kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т. Айбергенов "Көктем әуендері" 5- сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары талапқа сай жазылған. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары пайдаланылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т. Айбергенов "Көктем әуендері" 5- сынып»


Сабақтың тақырыбы:

Т.Айбергенов «Көктем әуендері» өлеңі.5- сынып.

Сілтеме

Жоспар

Сабақтың мақсаты


Білімділік: Т.Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру. «Көктем әуендері» өлеңінің мазмұнын білу.

Дамытушылық: өлеңді мәнерлеп оқуды, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге, сөздердің мағынасын сөздікпен жұмыс жасау арқылы түсінуді үйрету. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін салыстыру арқылы байқауды дамыту.

Тәрбиелік: топта оқушыларды бір – бірінің пікірін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Т.Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алады. Ақынның «Көктем әуендері» өлеңінің мазмұнын біледі. Сөздік арқылы жаңа сөздердің мағынасын түсінеді. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды, көктем мезгілінің ерекшеліктерін салыстыру арқылы байқауды үйренеді. Топта оқушылар бір – бірінің пікірін тыңдайды, өзара сыйластықта болады.

Негізгі идеялар

Т.Айбергенов 1937 жылы Қарақалпақстанның Қоңырат ауданының Қоңырат ауылында дүниеге келген. Мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған. 1967- 1967 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді.Көптеген жыр кітаптарының авторы. Жас ақындарға Т.Айбергенов атындағы сыйлық бар.

Тапсырма

Топтық жұмыс «Көктем» топтастыру әдісі (мадақтау)

Тапсырма

Топтық жұмыс «Көктем» бес жолды өлең құрау.(критерийлер белгілеу)

Тапсырма

Топтық жұмыс . Сурет бойынша әңгіме құрау. 2 жұлдыз,1 ұсыныс.

Тапсырма

Жеке жұмыс «Көктем әуендері» мәнерлі, түсініп оқу. (бағдаршам арқылы бағалау)

Тапсырма

Топтық жұмыс . Абайдың «Жазғытұры» өлеңі мен «Көктем әуендері» өлеңіндегі көктемді өзара салыстыру. Венн диагараммасы әдісі. (2 жұлдыз, 1 ұсыныс)


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: (Сабақта оқушы мен мұғалім немен айналысады)

І Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

1.1. Сынып оқушыларымен амандасу, көңіл – күйлерін сұрап, назарларын сабаққа аудару.

1.2. Оқушыларды жыл мезгілдері бейнеленген суреттер арқылы топтарға бөлу.

ІІ Талқылауға арналған сұрақтар: (2 - 3 мин)

2.1. Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

2.2. Сіздерге көктем мезгілі ұнай ма, неліктен? (түсіндірмелерін айтады)

ІІІ Жаңа сабақты ашуға арналған ашық сұрақтар:

Бейнеролик көрсетіледі.

3.1. «Әуен» деген не?

3.2. «Көктемгі әуен» деген сөзді қалай түсінесіздер?

1. «Көктем » тақырыбына топтық тапсырма. (2 мин)



Көктем







2. «Көктем» тақырыбына 5 жолды өлең жазу.Топтық жұмыс, өзара бағалау. (3-4 мин)

Бағалау критерийлері:

1. Сауатты жазу

2. Грамматикалық шартқа сай келуі

3. Синонимін дұрыс табу

1-5 ұпайға дейін беріледі.

Мұғалімнің түсіндірмелері. Хронологиялық кесте әдісі арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру. (2 мин)

Жылдар

Ақынның атқарған қызметтері, шығармашылығы.

1937 жылы

Қарақалпақстанның Қоңырат ауданының Қоңырат ауылында дүниеге келген.

1959 жылы

Ташкент педагогикалық институтын бітірген.

1959-1962 жылы

Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім

1962- 1965 жылы

Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы орта мектептің директоры.

1965- 1967 жылы

Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді.

1957 жылдан бастап шығармалары жарық көрген.

«Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Аманат», «Бір тойым бар», балаларға арналған «Бақшаға саяхат». Өлеңдерінің тақырыбы: туған жерге деген махаббат,арманы мен тілегі,табиғат сұлулығы.

1967 жылы

Нөкіс қаласында қайтыс болған.

3.Топтық жұмыс. Сурет бойынша «Көктемгі еңбек», «Көктемгі табиғат» туралы әңгіме құру. (7 мин)










4. Жеке жұмыс. «Көктем әуендері» өлеңін мәнерлеп оқу. Сөздікпен жұмыс. (7мин)

(өлең мазмұнын түсінгендігін әр оқушы бағдаршам арқылы өзін – өзі бағалайды)

5. Топтық жұмыс. Оқушыларға Абайдың «Жазғытұры» өлеңі мен Т.Айбергеновтің «Көктем әуендері» өлеңін салыстыру. (6 мин)


Жазғытұры


Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан – жануар, адамзат анталаса,

Ата – анадай елжірер күннің көзі.


Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу,

Көбелекпен , құспенен сай да ду – ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.


Жазға жақсы киінер қыз – келіншек,

Жер жүзіне өң берер гүл – бәйшешек.

Қырда торғай сайраса, сайда – бұлбұл,

Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.


Көктем әуендері


Төбеде найзағай жарылып,

Аспанға салды кеп сойқанды.

Қыстағы қаймағы алынып,

Өзеннің күбісі шайқалды.


Шағала шаттанып, ән бастап,

Көлге кеп үдетті қиқуды.

Кеудесін көтерді тау да асқақ,

Бүршігі үлбіреп гүл тұрды.


Венн диаграммасы.


Абайдың «Жазғытұры» өлеңі

Ортақ қасиеті

Т.Айбергеновтің «Көктем әуендері»

Сыбдыр қағып аққан су, құлпырған жер, төлдеген мал, сайраған құстар.

Көктем

Жыл мезгілі

Құстар

Гүлдер

Найзағай, құстар үні, кеудесін көтерген таулар, үлбіреген гүл.

Қорытындылау . (2 мин)

  • Балалар, бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

  • Бүгін не үйрендік?

Кейінгі тапсырма беру.

Оқу: «Көктем әуендері» өлеңін жатқа оқу.

Жазу: сөздікті дәптерге жазу, жаттау.






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Т. Айбергенов "Көктем әуендері" 5- сынып

Автор: Баядилова Гулжанат Ерсайновна

Дата: 24.04.2017

Номер свидетельства: 411392

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Төлеген Айбергенов "Көктем әуендері" өлеңі"
    ["seo_title"] => string(50) "tolieghien_aibierghienov_koktiem_uiendieri_olien_i"
    ["file_id"] => string(6) "417555"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1495433340"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства