kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-сыныптарға арналған ашық сабақ. Тәуелсіздік қарсаңында өткізілетін мектепішілік шара.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған»

Тақырыбы: Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған

Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін атап кету.Өз Отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, « 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті».

БАРЫСЫ:

  1. Кіріспе.

  2. Тәуелсіз ел – Қазақстан.

  3. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.

  4. Тарихи оқығалар тізбесі.

  5. Желтоқсан құрбандарына тағзым.

  6. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.

  7. Қорытынды.

1 Кіріспе

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата- бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

I-жүргізуші:

Армысыздар, Отандастар!

II-жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

I-жүргізуші:

Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

II- жүргізуші:

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!


Оқушы:

М.Шаханов «Төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт – санасы, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да


Оқушы:

Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Төрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздың басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырымның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

I-жүргізуші:

Тәуелсіздік ата- бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.


II-жүргізуші:

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешкім мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

Видео көріністен үзінді.

I-жүргізуші:

Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» атқа еи болған 1723 жылғы жоңғар

шапқыншылығы қазақ жерін мойсыратып кетті.


II-жүргізуші:

1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.


I-жүргізуші:

1925-33 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп, «Кіші октябрь» саясатын жүргізді.Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. Қазақ аштықтан қырылды.



II-жүргізуші:

1937 жылы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жса теректердің тамырын қиды.

I- жүргізуші:

Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

Оқушы:

Құрбандарын жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

Құрбандарым жазықсыз құрбандарым.


Оқушы:

Кеудемдегі қолаңтаны қоздатқаның

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан

Жалтақтатып кете барған боздақтарын.



II-жүргізуші:Ұлы Отан соғысы жылдарын жырлайық.

Оқушы:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.


Оқушы:

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды.

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы

Әкесінен айырыпты ананы


Оқушы:

1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.


I-жүргізуші:

20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1979-50 жылдары Семей полигонында сыланған 600-ден астам ядролық жарылыстың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.


II-жүргізуші:

1986 жылдың желтоқсаны.

Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділеттік қара бұлт түйірілді.



Оқушы:

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.



Оқушы:

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.


Оқушы:

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.


«Желтоқсан» әні орындалады.


I-жүргізуші:

Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі – қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды.

Көрініс. Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.

  • Қыздар, мен газет әкелдім.

  • Қане, не жаңалық бар екен?

  • Плениум болыпты.

  • Қонаевты орнынан алы дейді.

  • Онысы несі?

  • Орнына кім болыпты?

  • Колбин деген,Ульяновтан келіпті.

  • Қазақтан-ақ біреу қойсашы!


II-жүргізуші:

Ербол, Қайрат, Ляззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп,1 минут орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.


I-жүргізуші:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.


Оқушы:

Қазақстан деген қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т- білдіреді теңдікті,

Ә- әдептілік, әлдікті.

У- уайымсыз уақытты,

Е- егемендік елдікті

Л- дейді лағып лепірме

С- сенімділік секілді ең,

І- ілтипат пен ізет қой,

З- зиялылық тілек қой.

Д- шақырады достыққа,

І- іні, бауыр, туысты,

К- дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.



II-жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы: Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия. Жер көлемі жағынан 180 мемлекеттің ішінде тоғызыншы орында. Елімізде 135 ұлт өкілдері тұрады.Ел ордасы – Астана.



I-жүргізуші:

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы,Гимні бар.


II-жүргізуші:

1991 жылдан бастап жеткен жетістіктерімізді атап кетейік.


Оқушы: 1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.

Өзіңдікі туың да, от пен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.

Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.

Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып

Егемен Тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.



  • 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды.Осы жылда еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні қабылданды.БҰҰ-ға мүше болып кірді.

  • 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталды.

  • 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.

  • 1995 жылы 30 тамызда ҚР «Ата Заңы» қабылданды.

  • 1996 жылы 20 қаңтарда ҚР I сессиясы өтті.

  • 1997 жылы «Қуғын- сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

  • 1998 жылы 6 мамыр Астана күні.

  • 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтіп,Н.Ә.Назарбаев сайланды.

  • 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

  • 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы.Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

  • 2002 жыл «Денсаулық» жылы.

  • 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.

  • 2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды.

  • 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.

  • 2006 жылы ҚР тәуелсіздігіне 15 жыл толды.Атақты Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.

  • 2007 жылы «қазақ тілін қолдау» жылы.







I-жүргізуші:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз


II-жүргізуші:

Пайдамыз тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз

«5»тік болсын бағамыз

Білімнен бақыт табамыз.


I-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, осымен мерекелік тәрбие сағатымыз аяқталды.










































Тәрбие сағаты



Тәуелсіздік- ата-бабам аңсаған















Исапаева Қ.А.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Автор: Исапаева Куралай Аманкелдиевна

Дата: 05.10.2016

Номер свидетельства: 347551


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства