Тақырыпқа кіріспе. Тақтада әшекей бұйымдардың суреті көрсетіледі 1.Тапсырма. Топтық жұмыс. ( 5минут). «Сөздер тұжырымдамалық картасы» графикалық органайзер арқылы тақтада көрсетілген бұйымдарды атаңыз, кестеде анықтамасын көрсетіңіз және осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңыз. Мысалы: Сөз | Анықтамасы | Аудармасы | Сөзді пайдалана отырып, сөйлем құру | білезік | | | | 1-топ. Білезік, шашбау. 2-топ. Сырға, алқа. 3-топ. Жүзік, белдік. Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. 2.Тапсырма. Топтық жұмыс. ( 5минут). Мәтінмен жұмыс. Менің нағашым - зергер. Ол алтын мен күмістен түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды жасайды. Нағашым білезік, алқа, шашбау, сақина, сырғаларды айшықтап жасайды. Оларға қазақтың ою-өрнегін салады. Асыл тастармен безендіреді. Маған нағашымның жасаған шашбауы қатты ұнады. Ертеде қазақтың қыздары шаштарына шашбау таққан. Нағашымның жасаған зергерлік бұйымдары бес жүзге жуық. Жақында «Қазақ зергерлік өнерінің көрмесі» болды. Нағашым көрмеге елуге жақын бұйымдарын қойды. Көрмеге халық көп келді. Олардың саны жүзден асады. Әжем күміс білезік пен күміс сақина тағады. Ал анам алтын алқа мен алтын сақина, сырға тағады. Олардың сәндік бұйымдарын нағашым жасап берген. Нағашымның шеберханасы бар. Әр жексенбі сайын мен сол шеберханаға барып тұрамын. «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісімен мәтіннің маңызын ашатын тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып, мәтіннің ішінен әр сұраққа 5 сөзден жазыңыз. (5 минут) Кім? Не? ____________________________________ Қандай?______________________________________ Қанша?______________________________________ Не істейді? ___________________________________ Сергіту сәті: ( 1 минут). «Санамақ». Қазақтың ұлттық киімдерін тауып, хормен айтады. «1» дегенім - , кисең бойға көрік. «2» дегенім - , киер сәнді етіп. «3» дегенім - , теріден тігер пішіп. «4» дегенім – , қыста кисең жылы-ақ. «5» дегенім - , іші жылы тайпақ. 3.Тапсырма. Жеке жұмыс. (3минут). Сурет пен сөйлемді сәйкестендіріңіздер. Қыз баланың қолына (саусағына) тағатын әшекей бұйым | | Қыз баланың құлағына тағатын әшекей бұйым. | | Қыз баланың білегіне тағатын әшекей бұйым. | | Қыз баланың мойнына тағатын әшекей бұйым. | | Қыз баланың шашына тағатын әшекей бұйым. | | 4.Тапсырма. Жұптық жұмыс. (5 минут). «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Ішкі шеңберде тұрған оқушылар тақырыпқа қатысты сұрақ қояды, ал сыртқы шеңберде тұрған оқушы жауап береді. Кейін өзара рөлдерімен ауысады. 5.Тапсырма. Жеке жұмыс. (10 минут). «Еркін жазу. Болашаққа көз тастау» әдісі. «Егер мен зергер болсам...» тақырыбында теңеу мен метафораны қатыстыра отырып, шағын эссе жазыңыздар. Кері байланыс: |