Просмотр содержимого документа
«"Тілім мені? тірегім"»
«№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Тілім - менің тірегім»
Өткізген: Қанатова А.Д
Сыныбы: 6 «Б»
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Тілім - менің тірегім» Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - ана тіліне деген құштарлықты арттыру; - ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, слайд
Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрғызамын, бір - бірімен, менімен сәлемдеседі. Сабақ тақырыбымен таныстырамын және мына өлеңді бірге айтуды ұсынамын: Ана тілім - ұраным, Ана тілім - құралым. Ана тілім болмаса, Болмас еді жыр - әнім. Ана тілім - елдігім, Ана тілім - ерлігім. Ана тілім болмаса, Бүтінделмес кемдігім...
Оқушыларды топқа бөлемін.
Туған тілім өлеңінде қандай мағына жатыр деп слайдтан көрсетін, ой қозғау жүргіземін Туған тілім - бабам тілі - өз тілім! Туған тілім - анам тілі - өз тілім! Туған тілім - далам тілі - өз тілім! Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
Талдау: Неліктен тілді анамен байланыстырамыз? Қандай адам өз тілін құрметтейді? Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?
Мақалдың жалғасын тап:
1. Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса,... 2. Өнер алды -... 3. Жіптің ұзыны, сөздің... жақсы. 4. Піл үшті, Піл күшті емес,... күшті. 5. Отыз тістен шыққан сөз, Отыз рулы... тарайды. 6. Жүйелі сөз - жүйесін табар, Жүйесіз сөз -...
«Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқаным да - ақ берген білім», деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.
ЖАҢА АҚПАРАТ «ҚР мемлекеттік тілі - қаза тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету - әрбір азаматтың міндеті»
ТАПСЫРМА «Ана тілің - арың бұл» деген сөзді түсіндіріп беріңдер.
ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС ТАПСЫРМА: Нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндір 1. Тіл жер жерде ұлт жоқ Ш. Айтматов 2. Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. А. Жұбанов 3. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б. Момышұлы Қорытынды: Оқушылар бір-біріне жақсы лебіздерін айтады. Ұлтшыл бол, қазақ тілін құрметте. Өз тілімізді сақтайық т.б.