kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таза болса таби?ат, аман болар адамзат

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні:

?зін-?зі тану

Сыныбы:

4 -сынып

Саба?ты? та?ырыбы:

Таза болса таби?ат, аман болар адамзат

??зіреттілікке жеткізетін саба?ты? ма?сат міндеттері:

a)А?паратты? ??зыреттілік

?) Коммуникативтік ??зыреттілік

б)Проблемалы?  шешу

О?ушыларды?  «таби?ат», «денсаулы?» ??ндылы?тары ж?не «таибат?а ?ам?орлы?» адами ?асиеттері туралы т?сініктерін ке?ейту.

Табиа?ат пен адамны? ?йлесімділіктері туралы т?сініктерін ?алыптастыру.

Денсаулы?ын к?ту іскерліктерін дамыту.

Таби?атты, хал?ын с?юге, денсаулы?ты са?тау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? типі:

 Аралас саба?

Саба?ты? к?рнекілігі:

О?улы?,д?птер,плакаттар,суреттер,слайд т.б.

П?н аралы? байланыс:

Ана тілі,д?ниетану.

Саба?ты? барысы:

           М??алімні? ?ызметі

        О?ушыны? ?ызметі

             К?тілетін н?тиже

  1.?йымдастыру б?лімі:

С?леметсіздерме о?ушылар ?  К??іл- к?йлері?із  ?алай ?

М??аліммен амандасып саба??а дайындалады.

Белсенді іс – ?рекет жасау?а дайындалады.

Балалар кезекпен тілек айтып шы?ады:

Таби?ат –анамыз таза болсын.

Таби?ат –анамыз к?ркем де с?лу болсын.

 Таби?атымыз ?за? жасасын.

Таби?ат –анамыз таза болсын.

Таби?ат –анамыз к?ркем де с?лу болсын.

 Таби?атымыз ?за? жасасын.

Таби?атты? с?лу  ?сем болуына ?лестерін ?осу?а тырысады.

2.Тынышты? с?ті 

3.Шы?армашылы? тапсырма

Баяу музыка ойналып т?рады.

 -Балалар,?олдары?ды тізелері?е ?ойып ы??айланып отырып алы?дар.К?здері?ді ж?мсандар да болады.Жап-жасыл таби?ат ?леміне еніп барамыз.Біреуіміз ?ып-?ызыл г?л секілді жайнап т?рмыз.Біреуіміз т?п-т?ны? м?лдір су т?різді тап-таза отырмыз.Енді біреулеріміз к?к аспанда еркін ?шып ж?рген ??стар сия?тымыз,ойымызды еркін айтып келеміз.?ыздар болса к?лдегі а??удай сызылып барады.?лдар болса ?ыран б?ркіттей биіктерге сам?ап барады.Алдымыздан жары? н?рын шаш?ан к?н сияты аналарымыз бен ?желеріміз бізге мейірлене ?арайды.?келеріміз бен аталарымыз ас?а?та?ан ас?ар тау болып,а? батасын беріп,бізге ?ол б?л?айды.Біз ?зімізді? осылайша таби?атпен ?йлесіп т?р?анымыз?а айры?ша ?уанып т?рмыз.Таби?атты? т?стері мен ре?ктері,?рекеттері мен ??былыстары,а?дары мен ??стары «БІЗБЕН БІРГЕ»екендігін сезініп келеміз. Осындай ?сем таби?ат аясында ауаны тере? ж?тып,еркін тыныс алы?дар.?здері?ні? тыныс алулары?ды ба?ылап,ба?ыт?а,махаббат пен тынышты??а толы таза, шипалы ауаны? т?ла бойлары?а тол?анын сезіні?дер.

Ал енді к?здері?ді ашы?дар Ал енді осы сезімімізбен б?гінгі саба?ымыз?а ораламыз.

-?здері?ді таби?атта?ы неге те?ейсі?дер соны? суретін бейнелеп к?рсеті?дер

О?ушылар ?зімен-?зі ойлана алады.

?з бетімен ж?мыс жасайды.

Таби?атты? с?лу  ?сем болуына ?лестерін ?осу?а тырысады.

Шы?армашылы? ?абілеттері одан ?рі шы?дала т?седі.

4. М?тінмен ж?мыс

Н.А.Рыжованы?  «Алтын балы?» ертегісі.

Адам  орман мен суды неліктен  іздеді деп  ойлайсы?дар?

Сендер адмны? орнында болса?дар, ?андай тілек айтар еді?іздер?

 Ертедегі жа?дайлар?а ?азіргі ?андай жа?дайлар ??сайды?

Ертегіні? ?алай ая?тал?анын ?алар еді?іздер?

О?ушылар ертегідегі с?ра?тар?а толы? жауап берді.

Ма?сатты о?у?а ?йренеді. А?паратты табу?а талдау?а ?йренеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таза болса таби?ат, аман болар адамзат»

Пәні:

Өзін-өзі тану

Сыныбы:

4 -сынып

Сабақтың тақырыбы:

Таза болса табиғат, аман болар адамзат


Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері:

a)Ақпараттық құзыреттілік


ә) Коммуникативтік құзыреттілік


б)Проблемалық шешу


Оқушылардың «табиғат», «денсаулық» құндылықтары және «таибатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Табиағат пен адамның үйлесімділіктері туралы түсініктерін қалыптастыру.


Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту.


Табиғатты, халқын сүюге, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

Оқулық,дәптер,плакаттар,суреттер,слайд т.б.

Пән аралық байланыс:

Ана тілі ,дүниетану.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

1.Ұйымдастыру бөлімі:






Сәлеметсіздерме оқушылар ? Көңіл- күйлеріңіз қалай ?

Мұғаліммен амандасып сабаққа дайындалады.

Белсенді іс – әрекет жасауға дайындалады.

Балалар кезекпен тілек айтып шығады:

Табиғат –анамыз таза болсын.

Табиғат –анамыз көркем де сұлу болсын.

Табиғатымыз ұзақ жасасын.


Табиғат –анамыз таза болсын.

Табиғат –анамыз көркем де сұлу болсын.

Табиғатымыз ұзақ жасасын.

Табиғаттың сұлу әсем болуына үлестерін қосуға тырысады.

2.Тыныштық сәті












































3.Шығармашылық тапсырма










Баяу музыка ойналып тұрады.

-Балалар,қолдарыңды тізелеріңе қойып ыңғайланып отырып алыңдар.Көздеріңді жұмсандар да болады.Жап-жасыл табиғат әлеміне еніп барамыз.Біреуіміз қып-қызыл гүл секілді жайнап тұрмыз.Біреуіміз тұп-тұнық мөлдір су тәрізді тап-таза отырмыз.Енді біреулеріміз көк аспанда еркін ұшып жүрген құстар сияқтымыз,ойымызды еркін айтып келеміз.Қыздар болса көлдегі аққудай сызылып барады.Ұлдар болса қыран бүркіттей биіктерге самғап барады.Алдымыздан жарық нұрын шашқан күн сияты аналарымыз бен әжелеріміз бізге мейірлене қарайды.Әкелеріміз бен аталарымыз асқақтаған асқар тау болып,ақ батасын беріп,бізге қол бұлғайды.Біз өзіміздің осылайша табиғатпен үйлесіп тұрғанымызға айрықша қуанып тұрмыз.Табиғаттың түстері мен реңктері,әрекеттері мен құбылыстары,аңдары мен құстары «БІЗБЕН БІРГЕ»екендігін сезініп келеміз. Осындай әсем табиғат аясында ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашыңдар Ал енді осы сезімімізбен бүгінгі сабағымызға ораламыз.







-Өздеріңді табиғаттағы неге теңейсіңдер соның суретін бейнелеп көрсетіңдер




Оқушылар өзімен-өзі ойлана алады.












































Өз бетімен жұмыс жасайды.







Табиғаттың сұлу әсем болуына үлестерін қосуға тырысады.











































Шығармашылық қабілеттері одан әрі шыңдала түседі.






4. Мәтінмен жұмыс


Н.А.Рыжованың «Алтын балық» ертегісі.

Адам орман мен суды неліктен іздеді деп ойлайсыңдар?

Сендер адмның орнында болсаңдар, қандай тілек айтар едіңіздер?

Ертедегі жағдайларға қазіргі қандай жағдайлар ұқсайды?

Ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңіздер?

Оқушылар ертегідегі сұрақтарға толық жауап берді.

Мақсатты оқуға үйренеді. Ақпаратты табуға талдауға үйренеді.

5.Жаңа ақпарат

Ең бірінші табиғатты сақтау үшін тазалық керек.Тазалық болған жерде ағаштар да,гүлдер де жайқала өседі.Тазалықтан кейін табиғатқа сұлулық керек ол үшін ағаштар мен гүлдер егеміз.Одан кейінгі атқарар жұмыс табиғатқа күтім,қамқорлық жасау болып табылады.

Табиғат тазалығы-адам денсаулығының кепілі.Алуан түі гүлдер алқабы,сайраған құстар,бұлақ сылдыры,биік таулар,жарқыраған күн,таза ауа адамдарға жылулақ сыйлайды.

Табиғатқа қамқорлық керек екендігін түсінеді


6.Сергіту сәті.

«Жаңбыр тамшылары»



7.Дәйексөзбен жұмыс

«Табиғатқа тазалықты тарту ет

-Адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге.Өйткені оның жерінде дүниеге келіп,суын ішіп,ашық аспанында күн нұрына малынып,өсімдіктерімен тынығып,жаңбыр-қарының қызығын көріп,жан-жануарларынан тіршілікті үйреніп,өсіп-жетіледі.Табиғат та адамның оны сақтауымен,қорғауымен,күтімімен дамып келеді.Демек олардың бір-бірінсіз өмір сүруі мүмкін емес.Егер табиғат тазы болса,адамның жаны,дені сау болады.



8.Тапсырма




Оқушылар дәптерінің беті екіге бөлініп берілген, балалар бірінші жартысына ертегінің басындағы алтын балық кездеспеген кездегі табиғаттың суретін салады, одан кейін екінші жартысына алтын балық тілегін орындалғаннан кейінгі табиғаттың суретін салады.

2-тапсырма:

Табиғат аясында жасаған тазалық жұмыстарыңнан алған әсерлерің туралы әңгімелеңдер.


Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына жауап берді. Дәптермен жұмыстанды.

Алған білімдерінен қорытынды шығаруға үйренеді

9.Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Өздеріңді көгілдір де ғажайып,мөлдір таза,салқын бір су жағасына келдік деп елестетіңдер.Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап сылдырай ағады.Тап-таза айнадай мөлдірлігімен көздің жауын алып жатқан судың бізге айтары бар сияқты.Біз су жағасына жақындап,екі қолымызбен бір уыс су іліп алдық.Су бізге қарап, жылт-жылт етеді.Біз алақандағы су тамшыларын төгіп алмайық деп уысымызда аялай ұстап тұрмыз.Ал енді осы сезімімізбен бұрынғы қалпымызға келейік.Көзімізді ашайық.

-Сіздердің жандарыңыз осы су секілді таза да мөлдір болсын дегім келеді.



10.Қорытынды





Тазалықты сақтайық,

Табиғатты баптайық.

Бізге деген пайдасын,

Жақсылықпен ақтайық.


Тақтада ағаштың суреті ілініп тұр.Ол ағашта қандай жеміс өседі деп ойлайсыңдар.

-Әрине ,алма

-Олай болса қолдарымыздағы алманың суретіне табиғатқа арнап тілек жазып алма терегін көркейтейік.

Сабақ аяқталды Сау болыңыздар.

Тазалықты сақтайық,

Табиғатты баптайық.

Бізге деген пайдасын,

Жақсылықпен ақтайық.

Жаңа сабақты меңгергендерін білу







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Таза болса таби?ат, аман болар адамзат

Автор: Улмесекова Карлыгаш Амангелдиевна

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 253740


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства