Тақырыбы | 4-сабақ: Оқушыларды ынталандыру.Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу). |
Жалпы мақсаты | Мұғалімдер оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді анықтайды және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістеріне талдау жасайды. |
Оқу нәтижесі | Мұғалімдер оқудағы кедергілердің алуан түрлі сипаттамаларын (зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық), оқытудың ынталандыру теорияларын,«қиын» оқушылармен жұмыс істеу әдістерін талдайды. Сонымен қатар оқушылардан кеңес алу рәсіміне қатысты тәсілдерді әзірлейді. |
Түйінді идеялар | Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады. Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. |
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер | Бейне таспа, коучинг туралы мәтін, түрлі түсті қағаздар, бағалау парағы, флипчарт, билеттер, конверт. |
Коучинг барысы |
Психологиялық ахуал 5 минут | «Алақанға жан бітір» ойыны. Мақсаты: қатысушылардың суретті салуда зияткерлік сипаттамаларын анықтау. Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. | Соңында неге олай атағандықтары туралы айтып беру. |
Топқа бөлу 5 минут | «Коучинг кассасы» бойынша топқа бөлінеді. Мұғалімдерді коучинг кассасынан билеттер алуға шақырады. Мақсаты: қатысушыларды кассадан билет алу арқылы өздіктерінен топқа бөлу | Билеттердегі тілектер бойынша топқа бөлінеді. «Жұлдызың жансын!», «Бақыт тілейміз!», «Сыйластық тілейміз!» |
Ой шақыру 10 минут | Салмақты ойлар жәрмеңкесін ұйымдастыру. Мақсаты: қатысушылардың берілген мәтіндегі пікірлерге ойларын анықтау Күтілетін нәтиже: Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады «Үйрету мүмкін емес! Үйрену ғана ықтимал!», «Адам басқаларды үйреткенді ұнатады, ал өзін үйреткенді жақтырмайды.», «Бүгін шәкірттерді іргелі білімге үйретпей, оны игеретін әдістемеге үйрету керек!», ««Мен айтып берсем - шәкірт түсінеді!» -деген ұстанымды бүгінгі күні қолданбаған жөн», «Адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды жадында сақтайды», «Ұстаздың басты мақсаты-шәкірттерін өмір сүруге және адам болуға баулу», «Білім таным және ойлаудың ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей үйренушілердің құзырында болуы шарт», «Жұмысты жұп немесе топ құрамында орындау үйренушілердің барлығын дерлік белсендіреді», «Мотивацияны тудырмай, қызығушылықты оятпай тақырыпты терең игеру мақсатына жетуіміз екіталай», «Мен шәкірттерімді ешқашан үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» «Біз мектепте тек «Мен кім болам?» тақырыбында шығармалар жазып келдік те, алайда «Мен қандай болам?» тақырыбында шығарма жазбаған шығармыз!...» , «Тұлға даму мәселесінде замануи педагогика білімділіктен шәкірттердің өзіндік ой-толғанысын (рефлексиясын) негіздеуге бет бұрған» | Мұғалімдер салмақты ойлармен танысады. Өздеріне ой салған ойларды таңдап себет-конвертке жинақтайды. Керексіз немесе келіспеген пікірлерді алмайды. Аудиторияны шарлап жүріп, бір-бірінен неге осы ойларды алғаны туралы сұрайды. Бұл пікірлер қандай мақсатта жәрмеңкеге қойылды? |
Ой қозғау 5 мин | «Көпір» видеосынан үзіндісін көру. Аталмыш видеоүзінді сізерді қандай ойға жетеледі? | Видеоүзіндіні көреді және топта талқылайды |
Негізгі бөлім 15 минут | Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары. Постермен жұмыс Мақсаты: қатысушылар тиімді оқытуға кедергі болатын құбылыстар туралы пікірлерін білдіреді. Нұсқаулық: МАН, 18-бет, Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы. Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді анықтай алады және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістеріне талдау жасай алады. | Топтық жұмыс. Постермен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын ортаға шығып, қорғайды. Ақпараттық постер жасау. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясын ескереді. |
Сергіту сәті 5 минут | Денесергіту | |
Практикалық тапсырма 20 минут | «Оқыту және оқу жөнінде оқушылардан кеңес алу» Мақсаты: Қатысушылар оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді анықтайды және оқушыларға қолдау көрсету әдістерін талдайды. Күтілетін нәтиже: оқушылардан кеңес алу рәсіміне қатысты тәсілдерді әзірлейді. Нұсқаулық: ҮМ, 84 бет 1-топ Оқушылар үшін 2-топ Мұғалімдер үшін 3-топ Мектеп үшін | Тапсырмаларды орындайды. |
Ой толғаныс 20 минут | «Күш өрісін талдау дегеніміз не?» Мақсаты: оқушылардан кеңес алуды енгізу мақсатында «күш өрісі» талдауын жүргізу. Қ. бағалау: «Бас бармақ» әдісі Нұсқаулық: ҮМ, 84 бет Топтық жұмыс 1-топ «Күш өрісін» талдау дегеніміз не? 2-топ Бланк ортасындағы өрісте өзгеріс бойынша өз жоспарыңызды немесе ұсынысыңызды жазыңыз. 3-топ Əр бағанға өзгеріске ықпал ететін барлық күштердің тізімін жазыңыз. «Жақтайтын» жəне «қарсы» əрбір күшті 1-ден (əлсіз) 5-ке дейін (күшті) бағалаңыз. | |
Рефлексия 10 минут | «Сәлем хат» Көңілге шат Гүлденген әлем Әріптеске сәлем! Коучинг қалай өтті? Коучинг жөнінде пікір, ұсыныс: |