kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ту?ан к?н. ??тты?тау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мені? ту?ан к?нім» атты  ашы? саба?ты? жоспарын ?сынып отырмын.Б?л та?ырыпты ал?ан себебім орыс мектебінде о?итын о?ушыларды? тіл білімдерін жетілдіріп,с?здік ?орларын молайтатын к?птеген тапсырмалар,ойын т?рлерін,с?зж?мба?,логикалы? с?ра?тар,жа?даяттар ?олдандым. 

Ту?ан к?н кешінде.

Айг?л жаз?ы демалысында атасы мен ?жесіні? ауылына барды. Ауылда?ы а?асы мен же?гесі ?ала?а ж?мыстарымен жол ж?ріп кеткен еді. Ауылда?ы бауыры ?лиді? ерте? ту?ан к?ні, ал оны? ата- анасы кеш келетін болды. Ертемен Айг?л бауырын ту?ан к?німен ??тты?тады. Оны? к??ілсіз т?рін к?ріп:

- ?ли, ту?ан к?ні?е достары?ды ша?ыр, мен сені? ??рметі?е жа?сы кеш ?йымдастырамын - деді. ?ли ?уан?анынан ?пкесіні? бетінен с?йіп алды. Айг?л д?кеннен керекті азы? - т?лікті сатып алып келді. Ол т?шпара, ??йма? ж?не торт пісірді. Ту?ан к?н кешіні? дастарханы да дайын болды. Кешке жинал?ан туыстар мен достар жа?сы тілектер айтты, ?н салып, би биледі, ойын ойнады. Кеш ?те к??ілді ?тті. Атасы мен ?жесі Айг?лді? бауырмалды?ына с?йсініп, ризашылы?ын білдірді.

в). М?тіннен кейінгі ж?мыс:

М?тінге бірнеше с?ра?тар дайындау.

М?тіннен сын есімдерді теріп жазып, оларды салыстырмалы ж?не к?шейтпелі шырай т?рлеріне айналдыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ту?ан к?н. ??тты?тау. »

Қазақ тілі 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Туған күн. Құттықтау.

Мақсаты: Оқушылардың туған күн жайлы түсініктерін кеңейту.

Білімдік: Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік, дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды бірін - бірі сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Амандасу.

- Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса, кісілерге сәлем берейік.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

ә) Сыныпты түгендеу. Жоқ оқушыларды белгілеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалімнің сұрақтары: Достарың кім? Досың қандай? Дос туралы қандай мақал білесіңдер? «Дос» сөзіне сөз тіркесі, сөйлем құра.

III. Жаңа сабақ. Балалар, достар туралы түсініктерің көрініп тұр. Осы достарымызбен, отбасымызбен бірге қандай мерекелерді тойлаймыз? (Оқушылар жауап береді.) Ал сыйлық алуды ұнатасыңдар ма? Олай болса, сөзжұмбақты бәріміз бірігіп шешейік. Орысша берілген сөздер тақтада ілулі тұрады, аудармасын табу арқылы сөзжұмбақ шешіледі. Әр оқушы өздері шешкен сөздерді плакатқа келіп маркермен жазып кетеді.

Т

У

Ғ

А

Н

К

Ү

Н

1.Дружный 3.Ученый 5. Точка 7. Дом

2.Время 4. Столица 6. Просторный 8. Хлеб

А). Жаңа сабаққа даярлау: 
туған күн –день рождения құттықтаймын – позравляю

тілеймін – желаю шын жүректен - от всей души

келешекте – в будущем

қонақ - гость

тілек, лебіз – пожелания әсемхат - открытка шын жүректен – от всего сердца

табыс – успех зор денсаулық–крепкое здоровье

бақыт – счастье ұзақ өмір – долгих лет жизни

сәттілік – удача тілеймін - желаю

Сөздікпен жұмыс: Жаңа сөздерді тақтаға жазу. а) сөздікті оқиды.

в) Дәптерге жаздыру.

б). Жаңа тақырып: сонымен бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – Менің туған күнім. Әр адам баласы өзінің туған күнің асыға күтеді. Туған күнді тойламайтын, күтпейтін бала жоқ. Балалардың көпшілігі туған күнінде сыйлық алуды ұнатады?

- Туған күнді міндетті түрде атап өту керек деп ойлайсың ба?

- Сен туған күніңе қандай сыйлық алғың келеді?

- Өзің қандай сыйлық сыйлағанды ұнатасың?

Туған күн кешінде.

Айгүл жазғы демалысында атасы мен әжесінің ауылына барды. Ауылдағы ағасы мен жеңгесі қалаға жұмыстарымен жол жүріп кеткен еді. Ауылдағы бауыры Әлидің ертең туған күні, ал оның ата- анасы кеш келетін болды. Ертемен Айгүл бауырын туған күнімен құттықтады. Оның көңілсіз түрін көріп:

- Әли, туған күніңе достарыңды шақыр, мен сенің құрметіңе жақсы кеш ұйымдастырамын - деді. Әли қуанғанынан әпкесінің бетінен сүйіп алды. Айгүл дүкеннен керекті азық - түлікті сатып алып келді. Ол тұшпара, құймақ және торт пісірді. Туған күн кешінің дастарханы да дайын болды. Кешке жиналған туыстар мен достар жақсы тілектер айтты, ән салып, би биледі, ойын ойнады. Кеш өте көңілді өтті. Атасы мен әжесі Айгүлдің бауырмалдығына сүйсініп, ризашылығын білдірді.

в). Мәтіннен кейінгі жұмыс:

Мәтінге бірнеше сұрақтар дайындау.

Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, оларды салыстырмалы және күшейтпелі шырай түрлеріне айналдыру.

Туған күн және ырымдар

• Туған күнге өткір заттар мен бөлме өсімдігін сыйлауға болмайды. Сондай-ақ, бет орамал, айна, тарақ тарту етуге де тыйым салынады.

• Туған күніңізде бос әмиянды қабыл алмаңыз. Әйтпегенде, осы жылы қаржылық қиындықтарға ұшырау қаупі бар, бес теңге болса да әмиянға салынуы керек.

• Дастарханға он үш адам отырмайды. Он төртіншіні міндетті түрде іздеңіз.• Туған күндегі жаңбыр, қар  – жақсылықтың нышаны. Әсіресе, таңертең күн шығып тұрып, арты жаңбырға ұласса тіптен жақсы.

• Осы жылдың қалай өтуі туған күнді қалай атап өткеніңізге байланысты. Егер, бұл күні айналаңызда жақсы достарыңыз болып, керектеріңізді сыйлаған болса, келер жылы да әр қадамыңыз қуаныш пен сәттіліктерге толы болмақ. Ал егер бұл күні көңіл-күйіңіз құлазып, жалғыз қалып жылаумен болсаңыз жыл бойы барлық қиындықты өзіңіз арқалайтын боласыз.

Кеспемен жұмыс:

1 – кеспе. Тиісті септік жалғауын қойып, көшіріп жазыңдар.

Жомарт сен туған күн кеші... сыйлық алдың ба? Гүлдерді үстел... ортасына қойыңдар. Қонақтар... сусын беріңдер. Сіз қонақ... жиі барасыз ба?

2 – кеспе. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аудару:

Бүгін менің ... . Мен он жасқа ... . Маған ... достарым келеді. Туған күнде әртүрлі ... сыйлайды, жылы ... айтылады. Қонаққа бай ... жайылады. Мен туған күнді ... жақсы көремін.

Тиісті сөздер: тойлатқанды, толамын, туған күнім, қонаққа, сыйлықтар, дастарқан, лебіздер

3 - кеспе. Дұрыс сөйлем құрау.

  1. Шын жүректен, жазыпты, әсемхатқа, тілектерін, достарым

  2. Туған күніме, қонақтар, менің, келді, көп

  3. Сыйлық, Сәуленің, туған күнінде, айтып, берді, жылы лебіздер

Сергіту сәті. Ән қойылады, балалар соған қарап тұрып билейді.

Келесі тапсырмада оқушыларға тірек сөздерді қолданып ашықхат дайындайды, құттықтау жазады. Оқушылар оны жатқа айту тиіс.

Тірек сөздер:

Құттықтаймын, ашық аспан, зор денсаулық, табыс, сәттілік, бақыт, жылы лебіз, тілеймін, туған күн, әсемхат.

Балалар енді жағдаятқа жауап берейік.

Сенің ең жақын досын бүгін сені қонаққа шақырды. Сен оған қымбат сыйлық әпергін келеді. Бірақ сенің ақшаң жоқ. Сен не істер едің? Бармай қалуға болмайды? Әр оқушы өз іс-әрекетін ауызша айтып береді.

1– тапсырма. а)Мәтінді түсініп оқу. Ауызша айтып беру.

Менің досымның аты - Дархан. Ол алтыншы сыныпта оқиды. Бүгін менің досымның туған күні. Ол ақпан айында туған. Мен досыма кішкентай сыйлық дайындадым. Мен досымды туған күнімен құттықтаймын.

ә)"Моншақ тізу" ойыны. Мәтіннен жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға бөліп жаз.

Жуан сөздерді.                                                 Жіңішке сөздер.

Дос                                                                         Менің

Туған                                             .                        Жетінші

Сынып                                                                   Бүгін

Сыйлық                                                                   Кеше

Ақпан                                                                     Күнімен

Оқиды                                   .                               Кішкентай

3. Сөйлесім. Диалогты толтырып, өзара сөйлесіңдер.

Туған күн.

1. –Сәлем...

-Сәлем...

- Сені ..... туған күніне шақырды ма ?

-Иә, шақырды. Ал сен барасың ба ?

- Иә, барамын. Екеуміз қосылып, бір сыйлық алайық.

- О, бұл дұрыс шешім. Сонда не апарамыз ?

- Ол қомпьютерлік ойын жақсы көреді, жаңасын таңдап сатып алайық.

-Жақсы, ертең дүкенде кездесейік. Көріскенше.

-Сау бол.

6. Қорытынды.

Не білемін

Не білдім

Нені білгім келеді?




Тест орындаймыз.

  1. Жай шырайы бар мақалды тап

А) Көк етікті киемін деп, көне етікке кез болған

Ә) Ата – бәйтерек, бала – жапырақ

Б) Қой аузынан шөп алмас

2. Ол туған күнде әнді жақсы айтты ма?

А) жақсы оқыды

Ә) жақсы тыңдады

Б) жақсы айтты

3. Құттықтау сөздерге қайсысы жатады?

А) тілек, хат

Ә) зор денсаулық, бақыт, табыс

Б) әсемхат, келді

4. «Кеше атамның туған күні болды» сөйлемінің дұрыс аудармасын тап

А) вчера я был у дедушки

Ә) вчера дедушка пришел

Б) вчера был день рождения дедушки

5. «Қымбат сыйлық сыйлады» сөйлемінен сын есімді тауып, шырай түрін анықта

А) салыстырмалы

Ә) жай

Б) күшейтпелі

Туған күніміз тортсыз болмайды? Ал олай болса мына торт сендердің құрметтеріне. Қазір үзілісте асханаға барып шай ішеміз.

Үй жұмысы: Досыңа не сыйлар едің? деген тақырыпқа сөйлемдер құрау.

Бағалау

Қоштасу

Туған күн кешінде.

Айгүл жазғы демалысында атасы мен әжесінің ауылына барды. Ауылдағы ағасы мен жеңгесі қалаға жұмыстарымен жол жүріп кеткен еді. Ауылдағы бауыры Әлидің ертең туған күні, ал оның ата- анасы кеш келетін болды. Ертемен Айгүл бауырын туған күнімен құттықтады. Оның көңілсіз түрін көріп:

- Әли, туған күніңе достарыңды шақыр, мен сенің құрметіңе жақсы кеш  ұйымдастырамын - деді. Әли қуанғанынан әпкесінің бетінен сүйіп алды. Айгүл дүкеннен керекті азық- түлікті сатып алып келді. Ол тұшпара, құймақ және торт пісірді. Туған күн кешінің дастарханы да дайын болды. Кешке жиналған туыстар мен достар жақсы тілектер айтты, ән салып, би биледі, ойын ойнады. Кеш өте көңілді өтті. Атасы мен әжесі Айгүлдің бауырмалдығына сүйсініп, ризашылығын білдірді.



1 кеспе

Тиісті септік жалғауын қойып, көшіріп жазыңдар.

Жомарт сен туған күн кеші... сыйлық алдың ба? Гүлдерді үстел... ортасына қойыңдар. Қонақтар... сусын беріңдер. Сіз қонақ... жиі барасыз ба?


2 кеспе

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аудару:

Бүгін менің ... . Мен он жасқа ... .Маған ... достарым келеді. Туған күнде әртүрлі ... сыйлайды, жылы ... айтылады. Қонаққа бай ... жайылады. Мен туған күнді ... жақсы көремін.

Тиісті сөздер: тойлатқанды, толамын, туған күнім, қонаққа, сыйлықтар, дастарқан, лебіздер


3 кеспе

Дұрыс сөйлем құрау.

1. Шын жүректен, жазыпты, әсемхатқа, тілектерін, достарым

  1. Туған күніме, қонақтар, менің, келді, көп

  2. Сыйлық, Сәуленің, туған күнінде, айтып, берді, жылы лебіздер
















































Қазақ тілі пәнінен 6 сыныпқа арналған ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы: Менің туған күнім








Мұғалім: Әбішева С.О


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ту?ан к?н. ??тты?тау.

Автор: Абишева Самал Оразовна

Дата: 18.03.2015

Номер свидетельства: 188474


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства