Білімділік: құжат түрлері туралы жалпы түсініктерін толықтыру, мәтінмен жұмыс жүргізуге мүмкіндік бере отырып оқушыларды ізденіске жетелеу, белсенділігін ояту.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жазба және ауызша тіл байлықтарын дамыту, тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай алу және сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алуға үйрету.
Тәрбиелік: тілді үйренуге қажеттілікті туғыза отырып, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.
Ынталандыру: болашақта оқушылар алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асырулары қажет.
Сабақта қолданылатын әдіс: мәтінмен жұмыс істеу, ізденушілік, талдау, баяндау сұрақ-жауап, тест.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, ойын тәсілдері, әңгімелеу.
Просмотр содержимого документа
«Телефонхат (Телефонограмма)»
Сабақтың тақырыбы: Телефонхат
(Телефонограмма)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: құжат түрлері туралы жалпы түсініктерін толықтыру, мәтінмен жұмыс жүргізуге мүмкіндік бере отырып оқушыларды ізденіске жетелеу, белсенділігін ояту.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жазба және ауызша тіл байлықтарын дамыту, тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай алу және сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алуға үйрету.
Тәрбиелік: тілді үйренуге қажеттілікті туғыза отырып, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.
Ынталандыру: болашақта оқушылар алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асырулары қажет.
Сабақта қолданылатын әдіс: мәтінмен жұмыс істеу, ізденушілік, талдау, баяндау сұрақ-жауап, тест.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, ойын тәсілдері, әңгімелеу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Бақылау сұрақтары арқылы тақырыпты тексеру
ІІІ Жаңа сабақ
Телефонхат – телефон я радио арқылы телефонхат, радиограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат.
Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратыңызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі бетінде тұрып сіз айтқан ақпаратты жазып алады. Телефонхат мәтіні аса күрделі болмау керек.
Телефонхат формуляры: жіберілген хабардың аты, нөмірі, жіберілген күні және қабылданған уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырған адамның аты-жөні, телефон я рация нөмірі.
Телефонхат, радиограмма мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды.
Бұл құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонхаттар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.
Телефонхатпен жұмыс істейтін қызметкер епті, мәтінді тез жазып алуға қабілетті, даусы анық, дикциясы жақсы болуы керек. Есту қабілетінің жақсы, қолы ширақ болуы да міндетті. Кеңсе қағаздарына қатысты жұмысты да, телефон байланысын да жақсы меңгерген адам болғаны жөн.
Мекемеде жіберілген, келген телефонхатты тіркеп отыратын арнайы журнал болуы керек. «Телефонхаттар журналы» екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен телефонхаттар мәтіндерін жазуға арналады.
Телефонхат құрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ. Телефонхат құрылымына:
адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон я радио арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндіктен мекен-жайы көрсетілмейді;
негізгі мәтін (1000 белгінің шегінде болуы керек. 9-12 сөйлем);
ақпаратты телефон арқылы жеткізуші адамның аты-жөні, телефонхат жіберілген телефонның нөмірі;
телефонхат жіберіліп болған уақыт және айы, күні, жылы.
Телефонхатты жіберуші қызметкер мәтінді «Телефонхат журналында» жазылған мәтінмен салыстыра отырып тексеруге, дұрыс жазылғандығына көз жеткізу үшін қайталап беруге міндетті.
Телефонхатты қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе сол адамға телефонхаттың келгені туралы бірден мәлімдеуі керек.
Телефонхатты жіберуші адам қабылдап алған адамның аты-жөнін журналға жазып қоюы керек.
Қызметтік телефонды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелері:
өте қажет жағдайда болмаса қызметтік телефонды бөгде әңгіме үшін қолданудың қажеті жоқ;
қызмет бабында телефонмен сөйлескен кезде төңіректегі басқа адамдар тыныштық сақтауы керек;
маңызды қызметтік мәліметтерді телефон арқылы жеткізу барысында бөгде адамның болуы, жіберуші адамға да, бұл хабардың еріксіз куәгері болып тұрған бөгде тыңдаушыға да ыңғайсыздық туғызады;
әдеттегі қызметтік сұхбатты жүргізу 2-3 минуттан артық уақытқа созылмауы керек. Жер алыстығы мен уақыт тығыздығы болмаса көлемді, күрделі мәселелерді жеке кездесу кезінде шешкен абзал;
телефон арқылы сөйлесіп отырған адамыңызды жақсы ести алмаған жағдайда, оған қайта телефон соғатыныңызды еркертіңіз де, қайтадан байланысыңыз. Телефон байланысы үзіліп кеткен жағдайда ең бірінші хабарласқан адам қайталап телефон соғуы керек. Телефон арқылы жүргізілген сұхбатты да бірінші аяқтаушы телефон соққан адам болуы керек;
телефон арқылы құпия ақпарат алудан бас тартыңыз.
ІV Үй тапсырмасы. Тәжірибелік жұмыстарды орындап, дәптерге жазу.
V Рефлексия. Сыныпқа рефлексиялық-танымдық тапсырмалар беріліп, талданып, оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, ой қорытады.
VІ Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.