kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тап?ыр достар» сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Батыс ?аза?стан облысы

?арат?бе ауданы

Ханк?л жалпы орта білім беретін мектебіні?

?зартыл?ан топ жетекшісі

Рыс?алиев Мейірхан Ас?ар?лы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тап?ыр достар» сайысы»

Бекітемін ОІМ: А.Кулекеева

Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар» сайысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың әр пәндер бойынша білім қабілеттерін тексеру,

ойларын тез,сауатты айта білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: слайд, мульти суреттер.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап

Пән аралық байланысы: математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сайысқа дайындау.

ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар «Тапқыр достар» сайысына қош келіпсіз-

дер! Сайыста 2 – 3 сынып оқушылары екі топқа бөлініп өз білімдерін көрсетеді. Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені білімді, тапқыр алар.

Кім білімді, кім тапқыр шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар, — дегендей, кез-келген сайыс бағалануы тиіс. Осының аражігін ажырататын – қазылар алқасы. Ендеше әділ қазыларымыз-

бен таныс болайық.

Әділ қазылар алқасы:

3 – сыныптың жетекшісі – Сисенғалиева Ақманар

2 – сыныптың жетекшісі –Жүсіпқалиева Айнара

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі – Нуриева Гүлнүр

Жүргізуші: 1- топ « Қырандар », 2- топ « Ұландар »

Бірінші сайысымызды бастамас бұрын, сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

Сайыстың шарты:

1. «Сәлем сөздің анасы» (таныстыру төрт жол өлеңмен)

2. «Кім білгір?» (ауызша сұрақтарға жауап беру)

3. «Адасқан әріптер» (бір сөзден бірнеше сөз құрастыру)

4. «Өлең сөздің патшасы» (мәнерлеп өлеңді жатқа айту)

5. «Ертегі есеп» (ертегі бойынша есептер шығару)

6. «Бәйге» (топ басшылары жарысады) әрбір бөлім 5 ұпаймен бағаланады, 2 – ші

бөлімде әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

Жүргізуші:

Әрқашан білімнен қашпаймыз,

Білімсіз шуақ нұр шашпаймыз.

“Кішкентай зияткер” атанып,

Ал енді сайысты бастаймыз.

Жүргізуші:

«Сәлем сөздің анасы» таныстыру бөліміне кезек береміз.

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?

Жақсы ұрпақ – еліміздің шын тірегі.

Ортаға шығып таныстыр сын өздерін,

Білімді ұрпақ елімнің жас түлегі, — деп оқушылар өздерін таныстырсын.

1- топ « Қырандар» тобының таныстыруын тыңдайық. (3 сынып)

2- топ «Ұландар» тобының таныстыруын тыңдайық. (2 сынып)

Жүргізуші:

Білімнен емеспіз кенде біз,

Өйткені Тәуелсіз елде біз.

Сақадай сай болса өрендер,

Жалғасар әрі қарай кезеңіміз – деп , екінші кезеңіміз «Кім білгір?» бөлімін

бастаймыз.

«Ұшқыр ой – жылдам жауап» деп балалар 20 сұраққа жауап береді, әрбір дұрыс жауапқа

1 ұпай беріледі.

2 топқа ортақ сұрақ қойылады

1. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)

2.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп)

3. Білім күні қай айда? (қыркүйек)

4. Тұңғыш мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)

5. Абай Құнанбаев кім? (қазақтың ұлы ақыны)

6. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйек)

7. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала ? (Астана)

8. Рәміздерді ата (ту,әнұран, елтаңба)

9. Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасы)

10. «Кел балалар, оқылық» кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)

11. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А. Байтұрсынов)

12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)

13. 7 саны неше таңбалы сан ? (бір таңбалы)

14. Өлең жазатын адам кім? (ақын)

15. Төрт түлікті ата (қой,түйе,сиыр,жылқы)

16. Ең асыл жан кім? (ана)

17. Кесіндіні немен өлшейміз ? (сызғышпен)

18. Наурыз айында қандай мереке тойланады? (аналар мерекесі, қазақтың жаңа жылы)

19. Әнұран авторларын ата: ( Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқов)

20. Жуан дауысты дыбысты ата (а,о,ы,ұ)

Жүргізуші: - Келесі бөліміміз «Адасқан әріптер» деп аталады. Бұл бөлімде 2 топқа да бірдей сөз беріледі, сол сөзден бірнеше сөз құрастыру.

«Рақымшылық» (ақ, ық, қылыш, қар, қашық, ар, шам, шық, қал, қалы, арық, ал,

ақыл, аш, ырым, шырақ, қырық ,)

Әділ қазылардан осы бөлімнің бағасын беруді сұраймыз.

Жүргізуші:

Ана тілім- бәрін айтар шежірем.

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?

Ана тілден оқып ақын өлеңін,

Мәнеріне келтіріп бір сөйлер ем – деп мәнерлеп өлең айту кезегіне береміз.

Бұл бөлім «Өлең сөздің патшасы» деп аталады.

Ендеше сәттілік тілейік бүлдіршіндерге!

1- топ «Қырандар» тобының өлеңдерін тыңдайық

2- топ «Ұландар» тобының өлеңдерін тыңдайық

Жүргізуші: - «Ертегі есеп» бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлімде ертегі оқылады.

Сол ертегінің ішінде кездесетін сандарды санап отырып жауабын табамыз.

(ертегі бойынша есептер шығару)

1-топ «Қырандар» тобының ертегісі

  1. Балалар, біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз.

Енді мына ертегіні тыңдаңдар. Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп жемекші болыпты. Сонда қасқыр: «Түлкі, сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлші», — депті. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтындығын пайдаланып, былай бөліпті. - Біреуі саған, екеуі маған, екеуі саған, екеуі маған, екеуі саған, үшеуі маған, біреуі саған, екеуі маған, біреуі саған, біреуі маған.

Қасқырға – 7 балық , өзіне (Түлкі) – 10 балық

2- топ «Ұландар» тобының ертегісі

Бір күні қасқыр мен түлкі Қаратөбе ауданының Ханкөл ауылында кездесіп

қалыпты. Сонда түлкі айласын асыру үшін: «Қасқыр, екеуміз бірігіп алма

терейік те, үйге алып қайтайық»,- дейді. Сонда аңқау қасқыр дем алмай 10 кг

алма тереді. Ал, қу түлкі әр бұтаның түбінде демалып, ұйықтап, одан 7 кг

алма кем тереді. Қу түлкі мен қасқыр барлығы неше кг алма тереді.

Шешуі: 10-7= 3 кг (10 + 3= 13)

Жауабы: барлығы 13 кг алма

Жүргізуші: - Соңғы бөліміміз «Бәйге » (топ басшыларына )

Бағындырып ең биік асқарды,

Тылсымына тарататын жастарды.

Ендеше кәнекей назар салайық

Топ басшылар кезеңі басталды.

Қорытынды. Жүргізуші:

Білімнің қырларын жүйелеп,

Ғылымның сырын біз ұғайық,

“білгірлер, алғырлар” атанып,

Жеңістің шыңына шығайық.

Әділ қазылардан соңғы қорытынды бағаны сұраймыз.

Жүргізуші:

Бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымыз да өз мәресіне жетті.

Білім – толқын, жатқандай асып – тасып,

Біреу — мығым, біреулер шалыс басып.

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, — деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Тап?ыр достар» сайысы

Автор: Рыс?алиев Мейірхан Ас?ар?лы

Дата: 07.05.2016

Номер свидетельства: 324676


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства