Құрметті ұстаздар,оқушыларБүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын оқушы бойына сіңіру. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз.
ІІІ. Негізгі бөлім.
«Салт-дәстүрі қазақтың – сарқылмайтын кенмен тең»
Әдет-ғұрып – қоғамдық жосық ережелерін дәстүрлі түрде белгілейтін көпшілік мақұлдаған тәртіп.
Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтетін, өткен ұрпақтардан қалған мұра.
Салт-дәстүр – тұрмыста дәстүрлер көрініс тауып, әдет- ғұрыппенбелгіленген әрекеттер.
Адамның өмір жолы ерекше оқиғаларға толы. Олардың барлығы, мейлі ол баланың дүниеге келуі болсын, үйлену тойы, Наурыз мерекесі болсын әртүрлі атап өтіледі.Әрбір оқиға салт-дәстүрге сәйкес атап өтіледі. Салт-дәстүр адамды дүниеге әкелгеннен бастап, көз жұмғанға дейін жетелейді.
Шілдехана. Баланың шыр етіп дүниеге келуі тек ата-анасының ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі.Міне, осы күндері оның алғашқы тойы жасалады. Ол тойдышілдехана деп атайды.Оған көбінесе жастар жиналады. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдіріп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді. Шілдехана – баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр.
Бесікке салу.Үшінші немесе бесінші күнгі мейрам баланы бесікке салумен байланысты. Ол бесік тойдеп аталады.Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып саналады. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрлердің бірі.
Қырқынан шығару. Қырқыншы күні«қырқынан шықты» салты өткізіледі. Ыдысқа қырық қасық су құйып, баланы шомылдырады. Баланың тырнағы мен шашын бірінші рет алады, сосын оларды әлдекімдер зиянкестік мақсатта қолданбас үшін көміп тастайды.
«Азан шақыру» – ат қою. Қазақтар осы бір салтанатты рәсімге ерекше мән береді. Балаға соған ұқсасын деген оймен атақты адамдардың атын қоюға, әдемі аттар беруге тырысады.Сәбиге көз тимей, мықты, әрі күшті болып өссін деген оймен ешбір елеусіз ат қоя салған жағдайлар да болған. Бұрын балаға ол туылған кезде болған оқиғаға байланысты ат қойған. Мысалы, ол наурыз айында туылса, Наурызбай, айт кезінде туылса, Айтбай, боранды күні туылса, Боранбай деп атаған.
-Сендер өздеріңнің аттарыңды кім қойғанын және неге олай атағандарын білесіңдер ме?
Тұсаукесер. Бұл салт бала енді тәй-тәй басқанда жасалады. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын адамға кестіреді. Сүріншек, ақырын жүретін адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады.
Сүндетке отырғызу. Сүндетке отырғызу араб елдеріненшығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7,9 жаста отырғызады. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз болып саналады. Бұл балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырады. Сүндетке отырғызу бала өміріндегі қуанышты кезең болғандықтан «сүндет той» жасайды.
Ашамайға мінгізу. Балаға 6-7 жасқа келгенде ат сыйлап, қолына салтанатты түрде қамшы береді.Сосын атты ерттеп, баланы отырғызады, оған жігіт болғанын түсіндіре-ді. Бұл баланың рухын көтеріп, жауапкершілікті сезінуге көмектеседі. Осындай салта-натты сәтте атасы немересіне бата беріп, әжесі шашу шашады, сыйлықтар, тәтті тағам-дар береді. Балалар бәйге ұйымдастырып, ересектер шағын той жасайды.
Тоқым қағу.Тоқым қағу – баланың туған үйден бірінші жолға шығуына арналған той. Өз бетінше атқа отыруды үйренген бала, туған үйінен алғаш рет алысқа шығады. Оның ата-анасы баласының бірінші рет жолға шығуын ғана емес, үйге аман-есен оралуын да атап өту үшін мал сойып, той жасаған.Бұл тойға ақсақалдарды шақырған. Қонақтар домбыра тартып, ән шырқап, айтыс ұйымдастырып, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереді.
Тілашар. Бала жетіге толғасын, білім алу үшін мектепке барады. Бұл күні баланы ерекше жақсы киіндіріп, мектепке қажетті құралдар ұсынады және шағын той жасайды. Бұл той «тілашар» деп аталады. Үлкендер жағы балаға бата беріп, «ғалым бол, ақын бол... және тағы басқа да» тілектер айтады. Баланың жаңа заттарына байғазы береді. Тәрбиенің мұндай әдісі балаға оған үміт артылғанын, өзінің ержеткенін, ол үшін жаңа әлемнің есігі ашылғанын сезінуге мүмкіндік береді.
- Қазақтың тағы қандай салт-дәстүлерін білесіңдер? /Балалардың жауабын тыңдау/
ІV. «Білгенге – маржан» /Қазақ ырымдары/
* Қазақтар шашты жерге тастамайды – бас ауырады деп ырымдайды.
* Шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Себебі оны құс ұясына салса, иесі дертке
шалдығады деп түсінеді.
* Тырнақ өсірмейді – астына шайтан ұялайды дейді.
* Ас бөлмесінде тырнақ алмайды. Тамаққа түссе – адам жазылмайтын ауруға
3-тапсырма:Киіз үйдің сүйегін және киіз үйдің жиһаздарын ата.
/Киіз үйдің сүйегі: шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық/
/Киіз үйдің жиһаздары: абажа, абдыра, ағаш төсек, асадал, жүкаяқ, кебеже, сандық, адалбақан/
4-тапсырма:Ұлттық ойындарды ата.
/ақсерек пен көксерек, соқыртеке, асық ойыны, алтыбақан, қыз қуу, көкпар, теңге алу, күрес, санамақ, бөріктастамақ, шалма, жаяу жарыс, тобық, арқан тарту/
Оқушыларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі туралы түсінік беру. Қазақтың салт-дәстүрлерін оқушылардың бойына сіңіру.Балаларды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері
Шәкірт жүрегінде дәстүріне деген құрмет сезімін ояту, оқушыларды өз халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжанды сезімге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.