Қарқаралы ауданы
Ә.Бүркітбаев атындағы №12 орта мектеп
Тақырыбы : «Сын есімнің мағыналық
түрлері»
/Қазақ тілі.6-сынып./
Пән мұғалімі: Н.М.Жасымбекова
6 - сынып.Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің мағыналық түрлері Сабақтың мақсаты:
1. Сын есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат бере отырып, ұқсас қосымшаларды , бір-бірінен ерекшелігін ажырата білуге үйрету. Танымдық қызығушылықтарын ояту.
2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру,өз беттерімен жұмыс жасай білуге бағыттау.
3.Қатыстық сын есім мен сапалық сын есімді ажырата білуге ,тапқырлыққа ,алғырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі : сын тұрғысынан ойлау ,тренинг
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: Әдебиет ,қазақ тілі
Көрнекілігі: жұмыс дәптері
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг.
Бұлтты күн. Нөсерлі жаңбыр.Күн ашылды.Оқушылар осы сөздердің ыңғайына қарай жаттығу жасайды.
ІІ.Үй тапсырмасы
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Үй тапсырмасын бекіту.
Қызығушылықты ояту сатысы
«Араласып кеткен оқиғалар»
Ұзын ,әдемі ,сары , ұшқыр ,елсіз,сәнді ,қышқыл, жұмсақ ,тәтті,сенгіш, үлкен, ақылды
Тірек сөздер: Көйлек ,жапырақ, ой , дала, киім, дәм ,жастық ағаш,жеміс,саты, жол ,қазан ,жең, қыз,ұл,адам
Тапсырма .
Берілген сөздерді мағыналық түрлеріне ажыратып, тірек сөздерді пайдалана отырып, сөз тіркесін жасап семантикалық кестеге кестеге орналастыр.
| Сапалық сын есім | | Қатыстық сын есім |
1 | Ұзын жең | 1 | Елсіз дала |
2 | Әдемі көйлек | 2 | Қышқыл дәм, |
3 | Ұшқыр ой | 3 | Жұмсақ жастық |
4 | Сары жапырақ, | 4 | Сенгіш адам |
5 | Үлкен ұл | 5 | Ақылды қыз |
ІІІ.Жаңа сабақ .
Мағынаны тану .
Венн диаграммасы арқылы түсіндіру .
Сын есім тұлғасына қарай :
Негізгі сын есім | Ортақ қасиеті | Туынды сын есім |
Ұзын жең | | Елсіз дала |
Әдемі көйлек | Тұлғасына қарай бөлінуі | Қышқыл дәм, |
Ұшқыр ой | | Жұмсақ жастық |
Сары жапырақ, | | Сенгіш адам |
Үлкен ұл | | Ақылды қыз |
Сын есім мағынасына қарай :
Сапалық сын есім | Ортақ қасиеті | Қатыстық сын есім |
Ұзын жең | | Елсіз дала |
Әдемі көйлек | Мағынасына қарай бөлінуі | Қышқыл дәм, |
Ұшқыр ой | | Жұмсақ жастық |
Сары жапырақ, | | Сенгіш адам |
Үлкен ұл | | Ақылды қыз |
Ой тастау стратегиясы.
Тұлғалас қосымшаларды қалай айырамыз ?!
Зат есім | Сын есім |
Отты жақ | Отты жанары |
Отты –нені? -деген сұраққа жауап беріп табыс септігінде тұр жақ деген етістікпен тіркесіп тұр.
Ал, сын есім тек заттың сынын білдіретіндіктен , зат есіммен тіркесіп келеді.
Ғылымилығы:
Көркем әдебиетте сапалық сын есімдер көркемдеуіш сөздер ретінде қолданылады. Әдебиет теориясында сапалық сын есімді Эпитет деп атайды.Мысалы: әдемі қыз , көк майса.
Ал, ақын өлеңдерінде қатыстық сын есім теңеу (Құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі) түрінде келеді .Көбінесе сипаттау мәтінінде кездеседі.Мысалы:
Отты жанары, таудай талабы, қаздай тізілген үйлер .
Ой толғаныс сатысы
1.
132-жаттығу.
Мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді теріп жаз.
Семантикалық кестеге орналастыр.
Р/С | Сапалық сын есім | Қатыстық сын есім |
1. | кішкене | аялы |
2. | сүйікті | қатты |
3. | әдемі | |
4. | қып-қызыл | |
5. | жаңа | |
6. | Жап –жасыл | |
7. | Қызыл | |
2. «Түйінді сөздер» стратегиясы.
Логикалық тапсырма.
Миға шабуыл.
тапсырма .
Осы сыныпта екі оқушының есімі келбет деген сөзбен синонимдес. Сол атауыш сөзге - лы деген жұрнақты жалғасақ сын есім болады .
Қане , кімнің ойы ұшқыр екен ?! Ойланайық , табайық !
-Ал , бүгінгі өтілген сабағымыздың түйіні болатын сөздерді
кім атайды ?
-Ажарлы,дидарлы.
-Қандай сын есімдер ?
- Қатыстық сын есім .
- Қандай сөз табына қатысы бар екен ?
-Зат есімге.
2 - тапсырма .
Ажарлы , дидарлы деген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
Осы сөздерге синтаксистік талдау жаса.
3 – тапсырма.
Ажар,Дидар
« Бес жолды өлең » стратегиясы.
1.Зат есім (Кім ?)
2.Сын есім.(Қандай ?)
3.Етістік.( Не істейді ?)
4.Төрт сөзден тұратын сөйлем.(не істейді?)
5.Синонимі.
Ой толғаныс сатысы
Миға шабуыл.
4 - тапсырма
Келесі тапсырма ,назар аударыңдар !
Осы сыныпта есімі біріккен сөзден құралған ер бала бар .Әр жүргізген хабарының соңында тележүргізуші Иманғали Нұртөлеуұлы сол есімді сын есімге айналдырып , өз көрермендеріне жақсылық тілеп, қоштасады. Ол
есім қалай аталады ?
Сол сөзді қатыстырып сөйлем құра.
133-жаттығу.
Топтастыру стратегиясы.
Тұйық
Сапалық сын есім Кең
Тар
Қара Жаман
Ақылсыз
Қатыстық сын есім
Уайымшыл
Уайымсыз
« Сөздер сөйлейді » стратегиясы
5- тапсырма
Әр сөзге анықтама бере отырып . Дәрігер туралы өз ойыңды жеткіз.
Тақырыбы : Дәрігер
Әр сөзге анықтама бере отырып . Дәрігер туралы өз ойыңды жеткіз.
Тақырыбы : Әкім
Әр сөзге анықтама бере отырып . Әкім туралы өз ойыңды жеткіз.
3 – тапсырма.
Ажар,Дидар
« Бес жолды өлең » стратегиясы.
1.Зат есім (Кім ?)
2.Сын есім.(Қандай ?)
3.Етістік.( Не істейді ?)
4.Төрт сөзден тұратын сөйлем.(не істейді?)
№ 4- тапсырма.
... Кендебай алтын құйрықты қойнына тығып, ұйықтап қалды . . .
Шоқан Уәлиханов құйрықты жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды.
Түсініктеме күнделігі бойынша жұмыс жаса.
ІҮ.Бекіту сабағы
1.Графикалық диктант
Балалы
Саналы
Сары
Жасыл
бозғылт
сенімді
Бойшаң -
сапалық қатыстық негізгі туынды
2.Семантикалық кестемен жұмыс
№ | Оқушының аты –жөні | Сыныбы |
| | |
Р/С | Жауабы Тапсырма | Дара Сын есім | Туынды | Күрделі | Негізгі | Қатыстық сын есім | Сапалық |
1 | Қара | | | | | | |
2 | Балалы | | | | | | |
3 | Үлкенірек | | | | | | |
4 | Ап-ащы | | | | | | |
5 | Бойшаң | | | | | | |
6 | Ұзындау | | | | | | |
7 | Сары | | | | | | |
8 | Үлкен | | | | | | |
9 | Боз | | | | | | |
10 | Ақшыл | | | | | |
Ү.Үйге тапсырма .
«Сын есімдермен сырласайық» .Эссе жазу.
ҮІ.Бағалау.