Саба?ты? ?діс-т?сілдері: с?ра?-жауап, ж?пты?, топты? ж?мыс,о?улы?пен ж?мыс, ??гімелеу т.б.
К?рнекілік: слайд, тест пара?шалары, жетон,бейнесюжет, кесте
П?наралы? байланыс: ?дебиет
Барысы: І ?йымдастыру: психологиялы? тренинг.
- балалар, мына алдары?ызда?ы заттар?а ?арайы?шы таза су, ?ант ж?не ?ара ??м я?ни балшы?. Мына су?а ?антты салса?, ?андай ?згеріс болады? –су т?тті д?м береді, ?ант суда тез еріп кетеді. Ал енді ??мды салса, суымыз ?ап-?ара болып, балшы?ымыз, суда ерімейді ?рі ?ап-?ара болып т?бінде т?нып ?алады. Б?дан шы?атын ?орытындыны кім айтады?
– мына суды б?гінгі саба?ымыз деп алса?, ал ?антты саба??а тез араласып, белсенді ?атыс?ан о?ушы деуге болады ж?не су ?андай т?тті болса, оны? ал?ан білімі де д?мді, ма?ызды болма?. Ал егер саба??а белсенді ?атыспай, білуге талпынбаса, онда мына балшы? сия?ты суды? т?бінде лайланып , т?йы?талып ?алып ?ояды. Сонды?тан балалар, баршамыз?а с?ттілік пен белсенділік тілеймін!
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, жұптық, топтық жұмыс,оқулықпен жұмыс, әңгімелеу т.б.
Көрнекілік: слайд, тест парақшалары, жетон,бейнесюжет, кесте
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Барысы: І ұйымдастыру: психологиялық тренинг.
- балалар, мына алдарыңыздағы заттарға қарайықшы таза су, қант және қара құм яғни балшық. Мына суға қантты салсақ, қандай өзгеріс болады? –су тәтті дәм береді, қант суда тез еріп кетеді. Ал енді құмды салса, суымыз қап-қара болып, балшығымыз, суда ерімейді әрі қап-қара болып түбінде тұнып қалады. Бұдан шығатын қорытындыны кім айтады?
– мына суды бүгінгі сабағымыз деп алсақ, ал қантты сабаққа тез араласып, белсенді қатысқан оқушы деуге болады және су қандай тәтті болса, оның алған білімі де дәмді, маңызды болмақ. Ал егер сабаққа белсенді қатыспай, білуге талпынбаса, онда мына балшық сияқты судың түбінде лайланып , тұйықталып қалып қояды. Сондықтан балалар, баршамызға сәттілік пен белсенділік тілеймін!
ІІ. -Біздің бүгінгі сабағымызға кіріспес бұрын сабақ ережесімен таныстырып өтейін;
1. Бір-біріне кедергі жасамау
2. Уақыттан аспау
3. Дұрыс тыңдау
4. Толық жауап беру
5. Сабақ шартын бұзбау.
ІІІ. Өткен сабақта зат есімнің септелуі туралы өттік. Үй жұмысын тексеру үшін «Қатесін тап» ойыны ойналады.
Мақсаты: алған білімді тексеру, бағалау
Шарты: қате жазылған тапсырманы тауып, дұрысын жазу, жинастыру
Уақыт- 3 минут
Тапсырмасы мен жауаптары
№
Мысалы
Дұрысын жаз
1
Қазақ тілінде 9 септік бар.
7
2
Қарияға, ұстазға табыс септігі жалғанған.
Барыс
3
Буын үндестігіне жатыс септігі бағынбайды.
көмектес
4
Тәуелдік жалғауынан кейін септік жалғауы қосылмайды.
Қосылады
5
Әрекеттің шығу мезгілін атау септігі білдіреді.
шығыс
6
Қай септікте жалғау жоқ
атау
7
Дың,-дің табыс септік жалғауы
ілік
8
Күзде, түнде ілік септік жалғауы қосылған.
жатыс
Бағалауы:
«5»- 8-7 дұрыс жауап
«4»-6-5 дұрыс жауап
«3-»-4 дұрыс жауап
«2»- 3-1 дұрыс жауап
Үйге берілген жаттығу жұмысын дәптерді жинастыру барысында тексеремін.
ІV. – Балалар, жаңа сабаққа кіріспес бұрын топқа бөлінеміз, ол үшін мына парақшалардың бірін таңдап аласыңдар, келесі бетінде әріп жазылған. Сол әріп бойынша топқа бөлінесіңдер. «Т»әрпін таңдағандар бір топ « і» әрпін таңдағандар екінші топ, « л» әрпін таңдағандар ІІІ топқа жиналады.
-Бәрін қосқанда қандай сөз шықты? Тілге байланысты қандай мақал-мәтел, өлең жолдарын білесіңдер?
V.-Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар, кім атап шығады? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- зат есімнің жіктелуі, жіктік жалғауы. Ортаға Карина мен Жарқынды шақырайық. Карина кім? Ол –қыз, ол – биші, оқушы. Каринаның өзіне кім екендігін қайталап айтқызу. Жарқын кім? Ол- ұл бала, оқушы.Жарқын сенің бойыңда қандай өнерің бар? Ол да қайталап айтады.
-Балалар, бәрің қосылып кімсіңдер? Біз - оқушымыз, адамбыз.Сендер оқушысыңдар. Балалар, сендермен біз, ол, сен, мен деген сөздерді жиі айттық. Ендеше сабағымыз жіктеу есімдіктері туралы болмақ.
Топтық жұмыс:
Мақсаты: жаңа білімді игеру
Шарты: топ ішінде талдау, қорғау, түсіндіру
VІ.-Қазір сендер топ болып, берілген материлды оқып, топ ішінде бір-біріңе түсіндіресіңдер, талдайсыңдар, кейін топ ішінен бір оқушы шығып түсіндіреді.Әр топқа жекелей тапсырма беру. Уақыт 3 минут, сөйлеуге 2 минут
Балалар, өлең жолдарының авторлары сендерге таныс па?
Бұқар жырау, Жамбыл Жабаев ,Тілекші би қосымша түсінік беру.
VІІІ. Тақтада жұмыс «Ойлан, тап» ойыны
Мақсаты: алған білімді жинақтау.
Шарты: топ ішінде ақылдасып, бір сөзді жекеше, көпше түрде жіктеп жазу және жіктелмейтін екі сөзді жазу.Кейін тақтаға шығып қорғайды. Берілетін уақыт- 3 минут
Шарты: әр оқушы түрлі түсті қағаздар таратылады. Бірінде сұрақ, екіншісінде жауабы болады. Қағаздың бірін таңдап алады, кейін таңдап алған түсімен сәйкес келетін түсінің жартысын тауып алады да тапсырмасы бойынша жұмыс жүргізеді.
Уақыт- 4 минут
Тапсырмасы мен жауаптары:
1.Барлық сөздер жіктеледі ме?
1. Лексикалық мағынасы адамды білдіретін сөздер ғана жіктеледі.
2.Жіктік жалғауының неше жағы , түрі бар?
2.Жіктік жалғауының үш жағы, екі түрі бар. Жекеше, көпше түрі бар
3.Сың,-сің,-сыз,-сіз жалғауы нешінші жақта, қай түрде тұр?
3.ІІ жақта, жекше түрде тұр.
Баламыз, әдептісің, еңбекқорсың деген сөздердегі жіктік жалғауын тап.
4.Мыз, сің, сың деген жалғаулар.
Х. Қалған оқушылар орындайды. «Әке мен бала» Слайд бойынша мәтін құрау, жіктік жалғаулы сөздерді енгізу
Мақсаты: алған білімді бекіту
Шарты: қысқаша мәтін құрастырып, жіктік жалғаулы сөздерді енгізу.
Тапсырмасы: бейнесюжет көрсету
Уақыт -3 минут
Сөйлеу- 2минут
ХІ. Үйге тапсырма: деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей- зат есімнің жіктелуіне 3 мысал жазу, жалғауын , ережені білу
ІІ деңгей- 34-жаттығу, 4 сұраққа жауап беру
ІІІ деңгей
24-бет, сенің туған күніңе музыкалық диск сыйламақшы, қандай дискіні қалайсың, таңдауыңды дәлелде,
жіктік жалғаулы сөздердің жалғауын сыз.
Жіктік деген сөзге сөзжұмбақ құрастыру
ХІІ. Бағалау.
Бағалау парағы Бағалаушының аты-жөні---------------------