Қосымша оқушыларға келесідей сұрақтар қойылады:

  • Қалай ойлайсыңдар, адам қай уақытта мейірімділікті қажетсінеді?

  • Жақсы болу, жақсылық жасауды үйренуге бола ма?

  • Жақсы сөз айту жақсылыққа жата ма?

  • Жақсылық жасау адамның жасына байланысты ма?

  • «Қарлығаштай қанатымен су сепкен» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?


  • Ой қозғау.

  • Адамның әрекетінің жақсылық екендігін қайдан білуге болады?

Оқушылардың осы сұраққа қатысты ой-пікірлері тыңдалып, оларға жақсылық пен жамандық ұғымдарының мәнін ашу тапсырылады.



Жақсылық





Жамандық











Оқушылар ватманға жақсылық пен жамандықтың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазып, айтулары тиіс. Және оқушыларға қосымша келесідей сұрақтар қойылады:

  • Жақсылықтың адамға жаман жақтары бар ма?

  • Жамандықтың адамға пайдалы жақтары бар ма?


  • Сахналау.

Оқушыларға жамандық ұғымы көрінетін саханалық көрініс беріледі. Олар осы сахналық көріністі 3 минут ішінде дайындап рөлге еніп орындаулары тиіс. (Музыка қосылып тұрады)

Көліктегі оқиға

Арман қыс мезгілінің аязды бір күнінде аялдамада №11 автобусты күтіп тұрады. Көптен күткен автобусын көрген ол, артындағы сөмкесін бір қозғап қойып, мінуге дайын тұрды. Автобус тоқтап, жолаушылар міне бастады. Арманмен бірге автобусқа міну үшін өзімен қатарлас бір қыз тұрды. Арман ол қызға жол бермей, оны итеріп, бірінші болып автобусқа мініп, алдағы бос орынға отыра қалды. Одан кейін мінген қарт әжей өзіне орын бере ме екен деп үндемей қарап тұра берді. Оған мән бермеген Арман ұялы телефонынан бас алмай, шұқшиып қарап отырды. Кенет автобуста өзімен қатарлас Қайсар деген баланың ұялы телефоны шырылдады. Ол қалтасынан ұялы телефонын ала бергенде, абайсызда қалтасынан 1000 теңге ақшасы түсіп кетті. Оны артында тұрған бір аққұба жігіт көріп қалып, ешкімге білдірмей алып, өз қалтасына салып алды.

Оқушылар осы көріністі жамандық тұрғысынан сахналағаннан кейін, дәл осы көріністі енді жақсылық тұрғысынан сахналаулары тиіс.


«Өзіммен –өзім» кезеңі.

Бір сәтке өзіңді жылы, нұрлы күн сәулесін қолыңда ұстап тұрғандай елестет. Егер күн сәулесі сенің алақаныңда болса, қараңғы түнде де дұрыс жол таба аласың, жақсы достар табасың. Кішкентай күн сәулесін өз қолыңда мұқият ұстап, қара бұлттың төнуіне жағдай жасама. Осы күнді бір-бірлеріңе мұқият беріңдер. Бұл күн сәулесі сендерді бір-бірлеріңе жақындастыруға көмектессін, барлығыңды біріктірсін. Кез-келген адаммен қарым-қатынастарың күн сәулесіндей нұрлы, шуақты, сәулелі әрі жарқын болсын.



  • «Ой елегінен өткіз» кезеңі.

Оқушыларға слайд-презентация арқылы суреттер көрсетіледі. Оқушылар осы суреттерге қарап, «жақсылық» ұғымымен байланыстырып өз ой-пікірлерін айтулары тиіс.


  • Шығармашылық жұмыс


Оқушыларға «жақсылық» ұғымының мәнін одан әрі тереңірек ашу мақсатында «Әкесінің баласына айтқан өсиеті» атты терме тыңдатылып, олар осы терме бойынша өз ойларын эссе, ойтолғау, хат түрінде жазулары тиіс.


  • Қорытындылау. Жүректен жүрекке

«Аялы алақан...» кезеңі

Оқушылар сары түсті параққа өз қолтаңбаларын салып, оны қиып алып күннің көзі бейнеленген тақтаға апарып, өздерінің осы сабаққа қатысты ой қорытындыларын айтып, жапсырады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Жа?сылы?-жан азы?ы

Автор: Есентаева Гульназ Конуспаевна

Дата: 22.12.2015

Номер свидетельства: 269169


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства