kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл ж?йрікте кім ж?йрік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:
1) о?ушыларды? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?нінен білімдік де?гейлерін бай?ау, саралау;
2)о?ушыларды е?бекс?йгіштік, адалды? борыш, ар-?ят секілді адами ?асиеттерге т?рбиелеу;
3) ана тілі ар?ылы о?ушыларды? рухани д?ниесін, шы?армашылы? ?абілетін арттыру;
(сыныптан тыс іс-шара 6 сынып о?ушыларына ?йымдастырылады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл ж?йрікте кім ж?йрік »

Тіл жүйрікте кім жүйрік?

(сыныптан тыс сайыс сабағы)

Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
(сыныптан тыс іс-шара 6 сынып оқушыларына ұйымдастырылады.


Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген- дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!


- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Муканова Нургуль Сериковна және Габдуллина Акжанар Жасболатовна . Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.


- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Сыныптың білгірлерін шақырылады.





– Бүгінгі біздің сайысымыз 10 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру
2. «Сөз болаты –мақал»
3. " Тапқыр болсаң - тауып көр "

4. Ғажайып сурет
5. «Кім жүйрік?»
6. «Кім тапқыр?»
7.  «Алтын сандық ».

8. «Ұқсас сөзді тап»
9. «Қ» ойыны.

10. «Зымыран сұрақтар»


1. Таныстыру. «Сәлем-сөздің басы». Бұл бөлімде әр оқушы өзінді таныстырады.
– Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.



2 «Сөз болаты –мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді.

Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тап

1.Денсаулық-..........зор байлық

2.Күлме досына......келер басына

3.Ас қадірін-.......тоқ білмейді

4.Балалы үй-базар

5.Баласыз үй- .....мазар

6.Бес саусақ .....бірдей емес

7.Туған жерге...туын тік

8. Көп сөз –күміс

Аз сөз-.....алтын

9. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз-.......күнің жоқ

10.Күш –білімде

Білім-...кітапта

11.Досы жоқ адам,

Тұзы жоқ....тағам

12.Туған жердей жер болмас,

......туған елдей ел болмас



3 бөлім : " Тапқыр болсаң - тауып көр " бөлімінде оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші бөліміне өтейік.

1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).
5. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
6. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
7. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? 
8. Қазақ тілінде неше жалғау бар. Оларды ата(көптік жалғау,септік жалғау,тәуелдік жалғау,жіктік жалғау) 
9. Морфология нені зерттейді? (сөз құрамы, сөз таптары)
10. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.
11. Тілдер мерекесі қай күні өткізіледі?

12. Қазақтың ұлттық киімдерін ата.



– Құрметті әділ қазылар ұпай сандарын көтерсеңіздер.

4. Ғажайып сурет

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Соларды енді жарыстырып көрелік!

Бір бетке суретті салып әңгімелеу


5. «Кім жүйрік?» (бір сөз құрамындағы әріптерден сөздер құрау

Қазақстан

6. «Кім тапқыр?» берілген әріптен басталып сөздерді тап А,Б,Қ,М



А Б Қ М

1 қала 2киім 3 тамақ 4 атақты адамдар



Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.

7.«Алтын сандық ». Берілген әріптен сөздерді тап.

1.Зат есім - Ә 2. Етістік -Д 3. Сан есім- Ж 4. Сын есім-Қ


8. «Ұқсас сөзді тап»

Шаш- Қала -

Бор- Сабақ-

Дана- Ыдыс-

Ас- Қар-


9. «Қ» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын анықтау, ізденімпаздылыққа бағыттау.

Ойын шарты: «Қ» әріпінен басталып, «Қ» әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын 5 сөз ойлап жазу.

Қ

а

з

а

Қ

Қ




Қ

Қ




Қ

Қ




Қ

Қ




Қ

Қ




Қ

Қ




Қ

10.« Зымыран сұрақтар»
Сұрақтарға тез жауап бер


1. Мектеп қай көшеде орналасқан?
2. Күз айларын ата?
3. Неше рәміз бар?
4. Туда не орналасқан?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Көктемде не болады?
7. Қандай азық - түліктерді білесің?
8. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?
11. Апта күндерін ата?
12. Жазда не болады?
13. Әнұранның авторларын ата?
14. Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
15. Біздің мектеп қандай?
16. Қандай мерекелер бар?
17. Қазақ тілінде неше септік бар және оны ата
18. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
19. Қыс айларын ата?
20. Елтаңбада не орналасқан?



– Құрметті әділ қазылар ұпай сандары сұралады. 


-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
Желмаяның үстінде желіп тұрып;
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл ж?йрікте кім ж?йрік

Автор: Чиркова Гульмира Насыпкалиевна

Дата: 12.02.2015

Номер свидетельства: 172102


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства