Ма?саты:
Тіл біліміні? грамматика саласы бойынша о?ушы ?ызы?ушылы?ын ояту. О?ушыларды? ?аза? тілінен ; ал?ан білімдерін ойын ар?ылы тексеру, сынау; ?орытындылау. О?ушыны? ой-?рісін ке?ейту, логикалы? ойлану?а, тап?ыр болу?а, шы?армашылды??а баулу. О?ушыларды бірлікке,,ой т?рбиесіне т?рбиелеу.
Кіріспе:-Тіл адамны? ?о?амда?ы ?атынас ??ралы.Тілді о?ып ?йрену математиканы о?ып ?йренумен бірдей.Тіл с?зден, с?з дыбыстан ??ралады.Соны? бірі-?аза? тілі.Осы?ан орай тілді? дыбыстарын, оны? ж?йесін зерттейтін саланы фонетикадеп, тілді? с?з байлы?ын оны? лексикасы деп атаймыз. С?зден с?з жасалады. Ондайда с?зді? сырт?ы пішіні де ма?ынасы да ?згереді.Бір с?з бен екінші с?з ?арым-?атынас?а т?седі.Б?ларды тілімізде ?алыптас?ан норма?а сай тіркестіруден с?йлем ??ралады. Сол с?йлем ар?ылы айтайын деген ойымызды біреуге жеткіземіз.
Міне, осы с?здерді? ?згеру, тіркесу, с?йлем етіп ??рау т?сілдері мен жолдарын грамматика зерттейді. Ендеше, «?ызы?ты грамматика» ойындары ала?ына ?ош келді?дер!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Та??ажайып грамматика»
Қызықты грамматика
Мақсаты:
Тіл білімінің грамматика саласы бойынша оқушы қызығушылығын ояту
Жүру барысы:
Кіріспе сөз
-Тіл адамның қоғамдағы қатынас құралы.Тілді оқып үйрену математиканы оқып үйренумен бірдей.Тіл сөзден, сөз дыбыстан құралады.Соның бірі-қазақ тілі.Осыған орай тілдің дыбыстарын, оның жүйесін зерттейтін саланы фонетикадеп, тілдің сөз байлығын оның лексикасы деп атаймыз. Сөзден сөз жасалады. Ондайда сөздің сыртқы пішіні де мағынасы да өзгереді.Бір сөз бен екінші сөз қарым-қатынасқа түседі.Бұларды тілімізде қалыптасқан нормаға сай тіркестіруден сөйлем құралады. Сол сөйлем арқылы айтайын деген ойымызды біреуге жеткіземіз.
Міне , осы сөздердің өзгеру, тіркесу, сөйлем етіп құрау тәсілдері мен жолдарын грамматика зерттейді. Ендеше, «Қызықты грамматика» ойындары алаңына қош келдіңдер!
Грамматикалық ойындар
І.»Кім алда?» ойыны
Шарты: Әр сыныптан бір оқушы шығады.Егер берілген сұраққа жауап берсе алдағы қызыл жұлдызшаға қарай жылжиды. Жауап бере алмаса, орнында қалады.Осы арқылы кім алда екенін анықтайды
1.Тілдік бөлшектерді кішісінен үлкеніне қарай жаз
Текст,буын, дыбыс, сөз тіркесі, сөз, сөйлем,
Жауабы: дыбыс,сөз,буын,сөз тіркесі,сөйлем, текст.
2.Жұмбақ
Барлығы да бір ақ сұраққа жауап береді,
Барлығы да бір мүшеге байланысты келеді,
Мұндайларды не деуші еді
Кім бөгелмей айтып береді?
Жауабы: Бірыңғай мүшелер
3. «Бір сөзбен атаңдар?» ойыны
1.Есімнен шығып кетті (ұмыту)
2.Бармағын тістеу (өкіну)
3.Арасынан қыл өтпейді? (тату)
4.Қабағын қар жабу (ашулану, ренжу)
5.Қызыл кеңірдек болу (дауласу)
Бәріне ортақ сұрақ
-Сөйлем ішінде қандай орында тұрса да үтірсіз жазылмайтын қай сөздер? (оқшау сөздер)
ІІ. Жұмбақ
-Бір сөйлемде бес белгі бас қосыпты,
Оны қос нүкте бастапты
Тырнақша қостапты
Үтір мен сызықша сығылыса келіпті
Соңғы орынға нүктені тастапты.
Жауабы: төл сөз бен автор сөзі
2.Синтаксистік бір атау күрделі ойды білдірер, үш салаға бөлінер
Жұбын жазбай үшеуі оқулықта бір жүрер
Ойлаңдаршы, балалар, бұл атауды кім білер?
Жауабы: құрмалас сөйлем
ІІІ. «Өз орныңды тауып тұр»
Шарты:Берілген сөйлем бойынша оқушылар өз орындарын тауып тұра қалу.Алдын ала оқушыларға сөйлем мүшелерінің аты жазылған үлестірме тарату. Осы бойынша өз орнын таба білу
Сүйексіз тіл сүйекті де сындырар.
ІV «Жасырынған сөз». Сөзжұмбақ шешу.
1.Тұрлаулы мүше
2.Екі не одан да көп адамның сөйлескен сөзі
3.Толықтауыштың бір түрі
4.Оқшау сөздер
5.Құрмалас сөйлемнің бір түрі
6.Тыныс белгісі
7.Жай сөйлемнің бір түрі
8.Сөздердің байланысу түрлерінің бірі
9.Сабақтас құрмаластағы тиянақты сөйлем
Бұларды дұрыс тауып жазыңдар, қарамен сызылғанжолды төмен қарай оқығанда грамматикалық бір бөлімнің аты шығады.
Қорытынды сөз
Кітап-рухани қазына
-Құрметті оқушылар,ұстаздар!
«Кітап-рухани қазына» атты кітап оқушылар конференциясын бастауға рұқсат етіңіздер. «Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама» деп жұмбақтаған халқымыз осы сөзімен- ақ кітаптың баға жетпес құнды дүние екендігін танытып тұрғандай.
Кітап- білімнің көзі, сендердің айнымас достарың және ақылшыларың. Кітап,әрине, тек тәрбиелік ықпал жасап қана қоймайды.Оның білімділік маңызы да ұшан-теңіз.Көркем тілмен жазылған кітаптар арқылы оқушылар талай алыс жерлерге саяхат жасайды. Кітаптың кейіпкерлерімен бірге жүріп,асқан ерліктер жасайды.Олармен бірге қуанып, бірге қайғырады. Сонымен бірге кітап оқу балалардың мінез- құлқына да әсер етеді. Ендеше, кітаптың адам өміріндегі рөлі айрықша. Адамды рухани байытатын баға жетпес жайлы бүгінгі әңгімемізді бастайық.
І.Қатысушы сыныптардың өзіндік ұстанымдары
8-сынып
-Кел,балалар,оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Сұрағаның алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
9-сынып
-Біз тәуелсіз еліміздің мықты да мығым ел болуы үшін жан дүниесі бай білімді ұрпақ керек екенін білеміз. Бұны беретін бізге-кітап.Сондықтан біз «Кітап-білім бұлағы,
Білім өмір шырағы» деген сөзді ұстаным етеміз
ІІ.Ой толғаныс
Талқылау сұрақтары:
1.Кітап оқымайтын адам мәдениетті адам дәрежесіне көтеріле ала ма?
2.Қай шығармада қандай кейіпкер жүрегіңе жақын із қалдырды?
3.Ақын жазушылардың шығармаларынан кімдердің өлеңін не шығармасын жатқа оқып бере алар едің?