Просмотр содержимого документа
«Т?йы? етістік 7 сынып »
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік.
Сабақтың типі: білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:баяндау,сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты: етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру,оқушылардың етістік жайлы ілімдерін кеңейту.
Сабақтың білімділігі:оқушыларға тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғындыру,білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақты дамытушылығы:ауызша және жазбаша жаттығулар,үлестірмелі карточкалар,сабақта пайдаланатын мәтіндер арқылы тұйық етістікті тапқызу,жан-жақты талдау,оқушы ойын дамыту.
^Сабақтың тәрбиелілігі:сабақта пайдаланылған мәтіндер,мысалдар арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі:плакаттар,үлестірмелі карточкалар,қазақ тілін оқыту әдістемесі,көркем әдебиеттерден алынған мәтіндер,домбыра,оқулық,тақта,бор,суреттер,магнитті тақта.
^Пәнаралық байланыс:әдебиет,саз,орыс тілі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Етістіктің ерекшеліктерін,түрлерін еске түсіру.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
^Жаңа сабақ. Тұйық етістік.Тұйық етістік туралы түсінік беру.
Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі.Ол етістіктің өзге түрлері сияқты емес.Етістіктің шақ және рай категориялары жақпен,шақпен байланысты болғанын көрдіңдер.Ал тұйық етістік шақпен де,жақпен де байланысты болмайды.Тұйық етістік етістіктің атауы ретінде ғана қолданылады. Мәселен,бару,жүру,тұруетістіктерібару,жүру,тұру қимылдарының атын білдіріп тұр.
^Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату.
Тақтадағы плакатқа қараңыздар,маңызды белгілері бар екен,байқап көрелік.
(Плакаттағы жазылған етістіктің септелу,тәуелденулерін түсіндіру)
Ал осыдан нені байқап отырсыңдар,тұйық етістік қалай жасалады екен және қалай түрленеді екен? ...
Көру диктанты
Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жаз.
Тапсырманы уақытында ... керек.Мектепте және үйде тәртіпті ... керек. Үлкендерді ... керек.Ұйым жұмысына ... керек. Мәдениетті ... керек. Сабаққа белсенді ... керек.
Сыныпты 3 топқа бөлу. «Кім тапқыр?» ойынын ұйымдастыру.Ойын шартымен таныстыру.
1-топ.Мұқағали өлеңдерінен өлең шумақтарын оқу.
2-топ. Абай өлеңдерінен өлең шумақтарын оқу.
3-топ.Мақал-мәтел,жұмбақтар.Оқыту,тұйық етістікке қарай талдау.
Домбыраның сүйемелдеуімен ән айтып,сол ән шумақтарынан тұйық етістікті тапқызу.Ән авторларына тоқталу.Мысалы, «Кешікпей келем деп ең». М.Шаханов. Әні: Шәмші Қалдаяқов).
Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс жүргізу,тұйық етістікке талдау.дәптерлеріне жаздыру.
Жаңа сабақты байқау мақсатында үлестірмелі карточкалар және 210жаттығумен жұмыс.
Карточка №1
Өз бетіңмен тұйық етістікті ойла.Оған морфологиялық кешенді талдау жаса.
Карточка №2
Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.
^Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғып келеді.
Карточка №3
Төмендегі сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.
Күзде ағаштың жапырақтары сарғая бастайды.
Карточка №4
Сөйлемдердегі сөздерді түбір мен қосымшаға ажырат.
^Балалар ойнап жүр.Бізге сабақ блды.
Карточка №5
Шегелеудеген сөзге фонетикалық кешенді талдау жаса.
Карточка №6
Көрусөзіне математикалық кешенді талдау жаса.
Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында мынадай сұрақтар беріледі.
1.Тұйық етістік дегеніміз не?
2.Ол қалай жасалады?
3.Бір мысал ойла,септе.
4.Бір тұйық етістікті тәуелде.
Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма.Тұйық етістікті оқу.Көркем әдебиеттерден тұйық етістігі бар сөйлемдер жазу. ^Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.
^Сабақтың міндеттері: білімділік – етістікің райларларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық – етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу,жинақтау,талдау жұмыстарын жүргізу;тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,адамгершілікке,туған жерді сүюге тәрбиелеу.
^Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу,жинақтау сабағы.
Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң,кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.
«Етістікті рай категориясы неше топқа бөлінеді? Олар қалай жасалады?» деген сұрақтарға жауап алынады. ^IV.Жаңа сабақ.
Етістіктің райларын қайталау.Әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып,еске түсіру.Оқушыларды 4 топқа бөліп,топтарға райлардың атын беру.
Топ аттары тапсырмалар бойынша өзгеріп отырады,топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп,уақытылы бағалап отырады. ^V. Дамыту кезеңі.
1. 181-жаттығудың етістіктерді теріп жазып,ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту,сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
^Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай,ауыспалы өткен шақ).
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай,ІІ жақ,анайы түрі)
^Біздің бекінісіміз ойпңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).
Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен (шартты рай» тобына төмендегідей сөйлемдер беріледі:
«Жылаған шешемен бірге жыласа,жігіттің жігіт боланы қайсы,өйтсе,кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап,жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласынының жылағанын көрген соң,үйде қалған ананың көзінен жас кете ме,көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».
2. 182-жаттығу. а) Қалау рай,ашық рай,бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір-бір оқушы шығады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер беріледі. «Түстік өмірің болса,кештік мал жина», «Не ексең,соны орасың».
ә) Топтағы басқа оқушылар «Бақытты болу деген не?» атты ойтолғау жазады.Оқушылардың жұмыстары тексеріліп,рай түрлеріне талданады.
3. Оқушыларға жеке,жұптық,топтық тапсырмалар беріледі. «Ашық рай» тобына : «Шалқар – адалдық пен адамдықтың,кііліктің алдында тік тұратын,қыздарын қыз деп қойып қалмай,қыз бала деп сыйлайтын,екіжүзділікті өлімнен де жаман деп абылдайтын жандары таза халқы бар қалашық». «Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды»,
«Машинаның қарасы көрінбей кетісімен Маржан үстіне өзіне ұнайтын ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп,шашын төбесіне түйіп,есікті кілттеп далаға шықты».
Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап,бұйрық райға айналдыру.
«Шартты рай» тобына :
«Қарадан хан болсам,халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам,атам жараған болар,
Көнеден дәурен озса,жасы жетуден болар,
Көнеден қамқа тозса,дәурені кеткен болар».
Ер жігіт айтпайды.
Айтса,қайтпайды.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең,жалқаулық басынады.
Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Та жармаса,бас жарады.
Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып,ашық райға айналдыр.