Саба?ты? ма?саты: Т?л с?зді т?леу с?зге айналдыру жолдарын т?сіндіру. Т?л с?з бен т?леу с?з туралы білімдерін ке?ейту, орын т?ртібі мен тыныс белгілерін ме?герту, т?л с?з бен т?леу с?зді ажырата білуге да?дыландыру;
Саба?ты? міндеттері:
а) Білімділік: Т?л с?з бен т?леу с?з туралы білімдерін ке?ейту, орын т?ртібі мен тыныс белгілерін ме?герту, т?л с?з бен т?леу с?зді ажырата білуге да?дыландыру;
?) Дамытушылы?: о?ушыларды? ойлау ?абілетін, зейінін, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын, с?йлем ??рауын дамыту;
б) Т?рбиелік: – отанс?йгіштікке, ?лтжандылы??а, е?бекке, ?з білімін ба?алай білуге т?рбиелеу, ана тіліне деген с?йіспеншілігін арттыру
Саба?ты? типі: аралас
Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі
Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, т?сіндіру, талдау
П?наралы? байланыс: ?дебиет
К?рнекілігі: т?л с?з бен т?леу с?зге арнал?ан кестелер
Саба?ты? барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і
а) О?ушыларды? с?лемдесуі, т?гендеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?л с?зді т?леу с?зге айналдыру»
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары
Сабақтың мақсаты: Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарын түсіндіру. Төл сөз бен төлеу сөз туралы білімдерін кеңейту, орын тәртібі мен тыныс белгілерін меңгерту, төл сөз бен төлеу сөзді ажырата білуге дағдыландыру;
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Төл сөз бен төлеу сөз туралы білімдерін кеңейту, орын тәртібі мен тыныс белгілерін меңгерту, төл сөз бен төлеу сөзді ажырата білуге дағдыландыру;
ә) Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, пәнге деген қызығушылығын, сөйлем құрауын дамыту;
б) Тәрбиелік: – отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, еңбекке, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекілігі: төл сөз бен төлеу сөзге арналған кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгендеу.
ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Төл сөз бен автор сөзін құрастырып, мәтін құру.
2.Үй тапсырмасын бекіту.
Тест сұрақтары
1. Төл сөзді сөйлемді тап. А) Сен дегенде сөз барма? В) Әй дер әже,қой дер қожа жоқ. С) Балалардың соңғы ермегі—«Ақсүйек», «Соқыртеке». +Д) «Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл»,-дейді. Е) Саутты болу дегеніміз-дұрыс жазып,дұрыс сөйлеу. 2. Төл сөзді сөйлемді тап. А) Туған жер—алтын бесік. +В) –Білмеске сөзің қор боп кетер,-деген М.Дулатұлы. С) Бала жігіт бұйрықты екі етпейді Д) Бұл-ойланатын нерсе. Е) Әркім-әуелі өз аулының баласы. 3. Төлеу сөзді тап. А) Бүгін жылқышыларға да бірдеме болған сияқты. В) Жұман отыратын жерге бір әулие келіпті. С) Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті. Д) «Білмегенді біле бер»,-дейді Шәкәрім. +Е) Әжем үйге кіріп,малдың өрістен қайтқанын айтты. 4.Айжан: «Менің үйім алыс еді,ертерек қайтайын»,-деді.Қай жауап толымды және дұрыс? А) Айжан өзінің үйінің алыс екенін айтты. +В) Айжан өзінің үйінің алыс екенін және ертерек қайту керек екенін айтты. С) Айжан ертерек қайту керектігін айтты. Д) Үйіне қайту керектігін Айжан айтты. Е) Айжан айтты үйге қайтамын деп. 5.Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді тап. А) Ол: «Арман қалыңыз қалай»?-деді. В) Ол, «Арман, қалыңыз қалай?-деді. +С) Ол: «Арман, қалыңыз қалай?»-деді. Д) Ол: «Арман қалыңыз қалай?»-деді.
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады. Мысалы: «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деген Абай. Осы сөйлемде «мал жұтайды, өнер жұтамайды» деген Абайдың сөзі ешқандай өзгеріссіз айтылған күйінде беріліп тұр.
2.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер:
-негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады;
-бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;
-автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.
3.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары
1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық, /-дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.
2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.
3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екеніндеген көмекші етістік айтылады. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады.
4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.
5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса,-төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.
6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.
4.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарының мысалдарының кестесі:
ТӨЛ СӨЗ
ТӨЛЕУ СӨЗ
– Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы.
Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.
Әркім әр түрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды.
Әркім әр түрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды.
– Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің?
Қазақтың мұң-мұқтажының алтын діңгегі екенін айта келіп, басын көтерген қалыппен қайдан жүргенін сұрады.
– Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлнұр.
Гүлнұр оған сырымен бөліскелі келгенін айтты.
– Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.
1. Бірінші келген желаяққа заттай сыйлық дайын, - деп сайыстың демеушісі жарысқа қатысушыларды ынталандырды. (Сайыс жемеушісі жарысқа қатысушыларды ынталандырып, бірінші келген желаяқтарға заттай сыйлық дайын екенін ескертті).
2.Балалар қуана апайына: "Біз әлі көп жаңалық ашамыз!"- деді. (төл сөзді) (Балалар қуанып, өздерінің әлі де көп жаңалықтар табатындарын айтты.(төлеу сөз.)
3.«Білімсіздер тіліне берік болсын, Білімдінің тіліне ерік болсын.»-дейді Жүсіп Баласағұн
4. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз”,- деді Елбасы.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырып жазыңдар
– Мына жол сіздің ауылға, мына жол біздің ауылға апарады, - деді Санжар қалжыңдап.
– Біз бүгін егін алқаптарының жайы туралы сөйлесеміз, - деді ауыл әкімі.
–Бұл қыз менің қарындасым ,-деді Кенжетай, Асқардың сұрағысы келгенін біліп
–Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай, сөз бастау үшін
- Сізге айтар арызым бар, - дедім мен оған жақындап.
– Көкем сені шақырып жатыр, - деді Абзал Мақсатқа қарап.
– Ата, мына қазды атайықшы, - деді Төлеутай қуанып.
– Жоқ, балам, бұл қаздарды атуға болмайды, - деді қарт басын шайқап.
IV.Жаңа материалды бекіту.
Орын тәртібі арқылы сөйлем құрастырып жазыңдар. Тиісті тыныс белгілерін қойыңдар
1-топ. Төл сөз – автор сөзі.
2-топ. Автор сөзі – төл сөз.
3-топ. Автор сөзі – төл сөз – автор сөзі.
4-топ. Төл сөз – автор сөзі – төл сөз.
V. Үйге тапсырма.
Төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазыңдар
Асан әкесінің көп жылдардан бері Жарасбайдың жылқысын бағатынын айтты
Хакім қазір өзінің мына жақта шаруасы болып соған баруға асығып отырғанын салмақты түрмен айтты
Марлан қонақтарына орын ұсынып, Мұратқа кешегі үндеудің қалғаны болса, тез көбейтіп жіберуді тапсырды.
Ол – Шоқан Уәлихановтың қырғыз халқына да қадірлі адам екендігін айтты.