Просмотр содержимого документа
«Урок казахского языка "Школьная столовая" »
Ж.Т.Абдрахманова,
қазак тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
«№ 6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы
Сынып : 5А.
Сабақ тақырыбы: Мектеп асханасы.
Сабақ мақсаты:: Сыни, қисынды сұрақтарға толық ,дұрыс жауап беруге жаттықтыру.
Оқу жылдамдылығын, сапасын көтеру. БжС технологиясымен күрделі білім, біліктілігін, ойлау қабілетін дамыту, тілге ынтасын арттыру
Көрнекілік: сөздер, матрица
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа кіріспе.Кейбір термин сөздермен таныстыру.
Өткен сабақ бойынша: Мектеп туралы 1 сөйлем -1 баға
2 кезең: Тақтада тірек сөздер жазулы./ 7 сөз-30 сек. 14 сөз-1мин-15 сек/
сыныптас- одноклассник
ішу- пить
көбінесе- в основном
сорпа- бульон
ботқа- каша
Сөздердің мағынасын түсіндіру.Тақтадағы сөздерді жабу.Оқушылар берілген уақытында сөздерді жаттауға тиіс.Сөздерді жазу уақыты-жаттау уақытымен бір.
Бір бірін тексеру, екінші баға қойылады---2 баға.
Мәтінмен жұмыс. 3 мин. Біздің мектептің бірінші қабатында асхана бар. Асхана үлкен және таза. Мен сыныптастарымен бірге үшінші сабақтан кейін асханаға тамақ ішуге барамыз. Біз көбінесе сорпа немесе ботқа аламыз. Содан кейін шай және тәтті нан аламыз. Тамақ ішер алдында қолымызды жуамыз, бір- бірімізге «Ас дәмді болсын!» деп айтамыз.
3 кезең. Карама-карсы сурактар. (Мәтін бойынша) сұрақтар ----------------------------- 3 баға
Мекткптің бірінші қабатында не бар? ...
Асхана қандай?
Сыныптастармен бірге қайда барасың?
Нешінші сабақтан кейін?
Сендер көбінесе не аласыңдар?
Содан кейін не аласыңдар?
Қандай нан аласыңдар?
Қандай шай ішесіңдер?
Тамақ ішер алдында не жуасың?
Бір-біріне не айтасыңдар?
III кезең Сыни сұрақтар. --------------------- 4 баға.
1. Асхана мектептің бірінші қабатында орналасқан.
2. Асхана үлкен және таза.
3. Мен сыныптастарымен бірге екінші сабақтан кейін асханаға барамыз .
4. Асханаға сабақ оқу үшін барамыз.
5. Мен ініммен асханаға барамын.
6. Біз көбінесе кәмпит аламыз.
7. . Біз көбінесе сорпа аламыз.
8. . Біз көбінесе ботқа аламыз
9. Содан кейін шай аламыз.
10. Біз тәтті нан алмаймыз.
11. Тамақ ішер алдында қолымызды жуамыз
IY. Жалпы сөздік қор (немесе такырыптык создік кор). /мүмкін шағын шығарма ретінде жазуға болады/-5 баға
Рефлексия. Сабаққа шамалы талдау жасау.
Үй тапсырмасы: мәтін бойынша сыни сұрақтар құрастыру