kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сын есімні? ма?ыналы? т?рлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбиелік: ?аза? тіліні? м?ртебесін к?теру, о?ушыларды патриотты? рухында т?рбиелеу, отанс?йгіштік сезімдерін дамыту, с?йлеу м?дениетін арттыру, ?зін-?зі ба?алай білуге, бас?аларды? к?з?арасын ты?дап, сыйлай білуге т?рбиелеу;
Дамытушылы?: шы?армашылы? ?абілеттерін, ойларын дамыту, ізденімпазды? ?асиеттерін ?алыптастыру;
Саба?ты? типі: жа?а саба?ты ме?герту;
Саба?ты? т?рі: аралас саба?
?олданылатын ?дістер: Баяндау; М?нерлеп о?у; Кестені толтыру; Жа?а саба?ты т?сіндіру; Зерттеу ж?мысын ?ор?ау; Венн диаграммасын сызу; Суретпен ж?мыс; 
?ойылым к?рсету; С?ра?-жауап. 
Саба?ты? жабды?ы: слайдтар, ?лестірме ?а?аздар, музыка, семантикалы? карта
ба?алау пара?ы, суреттер, к?рініс
П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, информатика, сурет, ?дебиет, ?н-к?й, тарих
Саба?ты? жоспары:
?йымдастыру кезе?і:

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сын есімні? ма?ыналы? т?рлері" »

Мерзімі: 20.11.2014 Тексерілді:

Сынып: 6 «Д» сынып
Сабақтың тақырыбы:Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаңа мәтінді меңгеру, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу; 
Тәрбиелік: қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды патриоттық рухында тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін-өзі бағалай білуге, басқалардың көзқарасын тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ойларын дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданылатын әдістер: Баяндау; Мәнерлеп оқу; Кестені толтыру; Жаңа сабақты түсіндіру; Зерттеу жұмысын қорғау; Венн диаграммасын сызу; Суретпен жұмыс; 
Қойылым көрсету; Сұрақ-жауап. 
Сабақтың жабдығы: слайдтар, үлестірме қағаздар, музыка, семантикалық карта
бағалау парағы, суреттер, көрініс
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика, сурет, әдебиет, ән-күй, тарих
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеп, бүгінгі күн ерекше күн екенін хабарлау, психологиялық жағынан балаларды дайындап алу, олардың білімдері жоғары екендіктерін айтып көңілдерін көтеру, сабақтың айдарына көңіл аударту. Сабақтың айдары:
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
- Соған берем ойымның алтын кенін.
- Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
- Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
- Ал екінші бақытым – тілім менің,
- Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
- Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
- Қасиетті тілімнен түңілмедім.
- Бақытым бар үшінші – Отан деген,
- Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.
- Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?.
- Ойланбай-ақ кел - дағы от ал менен.
“Үш бақытым” (М.Мақатаев)
Үш бақытты саралай келе, балаларды үй тапсырмасына көңіл аудартамын.
Үй тапсырмасын тексеру. (кесте толтыру) қазыл парақшалар тарқатамын, балалардың жүрегіне жол табу
Әр баланың қолына кесте тарқату арқылы, балалардың кішкентай жүректері қандай сезімде екенін, қобалжымай үй тапсырмасын ойдағыдай орындап шығуларына көмектесемін. Балалардың жүректері нәзік екенін сезе отырып, оларды әңгімеге тартуды жөн көремін. Мысалы: - Бүгін көңіл-күйің қалай?
- Ауа-райы қандай?
- Бүгін қандай көңіл күймен ояндың? т.б.
Осындай сұрақтар арқылы үйге берілген сын есімнің ережесін шығартамын, Ал орнында отырғандар парақшалардағы жазылған зат есім тақырыбына толық талдау жүргізеді. Осы арқылы өтілген тақырыпты да, үй жұмысын да пысықтап аламын.
Жаңа сабақты түсіндіру. (сурет арқылы) 
Тақтадағы слайдтан «Бәйтерек», «Мұз айдыны» суреттерін көрсету. Осы суреттер арқылы жаңа тақырыптың мағынасын ашу. Сын есімнің мағыналық түрлеріне мысал келтіру, ережесін шығару. Мысалы; мұзды, таулы, әдемі, шыршалы, жасыл, көк, тайғақ, 
Тақтадан бүгінгі сабаққа арналып жасалған слайдтты көрсетемін. Өздерінің айтқан сөздерін тақтаға жаздырып, бүгінгі сабақтың ережесін шығарамыз. Кейін слайдтағы сөздерге көңіл бөліп, сын есімнің мағыналық түрлерін атап өтеміз.
IY. Кітаппен жұмыс. 
Дәптерлерін ашып, бүгінгі күннің жадын, тақырыпты жазып, жаттығу орындатамын.
128-жаттығу 
Мақалдардың құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңдар 
129-жаттығу
Сын есімдерді тауып, сапалық және қатыстық сын есімдерді топтап жазамыз, олардың негізгі, туынды екендігін анықтаймыз
Y. Жұмбақ шешу (халықтық педагогиканы қолдану)
Зынданда отырған қызыл бикештің шашы көшеде. Бұл не? (сәбіз)
Өзі қысқа,
Өзі нұсқа,
Сөз қаймағын есіңде ұста. (мақал)
Сол аяқ пен оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (доп)
Бір көзім “кідір: дейді,
Бір көзім “жүгір” дейді.
Бір көзім “абайла” дейді
“Қарап ал маңайға” дейді. (бағдаршам)
YI. Терме диктант. (Слайд арқылы)
Қаңтар...лы, ш...дамды, көтерм...лі
айл...кер, т...йінді, то...ғақ, ас...л, көкп...ңбек, кү...гірт, қы...қыл; 
YII. Психологиялық жағдаят (сергіту сәті) 
Әрбір адам? Кімім? 
Туысым, досым, жұрағат 
Әрбір сабақ? Не істеу? 
Үйрену, ұғу, ұлағат 
Әрбір ісім? Не? 
Тірлік, тірек, адамдық 
Әрбір сөзім? Қандай? 
Шындық, бірлік, адамдық 
YIII. Семантикалық картамен жұмыс,сары түсті пайдалану; сары түсті пайдалана отырып, оларға әрбір түстің өзіндік ерекшелігі бар екенін айтамын. Мысалы: сары түс адамға жылулық сыйлайды, себебі күннің түсі сары.Күннен біз жылу аламыз, ал сендер мына семантикалық карта арқылы білім нәрін алыңдар. 
IX. Қорытындылау.Зерттеу барысын жасыл түсті алдым.
Жасыл түс арқылы білімдерін тексеру. 
Шағын тест 
1. Сын есімнің мағыналық түрі қанша?
а) екеу
ә) алтау 
б) бесеу
в) төртеу
2. Сапалық сын есімдерді табыңдар:
а) аппақ, сап-сары, жақсы;
ә) ақылды, ойлы, таулы;
б) ұзын бойлы, кең иықты, арқар мүйізді
в) күзгі, елсіз, боранды
3. Негізгі сын есімді табыңдар?
а) көмірдей
ә) жайлаудай
б) сары
в) сүтті
4. Туынды сын есімді табыңдар?
а) жақсы
ә) алыс
б) асыранды
в) жасыл
5. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ:
а) –лы
ә) –шаң
б) –аған
в) –ы
6. Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақ:
а) –улі;
ә) –шақ
б) ғыр
в) –шең
7. «Тоғайлы» сөзі қандай сын есім?
а) негізгі;
ә) сөз бірігуінен жасалған
б) туынды
в) күрделі
8. Гүл сөзін анықтап тұратын сын есім: 
а) көмірдей
ә) әдемі
б) толық
в) дөңгелек
9. Қатыстық сын есім:
а) жасыл
ә) шырайлы
б) жеңіл
в) жаман
10. Қатыстық сын есім қатысып тұрған мақалды белгілеңдер:
а) Жақсы – ісімен жақсы;
ә) Сулы жер – нулы жер;
б) Арулар –асыл жандар;
в) Әсем таулар, бақша-баулар көрікті.
Х Тіл мәдениетін дамыту кезеңі
ХІ. Бағалау (парақшалар тарқатылады)
Нені білемін?
Не үйрендім?
Нені үйренгім келеді?
ХІІ. Үйге тапсырма
131-жаттығу
“Білім жолы – нұрлы жол” тақырыбында сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын мәтін құрау
Бағалау (парақшалар тарқатылады)№1
Аты-жөні: 
Нені білемін?
Не үйрендім?
Нені үйренгім келеді?



Семантикалық карта Аты –жөні:
Зат есімдер
Жалқы есім: - Ағаш, Талғар, көл, Нариман, құс, Жетісу, өсімдік, 
Жалпы есім.................................
Сын есімдер
Сапалық – жасыл, шырайлы, әсем, күзгі, сары, сүтті, аппақ
Қатыстық:.............................


Үй жұмысын тексеру кестесі
Перфокартамен жұмыс
Аты –жөні:
Жалпы зат есім
Жалқы зат есім
Деректі зат есім
Дерексіз зат есім
Ережесі:
1---1---1---1
2---2---2---2
3---3---3---3
4---4---4---4
5---5---5---5

Үй жұмысын тексеру кестесі
Перфокартамен жұмыс
Аты –жөні:
Зат есім сөзге кешенді талдау
Мысалы: Алатауға, ойыншықтың
Сөз табы
Құрамына қарай
Тұлғасына қарай
Мағынасына қарай
сұрағы
қосымша
Сөйлем мүшесіне







Мерзімі: 18.11.2014 Тексерілді:

Сынып: 6 «В», «Е» сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар 

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: оқушылардың негізгі, туынды, дара, күрделі сын есімдерден алған білімдерін есте бекіту, жинақтау. 
ә) тәрбиелігі: оқушыларды тапқыр да еңбекқор, ойлы болып өсуге тәрбиелеу; мақал-мәтелдер арқылы адамгершілік қасиеттерге, әдептілікке баулу. 
б) дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, туынды сын есімдердің жасалу жолдарын анықтай білуге дағдыландыру, тірек сөздер арқылы мәтін жазуға жаттықтыру. 
Көрнекілігі: Таблица, «Семантикалық карта», «ішке-сыртқа» стратегиясы.

Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті қалыптастыру.

Оқыту әдістері: Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.

Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру. 
ІІ. «Аквариум тәсілі» арқылы оқушылардың өткен тақырыптарда алған білімдерін еске түсіру.

Сыныпты 3 топқа бөліп, оларды А, Б, С тобы деп белгілеу.

1-тапсырма. Тақтаға әр түрлі түстер іліп, оны өз қалауы бойынша алып, 
сұраққа жауап беру. Егер бірден жауап бере алмаса, тобымен ақылдасу. 
2-тапсырма. Кітаппен жұмыс. 
137-жаттығу. Төмендегі зат есім сөздердің мағыналарын айқындаңдар. Оларға сын есім жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жасаңдар. 
141-жаттығу. Туынды сын есімдердің ішінен етістіктен жұрнақ арқылы жасалған сын есімдерді теріп жазыңдар. 
142-жаттығу. Берілген туынды сын есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін жасаңдар. 

3-тапсырма. 
І топқа «Семантикалық карта» Асты сызылған сөзге берілген кесте бойынша талдау жаса. 
1. Жүйелі сөз жүйесін табар, 
Жүйесіз сөз иесін табар. 
2. Жақсыдан үйрен, 
Жаманнан жирен. 
3. Ақылды ұл білім іздер.

ІІ топқа. Төмендегі сөйлемдерде қарамен жазылған сөздердің қайсысы сын есім мағынасында қолданылғанын тап. 
1. Сыз жерге отырма, сызықты түзу сыз. 2. Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған. 3. Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел. Сонда шал Әзімге арқан, қанжар берді, - Маяның ішіне еніп, сен жат! – деді. 
ІІІ топқа. «Ішке-сыртқа» стратегиясы. 
Берілген сөздерден негізгі, туынды, дара, күрделі сын есімдерді тауып «ішке» бөліміне жаз , қатыссызын «сыртқа» бөліміне жазыңдар. 
Қалың, тұп-тұнық, сары ала, бозаң, әдемі, жіңішке, қоңырқай, малшы, ән, адам, биік-биік, сүйкімді, қонымды, аққу, белбеу, өткір көзді, аққұба, ақылды, әдепті, ақ сақалды, жирен қасқа. 
Жеке оқушымен жұмыс. 
Тақтада сөйлем талдау. 
1. Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. 
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. 
3. Жақсыдан қашпа, жаманға баспа. 
4. Көгілдір аспанда бозторғай ән салады. 
5. Ол домбырада шебер ойнады. 
4-тапсырма. 
Мәтіндер беріп, кімнің шығармасынан алынған үзінді екенін анықтау. Сын есімдерді табу. 
5-тапсырма. 3 топқа да ортақ. 
Тірек сөздерді пайдаланып, бір-біріңнің портреттеріңді жазыңдар. 
6-тапсырма. «Тірек белгілер» оқыта үйрену ойыны. 
1 – топ. Туынды с.е. табу 
2 – топ. Күрделі с.е. табу. 
3 – топ. Негізгі с.е. табу.

Ү. Сабақты қорытындылау. Семантикалық карта бойынша қорытындылау.






















Мерзімі: 20.11.2014 Тексерілді:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6 «В», «Е»сынып

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

Ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Көктемде

Екі күннен кейін мен қалаға жүріп кеттім.

Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып ,шатынай айырылып қалып жатты. Толқындарды жарға айдап, «жорға жел» ойнақтады. Бөшке,қап,жәшік сияқты ауыр жүк артқан моторлы қайық тербеліп келеді. Рульді ұстап келе жатқан жас жігіт еді. Оның үстіне қырма қой терісінен істеген, омырауы әр түсті жіппен кестелеген әсем пешпеті бар.

Оның жүзі сабырлы,салқын қанды еді. Қайықтың тұмсық жағында көмекшісі отыр. Бұл-үстіне жыртық шекпен киген ,белін арқан жіппен буған,басында көнетоз қалпағы бар,үсті-басы үрпі-түрпі бір мұжық еді. Ол ұзын ағашқа ілген темер ілмекпен сеңдерді серпіп қояды. (122 сөз)


Мәтінді қайталап оқып беремін,оқушылар тыныс белгілерін қояды


Үйге тапсырма : қайталау







Мерзімі: 21, 19. 11.2014 Тексерілді:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 6 «В», «Е»сынып

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Дөнентаев. «Бозторғай», «Ой» өлеңдері.
Сабақтың мақсаты: а) Сәбит Дөнентаев туралы мәлімет алу, өлеңнің мазмұнын ұғындыру;
ә) өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқу, талдау, ой - пікірлерін айта білуге, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу.
б) ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сәбит Дөнентаев портреті, шығармалары, слайд бағалау парағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, талдау, суреттеу, РАФТ, Блум жүйесі.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс. тарих, биология, өнер.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1 - топ. С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы.
2 - топ. «Заман кімдікі» өлеңі
3 - топ. Ой толғау
ІІІ Жаңа сабақ.
І «Қызығушылықты ояту» кезеңі.
1. «Топтастыру» стратегиясы. С. Дөнентаев қай жылдары өмір сүрді? Ол туралы қандай деректер білесіңдер? Қай жерде туып өскен? Ұрпақтары бар ма? Атқарған қызметтері?
Сәбит - ақын, ұстаз, жазушы, аудармашы, қайраткер, суреткер, мысалшы, сатирик.
ІІ Мағынаны тану.
Сәбит Дөнентаевтың «Бозторғай» өлеңіндегі мағлұматтар қамтыла түсіндірілді. Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің мазмұнын қалай түсінді, сол бойынша жұмыс жүргізіледі.
2. Бозторғайлар – торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жер шарында кең тараған. Қазақстанда 13 түрі бар. Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Оның қанатының ұзындығы 8, 5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Бозторғайлар – жыл құсы. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
Жерұйық іздегенде: "Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат - шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанқайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді.
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып - тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.
«Түсіну» стратегиясы. 1 - топ – «Бозторғай» 2 - топ – «Ой».
Әр топтың оқушылары Сәбит өлеңдерін оқып, мазмұнын бір - біріне түсіндіреді. Сәбит өлеңдерінің өзектілігі неде? Халыққа адал қызмет ету, әр нәрсені оймен жүйелеп істеу, таптық көзқарастың болмауы, адамдардың бір - біріне зорлық көрсетпеуі, әлімжеттік жасамау.
3. «Талдау» стратегиясы (өлеңді құрылысына қарай талдау).«Бозторғай»
өлеңі 3 бунақ, 11 - 12 буынды, а, а, б, а қара өлең ұйқасы, бейнелі сөздер: бүркіт - құс патшасы, лашын хан, тұрымтай төре, бөдене аға, шаққанын, ішкі мұңын, шақпағанын, жатқанын жаны тыныш, жатпағанын.
4. «Суреттеу». (Өлеңдерін болжау, дәлел, қорытындылау)
5. Шығармашылық жұмыс РАФТ
6. Блум жүйесі
ІІІ «Ой толғау» кезеңі
Білім – Өлең кейіпкерлерін атаңыз
Кейіпкерлер не істеді?
Түсіну – Неге өлең осылай аталды?
Қолдану – Бозторғайдың мұңын неге бағаламады?
Анализ – Өлеңнің түйіні қай жерде?
Синтез – Бозторғайды басқа құстармен салыстырыңыз.
Бағалау – Бозторғай әрекеттерін бағалаңыз. Қосымша деректер айту.
IV Қорытынды. Адам - өмірге қонақ. Мақсат - бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, қайырымды, адал өмір сүру.
V Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың 1. «Ой»өлеңін жаттау, 2. «Сәбит – ел бірлігін жырлаған ақын» тақырыбына шағын шығарма жазу. 3. Екі өлеңді салыстыру. «Бағалау парағы» арқылы оқушылардың баға қорытындысы шығарылады.
















Мерзімі: 19.11.2014 Тексерілді:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7 «Г» сынып

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің түрленуі

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға есімдіктің ерекшелігі мен жіктеу есімдігі туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

ә) есімдіктің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;

б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың әдісі: cұрақ-жауап, талдау, іздендіру

Сабақтың түрі: ұжымдық,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: кітап,суреттер,үлестірме қағаздар т.б.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә)Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Есімдік дегеніміз не?

  2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Есімдіктер қалай түрленеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп,зат есімдерше септеледі,және жіктеледі.

Мен,сен,ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:

1) ілік,барыс,табыс,шығыс септіктерінде түбірдегі л,н дыбыстары түсіп қалады.

2) жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н-ға айналады

3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында –ы,-і дәнекері пайда болады.

4) барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге –ған түрінде жалғанады.

Жаттығумен жұмыс: 97-жаттығу. Өлеңді оқып есімдіктерді тауып есімдіктің қай түріне жататынын түсіндіріңдер.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға жіктеу есімдігін септеп жазады.

Атау. Мен сен

Ілік. Менің сенің

Барыс. Маған саған

Табыс. Мені сені

Жатыс. Менде сенде

Шығыс. Менен сенен

Көмектес. Менімен сенімен


Топтастыру стратегиясы:

Мен сен ол


Жіктеу есімдігі


Сендер біздер



Сіздер олар


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 99-жаттығу.






























Мерзімі: 20.11.2014 Тексерілді:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7 «Г» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігінің түрленуі.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік - өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру; ә) дамытушылық - әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау,логикалық ойлауын дамыту; б) тәрбиелік – оқушы ларды тілін сүюге,елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,кестелер.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу т.б.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау.


септеледі

Жіктеу

жіктеледі

көптеледі

Белгісіздік


Есімдіктің

мағыналық

түрлері

Болымсыздық


тәуелденеді

сілтеу

септеледі

көптеледі

Жалпылау


тәуелденеді

сұрау

септеледі

Өздік

жіктеледі

көптеледі


септеледі жіктеледі тәуелденеді көптеледі.


102-жаттығу.Берілген сұрау есімдігін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Кімнің,қайсымыз,нешеуі,кімдермен,нешеуден,кімсіздер,қандаймыз.

Мысалы : Сен кімнің баласысың?

103-жаттығу.Нешінші,қайсысы деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып,мағыналық,тұлғалық жағынан салыстырыңдар.

Жіктеу: І нешіншімін,қайсысымын

ІІ нешіншісің,қайсысысың

Нешіншісіз,қайсысысыз

ІІІ нешінші,қайсысы

Тәуелдеу: І нешіншім,қайсысым

ІІ нешіншің,қайсысың

Нешіншіңіз,қайсысыңыз

ІІІ нешіншісі,қайсысы.

Жаңа сабақ.

Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.

Өздік есімдігінің септелу үлгісі (оқулықта берілген).

Өздік есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.

Өздік есімдігінің жіктелуі (оқулықта берілген)

Өзім есімдігін септеп, Өзің есімдігін жіктеп,

біреуіне сөйлем құра біреуіне сөйлем құра.

А. өзім

І. өзімнің І.өзіңмін,өзіңбіз

Б. өзіме ІІ.өзіңсің,өздеріңсіңдер

Т. өзімді өзіңсіз,өздеріңсіңдер

Ж. өзімде ІІІ.өзің

Ш. өзімнен

К. өзіммен

Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар.

Өзім – тәңірі табынамын ... (өзіме)

Сөзім – құран, бағынамын ...! (сөзіме)

Бұзушы да,түзуші де ..., (өзіммін)

Енді,ескілік,келдің өлер ...! (кезіңе)

Мағжан Жұмабаев.

Керекті сөздер: сөзіме,өзіме,өзіммін,кезіңе.

Тапсырма: өздік есімдігін тауып,олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.

Өзім – түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы

Өзіме – түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы, -е барыс септігі

Өзіммін – түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы, -мін жіктік ж.

І жағы.

Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талда.

1.Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.

2.Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.

Тәуелсіз Қазақстан

Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүрміз. «Отан от басынан басталады» дейді халық.Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен,жақындарымен,бүкіл дос-жарандарымен бірге тұратын мекені.қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны – Қазақстан республикасы.1991 жылы 16-желтоқсан күні біздің еліміз Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.Осы күнге жету үшін қазақ халқы қаншама қиыншылықты бастан өткізді.Әр мемлекеттің дербес,тәуелсіз ел болуы – барша бақыттың бастауы.Елдің өз құқы өз қолында,ешкімге тәуелді емес.

Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр.Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.

«Қазақстан тарихынан».

Тапсырма: есімдіктердің түрлерін анықтап теріп жазу.

Жаңа материалды бекіту.

Логикалық диктант

1.Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)

2.Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? «түбірі өз, -і –тәу.жал. ІІІ жағы, -сіз –жік.жал. ІІ жағы (сыпайы түрі), -дер, -көп.жал.)

3. Өзіңмен қай септікте тұр? (көмектес септікте)

4. «Өз үйім - өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр? (анықтауыш)

5. Өздік есімдігі бар мақал жаз.

Қорытынды. Кластер стратегиясы.

Үйге тапсырма. 1.Эссе стратегиясы «Менің қиялымдағы болашақ Қазақстан» (есімдіктері,әсіресе өздік есімдіктері бар).

2.Тест құрастыру.

Бағалау.


Мерзімі: 21.11.2014 Тексерілді:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7 «Г» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сұрау есімдіктерінің түрленуі.

Сабақтың мақсаты. білімділік – сұрау есімдігі туралы білімдерін тереңдету,оның түрленуін үйрету,сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру; дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру; тәрбиелік – ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер (интерактивті тақтада),топтастыру әдісінің мысалдары жазылған плакаттар,үлестірмелі қағаздар,слайдтар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың дұрыс отырғызып түгелдеу.Оқу құралдарын алдырып.назарларын сабаққа аудару.

Үй жұмысы. Үйге берілген 99-жаттығуды талабына сай тіркесіп тұрған сөзімен бірге оқытып,олардың қай септікте тұрғанын айтқызу.Сұрақ-жауап әдісі арқылы үй жұмысын пысықтау.

1.Сілтеу есімдігі қалай түрленеді?

2.Ол қалай тәуелденеді? Мысал келтір.

3.Сілтеу есімдігіне мысал келтіріп,оны септе.

4.Септелудегі ерекшелігін түсіндір.

5.Мысалдар келтіру.

1-слайд (Елордамыз Астана қаласының көрінісі бойынша сілтеу есімдігін қатыстырып сөйлем құрату).

Жауаптар алып,жаңа сабаққа назар аудару.

Жаңа сабақ.

6-сыныптан өткен сұрау есімдігі туралы білімдерін еске түсіру.Мысалдар келтіру арқылы жаңа сабақты бастау.

2-слайд (бірнеше мысалдар)

Сұрау есімдігінің түрленуі туралы оқулықта келтірілген кестеге назарларын аудару.Оның тәуелдену,септелу,жіктелу үлгісіне қарап ерекшелігін түсіндіру.Мысалдармен дәлелдеу.Септелген кездегі түбірлері сақталып,жалғаулары да өзгеріссіз жалғанады,тек барыс септігінің жалғауы қайсы сұрау есімдігіне –ған түрінде жалғанып тұр.

Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана І,ІІ, жақтарда жіктеледі.Себебі І жәнеІІ жақ,яғни айтушы (мен,біз) және тыңдаушы (сен,сіз,сендер) адам ғана болады.ІІІ жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді.

Көне ескерткіштерде сұрау есімдіктері септеліп жұмыс алғандығы туралы айту.

Жаттығу жұмыстарын талдау арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету.

100-жаттығу.Мәтінді оқып,құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағыналық ерекшеліктеріне және қолданысына назар аударту.Мәтіннен сұрау есімдігін тауып,оның қалай түрленіп тұрғанын айту.

(қайда,қалай,кім сұрау есімдіктері атау септігінде тұр.)

101-жаттығу.Жаңылтпаштарды айтып үйрену.Құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағынасын және сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіру.

Неше сұрау есімдігі атау септігінде тұр,нем сұрау есімдігі І жақта жіктеліп тұр.

102-жаттығу. Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Кімнің,қайсымыз,нешеуі,кімдермен,нешеуден,кімсіздер,қандаймыз сұрау есімдіктерінің түрлену жолдарын түсіндіру.

Деңгейлік тапсырма беру арқылы оқушының қызығушылығын арттыру,сабаққа ынталандыру,білім деңгейін анықтау.

Сабақты әдебиет пәнісен байланыстыру.Дулат Бабатайұлының «Аягөз,қайда барасың?!» атты өлеңінен сұрау есімдігін тауып,оның түрлену жолын түсіндіру.Төле бидің шешендік сөздерінен сұрау есімдігін табу.оны талдау.

Сабақты қорыту.

Сабақты топтастыру әдісі арқылы,сұрақ-жауап әдісі арқылы қорыту.

3-слайд (Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті арқылы жаңа сабаққа қатысты сөйлемдер құрату).

Есімдік түрлерін топтастыру

Мен,сол,осынау,нешеу.Біз,сіздер,қанша.Сіз,ол,,барлық,өз,қайсы.Сендер,қайдан,кім не,сен,бұл,анау,нешеумін,кіміміз, олар т.б.

жіктеу

сұрау

сілтеу





Сабақты қорыту кезіндегі сұрақтар.

1.Сұрау есімдігі қалай түрленеді?

2.Сұрау есімдігіне мысал келтіріп,оны жікте.

3.Қайсы сұрау есімдігін септе және ондағы өзгешелікті түсіндір.

Үйге тапсырма: 103,104-жаттығулар.Берілген талабын түсіндіру.Сұрау есімдігі туралы ереже,кестелерді оқу,мысалдар келтіру.

Оқушылардың білімін бағалау.




Мерзімі: 18.11.2014 Тексерілді:

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7 «Г» сынып

Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов «Күн менікі»
(Ж. Аймауытовтың «Күн менікі» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесіне талдау)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ж. Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» повесінің мазмұнын, автордың мақсатын, тақырыптың өзектілігін ұғындыру, оқушыларға шығарма мәтіні кейіпкерлеріне мінездеме беру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай білу біліктілігін дамыта отырып, өз ойын ауызша да, жазбаша да жүйелі жеткізе білуге баулу, олау қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушыларды шығарма кейіпкерлері болмыс-бітіміне, табиғи тіршілігіне талдау жасау арқылы адамгершілікке, әсемдікке, мейірімділікке, ұстанымдылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Оқыту формасы: топтық
Оқыту әдісі: Талдау, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс, шығармашылық ізденіс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география
Сабақтың көрнекілігі: Тақырып, интерактивті тақта, үлестірмелі кеспелер, Ж. Аймауытов портреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Ә) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау
- Оқушылар бүгінгі сабағымыздың өзіндік бір ерекшелігі бар. Ол компьютерді пайдалану арқылы интерактивті тақта арқылы жұмыс жасаймыз. 
- Балалар сендер өткен сабақта қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, Ж. Аймауытовтың «Күн менікі» шығармасымен танысқан болатынсыңдар. Қазір топ болып тапсырма орындаймыз. 
ІІ. Үй тапсырмасы
-Үйге берілген тапсырма не еді?
-Әңгіме мазмұнын оқып келуге берілді.
-Ендеше шығарма композициясы қандай кезеңдерден тұрушы еді?
-Оқиғаның басталуы, дамуы, байланысуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі.
- Олай болса қазір мен әр топқа шығарма композияциясының кезңдерін білдіретін тақырыпшалар таратамын. Сендер қай кезең екенін тауып, қысқаша мазмұнын баяндайсыңдар. (Әр топқа 2-ден таратылады.)
1. Оқиғаның басталуы: Ордабайдың үш ауылы
2. Оқиғаның байланысуы: Тоқтатпашы көшті, тоқтатпа!...
3. Дамуы: Шырла-шырла торғайым!
4. Шиеленісуі: «Өзшең шірік күң!»
5. Шарықтау шегі: Е, көңіл ашар деп осынын айт!
6. Шешімі: Ал, бозбалалар сендерде айтыңдар?
Актуальдау
І-топ:
Әңгімеде көш қалай сипатталады?
Қазақ халқы қандай жағдайларға байланысты көшкен?
ІІ-топ: 
Әнді қандай жағдайда кімдер орындайды?
Күнекейдің өн бойынан қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
ІІІ-топ:
Көштің сән-салтанаты мен қызығы кімдердің үлесіне тиді?
Бейнетін кімдер көрді?
ІІІ. Жаңа сабақ
-Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күнекей неден жазықты болды?...» деп дәптерімізге жазып қоямыз. 
Ж. Аймауытовтың «Күнекей жазығы» повесінен алынған «Күн менікі» әңгімесіндегі сол дәуірдегі әйел теңсіздігін негізге ала отырып, Күнекей неден жазықты болды деген тақырыпта Күнекей бейнесіне тоқталамыз. Енді мына тапсырмалардың бірін таңдап алып, сол төңіректе пікірлеріңді мәтіннен үзінді келтіріп айтыңдар. (Әр топқа тарату)
1. Еркін қазақ қызының бейнесі (Күнекейдің бейнесі)
Топтастыру стратегиясы бойынша
2. Күнекейдің еркіндікті аңсап, салған әнінен үзінді келтіре отырып, әдеби сызбамен талдау жасау.
Үзінді Идея Күнекейдің бейнесі Түйгенім
Бауырында Шұбайтаудың қос балапан, 
Сол таудан дария толқын су тараған.
Сұлу қыз, әсем жігіт-бәрі сонда
1. Күнекейдің басына туған күн.
Венн диаграммасы арқылы түсіндіру
Тұяқ Ұқсастығы Күнекей
-Ал, қане кім дайын?
-Жарайды өте жақсы
Ой шақыру. Сұрақ тапсырма.
-Ал енді келесі тапсырма барлығына жалпы ортақ ой шақыру тапсырмасы беріледі. Мынадай сұрақ қойылады.
Күнекей неден жазықты болды?
IV. Дамыта оқыту
- Оқушылар енді тапсырманы топ-топ болып орындаймыз. Сендерге мынадай сұрақтар беріледі. 
1-топ:
Повесте қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері суреттелген?
Мысал келтіре отырып әңгімелеңдер?
2-топ:
Шығармадағы нақыл сөздерді тауып, еріп жазыңдар?
Көнерген сөздерді тауып мағынасын түсіндіріп, мысал келтір.
3-топ:
Қазақ аулының тұрмысы, әлеуметтік өмір көрінісі қалай суреттелген? Әңгімеле
V. Бекіту кезеңі
-Олай болса ендігі тапсырма «Жұмбақ сан» тест тапсырмасы 
1. Ж. Аймауытовтың өмір сүрген жылдарын табыңыз
1. 1893-1920
2. 1873-1938
3.1804-1846
4.1868-1910
5.1889-1831
2. Ж. Аймауытовтың романдарын табыңыз
1. Әнші, Елес
2. Күйші, Құлагер
3. Нұр күні
4. Боранды болжаған әулие
5. Ақбілек, Қартқожа
3. Ж. Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» повесіндегі Күнекейдің сүйген жігітін табыңыз?
1. Амантай
2. Байсары
3. Тұяқ
4. Шәмкә
5. Байман
4. Күнекейдің әке-шешесі кімдер екенін табыңыз
1.Шекер Ордабай
2. Айша Әлібек
3. Сұлушаш Шоөан
4. Байбөрі Ботакөз
5. Алпамыс Қарашаш
5. «Күнекейдің жазығы» повесіндегі өзекті тақырыпты белгіле
1. Бұрынғыны аңсау
2. Анаңнан асыл бар ма?
3. Қазақты ояту
4. Әйел теңсіздігі
5. Ашаршылық
Жауабы:
+ + + + = 
-Балалар Ж. Аймауытов ХХ ғасырдың басында қазақ ауылының әлеуметтік шындығын, салт-санасын, әдет-ғұрпын бір сөзбен айтқанда қазақ қызы Күнекейдің тағдарын суреттеген.
-Жарайсыңдар оқушылар
VІ. Қорытындылау
Бүгінгі сабағымызды мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Ф. Оңғарсынованың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Абыройы күнмен жарасқан,
Көкірегінен әсем ән ұшқан.
Мейірін төккен адамға 
Бақытты байтақ даламда.
Тағдырлар талай табысқан, 
Талғамы заңғар заманда. 
Атағы жеткен ғаламға
Елінің ару – қыздары!
Құлпырған гүлдей құздағы
Жұлдызы жанған жерімнің 
Жұлдыздай жарқын қыздары!,-деп сөзімді тәмамдаймын.
VII. Үйге тапсырма.
Қыздарға байланысты мақал-мәтел жазу, оның мағынасын ұғындыру. Құрбы- құрдастарыңа арнап өлең шығару.
VIII. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін бағалау.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Сын есімні? ма?ыналы? т?рлері"

Автор: Ны?ызбаева Гау?ар Болатовна

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195184


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства