Б?гінгі Тілдер мерекесі де ?зге тілдерді ?гей к?рмегеніні?, жалпы ел болып Тілдер мерекесін тойлау?а ба?ыттал?ан бейбіт ?адамны? бірі. Біра? б?л ?здері жерін еміп, суын ішкен елді? тілін білмеу керек дегенді білдірмейтінін білген бауырмал ?лттар бая?ыда-а? ?аза? тілін ?ас ?а??анша ?йреніп алды. Алайда кей ?з ?андастарымыз бен ат т?беліндей ?зге тілді ?ауымны? мемлекеттік тілді мойындамай ??м менсінбей келе жат?аны к??ілге кірбі? ?ялатады. ?зге тілдерді? дамуына да ы?пал етіп отыр?ан ?аза? елін «тіл жауы» етіп к?рсету к?ргенділікке жатпайды. Рас, мемлекет тарапынан мемлекеттік тілді? м?ртебесін ?сіру ма?сатында?ы игі істерді? к?н санап артып келе жат?аны жасырын емес. Т?птеп келгенде б?л ?алыпты жа?дай болуы тиіс. ?йткені ?ай елде болмасын, мемлекеттік тіл ерекше басымды??а ие. Ал бас?а ?лт ?кілдері сол тілді? т??ірегіне ж?дыры?тай ж?мылуы керек. Егер тілді? ?атынас ??ралы екенін ескерсек, бізді? елімізде ?аза? тілі сол функцияны ат?аруы тиіс. ?аза?стан хал?ы бір тілде – мемлекеттік тілде тілдесуі ?ажет. Ел Президенті Н?рс?лтан Назарбаевты? с?зімнен айтса?,
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Тіл т?уелсіздік т??ыры"»
Тіл тәуелсіздік- тұғыры
Бүгінгі Тілдер мерекесі де өзге тілдерді өгей көрмегенінің, жалпы ел болып Тілдер мерекесін тойлауға бағытталған бейбіт қадамның бірі. Бірақ бұл өздері жерін еміп, суын ішкен елдің тілін білмеу керек дегенді білдірмейтінін білген бауырмал ұлттар баяғыда-ақ қазақ тілін қас қаққанша үйреніп алды. Алайда кей өз қандастарымыз бен ат төбеліндей өзге тілді қауымның мемлекеттік тілді мойындамай һәм менсінбей келе жатқаны көңілге кірбің ұялатады. Өзге тілдердің дамуына да ықпал етіп отырған қазақ елін «тіл жауы» етіп көрсету көргенділікке жатпайды. Рас, мемлекет тарапынан мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру мақсатындағы игі істердің күн санап артып келе жатқаны жасырын емес. Түптеп келгенде бұл қалыпты жағдай болуы тиіс. Өйткені қай елде болмасын, мемлекеттік тіл ерекше басымдыққа ие. Ал басқа ұлт өкілдері сол тілдің төңірегіне жұдырықтай жұмылуы керек. Егер тілдің қатынас құралы екенін ескерсек, біздің елімізде қазақ тілі сол функцияны атқаруы тиіс. Қазақстан халқы бір тілде – мемлекеттік тілде тілдесуі қажет. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімнен айтсақ,
«Мемлекеттің тіл – Қазақстан халқын ұйыстырушы фактор болуы керек». Қала берді, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі» деп анық жазылған. Одан әрі: «Қазақстан халқын топтастырудағы аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» екендігін атап көрсеткен. Өйткені мемлекеттік тіл – еліміздегі барша ұлтты бір мақсатқа ұйытудың басты кепілі екені анық. Оған Елбасының биылғы Қазақстан Халқына Жолдауындағы «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс» екендігін қадап айтқанын қосыңыз. Бұл – міндеттелген мақсатты меже. Сондықтан қазақ тілін үйрену жерімізге қоныс тепкен кез келген ұлттың өздеріне құшағын жайған қазақ елінің алдындағы азаматтық борышы болуы керек.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне қатысты Елбасымыздың: “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” дегені әркімнің де есінде болар. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Сондай-ақ, қазақ тілі - мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Тіл мәртебесін көтеру туралы Елбасымыз өзінің биылғы Жолдауында да ерекше атап өтті. «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді.Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деген Елбасымыз мемлекеттік тілді ұлық тұтуды басты борыш санау керектігін алға тартып, бұл жолда біріге жұмыс істеуге шақырғаны анық. Сондықтанда ана тілімізге деген құрметті бүгінде алдымен балабақшадан бастап, мектептерде, кейін жоғары оқу орнында дамыта білсек, нұрлы келешекке деген сенім нығая түседі. Тіл тұғыры – ел тұғыры. Оның қолданылу аясын мемлекеттік мекемелерде де күшейте түссек нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, әр мемлекеттік мекеме басшысы мен қызметкерлердің тілге жанашырлығы, мемлекеттік тілді дамытуда мемлекеттік талапты қолдауы және мемлекет тіліне құрметі арқасында ғана мемлекеттік қызметтің мәртебесі өз биігіне көтеріле алады.Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге ерекше назар аударылып отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деуінің де үлкен мәні бар. МемлекетбасшысбиылғыхалыққаарнағанЖолдауындақазақ тіліне ерекше көңіл бөлді. «2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады» деп атап көрсетті.
Мемлекет айрықша назар аударып отырған мемлекеттік тілдің маңызын ел ішінде кеңінен насихаттап отырған басылымдардың бірі әрі бірегейі – ұлт газеті «Ана тілі». Газет өзі өмірге келген күннен ұлтымыз үшін қасиетті саналатын қазақ тілінің жай-күйін жан-жақты қозғап келеді. Тіл тақырыбына байланысты мақалалар «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры», «Тілі мықтының – елі мықты», «Толғауы тоқсан туған тіл», «Тілін білген түбін біледі», «Тіл мен тұлға», «Тілбұзарға – тосқауыл» секілді айдарлармен жарық көріп келеді.Мемлекеттік тілдің маңызын насихаттауды мақсат тұтқан газетке жүктелер жауапкершілік те зор. Сол себепті де басылым жыл сайын жаңа айдарлармен толығуда. Мәселен, кейінгі кездері газет бетінде пайда болған «Өзімізден бастайық», «Ұлы дала атаулары», «Айтұмар», «Ақберен», «Түбі бір түркінің тілі бір» сынды жаңа айдарлар – осының дәлелі.«Өзімізден бастайықты» тілге төбесінен қарайтындарды тәубеге келтіретін мінбер десек болады. Ықшам әрі сұрақ-жауапқа құрылған айдар бүгінде көптің көңілінен шығып үлгерді. Айдар кейіпкерлерінің ішінде Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнер иелері де бар.Ұлттық идеологияның ірі саласы – ономастика. Дегенмен, бұл салада әлі де өз кезегін, шешімін күтіп тұрған мәселелер жетерлік. Осы ретте газетімізде
«Жеріңнің аты – бабаңның хаты» атты айдармен бүгінгі ономастика саласында қордаланып қалған проблемалар көтеріліп жүр. Әсіресе, халықтың көкейінде жүрген «Ономастика туралы» арнайы заңның қажеттілігі жайында сан рет жазылды. Бүгінде жобасы жасалған бұл заң алдағы уақытта қабылданар деген үміттеміз. Бұдан бөлек ұланғайыр ұлы даламыздың ой-шұқыры, тау-тасы, өзен-көлінің атауы да төл тарихымыздан тамыр тартатыны белгілі. Бүгінгі ұрпақ оның бірін білсе, бірінен бейхабар. Кейінгі буын бабалары қорғап қалған туған жердің атауларымен таныс болсын, тарихына үңілсін деген ниетпен «Ұлы дала атаулары» деген айдар ашқан едік. Әр облыстағы жер-су, елді-мекен атауларынан мол мағлұмат беретін бұл айдарды да оқырмандар асыға күтетіні байқалады.Ал терминология түйткілдері төңірегінде айтары бар тұрақты оқырмандарымыз газетіміздің «Терминология және уақыт» айдарында ойларын ортаға сала алады.Түркі тілдес халықтар тілдерінде өзара ұқсастықтар мен ортақ белгілер бар екендігі белгілі. Өкініштісі сол, түркі тілдес кей халықтардың тілдері тарихтан өшіп үлгерсе, бірі жойылудың аз-ақ алдында тұр. Осы және басқа да бауырлас халықтардың тілдері жайынан «Түбі бір түркінің тілі бір» айдары сыр шертеді.Осы ретте газетіміздің ойлы оқырмандары мен тіл жанашырларының ыстық ықыласына бөленген «Сөзтаным» қосымшасын айтпай кетуге болмас. Оның негізгі мақсат-мүддесі – оқырманды халқымыздың бай тілдік мұраларымен танымдық, тағылымдық, этимологиялық, тіл мәдениеті тұрғысынан таныстыру.Қазақтың зиялы қауымы жылы пікір білдіріп жүрген «Алты алаштың ардағы», «Дулығалы дала перзенттері», «Тарих тұңғиығындағы таңбалы сыр» атты айдарларымыз да бар. Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғалардың өмір-тарихы жайында тұщымды, тағылымы мол зерттеу-мақалалар бүгінде бір академиялық жинаққа жүк болардай.Ал «Махаббат, қызық мол жылдар» – Сіз бен біз танитын тұлғалардың тағылымды ғұмырларынан сыр шертетін хикаяттар жиынтығы. Уылжыған шақтағы ұмытылмас кездер, сезім тербеген сәулелі сәттер тиегі де осында ағытылады. Жұбайлар жарасымының жазылмаған қағидалары да бас кейіпкерлердің аузымен баяндалады. Езу тартып отырып еске алатын ерекше кездерді де кейіпкердің өзінен естисіз.
Газетімізден ойып тұрып орын алатын «Шаңырақ» отбасылық пікіралмасу отауы мен «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» айдарынан өзара үндес, мүдделес мақалаларды оқуға болады. Тал бесік пен жер бесіктің арасындағы ғұмыр, қазіргі қазақтың жайы, ана мен бала, ата мен немере, ене мен келін, ұстаз бен шәкірт дейсіз бе, жалпы «ұлт пен ұрпақ» атты ұлы ұғымның мазмұны осы айдарларда ашыла түседі.Сөз соңында айтарымыз – мемлекеттік тілге қатысты күрделі мәселелерді жүйелі түрде көтеру «Ана тілі» газетінің басты мақсаты болып табылады. Ендеше, қарға тамырлы қазақтың қамын жейтін, ата дініміздің бүтіндігін ойлайтын, салт-дәстүрді асылдың сынығындай сақтайтын, ұлттық құндылықтарды көзінің қарашығындай аялайтын, ұрпағына ұлағатты тәрбие беруді көздейтін «Ана тілі» газеті әр қазақтың рухани серігі болса екен, әр шаңырақ төрінен орын алса екен дейміз.Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. «Тіл-тәуелсіздіктің тұғыры», «тіл асыл ойдың бұлағы», «тіл-ұлттың жан дүниесі», «тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузынан түспей, қаншама ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.Үзілмей келе жатқан даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.Еліміздің басынан талай қиын кезеңдер зұлматтың қайғылы күндері болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы ана сүтімен дарыған ана тілі. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы –отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңмен бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып саналады. Бұл – ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. Ақын Оразақын Асқар «Тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде:
Көрінесің көзге шыққан сүйелдей,
Сұрақтар да шаншу болып тиейр кей.
Құтылмайсың барлық тілді білсең де,
Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей...
Ана тілінде ата-баба сыры бар,
Аудармадан түпнұсқадан кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар, – деп, жүрегінен шыққан өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге басты тірек екенін баяндаған.Бүгінгі қазақ тілінің болашағы мен тағдыры Елбасымызды аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі- бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Сондай-ақ, кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға, 2020 жылға қарай 95 пайызға жеткізуді міндеттеді. Жолдауда 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін қазақстандықтардың саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс екендігін айтты. «Үштұғырлы тіл» идеясы туралы мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынған болатын. Яғни, идеяның негізі мынандай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш бірдей қолданатын жоғары білімді мемлекет ретінде тану керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – қарапайым тілмен айтқанда, дамыған мемлекеттермен терезесін теңестіру солардың қатарына қосылу үшін қажет. Сондай-ақ бұл идеяны мынандай қарапайым формуламен көрсетсе болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. «Үштұғырлы тіл» бұл – өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Бірнеше тілде бұлбұлша сайрайтын, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де өзге елдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады, болашағы жарқын болады, оған қоса әлемдегі кез-келген оқу орнында білім алуға мүмкіндік туады. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламар қабылданып, қаншамасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мемлекеттің қызметкерлеріне үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Сонымен қатар мектептер мен бала-бақшаларда осы идеяға байланысты шаралар мен байқаулар өткізіліп жатыр.Статистикаға сүйенсек, қазір елімізде 35 мектеп үш тілде сабақ беріп, аталмыш тәжірибені енгізіп отыр. Мектептерде ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқытылса, мектепке дейін мекемелерде де ағылшын тілін үйретуде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясында» 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне, латын қарпіне көшу қажеттілігін айтты.«Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн», – деді
Президент.Шынында да, әліпби ауыстырудың саясатқа да, басқаға да қатысы жоқ, ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етіп отыр. Қазіргі жастар ағылшын тілі мен интернетті еркін меңгеріп алды, сондықтан жастарға латын әліпбиіне көшу қиындық туғызбайтыны сөзсіз.«Қазіргі күні қазақ тілі компьютер арқылы шетелдермен байланысқа шығып, жұмыс жасау қиындық келтіріп отырғаны өтірік емес, мысалы бір мысал келтірсем, аты-жөнімізді қазақша жазсақ олар түсінбейді, сол үшін оны орысшаға бұрмалап жауымыз керек болады, сондықтан латын тіліне көшкеніміз жөн», – деп жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев ағамыз бір сұхбатында айтқан екен.Менің ойымша, латын әліпбиіне көші технология мен инновацияны тез меңгерудің кілті. Қазір дамыған елдердің ғаламторын ашып қалсаңыз, теледидарын қосып қалсаңыз ақпарттар ағынын латын қарпімен оқисыз. Сондықтан, латын әліпбиіне көшу – өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі.Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен байланысы одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасау да жеңілдене түсер еді. Жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы – ортақ әліпбиді қолданысқа енгізу. Болашақта түрік халықтарының жазуындағы бірлік сақталатын болса, негізгі мақсаттарымыздың бірі орындалған болар еді. Тіпті, өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге деген сұранысын туғызуы әбден мүмкіТоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тоқталсақ, «тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.Мақаламды Ғабиден Мұстафиннің бір сөзімен аяқтағым келіп тұр:«Түрлі-түрлі байлық бар, солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы бәрінен де сенімді».