«Ой қозғау» әдісі арқылы топқа мына сұрақтар қойылады: 1. Жаһандану деген не? 2. Біздің елімізде жаһанданудың белгілері бар ма? Қандай? 3. Жаһандану заманауи мектептердегі оқу үрдісіне әсер етеді ме? Қалай? 4. Жаһанданудың пайдасы мен зияны,ВЕНН диаграмасы Жеке жұмыс Тақырып бойынша берілген сөздері қолдана отырып, «Баспалдақ» ойыны арқылы сөзден сөз тіркес, сөз тіркестен сөйлем құрастырады. Оқылым тапсырмасы Жеке жұмыс Диаграмма түрінде берілген мәліметтерді таныса оқиды. Климаттық өзгеріс және жаһандық жылыну Жаһандық жылынудың негізгі себебі адамның іс-әрекеті. Қазіргі кезде жаһандық жылыну үрдісі білініп жатыр. Тengrinews.kz порталының хабарлауынша жер бетін ультракүлгін сәуледен қорғап тұрған атмосфераның азон қабатында тесіктің пайда болуынан Антарктика мұздары еруде. Жаһандық жылынудың қоршаған ортаға теріс әсерінен атмосфераның ластануы, мұздардың еруі, мұхиттың көтерілуі, жағалаудағы қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтылуда. Жаһандық жылынуға әсер етуші антропогендік және табиғи факторлар. Ауа-райының күнделікті өзгерісі зиянды технологияларының атмосфераға әсерінен анықталады. Жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі денсаулыққа әсер етеді. Қазіргі жасөспірімдер күнін компьютерде өткізеді, онымен қоса даладағы көмірқышқыл газын жұтып денсаулықтарында ақау бар. Статистикаға сүйенсек,бір мектептің өзінде 66% оқушының көру мүмкіндігі төмен. Кейбіреулері альтернативті энергия көздерін пайдаланып, денсаулықтарын қамтамасыз етеді. Жаһандық жылынудың екі әсері бар. Бiрiншi әсері – қуаңшылық. Қазақстан жерiнiң 66 пайыз бөлiгi құрғақшылық пен деградацияға ұшырауы су ресурстарының тапшылығына әкеледі. Қуаңшылық бойынша Батыс Қазақстан облысы 38% құраса, 2030 жылы 45% жоғарылайды. Альтернативті энергияны (күн, жел, су) қолдану- адамзат пен табиғатқа пайдалы. Зиян келтіретін инфрақызыл сәулелерді қолданып, денсаулықты құртқанша табиғи ресурсты қолдану қажет. Оқылымнан кейінгі тапсырма Жұптық жұмыс Тақырып бойынша берілген шағын мәтіндерді керісінше диаграмма, кесте, графикке айналдырады. Нәтижесін сыныптасына ұсынады. Сыныптасы толық емес мәтінді толық нұсқасына айналдырып оқиды. Жұмыс өзара бағаланады. Жазылым.Оқылым. Айтылым. Айтылған жаңа сөзді кестеге жылдам жазады. Түйін Елбасы Н.Ә.Назарбаев IV Еуразиялық Медиа Форумда сөйлеген сөзінде: «Жаһандану бізге еркіндік беріп қана қойған жоқ, бір-бірімізді өзара тәуелді де етті. Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеологиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білігіне байланысты. Біздің мақсат – әлемдегі демократияның әмбебап қағидаларына сүйенетін, әр азаматына тұрмыстың ең жоғары дәрежесін қамтамасыз ете алатын дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу» деп атап өткені бар. Ендеше, ұлттық тәрбиеден тәлім алған ақжүрек, әділетті жас ұрпақты тәрбиелеп, елімізді ұлттық мемлекет сапасында өрбітелік! |