Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс ж?мысты? та?ырыбы:"Ойна да біл"(интеллектуалды сайыс) »
Интеллектуалды ойын «Ойна да біл» Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін ойын түрінде тексеру, сұрақ қою арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту, зеректілігі мен зейінін қалыптастыру. Қазақ тілін біліп, құрметтеуге тәрбиелеу. Әдісі: ойын- сайыс түрінде Қатысушылар: 7 а сыныбы Ойын барысы: Амандасу. Топтарды шақыру.
Бүгін біз «Ойна да біл» атты интеллектуалды ойынға қатысып отырмыз. Ойын шарты – әрбір конкурсқа байланысты тапсырмаларды орындау.Енді әділ қазылармен танысайық. Ойынға 2 команда қатысады. «Достық» және «Бірлік». Ал сайысымызды бастайық.
2.Жалғасын тап 3.Кім шапшаң ? 4.Мәтін - мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту 5.Поэзия минуты 1.«Грамматикалық аялдама». Қазақ тілі грамматикасы бойынша сұрақтар қойылады, командалар тез жауап беру керек. Жауабы дайын болған команда тез қоңырау соғады. Бірінші қоңырау соққан команда жауап береді. Әділ қазылар әр конкурстан кейін командалардың жауаптарын бағалап отырады. (баға – 1 - 5 ұпайға дейін)
«Грамматикалық аялдама». Сұрақтар.
1.Қазақ тілінде неше септік бар?
2.Неше сөз табы бар?
3.Зат есім деген не?
4.Сан есімнің сұрақтары?
5.Жалғаудың неше түрі бар? Қандай?
6.Табыс септіктің сұрақтары?
7.Неше дыбыс бар?
8. Буынның қандай түрлері бар?
9.Үндестік заңы деген не?
10.Етістік дегеніміз не?
Ал жарайсыңдар. Әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.
Енді келесі сайыс: 2.Жалғасын тап Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ жалғастырады. 1 – топ: 1. Өз үйім ... (өлең төсегім) 2. Батыр туса ел ырысы, ... (Жаңбыр жауса жер ырысы) 3. Асыл тастан шығады, ... Өнер жастан шығады. 2 – топ:
1. Отан ... (оттан да ыстық) 2. Ғылым теңіз, .... (білім кеме) 3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай) 3.«Кім шапшаң?» ойыны Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді. 1 – топ:
Екеуінің жасы шамалас, Бірінің шашы қара шаш Екіншісінің шашы ақ шаш аралас. 2 – топ:. Жаңылтпаш жатта, Жаңылмай жатта. Жатқа жатта, Жаттамай жатта. 4.Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту. Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек. І топ. Алты түлкі Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі: -«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты. - «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге: - «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты. ІІ топ. Атасы мен немересі Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды (Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер) (Командалар жауап бергеннен кейін әділ қазыларға сөз беріледі.)
5.Келесі сайыс«Поэзия минуты». Ф.Оңғарсынованың өлеңін жатқа айту. (Командалар бергеннен кейін әділ қазыларға сөз беріледі.)
Қорытынды. Қазылар алқасы әр сыныптың ұпайларын айтты..- Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт-дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады...