kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“Жай с?йлемдер туралы т?сінік.Жа?ты с?йлем”

Нажмите, чтобы узнать подробности

              Та?ырып: “Жай с?йлемдер туралы т?сінік.Жа?ты с?йлем”

Ма?саттары:  

  • Білімділік. ?ткен та?ырыптар бойынша білім жа??ырта отырып жай с?йлем жайында т?сінік беріп,соны? ішінде жа?сыз с?йлем та?ырыбын ме?герту.
  • Дамытушылы?. С?йлем,мысалдарды талдата отырып о?ушыларды? ?здігінен ?орытынды шы?ара білу да?дыларын дамыту.
  • Т?рбиелік. Хал?ымызды? салт-д?ст?р,?дет-??рпын ??рметтеуге,жатты?у,тапсырмалар ар?ылы адамгершілікке,д?рыс с?йлеу білуге,м?дениеттілікке т?рбиелеу.

         Саба?ты? т?рі: ?алыпты,білімді да?ды?а айналдыру

Техникалы? ??рал: Интерактивті та?та

О?ыту ?дісі: тірек сигналдар,тест тапсырмалары,с?ра?-жауап

К?рнекілік: слайдтар,сызба-кестелер, кеспе ?а?аздар

Саба?ты? эпиграфы

Адам т?сініксізді т?сінуге болатынына сенуі тиіс И.Гете

Саба?ты? барысы:  

  1. ?йымдастыру.М??алімні? кіріспе с?зі.О?ушы назарын б?гінгі саба??а аудару.Кезекші м?лімдемесін ты?дау.
  2. ?й тапсырмасын тексеру,?ткен та?ырыптарды тияна?тау.                                  С?ра?-жауап ?дісі ар?ылы ар?ылы ?теді.С?йлем м?шесі бола алмайтын с?здер т?рлерін ата.                              О?шау с?з дегеніміз не?              ?ыстырма с?з дегеніміз не?                                                       Ода?ай                                           -?аратпа с?здерді? ережесін айт?ызу,мысалдармен д?лелдеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“Жай с?йлемдер туралы т?сінік.Жа?ты с?йлем” »

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

Қарғылы №3 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кабдуллина Зейнеш Есмагиевна


Тақырып: Жай сөйлемдер туралы түсінік.Жақты сөйлем

Мақсаттары:

  • Білімділік. Өткен тақырыптар бойынша білім жаңғырта отырып жай сөйлем жайында түсінік беріп,соның ішінде жақсыз сөйлем тақырыбын меңгерту.

  • Дамытушылық. Сөйлем,мысалдарды талдата отырып оқушылардың өздігінен қорытынды шығара білу дағдыларын дамыту.

  • Тәрбиелік. Халқымыздың салт-дәстүр,әдет-ғұрпын құрметтеуге,жаттығу,тапсырмалар арқылы адамгершілікке,дұрыс сөйлеу білуге,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты,білімді дағдыға айналдыру

Техникалық құрал: Интерактивті тақта

Оқыту әдісі: тірек сигналдар,тест тапсырмалары,сұрақ-жауап

Көрнекілік: слайдтар,сызба-кестелер, кеспе қағаздар


Сабақтың эпиграфы

Адам түсініксізді түсінуге болатынына сенуі тиіс

И.Гете

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.Мұғалімнің кіріспе сөзі.Оқушы назарын бүгінгі сабаққа аудару.Кезекші мәлімдемесін тыңдау.

  2. Үй тапсырмасын тексеру,өткен тақырыптарды тиянақтау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы арқылы өтеді.Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер түрлерін ата. Оқшау сөз дегеніміз не? Қыстырма сөз дегеніміз не? -Одағай -Қаратпа сөздердің ережесін айтқызу,мысалдармен дәлелдеу.

  3. Жаңа тақырыпқа өту кезеңі

  1. Сөйлем дегеніміз не? -Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Түрлерін ата,қызметі.

  2. Сөйлем талдату (тақтада слайд) Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.Мен басқаларды оқуға үйретсем деймін. Мектеп адамға жүйелі білім береді.

  3. Сұрақ-жауап. Сөйлем мүшесі болудың шарттары қандай? Бұл сөйлемдер айтылу мақсатына қарай қалай аталады?

  4. Енді мына сөйлемдерді талдап көрелік. (Сөйлемдерді талдатып,айырмашылығын іздету) 1) Бізді ешкім таныстырмады 2) Біз өзіміз танысайық

3) Бізді ешкім таныстырмады,өзіміз танысайық (слайд)


  1. Сұрақ-жауап. –Алдыңғы екі сөйлемде неше ой бар? - Үшінші сөйлемде не аңғардың? - Сөйлем мүшесіне талда.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

І – тірек сызба (слайд)

  1. Бұл сөйлемдерден көріп отырғандарыңдай сөйлем құрылысына қарай жай және құрмалас болып бөлінеді.

  2. Енді мына сөйлемдерге назар аударыңдар.

А) Бізге бүгін қонақтар келді. Оларды жақсы қарсы алдық.

Ә) Біздің бұл сыннан сүрінбей өтуіміз керек.

Б) Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныпқа кірді.

В) - Биыл қыс ерте түсті.

- Былтыр ше?

Г) Қыс. Үскірік аяз. Шаңғы тепкен балалар. (слайд)

- Не аңғардыңдар (оқушылар сөйлем мүшелерінің қатысы әр түрлі екендігін айтады)


ІІ-тірек сызба. (слайд)


  1. Тірек сызба арқылы жай сөйлемнің түрлерін түсіндіру. Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай ,яғни тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жақты-жақсыз, жалаң-жайылма, толымды-толымсыз, атааулы болып бөлінеді.Біз бүгін соның ішінен жақты сөйлемді өтеміз.( Назарларын тақтаға аудару) Сөйлем талдату.(тұрлаулы мүшелер)

  • Біз ата-баба салтын сақтаймыз.

  • Бұл дөңестен аман - есен өттік. (слайд)

Не аңғардыңдар?


ІІІ- тірек сызба (слайд)

Сонымен жақты сөйлем дегеніміз не?

Бастауышы жасырын болса қалай болады,қалай табуға болады?

(Ережесі айтылады, тірек сызбадағы сөйлемдер талданады)


  1. Жаңа тақырыпты пысықтау.

  • Оқулықпен жұмыс. 70-жаттығу,ауызша.

71-жаттығу тақтада. (слайд)


( )Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,( )оны да ойла,

( )Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

( )Мыңмен жалғыз алыстым, ( )кінә қойма.


  1. Жаңа тақырыпты қорытындылау (жинақтау,бекіту)

  • Жай сөйлем дегеніміз не?

  • Жай сөйлем құрылысы мен құрамына қарай қалай бөлінеді?

  • Қандай сөйлем жақты деп аталады? Жақты сөйлемнің белгілерін ата.


Мына сөйлем жақты ма жақсыз ба ?

Абай бір топ кісімен үйге кірді. (Дәлелде)

Бір топ кісімен үйге кірді.


(слайд) Тестпен жұмыс

  1. Жақты сөйлемді табыңыз.

  1. Мұның ауылда істемегені жоқ

  2. Үлкендермен үлкендерше отыруға тырысады.

  3. Ойланбай,өзіңе өзің есеп бермей сөйлеуге болмайды.

  1. Қиысуды тап.

  1. Үздік оқушы

  2. Оқушыға айт

  3. Оқушы естіді.


  1. Сөйлемдегі түсіп қалған сөйлем мүшесін тап.

Бүгінгі сабақта білімімізді көрсете білдік.

  1. Толықтауыш

  2. Пысықтауыш

  3. Бастауыш

  1. Жай сөйлем түрін көрсет

  1. Олар кетіп қалды

  2. Жел тұрып,алай-дүлей боран соқты.

  3. Қазір сабағыңды жақсы оқысаң ,келешекте ҰБТ-дан жақсы ұпай жинайсың.

  1. Сабақты қорытындылау.

Не білдік? Не үйрендік? Не білгіміз келеді? Осы сұрақтар төңірегінде білім дағдыларын жинақтау. Түсінбегендерін түсіндіру. Эпиграфпен қорытындылау.

  1. Білім бағалау (өзін-өзі бағалау)

  2. Үй тапсырмасы 72-жаттығу


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
“Жай с?йлемдер туралы т?сінік.Жа?ты с?йлем”

Автор: Кабдуллина Зейнеш Есмагиевна

Дата: 02.01.2015

Номер свидетельства: 149438


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства