2.Дамытушылық:сөздік қорларын байыту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығар-машылықпен жұмыс істеуге баулу.Өз ойларын тиянақты түрде жеткізе білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
2.Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен қалай байланысады?
3.Тыныс белгілері қандай?
4.Қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?
III.Білімді жан-жақты тексеру.
Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2.Құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?
3.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4.Салалас құрмалас сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
IV.Жаңа сабақты түсіндіру.
Назарды бері аударып,
Сабақты жаңа бастайық.
Салаластың бір түрі,
Талғаулы боп келеді.
Бүгінгі жаңа тақырып «Талғаулы салалас»
Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз,дербес әрекеттерді баяндайды да,солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді. Жай сөйлемдер салаласа ғана және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады,араларына үтір қойылады.Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар:не,немесе, я,яки,болмаса,не болмаса,әйтпесе,әлде.Мысалы:Мен не бұл адамдардың ортасынан кетуім керек,не болмаса барша жанға тынымсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой.
Ерекшеліктері: Талғаулы салалас
Баяндауыштары Тек жалғаулық шылау арқылы
тиянақты болады байланысады
Талғаулық мағына не,немесе,болмаса,не болмаса
беретін шылаулар я,я болмаса,өйтпесе
яки,әлде,әйтпесе
Тыныс белгілері
Араларына үтір қойылады Немесе шылауы бір рет келсе,
үтір қойылмайды
Өзі кетіп құтылды,әйтпесе Сөз бен қылық суық көңілді жылытады
өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік. немесе жылы көңілді суытады
Жаттығумен жұмыс:164-жаттығу.Мәтіндерді оқып шыққан соң,мазмұнына байланысты талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер құраңдар.
VI.Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.
Тақтамен жұмыс(талғаулы салалас құрастыру)
1.Мен алып келейін.Айгүл барсын.
2.Күндіз олар өзіне жем іздейді.Өзінің басқаға жем болмауын көздейді.
3.Сонда жүрегім жеңер.Білегім жеңер.
Өзіндік жұмыс
«Қазақ тілі-ардақты ана тілім»тақырыпта эссе жазу.
Мәтінде өтілген талғаулы салаластың жалғаулықты шылауларын қатыстыра отырып,әр оқушы өз ойларын дәптерге жазады.
VI.Жаңа сабақты бекіту үшін түсіндірмелі салалас пен талғаулы салаласты салыстыра отырып Венн диаграммасын құру.
Түсіндірмелі салалас
Талғаулы салалас
Ерекшеліктері:
Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктер мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай) болады.
Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте не сызықша қойылады.
Ортақ белгілері:
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден тұрады
Екі баяндауышы болады
Баяндауыштары салаласа байланысады, яғни тең дәрежеде.
Екі жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіреді.
Ерекшеліктері:
Жай сөйлемдерді салаласа ғана дәне тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады араларына үтір қойылады.
Талғаулық мағына береді.
Жалғаулықтары: не, немесе, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде. Немесе шылауы келсе үтір қойылмайды.