?лыс дегеніміз- халы?,?лт. Я?ни, б?кілхалы?ты? мереке. Оны жылда ?здері? к?ріп,біліп,тойлап ж?рсі?дер. Б?гінгі ойынымыз да осы наурыз мейрамына арналма?. Ойын?а ?атысу?а сыныпты? та?даулы балалары ?атысып отыр. Ойынымызды? аты – «XXI ?асырды? к?шбасшысы» бол?анды?тан, біз осы балаларды болаша?та ?з Отанымызды? белгілі, алды??ы ?атарлы адамдары болып, осы XXI ?асырды? к?шбасшылары атануына тілектеспіз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«XXI ?асырды? к?шбасшысы»
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шинжина Ляйля Турсынгалиевна
XXIғасырдың көшбасшысы
Жүргізуші: Құрметті балалар, ең көне мерекелердің бірі Наурыздың ерекшелігі жөнінде халықтың өзі айтып кеткен. Алдымен бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» дейді.
Ұлыс дегеніміз- халық,ұлт. Яғни, бүкілхалықтық мереке. Оны жылда өздерің көріп,біліп ,тойлап жүрсіңдер. Бүгінгі ойынымыз да осы наурыз мейрамына арналмақ. Ойынға қатысуға сыныптың таңдаулы балалары қатысып отыр. Ойынымыздың аты – «XXI ғасырдың көшбасшысы» болғандықтан, біз осы балаларды болашақта өз Отанымыздың белгілі, алдыңғы қатарлы адамдары болып, осы XXI ғасырдың көшбасшылары атануына тілектеспіз.
« Наурыз» сөзі – «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл- көне мейрам. Наурыз мейрамын ерте заманнан бері әлемнің көптеген халықтары тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ескі ай аяқталып, жаңа ой туатын Наурыздағы өліарада қыс аяқталып, жаз басталмақ. Күн мен түн теңеліп, күндізгі уақыт ұзармақ. Осы мезгілден жан-жануар, өсімдік, жәндікке жан бітіп, қар еріп, су ағып, тіршілік түлемек. Осы күнді жаңа жылдың басы деп есептеген. Наурыз мейрамын атап өту соңғы алпыс жыл ішінде аяқсыз қалып еді. Ұзақ үзілістен кейін, қайта тойлай бастадық. Ал енді алдымен ойынға қатысушылармен танысайық. Өз-өздерін таныстырып өтсін.
№1-ші ойыншы-......
№2-ші ойыншы-......
№3-ші ойыншы-......
№4-ші ойыншы-......
№5-ші ойыншы-......
№6-ші ойыншы-......
(Өздерін таныстырады.)
Жүргізуші: Бүгін біздің ойынымызға әділ баға беру үшін құрметті қонақтар келіп отыр.(Қазылар алқасымен таныстыру). Сонымен бүгінгі ойынның бірінші сайысы «Бәйге» деп аталады. Сұрақтар Наурыз туралы болмақ. Кім бұрын көп және дұрыс жауап берсе, көп ұпай жинайды.
1-сайыс «Бәйге»
Наурыз мейрамы қай күні тойланады?
Наурыз сөзінің мағынасы нені білдіреді?
Соңғы рет Наурыз мейрамы қашан тойланған?
Наурыз мейрамы қай жылдан бастап қайтадан тойлана бастады?
Наурыз күні қандай бата-тілектер айтып сәлемдескен?
Наурыз мейрамын тағы қандай елдер тойлайды?
Наурыз мейрамының қасиетті асы не?
Наурыз көже қалай жасалады?
Наурыз мейрамын қалай қарсы алған?
«Қыдыр түні» дегеніміз не?
Наурызды неге 40-күндік еңбек мерекесі дейміз?
Наурызда қандай ойындар ойнаған?
Наурыз мейрамының белгісі не?(символы)
(Әр сұрақтан соң жауап айтқан балаға 10 ұпайдан беріледі, дұрыс айтпаса басқа жауап бар ма деп сұрау керек.нәтижесін айту керек.)
Жүргізуші: наурыз мерекесінде адамдар ойын-сауық құрып, бір-бірімен әзілдесіп, ойын ойнап, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айтысып,өнер сайысын өрістеткен. Олай болса, екінші сайысымыз «Тіл сайысы» болмақ. Балалардың тілге қалай жүйрік екенін көрейік. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды бір сөзін алып тастап оқимын. Сендер сол сөзді тауып, орысша, қазақша, ағылшынша атауларын айтасыңдар. Кім тез, дұрыс айтса -20ұпай, ал екі тілде ғана айтса -10ұпай алады.
2-ші сайыс «Тіл сайысы»
Болат қайнауда шынығады,
...... майданда шынығады.
(батыр, герой, hero)
Батырға да ...... керек.
(жан, душа(жизнь), lite)
Татулық табылмас .......
(бақыт, счастье, kappiness)
Ақыл азбайды,
........ тозбайды.
(білім, знание, knowledge)
........ білім бұлағы.
(кітап, книга,book)
Жалқаудың екі досы бар:
Бірі – ұйқы
Бірі - ......
(күлкі, смех,laugh)
Кесе, шыны, пиала
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз?
(ыдыс, посуда, dish)
Орақтай боп туады,
Табақтай боп толады.
Түнді жарық қылады,
Шешуін кім табады?
(ай, луна, moon-[мун])
Үй күзетіп қалады,
Кейде мал да бағады.
Ызасы келсе қабады,
Шешуін кім табады?
(ит, собака, dog)
Күннің көзін жабады,
Айдың бетін жабады.
Жаңбыр болып жауады.
Шешуін кім табады?
(бұлт, облако, cloud)
Салып едім көзімді,
Көрдім одан өзімді.
Бұл не?
(айна, зеркало, mirror)
Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.
Бұл не?
(ерін, губы, lips)
(Ұпай беріледі.)
Жүргізуші: Міне, екінші тіл сайысымыз да бітті. Балалар өз білімдерін көрсете білді. Осы сайыс бойынша .... көп ұпай жинады. (әр баланың ұпай саны айтылады. Ұпай саны аз екі бала ойыннан шығады). Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті киелі сандар деп есептелген. Оның өз себептері болған. Келесі сайысымыз «Киелі жеті сан» деп аталады. Бұл сайыс «жаңылтпаштарға» арналмақ, яғни, жаңылтпаштар сайысы. Мына таблицада сандар жазылған. Сол сандардың сырт жағында жаңылтпаштар берілген. Кім сол жаңылтпашты дұрыс, әрі тез қайталаса – 20 ұпайдан алады. Ойынды .... бастайды. Қай санды таңдайсың?
III-сайыс «Киелі жеті сан»
Көк тырна 2. Көпебайдың Көпені
Көп тырна Көп ішеді кофені
Тыраулап тек Көп ішеді кофені
Көп тұрма. Көпебайдың Көпені.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім?
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Қыста құлағым үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
Көже пісті,
Көжені неше кісі ішті?
Неше кесе ішті?
Есет атам ет асатар
Ет асатса, бес асатар.
Жүргізуші: бұл сайыстың қорытындысы бойынша .... алда келеді.
IV-сайыс «Сұрақтар».
Ойынды әрі қарай жалғастырамыз. Бағана айтып кеттік, Наурызды ұзақ жылдар тойламай келдік деп. Наурызбен қоса басқа да ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұмытыла бастаған еді. Бірақ, еліміздің егемендігі арқасында салт-дәстүрімізді сақтап, мән беріп келеміз. Сондықтан келесі сайысымыз «Сұрақтар» сайысы салт-дәстүрлер жайында болмақ. Қазір кестеден өздерің қалаған санды атайсыңдар, соған байланысты сұрақтар мен үш түрлі жауаптар оқылады. Ал, сендер дұрыс жауабын атайсыңдар. Дұрыс жауап берген балаға 10 ұпай беріледі. Сонымен ойында саны көп ... бастайды.(тапсырмалар оқылады). Қай санды қалайсың?
Қазақ халқының қандай діни мейрамдары бар?
Ораза айт, құрбан айт.
Ораза айт, құрбан айт, Наурыз.
Ораза айт, Наурыз мейрамы.
Қазақ халқының қандай аспаптары бар?
Домбыра, қобыз, сырнай, баян.
Домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы.
Домбыра, сыбызғы, гитара.
Қазақ халқының балаға байланысты қандай салт-дәстүрі бар?
Бесік тойы, тұсау кесу, сүндет той.
Құда түсу, келін түсіру, бесік тойы.
Аң аулау, тұсау кесу, бесік тойы.
Баланы бесікке қашан салады?
Туа сала салады.
40 күннен соң салады.
20 күннен соң салады.
Жүргізуші: бұл сайыс бойынша алда ... келеді. Ол ... көп нүкте ұпай жинады. Ұпай сандары екі ойыншы ойыннан шығады.
V-сайыс «Егерде мен ... »
1-ші тапсырма: егерде сен кәсіпкер болсаң не істер едің?
2-ші тапсырма: егерде сен дәрігер болсаң не істер едің?
(Оқушылар өз ойларын айтады.) бұл сайыс бойынша алда ... келеді. Қазақ халқы шешендік өнерді жоғары бағалаған. Оған «Өнер алды – қызыл тіл», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», т.б. мақалдар дәлел. Сондықтан келесі сайысымыз шешендік сайыс. Мына кестеден өздерің қалаған нөмірді таңдайсыңдар да сол бойынша берілген тапсырманы орындайсыңдар, яғни, әңгімелейсіңдер.
VI-сайыс «Шешендік сайыс»
Сонымен ойынды ... бастайды. Қай нөмірді таңдайсың?
1-ші тапсырма: «Менің Қазақстаным»
2-ші тапсырма: «Денсаулық – зор байлық»
(Оқушылар әңгімелейді.)
Жүргізуші: осы сайыс бойынша ... ұпай алды. Сонымен жеңімпазды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.(Жеңімпаз анықталып, марапатталады. XXI ғасырдың көшбасшысы атанып, медаль тапсырылады. Басқа қатысушылар да ынталандыру марапаттарына ие болады.)