kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж.Аймауытовты? «А?білек» романын о?ыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?білек бейнесін, ?иын та?дырын романды талдау барысында ме?герту.А?білек психолгиялы? роман екендігін мысалдар келтіре отыра талдау.Кейіпкер басында?ы ?иыншылы?тарды ?дебиет теориясы композиция,сюжет ??ымдарынан ал?ан білімдерін бекіту.

Адам баласыны? басына т?скен ауыртпашылы?ты же?е білу.

Дамытушылы?:О?ушыларды? шы?армашылы? ж?мыс т?рлерін дамыту.Саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру,?з ойын еркін жеткізе білуге, с?йлеу м?дениетін ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж.Аймауытовты? «А?білек» романын о?ыту »

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң-университеті, филология кафедрасы, аға оқытушы, п.ғ.к. Тлебалдина Нургуль Қазанбаевна.


11- сыныптаЖ.Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқыту


Сабақтың мақсаты: Ақбілек бейнесін, қиын тағдырын романды талдау барысында меңгерту.Ақбілек психолгиялық роман екендігін мысалдар келтіре отыра талдау.Кейіпкер басындағы қиыншылықтарды әдебиет теориясы композиция,сюжет ұғымдарынан алған білімдерін бекіту.

Тәрбиелік: Адам баласының басына түскен ауыртпашылықты жеңе білу.

Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылық жұмыс түрлерін дамыту.Сабаққа деген қызығушылығын арттыру,өз ойын еркін жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,кітап көрмесі, Қазақстанның картасы,үнтаспа.

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

Үйге берілген тапсырманы « Бетпе-бет»бағдарламасы бойынша сұрау.

Бетпе-бет бағдарламасының жүргізушісі бағдарламаға келген қонақтармен таныстырады.

Тікелей эфир арқылы көрермендерді толғандыратын сұрақтар қойылады. «Бетпе-бет»бағдарламасына келген қонақтар көрермен сұрақтарына жауап береді.

Берілетін сұрақтар:

1.Ж.Аймауытовтың туыстары,балалары туралы не айтасыз?

2.Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетінде алатын орны қандай?

3.Ж.Аймауытов шығармашылығы жөнінде не айтасыз?

4.Ж.Аймауытов аударма өнерімен айналысты ма,айналысса,кімдерден аударды?

5.Әдеби-сын мақалалары жөнінде не айтасыз?

6.Ж.Аймауытов шығармашылығын зерттеуші ғалымдар туралы не айтуға болады, қандай ғылыми еңбектері бар?

7.Ж.Аймауытовқа қандай айып тағылды?

8.Ж.Аймауытов қай жылы ақталды?

Өткен сабақты бекіту мақсатында «Халқым деп соққан жүрегі,қазаққа туған ұл еді»атты әдеби монтаж ұйымдастырылады.

II. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде әйел теңсіздігі тақырыбы жаңа деңгейге көтерілді.Қазақ қыз-келіншектерінің тағдыры ұлттың зиялы қауымы, ақын-жазушыларының назарында болды. Халық басынан өткерген ауыр күндерді,азамат соғысының зардабын Ақбілек басынанөткен ауырлық арқылы суреттейді.

Қазақтың ең аяулысы-қызы. «Жат жұрттық деп оң жақта отырғанда аялап,баптайтын,қыз баланың арын қорлауды ең ауыр қылмыс санайтын халықтың ғасырлар бойы дәстүрін тас-талқан еткен оқыс оқиға қасіретін жас балғын қыз,оның отбасы,сүйгені,ауыл-аймағы қалай көтереді?»

Романда әлеуметтік қайшылықты ғана емес жазушы адамның адамгершілік,ізгілік,мейірімділік сияқты ізгі қасиеттер мен оған қарама-қайшы өшпенділік,іштарлық мінездердің қақтығысын басты оқиға етіп алады.

Интерактивті тақтадан Қазақстанның Шығысында орналасқан жер жаннаты Марқакөлдің әсем табиғаты суреттерін көрсете отыра,Қазақстан картасынан Марқакөл қорығы мен оның әсем табиғаты туралы әңгімелеу.Үнтаспадан әсем табиғат туралы оқылымды тыңдату.

«Марқакөлдің суы балдай.Марқакөлдің суын ішіп,отын жеген сары қарын,тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап,сүт емес-ау құт сорғалап,көнек-көнек лақылдайды:қара саба емізіктеп,қою,салқын,сары қымыз шара-шара шыпылдайды.Бір шарасын ішкен адам дәл қор қызын құшқандай боп,беті шиқан дуылдайды....

Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді.Жүзі айтарлықтай айнадай боп,көзі құралайындай боп,күлкісі атқан таңдай боп,былқ-сылқ етіп бұраңдасып,күбірлесіп,көлеңдесіп,езу тартса-есің кетіп,сұңқыл қақса–шым-шым етіп,бойың босап,ойың босап, қиялың қия кеседі».

«Ақбілек»романын алдын-ала оқуға үй тапсырмасына берілген.

Оқушылардың романды оқығандарын тексеру мақсатында қойылатын сұрақтар.

1.Ақбілектің көзінің тартуы нені білдіреді деп ойлайсыңдар?

2. Шұбап келе жатқан төрт атты адамдар кімдер?

3.Келген салт аттылар кімнің үйіне келді?

4.Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен суреттеледі? Мәтіннен оқы.

5.Қазақтың бас араздығынан кек туатыны мәтінде қай көрініс арқылы сипатталған?

6.Ақбілек ақтардың қолында, Ақбілектің өміріне дақ түсуі туралы не айтасың?

7.Ақбілекке екі орыс офицерінің таласуы, Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?

8.Қарамұрт қашарында Ақбілекті қимай атып кетпекші болған жерін романнан мысал келтіре әңгімеле.

9.Ақбілектің тауда жалғыз,қасқырлар қоршауында қалуы туралы не айтуға болады?

10.Қасқырлардан аман құтылуы.

11.Ақбілекке диуана Ескендірдің кездесуі,Ақбілекті немере ағасының ауылға апаруы.

12.Әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың суреттелуі.

13.Өгей шеше.

14.Ұрқия мен Ақбілек.

15.Түс көруі.

16.Жүкті екенін білу.

17.Әкесінің үйден қууы.

18.Босануы.

19.Қалаға келуі.

20.Семей,Омбы,Ақмолада оқуы.

21.Ақбаламен сәтсіз махаббаты.

22.Ақбілектің елге оралуы.

Роман мазмұны талданады.

Сатылай кешенді талдау.


Кейіпкерлері:


1.Мамырбай.

2.Ақбілек.

3.Бекболат.

4.Мұқаш.

5.Алтынай.

6.Төлеген.

7.Қарамұрт офицер.

8.Ұрқия.

9.Өгей шеше Өрік.

10.Ақбала.

11.Күмсінай.

12.Бозінген.

13.Немере ағасы Әмір.


Портрет.

Мен таңқы мұрын,бадырақ көз,шұнақ құлақтау,

жарбақтау,кірпі шаш,қырыс маңдай,қара сұржігітпін.

Жасым 35-те.


2.Жазушы тілі.


Сөздік жұмысы.

Лепес - сөз, лебіз.

Шөміш-су ішетін зат.(диалект)

Дуэль –жекпе-жек атыс.

Қада-

Сәкі-

Қос-

Құман-

Қара астау-

Сұқсыр-

Теңеу.


Марқакөлдің суы балдай.

Күнәға батпаған,періштедей сәбиге жаман қолын,

арам демін, арам ернін тигізуге батылы

бармады.Бір мезгілде өкірген сиырдай қараңғы түнді

күңірентіп,қатындардауысы баж ете түсті.


Тұрақты тіркес.

Құдай қуат береді.

Қол-аяғы жерге тимей.

Екі езуі жиылмайтын.

Жынның ойнағындай.


Мақал-мәтел.

«Жақсы лепес-жаным ырыс»

«Қорыққанға қос көрінер»

«Өлмегенге өлі киік»

«Құлақ естігенді көз көреді»


Композициялық –құрылымдық талдау


1.Романның басталуы



2.Байланысуы



3. Шиеленісуі

4.Шарықтау шегі










5. Шешім

Мамырбай байдың тұрмыстіршілігі,

Ақбілектің көзінің тартуын айтып,

әлденеден секемалуы.

Ақбілекті орыс солдаттарының алып кетуі.

Қыз үшін жирен сары мен қарамұрттың

таласуы, дуэльге шығуы

Орыстардың қаша бастауы

Ағасының Ақбілекті ауылға алып келуі

Ақбілек басындағы қайғы.

«Бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне енді қара

құзғын ұя салып кеткен тәрізді.Осы арам

денеммен,арам аузыммен әкемнің иманды

жүзіне қалай жақындаймын ?»деген ойлары

Ақбілектіңжан күйзелісі кейіпкердіңішкі

психологиялық трагедиясын көрсетеді.

Психологиялық шиеленіскен драматизм

трагедияға ұласады

Ұлының дүниеге келуіОқу, білімнің

арқасында жаңа заманның оқыған,көзі

ашық,әйелдің қалыптасуы.

Ақбілектің орыс салдаттарынан аман-есен құтылғанынан кейінгі айтылған монологы мәнерлеп оқылады.

Саялдық қара бұлттар-ау! Ақбілектің жанын тұншықтырған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша төнгенше,анау асқар таулардың басына төңсендерші!

Күздің сарғыш жапырақтары-ау,Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар?Қалың бұтаның қайғысыз,қамсыз бөденелері-ау!Несіне қара түнді жаңғырықтырып тұрсыңдар?Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме?Қанатын қаршыға күйретіп қиқайған қостың алдында бір қолымен жер таянып, аспанға қарап отырған сұқсырдың налыған зарын тәңірісіне жеткізем дейсіңдер ме?

Бұлттар-ау,серпілмейсіңдер ме?

Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше,шерлі сұлуға сая болсаңдаршы.!

Ызғырық-ау, ызылдағанша,жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші.!

Ой,мейірімсіз шіркіндер-ау! Сендердің тілдерінді Алтайдың жаралы аруы білмейді ғой!Сендердің қас-қабағына қараймын,сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой!Жел мен бұлттың алласына сенем деп сенделіп қалды ғой!....

Сабақты бекіту.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ж.Аймауытовты? «А?білек» романын о?ыту

Автор: Тлебалдина Нургуль ?азанбаевна

Дата: 05.06.2015

Номер свидетельства: 217777


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства