?йымдастыру кезе?і «Психологиялы? дайынды?» «?рмек» ойыны ар?ылы ж?ргізіледі. О?ушылар бір-біріне жа?сы тілектер айтып жіп ла?тырып, бір ?шын ?здері ?стап отырады.
??рметті о?ушылар, міне, осы тілектерді? жал?асы ретінде мен сіздерге с?ра? ?оямын, жауап берген адам жіпті а?ырындап жинап отырады, со??ы о?ушы ма?ан тілек айтып жіпті береді.
Просмотр содержимого документа
«Тіл ?старту сааб?ы»
Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі
Ашық сабақ
Қазақ тілі
8-сынып
Тіл ұстарту. «Тарихха шолу».
Дайындаған: Арғынғазина Айгүл Таңатқызы,
I- санатты мұғалім
Қарасу ауылы, 2015 жыл
Қазақ тілі, 8-сынып
Күнделікті сабақ жоспары
Сабақ № 89, 24.04.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту. «Тарихха шолу».
Сабақтың мақсаты:
- оқушылардың қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы бойынша алған білімдерін тексеру, 5-8 сыныптар бойы алған білімдерінің нәтижелілігін көрсету;
-оқушыларды туған елі тарихында болған түрлі оқиғаларды білуге, құрметтеуге, бабалардың ел тәуелсіздігі жолында атқарған қызметтеріне бас июге, бүгінгі бірлікті дәріптеуге тәрбиелеу;
- оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету, ізденіс, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Типі: қайталау сабақ
Түрі: сайыс
Әдістері: сұрақ-жауап,тіл дамыту, іздену.
Көрнекілігі: қоржындар, қима қағаздар, оқулық, жұмыс дәптері, бағалау текшелері.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
ТСО: интербелсенді тақта, слайдттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Мені уақыт шыңдады, шынықтырды.
«Күрес - бақыт» дегенді шын ұқтырды.
«Қазақпын» деп жауға айтам қасақана,
Біліп қойсын, болса ойы жұғысатын
- деп «Мен - қазақпын» поэмасында Жұбан Молдағалиев ағамыз жырлағандай «Тарихха шолу» деп аталатын бүгінгі тіл ұстарту сабағымызды бастаймыз.
«Психологиялық дайындық» «Өрмек» ойыны арқылы жүргізіледі. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып жіп лақтырып , бір ұшын өздері ұстап отырады.
Құрметті оқушылар, міне, осы тілектердің жалғасы ретінде мен сіздерге сұрақ қоямын, жауап берген адам жіпті ақырындап жинап отырады, соңғы оқушы маған тілек айтып жіпті береді.
Қызығыушылықты ояту. «Кім жылдам ?» ойыны арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
Биыл Қазақстанда қандай айтулы мерекелер аталып өтіледі?
Қазақтың алғашқы хандары кімдер?
Қазақтың соңғы ханы кім?
«Шығыстың қос жұлдызы» - Совет Одағының Батырлары кімдер?
Рейхстагқа кім Жеңіс туын тікті?
Қазақстан Халқы Ассамблеясы қашан құрылды?
Өте жақсы ендеше сіздер берген жауаптарыңызға қарай : хандық туралы сұраққа жауап бергендеріңіз бір топ, қалған сұраққа жауап бергендеріңіз екінші топ болып отыра қойыңыздар. Біз барлығымыз бірігіп тарихха шолу жасаймыз. Әр аялдамаға тоқтап сонда білгендерімізбен бөлісіп, алатын сыйлықтарымызды жандарыңыздағы қоржындарыңызға саласыздар, сабақ соңында жинаған сыйлықтарыңызды санап, бағалаймыз.
«Тарих ата» және «Келешек» топтары
ΙΙ.Сайыс сабаққа кірісу:
«Қазақ хандығы» аялдамасы
Эпиграф
«Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік,
келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды». Н.Назарбаев
А) «Қазақ хандығы» мәтінінде берілген көнерген сөздерді тап.
Ә) 3 көнерген сөзбен сөйлем құра.
Б) Осы сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
В) «Ей, Абылай, Абылай» және «Қызғыш құс» өлеңдері оқылады.
Оқушылар жауаптары киіз үйлермен бағаланады. (1 тапсырма - 1 киіз үй).
Осы аялдамамен Жұбан ағамыздың мына бір тамаша өлеңі арқылы қоштасқым келеді:
Жүргенімде жүдеткен түнде езіле,
Дүр сілкінтіп дүмпуіл тиді өзіме.
Ұлы аралдай жер-мұхит астындағы
Қалқып шықтым түнектен күн көзіне
«Отты жылдар жаңғырығы» аялдамасы
Эпиграф :
«Ерлік –елге мұра, ұрпаққа - ұран»
Құрметті оқушылар, бұл аялдама неліктен осылай аталды деп ойлайсыздар?
А) Ребус арқылы тапсырманы шешу.
Ә) Слайдтағы өлеңді жаттауға 5 минут уақыт беру, содан соң жатқа жаздырту:
Кестелі орамал
Кестелі ақ жібек орамал
Алыстан жолдаған сүйген жар
"Жауынгер жарым сен, есіңе ал"
Деп жазған оюлап хаты бар
"Жауынгер жарым сен, есіңе ал"
Деп жазған оюлап хаты бар
Б) «Кестелі орамал» сөзіне фонетикалық талдау жасау
«Кестелі орамал» әнін тыңдап, соғыс хроникасын көрумен аяқталады.
«Европа да, Азия да емеспін мен ....» аялдамасы
Эпиграф :
«Бірлік бар жерде – тірлік бар».
Мына берілген сөздерді қолдана отырып эссе жаз, тақырып қой:
А) Бірлік, дана халық, ұлттар тұтастығы, халықтар достығы, діні басқа, Қазақстан халқы ассамблеясы, 130 астам ұлт, тату-тәтті, ауыз бірлік және т.б.
Бірлік күніне
«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегіннен тегін айтылмаса керек. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырық шаттық пен қунышқа кеңелсін. Бір ту астында жиналған халықтардың тілі басқа-діні басқа бірақ айтар, аңсар тілектері бір. «Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа-жүрегі бір» ұлтаралық келісім мен бірліктің арқасында, міне, биыл «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жыл». Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Ә) Аспанға, әлем кеңістігі, жер серігі, Байқоңыр, ғарыш айлағы, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, 200 күнге жуық және т.б.
Ғарышкерлер күні
Ерте заманнан – ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Ал қазір аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады. Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты бақылайтын жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңістігін зерттей бастады. «Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда. Ғарышта ғарышкерлер міндетін ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевта ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талғат Мұсабаев «Союз ТМ - 27» ғарыш кемесінің басшысы болып, ғарышта 200 күнге жуық жүрді. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады.