kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Телефонмен с?йлесу ?дебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты.

Білімділік – о?ушыларды? телефон туралы т?сініктерін ке?ейту, телефонмен с?йлесу ?дебін ?йрету, орфография мен орфоэпия за?дылы?тарымен таныстыру.

Дамытушылы? – о?ушыларды? ойлау ?абілетін, ой-?рісін ке?ейту; с?здік ?орын молайту; ?зіндік пікір ?алыптастыру?а да?дыландыру.

Т?рбиелік – с?здерді д?рыс айта ж?не жаза білуге ?йрету, телефонмен  с?йлескенде ?деп са?тау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Телефонмен с?йлесу ?дебі»

«№26 орта мектеп» ММ















Ашық сабақ

Тақырыбы: Телефонмен сөйлесу әдебі.











Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Аскарова Г.А.



















2015-2016 оқу жылы

Күні: 17 желтоқсан 2015 жыл

Класс: 5 «в»

Сабақтың тақырыбы: Л.т.: Телефонмен сөйлесу әдебі

Г.т.: Орфография, орфоэпия

Сабақтың мақсаты.

Білімділік – оқушылардың телефон туралы түсініктерін кеңейту, телефонмен сөйлесу әдебін үйрету, орфография мен орфоэпия заңдылықтарымен таныстыру.

Дамытушылық – оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту; сөздік қорын молайту; өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік – сөздерді дұрыс айта және жаза білуге үйрету, телефонмен сөйлескенде әдеп сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, ұялы телефон, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)амандасу;

ә) оқушыларды түгелдеу;

б) оқу құралдарын тексеріп, оқушының зейінін сабаққа аудару.

Оқушыларды топқа бөлу. Қағаз қиындылары арқылы оқушылар «NOKIA», «Samsung», «IPHONE» топтарына бөлінеді.Әр топ мүшелері ұялы телефонға ие болады, бірақ оны қолдану үшін «құпия санды» теру керек. Оны тапсырмаларды орындау барысында біледі.

Психологиялық дайындық . Сабақты бейнебаян арқылы бастау. Интерактивті тақтадан Е.Есмахан мен Т.Төреәлінің «Алло» бейнебаянынан үзінді көрсетіледі. Мақсаты – жаңа сабақтың тақырыбын табу. Оқушылардың пікірі сұралып, тақтаға ассоциациялық сөздер жазылады. Мысалы: ұялы телефон, сөйлесім, диалог, қазақ тілі , т.б.Берілген сөздер жалпыланып ,сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А4 форматына СМС хабарламадан үзінді жазып келу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөздікпен жұмыс.Аудио тыңдалым.Лексикалық минимум дәптерлері арқылы тексеріп, сөздердің айтылым-жазылым формаларымен танысады.

ІV. Жаңа сабақты игерту тапсырмалары.

Мәтінмен жұмыс. Тақтаға мәтін ілінеді. Оқушылар кезекпе-кезек келіп, мәтіннің ішіндегі сөздерді жаттап, топ мүшелері мәтінді жазу керек. Кейін топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Жалпы аударым жасалады.

Біреуге қоңырау шалсаң, алдымен амандас. Өзіңнің кім екеніңді айт.Телефонда қысқа, түсінікті сөйле.Кітапханада, театрда, мектепте, сабақ үстінде, мұражайда т.б. телефонды сөндіріп қой.

Тапсырма орындалғаны үшін әр топтың өз «құпия саны» беріледі.

Грамматикалық тақырыппен танысу.

Оқушылар тақтада жазылған мысалдарға қарап, өздері ереже жасайды. Төмендегі сөздер: құлпынай – құлпұнай, басшы-башшы,Жезқазған-Жесқазған. Оқушылардың пікірі тыңдалады, ереже құралады. Орфография- дұрыс жазу, орфоэпия-дұрыс айту мағынасын білдіреді.

Дәптермен жұмыс.81 бет №5 тапсырманы жазбаша орындау.

Екі бағандағы сөздерді сәйкестендіру.

Ақырын қой шақырыңышшы

Шақырыңызшы ақырын ғой

Қоңырау түссе сөйлөс

Сөйлес қоңырау түссө

Шұңқыр таңғурай

Рөлге отыру өнөрлү

Таңқурай шұңқұр

Өнерлі рөлгө отыру

Тапсырма орындалғаннан кейін «құпия сан» беріледі.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар диалогті актерлық шеберлікпен оқуы керек.

Әнел: — Алло, сәлеметсіз бе?

Екінші адам: — Саған кім керек?

Әнел: — Маған Айжан керек еді. Айжанды шақырып жіберіңізші.

Екінші адам: — Ол үйде жоқ!

Әнел: — Кешіріңіз, ол қашан келеді?

Екінші адам: — Мен қайдан білейін?

Әнел: — Өтінемін, Айжан келсе, маған телефон соқсыншы, – деп айтыңызшы. Телефон нөмірімді қалдырайын.

Екінші адам: — Мазамды алма, айналайын,телефон нөміріңді жазып тұруға уақытым жоқ!

Әнел: — Сау, болыңыз!

Екінші адам: - ...


Әр топтың екі оқушысы диалог оқиды, қалған оқушылар «Сиқырға толы сыйлы қоржын» ойынын ойнайды. Қоржынның ішінде «Кешіріңіз», «Өтінемін», «Бола ма?», «Рұқсат па?», «Айтып жібересіз бе?», «Көмектесіп жібересіз бе» деген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрайды. Тапсырма орындалған жағдайда «құпия сан» беріледі.

V. Сергіту сәті.

Грамматикалық тапсырма арқылы сергіту жұмысы орындалады.

Тақтада «ОРФОГРАФИЯ» және «ОРФОЭПИЯ» үйшіктері тұрады. Әр топ бір-бірден шығып, тиісінше үйшіктерге әріптерді орналастыру керек.

клуб

фастфуд

Кенбай

трамвай

клуп

фастфут

Кембай

трамбай

Айнамкөз

Атбасар

лақ


Айнамгөз

Атпасар

ылақ



VI. Миға шабуыл.

Әр топ мүшесіне қызыл және жасыл түсті қима қағаз таратылады. Ақпарат «дұрыс» болса жасыл, «дұрыс емес» болса қызыл түсті қима қағаз көтеріледі.

Т е л е ф о н

Белдікке тақсаң, денсаулыққа әсер етеді. дұрыс/дұрыс емес.

Төс қалтаға салсаң, жүрекке зиян. дұрыс/дұрыс емес.

Мүмкіншіліктерді арттырады. дұрыс/дұрыс емес.

Сабақ үстінде пайдалануға болмайды. дұрыс/дұрыс емес.

Ұйықтарда қасына алып жатуға болады. дұрыс/дұрыс емес.

Мұғалімнің рұқсатынсыз, қоңырауға жауап беру. дұрыс/дұрыс емес

Телефон арқылы хабарлама жеткізу оңай. дұрыс/дұрыс емес



VІІ. Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау мақсатында венн диаграммасы беріледі.

ұялы телефон үй телефоны

Үй, дауыс хабарлама, арзан, сенімді, т.б

Тез, жылдам, бірлік, СМС, қалта, жеңіл, ойын, ғаламтор, т.б.









Әр топ өздеріне бөлінген бағанды толтырады. Сол бойынша «құпия сан» беріледі.Жалпы сұрақтар қойылады. Тосыңнан қоңырау шалу жұмысы өткізіледі. Осылайша сабақ қорытындыланады.

VIIІ. Үйге тапсырма.

А деңгейлі оқушыларға диалогты жаттау; В деңгейлі оқушыларға келесі сөздермен сөйлем құрастыру ( бірлік, бос уақыт, ұялы телефон, нөмір, сөйлесу, хабарлама), бір сөзге ауызша фонетикалық талдау дайындау.

ІХ. Бағалау.

Оқушыларды деңгейлеріне қарай бағалау.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Телефонмен с?йлесу ?дебі

Автор: Аскарова Гульмира Амангельдиевна

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327671


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства