IV.«Жыл қарияының еңбекқор әулеті»атты ертегіден көрініс
V.Поэзия минуты
VI.Ата-бабамыздың табиғатты қорғау дәстүрі
VII.Сурет салу
VIII.Ұлттық ойын«Тақия тастамақ»
Барысы
I.Ұйымдастыру.
II.Кіріспе.
Жүргізуші:жұмбақтармен жұмыс.
Табиғат – ол біздің қоршаған орта: аспан,ай,күн,жұлдыз,ауа,күннің көзі,жылу,өзен,көл,жарық,Табиғат-байлықтаң көзі.Табиғат-тіршілік атауының құтты қоныс мекені,алтын ұя тал бесігі.Табиғат пен адам біртұтас,бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Табиғат деген түсінікті жұмбақ жасыру арқылы шығарып алу.
Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Жүретұғын жолы жоқ(Жел)
Көтеріп орман тоғай,тастың бәрін
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарың.(Тау)
Қарасаң көзге көрінбес,
Балтамен шапсаң білінбес(Ауа)
Жұрттың бәрі сүйеді,
Бірақ қарай алмайды.(Күн)
Жылт-жылт еткен
Жылғадан өткен(Су)
Төбеден төгеді,
Тамшысын төгеді.
Сол кезде ой қаулап,
Бәйшешек өнеді.(Жаңбыр)
Тоңғақты таниды.
Беті-қолын қариды.(Аяз)
Жұпар иісі еседі,
Жайнап бақта өседі.(Гүл)
Әуелі жарқылдайды.
Кейін сартылдайды(Найзағай)
Зәулім тұрағы
Тіреусіз тұрады
III.Елес шақыру.«Орманға саяхат»
Бір сәт көзімізді жұмып,музыка әуенін тыңдай отырып іштей табиғатпен сырласып көрейік
Не сезініп байқағандарыңды әңгімелеп беруді тапсырамын.
-Кім не айтқысы келеді?
IV.«Жыл қарияының еңбекқор әулеті»атты ертегіден көрініс
Жүргізуші:Ерте,ерте,ертеде«Жыл»есімді адам болыпты.Төрт баласынан өрбіген он екі немересі азамат қатарына қосынғанда ол кісі қартайып,көне көз қария араныпты.Оның балалары мен немерелері бір-біріне ұқсамаған,мінез-құлықтары әр түрлі болыпты.
Жыл қарияның ешкімге ұқсамаған баласы Көктем келеді
Көктем:Мен келгенде күн жылына бастайды.Табиғат қысқы ұйқыдан оянады.Түн қысқарып,күн ұзарады.Мен өзіммен бірге Жыл қарияның үш немересін ерте келдім.Олар:Наурыз,Сәуір,Мамыр.
1-оқушы:"Көктем"
Сарқыраған өзен гүрілдеп,
Алтын күн көктен күлімдеп.
Табиғатқа жан біткен,
Оянып бәрі дүрілдеп.
Сөйтіп жүргенді екінші баласы Жаз да немерелерімен келіп жетеді.
Жаз:Мен жер бетін гүлге орап табиғат сұлулығына рахаттандырам.
Үлкен-кішінішаттыққа бөлеймін.Мен де Жыл қарияның үш немересін ерте келдім.Олар:Маусым,Шілде,Тамыз.
2-оқушы:"Жаз"
Құйқылжып құс сайрауда,
Қозы-лақ ойнап жаулауда.
Еркіндіктің күндері
Нәрін төккен маңайға.
Жыл атайдың екінші немересінің пейіліне адамдардың көңіле талып сайраңдап жүргенде қолы кең жомарт баласы Күз де келіп жетті
Күз:менімен бірге еңбектеріңіздің жемісін көресіздер.Қам-
3-оқушы:"Қарғысы қатты"деп жапалақ пен жарғанатқа тигізбейді
4-оқушы:Құмырысқаның илеуін бұзғызбайды.
5-оқушы:"Киелі құс "деп аққуды атқызбайды.
6-оқушы:"Тырна жылы жақтан ұшып келсе жаз болғаны,қаз қайтса-күз болғаны"деп есептейді.
7-оқушы:Ұзақ дейтін құс келсе-қыс аяғы ұзаққа бармайды.
8-оқушы:Көкек келсе-көктем
9-оқушы:Сауысқан келіп шықылықтаса-салқын болады.
10-оқушы:жз жауынды,күз жылы болса-қыс ұзақ болады.
11-оқушы:Мысық жылы жерді паналасы-аяз болады.
12-оқушы:Қыс аязды болса-жаз ыстық болады.
13-оқушы:Аспанда жұлдыз көп болса күн ыстық болады.
"Қызыл кітап"
Жүргізуші:Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жауарларды қорғау мақсатында 1974 жылы Қазақстанда "Қызыл кітап"
шықты.Қызыл парақтарына жойылап кету қаупі бар жануарлар енеді.Ақ парағына саны азайған өсімдіктер мен жануарлар енеді.Жасыл парағына қайтадан аяса қалпыны келлетіндер енеді.
VII.Сурет салу.
I топ:Аспан
II топ:Жер
III топ:Су
VIII.Ұлттық ойын "Тақия тастамақ"
Жүргізуші:
Ойым бар ойын бастамақ,
Аты оның-"Тақия тастамақ".
Ақырын,аспаймын,саспаймын,
Алдыңа тақия тастаймын.
Алдыны тақия тастаған бала табиғат туралы мақал-мәтел айтады.