kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?БТ-?а дайындауды? ?тымды ?дістері

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тіліні? синтаксис тарауы бойынша ал?ан білімдерін еске т?сіру, жина?тау, саралау, ?БТ-ны с?тті тапсыру ?шін білім де?гейін к?теру

1.Синтаксис тарауы бойынша ал?ан білімдерін жетілдіру, практикамен ?штастыру ар?ылы жо?ары де?гейде білім алуына к?мектесу, тапсырманы орындауда тиімді т?сілдерді та?дай білу
2. О?ушыны? ойлау, есте са?тау, іздену да?дыларын ?алыптастыру, п?нге деген ??штарлы?тары мен белсенділіктерін арттыру
3. Танымды? ?ызы?ушылы?ы мен шы?армашылы? ?абілеті дамы?ан жеке т?л?аны т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?БТ-?а дайындауды? ?тымды ?дістері»

Сыныбы: 11

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: ҰБТ-ға дайындаудың ұтымды әдістері (синтаксис тарауы бойынша)

Сабақтың мақсаты:

Қазақ тілінің синтаксис тарауы бойынша алған білімдерін еске түсіру, жинақтау, саралау, ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін білім деңгейін көтеру

Сабақтың міндеттері:

1.Синтаксис тарауы бойынша алған білімдерін жетілдіру, практикамен ұштастыру арқылы жоғары деңгейде білім алуына көмектесу, тапсырманы орындауда тиімді тәсілдерді таңдай білу

2. Оқушының ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген құштарлықтары мен белсенділіктерін арттыру

3. Танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу

Сабақтың типі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың әдістері: топтық, жұптық жұмыс, тілдік талдау, тест жұмысы, іздендіру, салыстыру, шығармашылық тапсырма

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, таратпа материалдар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақ.

ҰБТ-ға дайындаудың ұтымды әдістері (синтаксис тарауы бойынша)

Енді санаулы уақыттан кейін білімімізді саралап, соның негізінде болашағымызға жол ашатын ҰБТ-ға барамыз. Осынау жауапты сәтке бейжай қарамай, дайындығымызды күшейте түсуіміз керек. ҰБТ-дағы негізгі пәндердің бірі –қазақ тілі пәні. Ендеше, бүгінгі сабағымызда синтаксис тарауы бойынша дайындығымызды көрсетеміз.Сабақ мақсатымен таныстырылады.



  1. Өзіндік жұмыс: Синтаксис нені зерттейді? (жалпы 3 топқа сұрақ қойылады да, жауабы алынғаннан кейін жеке-жеке тапсырма беріледі)

1-топ: Сөз тіркесі

2-топ: Сөйлем мүшелері

3-топ: Сөйлем түрлері (берілген тапсырмаға байланысты 3 топ шағын түсіндірме мәтінін жазып, қорғайды)

  1. Тілдік талдау. Мәтін таратылады. Топта оқиды, топ пікірін спикер жеткізеді, әр топ бір-бір сөйлем алып, өз тапсырмалары бойынша талдайды. (Толық синтаксистік талдау жасайды).



  1. Құрмалас сөйлемнің жасалуына байланысты кесте толтыру.

Құрмалас сөйлем

Түрі

1.Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.

Себеп-салдар салалас

2.Адам өзінің туған тілін құрметтемесе, өзге тілді де құрметтемейді.


3.Көп істеп шала бітіргенше, аз істеп бабына келтір.


4.Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.


5.Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.


6.Жерді жыртқан біледі, малды баққан біледі.


7.Құнанбай көктемде ерте көшсе, Уақтың жерін шаба торитын.


8.Желдікезеңнің жел басылып, адыр-қырқаларға қою тұман шөкті.


9.Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.




  1. Тест орындау. (Сәйкестендіру тесті)

  1. Сөздердің байланысу түрлерін ережесімен сәйкестендір.

1.Қиысу а) сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы

байланысы

2.Матасу ә) сөздердің ешбір жалғаулықсыз бірде іргелес, бірде

алшақ тұрып байланысуы

3.Меңгеру б) бастауыш пен баяндауыштың жақ жағынан

байланысуы

4.Қабысу в) сөздердің ешбір жалғаулықсыз тек іргелес тұрып

байланысуы

5.Жанасу г) сөздердің атау мен іліктен басқа септік жалғаулары

арқылы байланысуы

  1. Жай сөйлем түрлерін ережесімен сәйкестендір.

  1. Жақты а) тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем

  2. Жақсыз ә) іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін

сөйлем

  1. Жалаң б)сөйлемге баяндауыш қана негіз болған сөйлем

  2. Жайылма в) ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем

  3. Толымды г) тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем

  4. Толымсыз д) бастауышы бар сөйлем

  5. Атаулы ж) айтылуға тиісті тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің

бірі түсіп қалған сөйлем



  1. Сабақты бекіту.

Енді санаулы күндерден кейін алтын ұя мектебімізбен қоштасып, болашаққа қадам басамыз. Ендеше, алдымыздан күтіп тұрған жарқын болашаққа көз жүгіртіп, хат жазайық. Жазған хатымыздан бір сөйлемге ауызша талдау жасайық.

«Сәлем, ғажайып болашақ!» хат



  1. Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?БТ-?а дайындауды? ?тымды ?дістері

Автор: Сахаритова Айжан Сарсеновна

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272968


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства