kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?ат ?ажаптары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп: ?абанбай батыр ауылы №41 орта мектеп

Мерзiмі:  18.12.2015ж  Та?ырып: Таби?ат ?ажаптары.

??ндылы?:  ?иянат  жасамау ?асиеттері:?ам?орлы?,мейірімділік,адамгершілік,с?йіспеншілік,т.б. М??алiм:Мырзаханова Ж.М. Сынып: 5 « а» сынып. О?ушылар саны:25

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?ат ?ажаптары»


Мектеп: Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектеп

Мерзiмі:  18.12.2015ж  Тақырып: Табиғат ғажаптары.

Құндылық:  Қиянат жасамау Қасиеттері:қамқорлық,мейірімділік,адамгершілік,сүйіспеншілік,т.б. Мұғалiм:Мырзаханова Ж.М.   Сынып: 5 « а» сынып. Оқушылар саны:25

 

Сабақ мақсаты: Табиғаттың  адам өміріндегі  маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып,  қиянат жасамау құндылығын  ұғындыру.

Міндеттері:

1.Балаларды қамқорлық жасауға, жақсылық жасауға үйрету.

2.Оқушылардың мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

3 Оқушыларды табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

слайд,видеоролик,өлеңнің аудиодискісі,т.б.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5-«Т» сақтау.Талап,тәртіп,тыныштық, тазалық,

Тыныштық сәтi.  Нұрға бөлену

  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

 

Сабақ барысын талдау:

2.Үй тапсырмасын тексеру.Бесағаш бұлағы (Ә.Ысқақов) әңгімесін оқу,талдау.

3.Әңгімелесу.

Табиғат ғажаптары дегенді қалай түсінесіңдер?

Табиғат аясында болғанда қандай әсер аласыңдар?

Табиғатқа сүйіспеншілік танытып,қалай аялайсыңдар?

4.Дәйексөз.Оқушылардың дәптерлеріне жазғызып,екі-үш рет қайталату.

Сұлу Көкше,өр Алатау арасы,

Бәрі тұтас қазағымның даласы.

Сонша жерді сойылымен қорғаған,

Бабаларым осал емес-ау шамасы!

(Кәкімбек Салықов)

Кәкімбек Салықов(22.01.1932-27.11.2013) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген.Мемлекет қайраткері,ақын,1947 жылы Көкшетау қаласында білім алған.1955 жылы Мәскеуде Металлургия Институтын бітірген,бірнеше лауазымды қызметтерді атқарған кісі. «Сыр»өлеңдер жинағының, «Көкшетау», «Оқжетпес», «Аққу әні»өлеңдерінің жинағының авторы.

5. Мәтінмен жұмыс.Таза бұлақ.(Ы.Алтынсарин)

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты.Бұлақ бір тастақ жерден шыққан,айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп,суы мұздай,салқын,шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі,таза бұлақ екен.Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып,тастың суағар жеріне жазу жазыпты:

-Әй,жолаушы,болсаң осы бұлақтай бол,-деп.Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып,біреуі саудегер екен,ол айтты:

- Бұл жазылған нақыл сөз екен,бұлақ күні-түні тынбай ағып,алыс жерлерге барады,бара-бара кеңейіп,үлкейеді,бұған бөтен бұлақтар құйып,сөйте бара үлкен өзен болып кетеді.Мұндағы мұрат сол:сен де, адам,тынбай қызмет қыл,ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма,сөйтсең,ақырында сен де зорайып мұратыңа жетесің,дегеніме деп білемін,-деді.

Екінші жолаушы мүсәпір молда екен,басын шайқап:

-Жоқ мен олай ойламаймын,бұл жазудың мағынасы сіз ойлағаннан гөрі жоғарырақ болса керек,бұл бұлақ: кімге болса да даяр,ыстықтағанды салқындатып,жанын рахаттандырады,сусағанның шөлін басады,онысы үшин ешкімнен ақы дәметпейді;олай болса адамға да абиұры сол:біреуге жақсылық жасасаң ,ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе,дегені болса керек,-деді.

-Үшінші жолаушы көркем келген жас жігіт екен,ол үндемей тұрады. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?»-деп сұрады.

Сонда жігіт:

-Менің ойыма басқа бір нәрсе келіп тұр:бұл бұлақтың суы бір орнында тынып тұрып,шөп-шалам түсіп лайланған екен,бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді;бұлақ күні-тұні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады.Олай болса,жазудың мағынасы :көңіліңді,бойыңды осы таза бұлақтай таза сақта,бұлаққа қарасақ,күн туссе күннің,шөп түссе шөптің сәулесін көреміз,көңілің сондай ашық болсын дегеніме,-деп ойлаймын депті.Онда кірісейік бұлақтың көзін ашып,тазартайық,-деді.

-Үш жолаушы жолда нені кездестірді?

-Таста жазылған сөздің мағынасын олар қалай түсіндірді?

-Үш жолаушының қайсысының жауабы әңгіменің мәнін ашты?

-«Бұлақ көрсең –көзін аш»мақалының мәнін қалай түсінесіңдер?

 

6.Табиғат сұлулық мекені.(слайд арқылы көрсету.)


6. Шығармашылық жұмыс.

Сыныпты топтарға бөліп, мақал-мәтелдерді жалғастыру сайысын өткізу.

_____________________

Батаменен ел көгерер.

––––––––––––––––––––––

Сәуір болмай ––––––––––

––––––––––––––––––––––––

Адам-дос жаранымен мықты.

Нөсар алдында –––––––––––

Кыстың көзі- ––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––

Екі досты жау бұзар.

Табиғат - ––––––––––––––

Жел- –––––––– шақырады,

Булт- ––––––––шақырады.

Таң атпайын десе–––––––––––

Көлдің көркі құрақ,

–––––––––––––––––

Тау кезеңсіз болмас,

–––––––––––––––––

Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер–––––––––––––––

Жаздың бір күні,–––––––––

Қар қарқылдаса,––––––––––

7.Дәптермен жұмыс.Дәптердің ортасына күннің суретін салдырып,күннен тараған сәулелерге қиянат жасамауға тән бірнеше қасиеттерді жаздыру.


  8. Топпен ән айту

Сөзі,әні:Б.Тәжібаев

Күндіз-түні бір тынбай

Дала кезген шапқылап,

Құмар едім өзіңе

Бала кезден,Ақбұлақ,

Әнге бөлеп маңайды

Асып-тасып жатасың,

Ақ моншақтан аспанға

Шашу шашып жатасың.

Сенің келіп жағаңнан

Анам талай су алған,

Сенің келіп жағаңнан

Әкем атыр суарған.

Айналайын,Ақбұлақ

Асыр салғам жағаңда

Сенен артық өлкені,

Бұл әлемнен табам ба!


9. Үй тапсырмасы.Дәптердегі 2,3 тапсырмалар мен табиғат ғажаптары туралы фотосуреттер жинақтау.


10. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныштық,тыныштық,тыныштық,тыныштық бар жерде,

Тыныштық,тыныштық,тыныштық,тыныштық бүкіл әлемде

                


 

 

 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Таби?ат ?ажаптары

Автор: Мырзаханова Жулдыз Мамановна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279601


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства