kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? та?ам.Т?уелдік жал?ау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Солт?стік ?аза?стан облысы Петропавл ?аласында?ы  "№42 орта мектеп " коммуналды? мемлекеттік мекемесіні? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі Аманжолова Тана Тастан?ызы. Е?бек ?тілі - 16 ж. 2 категория. Саба?ты? та?ырыбы:"?лтты? та?ам. Т?уелдік жал?ау." 

Мен К?кшетау ?аласы Шо?ан У?лиханов атында?ы педагогикалы? институтты  1996 жылы бітірдім. Диплом бойынша маманды?ым: ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі. Мен "?здігінен ізденуге ба?ыттау ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру " ?дістемелік м?селе бойынша ж?мыс істеймін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? та?ам.Т?уелдік жал?ау. »

CҚО. Петропавл қаласы

«№42 орта мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аманжолова Тана Тастанқызы

Сынып: 6

Тақырыбы: Ұлттық тағамдар. Тәуелдік жалғау.

Мақсаты: Ұлттық тағамдармен танысу барысында тәуелдік жалғау түрлерін меңгереді.

Табыс критерийлері: Ұлттық тағамдар түрлерін айта білуі тиіс

Сөз құрамындағы тәуелдік жалғауларды ажырата

білуі керек.

Жаңа сөздерді өмірде қолдана білуі тиіс.

Нәтиже: Топ ережелерін ескеруді үйренді Ұлттық тағам түрлерін ажырата алады. Тәуелдік жалғауларды сөздерге жалғай біледі. Жаңа сөздермен жұмыс жасай алады. Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді.

Әдіс- тәсілдер: Демонстрация (ақпараттық коммуникациялық технология), топпен жұмыс (сыни тұрғыдан ойлау) пікір талас (диалогтік оқыту), баяндау (қалай оқыту керектігін үйрету) кестемен жұмыс, бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), сұрақ-жауап;

Дереккөз: Дәптер, оқулық, интербелсенді тақта, таныстырылым, плакаттар, түрлі түсті қағаздар, маркерлер, желім, стикер, құм сағат.

Сабақтың ойқазығы : «Ат- адамның қанаты, ас- адамның қуаты».

Сабақ жоспары.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а. Амандасу, түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

ә. Сыныпты топқа бөлу. (сусындар, тағамдар, дәрумендер болып бөліну)

Сабақтың түрі: топтық жұмыс.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сөздер мен ережені пысықтау.

  2. Мәтінді мазмұндау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Ұлттық тағамдар (1 слайд )

Оқушыларға слайдтар көрсетіп, сабақтың тақырыбын ашу, жаңа сөздермен танысу. «Суреттер сөйлейді» ойыны арқылы интербелсенді тақтада көрсетілген суреттерді оқиды.

- Бұл суреттерді бір сөзбен қалай атауға болады?

- Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады?

  1. Сөздікпен жұмыс. Меңгерілетін сөздер.

Ұлттық тағамдар – национальные блюда

Сусындар – напитки

Қымыз – кумыс (из кобыльего молока)

Шұбат – верблюжье иолоко

Қазақша ет – мясо по казахски

Қазы – казы(национальное блюдо из реберной части конины)

Жая – жая (огузок лошади, цельное мясо)

Қуырдақ – жареное мясо

Шұжық – шужык

Құрт – курт

Ірімшік – творог, сыр

Қанат – крыло

Қуат – сила

Ас – пища, еда

Тоңазымайды – не остывает

Сіңімді – легко перевариваемый

  1. Оқушыларға өздеріне таныс сөздерді оқыту.

  2. Түсініксіз сөздердің мәнін ұғындыру.

  3. Ескерілетін жағдай:

  1. Есте ұстау қабілеті.

  2. Дауыс ырғағы.

  3. Дұрыс оқуы (қатесіз оқу)

  4. Тіл тазалығы (төл дыбыстарын ерекше назарға алу)

  1. Тапсырма: Әр топ тақтада көрсетілген сөздермен бес сөз тіркесін құрастырады. (Әр топ бір-бірінің жауаптарын тыңдап, қате жерлерін түзетеді.)

  2. 2) Жұптық жұмыс. Әр топ диалогты толықтырып оқиды, аударады. (әр топтағы жауап беретін оқушылардың артына стикер жапсыру). Тыңдау барысында

  3. I топ. Дилогты толықтырып, өзара сөйлеседі.

  4. II топ. Диалогты аударады.

  5. III топ. Не түсінгендерін әңгімелейді.

  6. Топтық жұмыс. Кластер құрастыру.

  7. I топ. «Тағамдар»

  8. II топ. «Сусындар»

  9. III топ. «Дәрумендер»

  10. Грамматикалық тақырып бойынша оқушы түсінігін жетілдіру. Кесте үлгісін қолдану.

  11. I топ. «Тағам» – ім, -ің, -іңіз, -і; жалғауын неге

  12. жалғамадық?

  13. II топ. «Сусын» сұрақ алғашқы буындағы у дыбысы жауан ба,

  14. жіңішке ме?

  15. III топ. «Дәрумен» – ым, -ың, -ыңыз, -ы; жалғауларын

  16. жалғауға болар ма еді?

  17. Берілген сөздерді бірінші жеке тәуелдеп, топ арасында бір-бірін тексереді. Әр топтың жауабы тыңдалады. Сұрақтардан соң оқушы пікіріне толықтырулар енгізіледі.

  18. 5) Сергіту сәті. Би қозғалысы.

  19. 6.Мәтінмен жұмыс. Ұлттық тағам. 148 бет, 4-тапсырма.

  20. Қазақта ұлттық тағамдар алуан түрлі. Еттен түрлі тағамдар жасайды. Қазақтың басты ұлттық тағамы – ет. Етін жеп, сорпасын ішеді. Жылқының етінен қазы, қарта, жал , жая дайындайды. Қуырдақ қуырады. Суық жерде тұрса да, жылқының сорпасы қатпайды, майы тоңазымайды. Жылқының еті өте сіңімді болады.

  21. а) Мәтінді түсініп оқу.

  22. ә) Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

  23. I деңгей

  1. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

  2. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?

  2. Жылқының етінен не дайындайды?

  3. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?

  1. II деңгей

  1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер?

  2. Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөйлемдерді теріп жазып, нешінші жақта тұрғанын түсіндіру.

  1. III деңгей.

  2. Жаңа сөздерді қатыстырып, «Қазақтың ұлттық тағамдары» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңдар.

  3. ІV. Бекіту. Бүгінгі сабағымыздың ойқазығы бойынша қандай ой түйіндейсіздер 1. Раундробин әдісі Әр топтан сабақтан алған ақпарат бойынша пікір айтылады, жалғастырылады т.б

  4. Мыс: Қазақ халқының ұлттық тағамдары әр түрлі екен. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған. «Ас –адамның арқауы» дегенді балаларына айтқан.

  5. V. Қорытынды. Тест тапсырмалары

  6. 1. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

  7. А) Қазақтың басты тағамы-қазақша ет.
    В) Еттен түрлі тағам жасайды.
    С) Қымыз –денсаулыққа пайдалы сусын.
    Д) Жылқының еті өте сіңімді.

  8. 2. Мәтінге сай сөйлемді толықтырыңыз.

  9. Жылқының етінен … ... ... ... дайындайды.

  10. А) қымыз, шұбат, айран, сүт
    В) қазы, қарта, жал. жая
    С) жент, құрт, ірімшік, құймақ
    Д) қаймақ, май, бауырсақ, қуырдақ.

  11. 3. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

  12. А) Қазақтар қонақ күтпей ме?
    В) Қандай ет сізге ұнайды?
    С) Сүт тағамдарын білесің бе??
    Д) Қазақтың басты ұлттық тағамы не?

  13. VІ. Бағалау. Бағалау критерийі. Бағдаршам – жасыл- түсіндім, сары – сенімсізбін (не уверенно) қызыл – күмәнданамын.(сомневаюсь)

  14. VІІ. Үйге тапсырма:

  15. 1. Сөздер мен ережені жаттау.

  16. 2. Ет тағамдары жайында «Ақпараттық »(информационные) , «Ескерту» (предупреждающие ), «Тыйым салу» (запрещающие) белгілері бойынша жауап әзірлеп келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лтты? та?ам.Т?уелдік жал?ау.

Автор: Аманжолова Тана Тастан?ызы

Дата: 24.01.2015

Номер свидетельства: 160602


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства