kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Уайсова Айдана Кайратказыкызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок самопознания "Парыз тәртіптен басталады"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Уайсова Айдана Кайратказыкызы»

Күні: 25.02.2021

Мектеп: №11 ЖОББ КММ

Сабақтың тақырыбы: Парыз тәртіптен басталады (13 сабақ)

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Сүйіспеншілік

Мұғалім: Уайсова А.К

Сынып: 7

Сабақтың мақсаты:

–Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері:

Білімділігі:

Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру ;

Дамытушылығы:

–Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;

Тәрбиелілігі:

–оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.



Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Психологиялық дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру. 49 б. 6 тапсырма орындау. Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды кезек-кезек оқиды. Оқушыларды тыңдап, өз сөзіммен қорытындылаймын.


3.Дәйексөз Тәртіпке бағынған ел құл болмайды. Бауыржан Момышұлы

Дәйексөзді қалай түсінесіздер?

Жұмыс дәптеріне жазып аламыз.

Тәртіп – адамның ең жақсы қасиеті. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» деді емес пе. Бірін-бірі сыйлаған, құрметтеген, тәртіп пен парызын адал атқарған ел ешқашан опық жемейді. Тәртіпсіз басталған жұмыс жүйесіз аяқталуы мүмкін. Тәртіп адамның алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік береді.



Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.

4.Әңгімелеу. «Шектен шықпа» Аңыз

Бұл ежелгі Грекияда болған деседі. Түн ұйқысы төртке бөлініп, елдің ертеңін ойлап, ұрпақ қамын жеген елдің зиялы қауымының өкілдері келіп Грекияның даңқы жайылып, дәуірі жүріп тұрған жеті данышпанына өтініш айтады. Ішінде Анахарсис бар осы жеті данышпанға: «Сіздер көп оқыған, көп білетін ғұламасыздар. Бірақ сіздердің білгендеріңіз бен жазғандарыңызды қара халық оқып игере алмайды. Сол білетіндеріңізді халық түсініп жадында сақтайтындай етіп, бір-екі ауыз сөзге сыйдырып мәңгі өлмес өсиет қалдырсаңыздар», – деп өтініпті. Содан жеті данышпан жеті күн ойланып-толғанып келіп, ақыр соңында ақыл-ойларын былай деп бір ауыз сөзге сыйдырыпты:

«Шектен18 шықпа!» Бары осы-ақ! Астарына қарасаң кімді де болса, тәнті етер, таңғаларлық тереңдік!

«Шектен шықпа»! Асып - тасып қуанғанда да шектен шықпа, қабырға қайыстырар қайғыда да шектен шықпа, мәз болып күлгенде де шектен шықпа, ашуланып ұрысқанда да шектен шықпа, жаның жасып жылағанда да шектен шықпа, мансабың19 тасығанда да шектен шықпа, меселің20 қайтып мойығанда21 да шектен шықпа, қалжыңдасқанда да шектен шықпа, ойнағанда да шектеншықпа... өмірдің барлық сәтінде де шектен шықпа»,- дегенді аңсаған ақылмандар бар білігі мен ілімін осылай бір ауыз сөзбен бекітіп кеткен екен. Заманалар ауысып, табиғатымыз өзгеріп, тірлігіміз жаңа сипатқа көшкенімен осы бір ауыз сөздің құны да, қасиеті де бәз қалпында демеске шара қайсы?!

● Мәтіндегі «Сіздер көп оқыған, көп білетін ғұламасыздар. Бірақ сіздердің білгендеріңіз бен жазғандарыңызды қара халық оқып игере алмайды» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

●Адам шектен шықпауы үшін оның бойында қандай қасиеттері болуы керек?

● Шектен шықпау мен тәртіпті не байланыстырады?Шектен шықпау деген тәртіптілік пе?

● Шектен шықпай, тәртіпті болуың үшін өзіңе қандай талаптар қоясың?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

Төменде берілген ой-тұжырымдарды оқыңдар. Өздерің үшін дұрыс жауапты таңдап алып, дәлелдеңдер.

Тәртіп – белгілі бір қоғам мүшелеріне ортақ, орындалуы міндетті ереже, заң. Тәртіп – адамды мәжбүрлі түрде реттеу құралы. Тәртіп – бір нәрсенің реті, жөн-жобасы, жеке адамның мінез-құлқы. Тәртіптілік – амалсыз атқаратын міндет емес, іштей мойындап, қажет саналған талап. Тәртіптілік – айнала қоршаған ортаға өзі жайлы жақсы ой туғызатын айла-амал.

2. Өздеріңнің өмірдегі тәртіп ережелеріңді жасаңдар.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

«Джунглидегі жаңбыр»жаттығу

Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз.Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі.(арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады) Құйын басталды (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз) Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртіңіз) Нөсер жауын басталды (жоғары төмен алақан, саусақтарымен сипайсыз). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді 180 градусқа бұрылып, жаттығуды қайталаймыз.

Жаттығу сіздерге ұнады ма?

Қандай сезімде болдыныздар?

Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Уақыт: 10 минут

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

7.Топпен ән айту «Ерлікке шақыру» Сөзі мен әнін жазған Мұхтар Шаханов


Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді

7.Үйге тапсырма: 1. Дәптермен жұмыс. «Ерлікке шақыру» өлең жаттау.


8. Соңғы тыныштық сәті.

Болғанда ақылың дария, кеудең кеме,

Кемесіз дариядан өтем деме.

Кеудеңде саңан болса, талап ізде,

Талапсыз мақсатыңа жетем деме

Бүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді?




Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Уайсова Айдана Кайратказыкызы

Автор: Уайсова Айдана Кайратказыкызы

Дата: 24.05.2021

Номер свидетельства: 581463


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства