kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рлаулы м?шелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я Курбанова Надира Батиралиевна родилась в 21 июня 1987 года Республике Казахстан, Южно казахстанском области, Сайрамского района, в селе Манкент. Окончила школу имени Ибрагим ата в 2003 году и в этот же год поступила в Южно Казахстанский государственный университет имени Муътара Ауезова. В данный момент работаю в ОСШ Айнабулак
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рлаулы м?шелері»

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.

Сабақтың мақсаты: 1.Сөйлем құруға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы мүшелер деп аталатынын түсіндіру.

2. Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге,ізденуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

3.Оқушыларды тапқырлыққа, қайырымды болуға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, жұмбақтар, слайдтар.

Өткізу әдістері: сұрақ-жауап, ойын,жұппен жұмыс.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа даярлау. Оқушылардың оқу-құралдарын дайындатып, сабаққа назарын аудару.

Міне ,балалар, ғұлама, кемеңгер, ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағына қонақтар келіп отыр.

Сәлемдесу: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап арқылы білімін тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (2-ге)

Қандай мүшелер? (тұрлаулы,тұрлаусыз)

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.Үйде жазып келген мақал-мәтелдері оқылады.Сызықшаның қойылу себебі түсіндіріледі.

Жаңа сабақ. Сөйлем мүшелері сөйлем құрамында атқаратын қызметтеріне қарай тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып екіге бөлінеді.Тұрлаулы мүше деп-бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталатынын түсіндіру.

Мысалы:Қоңырау соғылды. Айбек келді

.Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу.Жұмбақты көшіріп жаз.Тұрлаулы мүшелерді тауып астын сыз.

Аяқсыз-ақ жорғалайды,жүреді,

Аузы да жоқ,сыңғырлайды, күледі.

Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ,

Айтыңдаршы, осыны кім біледі?

Топпен жұмыс. « Адасқан сөздер » дидактикалық ойыны.

Шарты: Тақтада орындары ауысқан сөздер берілген, сол сөздермен сөйлем құрастырады.

1топ: Адамға, пайда, құстар, келтіреді, көп.

2топ: Үйлер, көрінді, биік, алыстан.

3топ: Бар, кітаптар,қызық, кітапханада.

Бұл құрастырғандарың не? (сөйлем)

Әр қатардан бір оқушы шығып, сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тауып астын сызып,сұрағын қояды. ережені айтады.

Сергіту сәті.

Шығармашылық диктант.Ұйқасын тап.

Үні ғажап,

Дүлдүл,

Бақта сайрар…( бұлбұл)


Бәрі бірдей жұмысқа,

Шығатын кім?…(құмырсқа)

Бастауыштардың астын сызу.Шешуі болған сөздерді қатыстырып,сөйлемдер құрастырып жазу.Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.

Сөзжұмбақ шешу.Сөзжұмбақ шешуі болған сөздерді бастауыш етіп,сөйлемдер құрастырып жаз.


Тігінен: Көлденеңінен:

1.Сан. 2.Жеміс.

3.Ай аты. 4.Сусын.


Өтілген материалды қорыту.Тест сұрақтарына жауап алу.(үлестірме материалдар арқылы)

1.Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

А) (?) Ә) (!) б) (.)

2.Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтары қай сөз табына қойылады?

А) етістік.ә) сын есім. Б) Зат есім.

3.Бір буынды сөзді тап.

А)Асық. Ә)бұлт. Б)Аю.

4. Жалқы есімді тап.

А)Дәрігер. Ә) бақша. Б)келеді.

5.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?

А)Тұрлаусыз мүшелер

Ә)Тұрлаулы мүшелер

Б)Анықтауыш мүшелер

Венн диаграммасымен жұмыс.

Бекіту кезеңі.

-Бүгінгі сабақта не білдік?

-Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

Үйге тапсырма беру.Ереже жаттап келу.5-жаттығу.Бастауыштарды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.Сөйлем мүшелеріне талдау.

Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау.( 86 рет оқылды.)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т?рлаулы м?шелері

Автор: Курбанова Надира Батиралиевна

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272432


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства