Дамытушылы?: О?ушыларды? білімдерін тексере отырып с?йлеу тілдерін жетілдіру,тапсырмалар орындау ар?ылы сыни т?р?ыдан ойлауын, ойлау ?абілеттерін дамыту
Т?рбиелік: Ана тілін ??рметтеуге, адамгершілік ?асиеттерге баулу. ?з білімдеріне деген сенімділіктерін ны?айту, ?иынды?тарды же?е білуге т?рбиелеу. Саба?ты? т?рі: Д?ст?рлі
Зат есім - затты?, ??былысты? атын білдіріп, кім? не? деген с?ра??а жауап беретін с?з табы. К?нделікті ?мірде кездесетін ?деттегі жай н?рселерді ?ана емес, таби?ат пен ?о?амды? ?мірдегі ?шырасатын ?р алуан ??былыстар мен уа?и?аларды, ??ымдар мен т?сініктерді де ?амтиды.
К?птік м?нді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оны? жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.Мысалы: с?т, ?н, ж?н, алма, а?ыл, ?мір
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«зат есімні? к?птелуі 7-сынып »
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы, Күршім ауылы
«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі»
Умутбаева Асыл Булаткановна
Сабақ жоспары
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Күні:
Тақырыбы: Зат есімнің түрленуі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Зат есімнің түрленуі» тақырыптары бойынша төменгі сыныпта алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін тексере отырып сөйлеу тілдерін жетілдіру,тапсырмалар орындау арқылы сыни тұрғыдан ойлауын, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Ана тілін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге баулу. Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын тексеру, түгендеу.
Қазақ жері
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашанда,
Осы бір Отанда тұрғанға!
ІІ. Жаңа сабақ
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.
Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.
Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:
Сұйық заттардың атаулары: айран, су, шай, тұздық т. б.
Газ тектес заттардың аттары: азон, бу, түтін, тұман т. б.
Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпікт. б.
Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындық т. б.
Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш, шойын т. б.
Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын т. б.
Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т. б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады.
ІV. Оқулықпен жұмыс:
20-жаттығу
V. Өздік жұмыс
Мәтін оқылады, оқушылар көптік жалғауы жалғанған және көптік мағынада тұрған сөздерді теріп жазуы тиіс.
VІ. Сабақты қорытындылау
Тест тапсырмалары:
1.Заттың атын білдіретін сөз табы...
А)есімдік
В)сын есім
С)сан есім
Д)үстеу
Е)Зат есім
2. Зат есімді көрсетіңіз.
A) Көмектесу.
B) Басшы.
C) Қалың.
D) Нешінші.
E) Қарсы алу.
3.Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз.
A) Дәріхана.
B) Жақсылық.
C) Қапшық.
D) Бөлме.
E) Достық.
4.Заттың көптік мағынасын беретін жалғау түрін көрсетіңіз.
A) Көптік.
B) Жіктік.
C) Тәуелдік.
D) Септік.
E) Қосымша.
5.Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз.
A) Дәптердің.
B) Қызбен.
C) Кітапты.
D) Гүлдер.
E) Балаға.
6. Жіктік жалғауын белгілеңіз.
A) -сың,-сің.
B) -ға,-ге.
C) -дың,-дің.
D) -нікі, -дікі.
E) -да, -де.
7. Тәуелдік жалғау жалғанған сөзді белгілеңіз.
A) Шайға.
B) Шайларыңыз.
C) Шайдың.
D) Шайнек.
E) Шайдан.
8. Жатыс септіктің жалғауын белгілеңіз.
A) -ба, -бе.
B) -а, -е.
C) -нан, -нен.
D) -ты, -ті.
E) -нда,-нде.
9. Барыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз.
A) Әкелер.
B) Әкетай.
C) Әкесіне.
D) Әкежан.
E) Әкесінікі.
10. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
A) Өздік.
B) Бесінші.
C) Басқар.
D) Сызғышты.
E) Қызғылт.
Үй тапсырмасы:
Кез-келген көркем шығармадан көптік мәнді зат есімі бар 10 сөйлем, көптік жалғаулы сөзі бар 10 сөйлем көшіріп жазу.