kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?сылы?пен жаным дос

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? барысы:

1.     ?йымдастыру кезе?i. Тынышты? с?тi.

Н?р?а б?лену

  Ы??айланып отыры?ыздар, денелері?ізді т?зу ?ста?ыздар. Ая?-?олы?ызды ай?астырма?ыз. ?олы?ызды тізе?ізге немесе ?стелге ?ою?а болады. К?здері?ізді ж?мулары?ызды ?тінемін.

Елестетіп к?рі?із: К?н н?ры сізді? т?бе?ізден ?тіп, кеуде?ізге ?арай бойлап барады. Кеуде?ізді? орта т?сында г?л т?йнегі орналас?ан. Г?лді? т?йнегі н?рдан баяу ашылып келеді. Бал?ын ж?не таза ?сем г?л сізді? ?р ойы?ызды, ?р сезімі?ізді, эмоция?ыз бен тілек-?алауы?ызды  шайып, ж?регі?ізді? ?ауызын ашты. 

Н?р с?улесі сізді? бойы?ыз?а а?ырын тарай баста?анын елестеті?із. Ол біртіндеп к?шейе т?суде. Оймен осы н?рды ?олдары?ыз?а т?сірі?із. Сізді?  ?олдары?ыз н?р?а б?леніп, с?уле шашуда. ?олымыз тек жа?сы, ізгі істер істейді ж?не барша?а к?мектеседі. Н?р ая?тары?ыз?а тарады. Ая?тары?ыз  н?р с?улесін шашуда. Олар сізді тек жа?сылы? жасау ?шін жа?сы жерлерге апарады. Олар н?р мен махаббат ??ралына айналды.

Одан ?рі н?р сізді? аузы?ыз?а, тілі?ізге тарады. Тілі?із тек шынды?ты ж?не жа?сы, ізгі с?здер ?ана айтады. Н?рды ??ла?тары?ыз?а ба?ытта?ыз, ??ла?тары?ыз тек жа?сы с?з бен ?сем ?уенді ?ана естиді. Н?р к?здерімізге де жетті, к?зіміз  тек жа?сы?а ?арап, б?рінен жа?сылы?ты ?ана к?реді. Сізді? басы?ыз т?гелдей н?р?а б?леніп, басы?ыз?а тек ізгі, с?улелі ой келеді. 

Н?р бірте-бірте ?ар?ын ж?не ш??ылана бастайды, сізді? дене?ізден шы?ып, жан-жа?ы?ыз?а с?уле шашады. Осы н?рды туыс?андары?ыз?а, м??алімдері?ізге, достары?ыз?а, таныстары?ыз?а ба?ытта?ыз. Н?рды уа?ытша  т?сініспей, ренжісіп ж?рген адамдар?а да ба?ытта?ыз, оларды? да ж?регі н?р?а толсын.

Осы н?р б?кіл ?лемге: барлы? адамдар?а, жан-жануарлар?а, ?сімдіктерге, барлы? тірі жан?а таралсын. ?аламны? барлы? т?пкір-т?пкіріне н?р ба?ытта?ыз. Ойша айты?ыз: «Мен н?рлымын. Н?р мені? ішімде. Мен Н?рмын».

Осындай Н?р, Махаббат ж?не Тынышты? к?йінде  отыра т?ры?ыз. 

Енді осы Н?рды ж?регі?ізге орналастыры?ыз. Н?р?а толы б?кіл ?лем  сізді? ж?регі?ізде. Оны осындай ?сем ?алыпта са?та?ыз.

Жаймен к?зі?ізді ашу?а болады.

Рахмет.  (Ал?ан ?серлерімен  б?лісу)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?сылы?пен жаным дос»

Өзiн - өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:  №119 мектеп – лицей

Тақырып:   Жақсылықпен жаным дос           

Құндылық:  Дұрыс әрекет 

Қасиеттері: кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік

Мұғалiм:    Алуашова Г.Т.

 

Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың  адам өміріндегі  маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға  үйрету.

Міндеттері:

1.Оқушыларға жақсылық пен дұрыс әрекет жасауға  үйрету;

2.Оқушылардың бойында  кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;

3.Оқушыларды риясыз  жақсылық жасауға тәрбиелеу.

 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

слайд,өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  (Алған әсерлерімен бөлісу)


2.     Үй тапсырмасын тексеру:

№7 Жақсылыққа-жақсылық (Ертегі) оқып, түсінігін айту. 27 бет

Сұрақтар:

·         Бала өзімшілідігінен қалай арылды?

·         Бала өмірден алған сабақтарынан  тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін?

·        Жақсылық жасауды қалай түсінесіңдер?

 

Сабақ барысын талдау:

3.     Дәйексөз.

Жақсы сөз – жарым ырыс (Халық мақалы)

Мақалды бәріміз қосылып айту. Бұдан кейін 2-рет ұлдар, 2-рет қыздар қайталайды. Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?


 Хормен айту.

4. Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы)

Бұлақ сылдыры? (М. Көккөзов)

Қиыршық қызыл құм жолаушының бетіне тиеді.
Керуеннің шыққанына бірнеше күн болады. Ұзақ жүрістен, ыстықтан, желден шаршаған керуеншілердің бірі ояу, бірі түйе үстінде мүлгіп келеді. Қанша жүргенін де есептемейді. Бір күні жлай аштықтан, шөлден әбден қалжыраған адам кездеседі. Ес-түссіз жатыр екен. Бірақ керуеннің алды бұл адамға назар аудармай өтебереді. Сонда керуеннің соңындағы бір шал түйесінен түсіп, ессіз жатқан адамның қасына барады.

Жатқан адам : «Су…-дейді. Аспан айналып жерге түскендей ыстық, аңызақ желм ен сапырылған қиыршық құм сексеуіл түбіне ұйлығады.
Шал торсығын алып, жатқан адамның беті қолын жуып, су ішкізеді.

Әлгі адам есін жиған соң, шал оның алақанына қарап: « Сен менің жауым екенсің. Бірақ шөлде бәріміз туыспыз. Мен қартайдым.Сен жассың, су іште, өмір сүр».-дейді де түйесіне мінгізіп керуеннің соңынан жібереді. «Өзіңіз қайтесіз ?»- десе, «Менің демім санаулы», -дейді шал. Жолаушы керуендіқуып жетуге ентелейді. Ұясына батып бара жатқан күн де адамның жақсылығы зая ктпесе екен дегендей , ұзақ аялдайды. Бұл кезде жолаушы керуенді қуып жетеді. Шал ақ матаға оранып, құмға жата кетеді. Күндер, айлар өтіп, керуен қайта кетеді. Жолаушыларға шексіз құмның арасынан шалқыған су көрінеді. Таяп келсе , көл жиегі көк орай шалғын, қамыс екен . Керуеншілер шал оранған ақ жамылғыны ғана байқайды.Бұлақтың нәзік сылдыры жүректі сипағандай сезіледі. Бұлақ адамның адаға жақсылық жасаған жерінен пайда болыпты. Нәзік сылдыры жақсылықтың өшпес үні тәрізді.


Шалдың әрекеті туралы не айтасыңдар?

Шалдың жасаған жақсылығы?

 

 

5.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 

1-ші топқа

1.Жақсылықпен жаным дос,

...........................................

Үлкенге де, кішіге,

............................................

Дұрыс жолды таңдаймыз,

........................................

Жанашырлық білдіріп,

 ........................................

Қайырмасы:

Жақсылықтың жолында,

Мейірімді жүрекпен.

Жақсы-жақсы  сөздермен,

Нұр төгейік баршаға.

 

2.Жақсылықпен жаным дос,

.........................................

Адамдарды алалап,

.........................................

Кішіпейіл танытып,

.........................................

Риясыз ақ көңілмен...........


2-топ: Қарлығаш пен Дәуіт ертегісін өз ойымен қортындылау.

3-топ: Арыстан мен тышқан ертегісін өз ойларымен аяқтау.

4-топ: Өздеріңнің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме құрастыру.


Ертегілердің үзінділерін оқып шығып, өз ойларымен жалғасын айту барысында жақсы мен жаманды білу. Өздерің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме құрастырыңдар?


 

6.     Топпен ән айту.

«Жан досым» әні


Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!

Қайырмасы: 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!


Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.


Қайырмасы: 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпес


 

7.     Үйге тапсырма беру.

С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту.

Дәптермен жұмыс №7 1,2  тапсырмаларды орындау.

 

 

8.     Соңғы тыныштық сәтi. Музыка әуенімен.

Тыныштық бар жерде .............. Тыныштық бүкіл әлемде..........

Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


Бүгін біз сендермен «жақсылық» туралы сөйлестік. «Күннен жылу тараса, Анадан мейірім тарайды» деген ғажап сөзімізді есімізге түсірсек. Сүйіспеншілік бар жерде қамқорлық, мейірімділік бар екендігіне көзіміз жетті. Жүрегімізде орын алған үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді алақанға салып, барша әлемге сыйлайық. (алақанды үрлеп, жолдайды).


 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Жа?сылы?пен жаным дос

Автор: Алуашова Гулзира Тілеу??л?ызы

Дата: 28.12.2015

Номер свидетельства: 270896


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства