.Табиғи апат,олардың сипаттамасы және апаттың салдары
.Табиғи апат,олардың сипаттамасы және апаттың салдары
Табиғи апат,олардың сипаттамасы және апаттың салдары, табиғи апатты тұрғындарға хабарлау және табиғи апат кезінде тұрғындардың әрекет ету тәртібі, табиғи апат салдарын жою және құтқару жұмыстарын жүргізуге тұрғындардың ат салысуы, қоғамдық тәртіпті сақтау,жеке және мемлекттік мүлікті қорғау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«.Табиғи апат,олардың сипаттамасы және апаттың салдары»
Сабақтың тақырыбы: Табиғи апат,олардың сипаттамасы және апаттың салдары, табиғи апатты тұрғындарға хабарлау және табиғи апат кезінде тұрғындардың әрекет ету тәртібі, табиғи апат салдарын жою және құтқару жұмыстарын жүргізуге тұрғындардың ат салысуы , қоғамдық тәртіпті сақтау,жеке және мемлекттік мүлікті қорғау .
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға барлау мен барлаушының іс әрекеттері туралы жалпы мағлұмат беру.
2.Жаппай жою қаруының жарылыс кезінде өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын,психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру.
3.Төтенше жағдай кезінде жанындағы адамдарға көмек беруге,елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Уақыты: 45 мин.
Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.
Өткізілетін күні:
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АҚ плакаттар.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
б) Негізгі бөлім – 25мин.
Апатты жағдайлар — бұл табиғат құбылыстары (ормандағы өрт, су тасқыны, жер сілкінуі, дауылдар, кар көшкіндері, сел тасқындары жене басқа құбылыстар). Олар төтенше сипатқа ие болуымен бірге, халықтың аз немесе көп топтарьшьщ қазага ұшырауына немесе қалыпты өмір сүруін бұзуға, сондай-ақ материалдық құнды заттардың жойылып кетуіне әкеп соқтырады.
Апатты жағдайлардың қиратушылық әрекеті едәуір масштабтарға жетуі мүмкін.
Бейбіт уақытта туындайтын апатты жағдайлар бірқатар дәрежеде ракета-ядролық соғыс уакытында пайда болатын жағдайларды еске түсіреді.
Ірі өндірістік апаттар, апатты жағдайлар сияқты адамдардың зақымдануына, өндірістік процестің бұзылуына алып келеді және шаруашылықка үлкен материалдық шығын келтіреді. Осы апаттар мен зілзалалар зардаптарын ойдағыдай жою үшін (АҚ) азаматтық қорғаныс құрама-ларын закымдалған аудандарда кұтқару жұмыстарын өткізу тәсілдеріне үйретуге аса зор мән беріледі.
Орман және шымтезек өрттерімен күрес
Өрттер қауіпті апатты жағдай болып табылады. Олар құрғақшылық
уақыттарда ормандарда, шымтезектерде жөне елді мекендерде пайда болуы мүмкін. Өрт шығуының себептері: өрт кауіпсіздігі ережесін дұрыс сақтамау, сондай-ақ табиғи құбылыстар әсерінен: найзағайдың түсуі, жер сілкінуі, жанар таудың атқылауы, табиғи газдар мен шымтезектердін өздігінен жануы.
Орман және шымтезек өрттері қауіпті апатты жағдай болып саналады, өйткені оның әсерінен орасан зор материалдық құндылықтар жойылуы мен адамдардың зақымдануы да мүмкін. Зақымдау факторлары: жануға және адамдарды зақымдауға бейімді заттардың тұтануына әкеп соқтыратын жоғары температура, адамдарға тітіркендіргіш әсері бар және өртпен күресуді киындататын ірі аудандардың түтінденуі; көру мүмкіншілігін шектеу; адамдарға жағымсыз психологиялык әсер ету.
Өртпен күресуде су мен от сөндіру қоспалары колданылатын техникалык өрт сөндіру құралдары үлкен рөл атқарады. Өрт сөндіру кезіндегі жүмыстарда колданылатын ең керекті аспаптар: күректер, балталар, сүймендер, т. б.
Өрт сөндіруді өртке қарсы қызмет бастығы немесе өртке қарсы команда басқарады. Өрт сөндіру кезіндегі бақытсыз жағдайларда жапа шегушілерге медициналык жөрдем көрсету үшін медициналык бөлімшелер бөлінеді, олар өрт сөндіру командалары және азаматтық қорғаныстың өртке қарсы құрамаларымен бірге өрт шыққан аудандарда болады.
Халық пен кұрылымдарға хабарлау апат басталуының алғашқы белгілері кезінде жүзеге асырылады. Хабар жасау үшін АҚ штабындағы барлық құралдар пайдаланылады. Айқас түйықталу мен өрттің пайда болмауы үшін—газ, жылу және энергетика желілерін үзіп тастайды. Құтқару және шұғыл апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған тапсырмаларды орындайтын АҚ кұрылымдары дайындыкка келтіріледі. Тұрғын үйлерін тастап кеткен халық үішін шатыр қалашықтар тұрғызылады.
Жер сілкіну кезіндегі маңызды мәселе — тамақтану мен сауда жасауды ұйымдастыру, дәрі-дәрмектер және ең қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жер сілкіну аудандарындағы құтқару жұмыстарын АҚ штабтары ұйымдастырады, бұл үшін осы ауданда орналасқан АҚ кұрылымдары мен әскери бөлімдері тартылады. Жер сілкінудің жалпы жағдайына қарай отырып, инженерлік жұмыстар құрамын дұрыс анықтау қажет. Олардың тізімі мынадай болуы мүмкін:
қала, объект сыртына қираған құрылыс үйінділерін шығару үшін көшелерде жүріп өту жолдары мен өткелдер жасау;
қираған ғимараттар мен құрылыстар үйінділерініңастынан адамдарды шығарып, оларға алғашқы меди- циналық көмек көрсету;
апаттарды жайылдырмау және коммуналды-энергетикалық желілерді тез арада апаттан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
ғимараттар, кұрылыстар қабырғаларының қауіпті опырылымдарын кұлату.
Тасқын — өзен, көл, теңіз немесе жасанды суаттардың көтерілу нәтижесінде жергілікті жерді айтарлықтай су басуы.
Тасқын себептері несерлі жаңбырлар, қардың ағыл-тегіл және тез еруі немесе сең жүруі кезіндегі арналардың үйінділермен бітеліп калуы, сондай-ақ теңіз және өзен сағалары жағынан жел айдауымен келетін сулар болып табылады. Тасқындар жер сілкіну және гидротехникалық кұрылыстарды ядролык жарғышпен қирату кезінде болуы мүмкін.
Су басу қаупі бар аудандарда Қазакстан Республика-сының метеостанциялары және Гидрометеоорталык постылары тұрақты бақылау жүргізеді. Су басу қаупі кезінде халыққа хабар беріледі, бұл адамдарды қорғау және материалдық кұнды заттарды сақтап калуда шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге тасқын белгілерінің пайда болуынан бастап, халыққа хабарлау мен тұрақты бақылау жүргізіледі.
Халықты көшіру, малды айдау, техника мен бағалы құрал-саймандарды шығару, егер мүмкіндік болса, "Су басу қаупі!" сигналына дейін басталу керек.
Көшіру алдын ала мұқият жоспарлануы керек. Бірақ көшіру уақытын дәл айқындау мүмкін емес. Ол әр түрлі жағдайға байланысты болады. Сондықтан қауіпті аудандар тұрғындарының бір бөлігі сыртқы көмексіз көшіп үлгере алмайтындығы ескерілуі керек. Бұл көмек жапа шегушілерге қысқа мерзім ішінде көрсетілуі керек, әйтпесе оларға өлім қаупі төнеді.
Адамдарды құтқару жұмысы барлаудан басталады. Бұл үшін радиобайланыс құралдарымен жабдықталатын ұшақтар, тікұшақтар және тез жүретін катерлер қолданылады. Барлау нәтижелері жапа шегушілерді тапқан бойда радио арқылы хабарланады, оларды жетекші көрсеткен орынға медициналық жәрдем көрсету үшін жеткізеді.
Апатты жағдайдың барлық түрінде де санитарлық дружиналар мен санитарлык постылар алғашкы болып зардап шегушілерге көмек көрсетеді. Алғашқы медициналык жәрдемге уақытша қан тоқтату, таңғыш қою, сынықтарды шендеу, жасанды тьшыс алдыру, т.б. жатады.
в) Қорытынды бөлім – 5 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Зақымданған аумақтардағы барлау не үшін қажет ?
Мәліметтерді іздеп табу тәсілдеріне байланысты барлау қандай болып бөлінеді?
Барлаушы топтың барлаушы буынына кімдер кіреді ?
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі:Т.Жұмабаев