63-бет тапсырма Берілген сөйлемнен бірнеше сабақтас құрмалас сөйлем жасап жазу.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
64- бет. Берілген сөйлемнен бірнеше сабақтас құрмалас сөйлем жасап жазу.
III. Үй тапсырмасын бекіту:
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Салалас құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?
Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары қалай байланысады?
Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
IҮ Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақта біз нені білуіміз керек?
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Баяндауыштарының жасалу жолдары
«Сүйкімді достарым» мәтінін оқу.
Сөздікпен жұмыс
Көжектер - кролики
Жемін - корм
Бағып-күтсем - ухаживать
Торда ұстаймын - держу в клетке
Жердің астын қазап - копают под землей
Сыртынан бақылап - наблюдая со стороны
Аяқтарының ұшы - кончики лап
Құйрығы - хвост
Аяғыңды бер - дай лапу
Алысқа лақтыру - кидать далеко
Аяғыма оралып - путаясь под ногами
Маған ата-анам не істеуге рұқсат берді?
Көжектерге не береді?
Көжектерді қайда ұстайды?
Көжектер нені жақсы жақсы көреді?
Олар қандай?
Күшікті кім сыйлады?
Оның аты қандай?
Күшіктің түсі қандай?
Ақтабан нені түсінеді?
Сүйкімді достар деп не үшін атаған?
Өз мысалдарыңды келтіріп, сөйлемді толықтырып айтыңдар.
Менің күнделікті міндетіме ..... жатады.
Үй жинау су тасу тамақ ішу гүлге су құю қоқыс шығару
Ұйықтау от жағу азық-түлік әкелу
Тапсырма. Суретте беріген жан-жануарлар туралы білетіндеріңді айтып беріңдер.
Үлгі: Ат( жылқы) –ірі қара, қазақ халқында қасиетті жануар, ол тек таза су ішеді, өте жүйрік...
Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады. Баяндауышы тиянақсыз бірінші сөйлем бағыныңқы, ал баяндауышы тиянақты соңғы сөйлем басыңқы деп аталады. Мысалы: Алма дәмді болғандықтан, тез сатылып кетті. Қатты жел тұрып, алмалар жерге төгіліп қалды.
Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері
Сабақтас құрмалас сөйлемдер мағынасына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- шартты бағыныңқылы сабақтас;
- қарсылықты бағыныңқылы сабақтас;
- себеп бағыныңқылы сабақтас;
- мезгіл бағыныңқылы сабақтас;
- Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас;
- мақсат бағыныңқылы сабақтас
Салыстыру әдісі
Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды
Биыл қыс суық болғанымен, қар аз жауды
Сабақтас сөйлем мен салалас сөйлемнің айырмашылығын толтыру
Салалас Ұқсастығы Сабақтас
Алғашқы жай сөйлемдері Синтаксис Алғашқы жай сөйлемі
Тиянақты. Тең дәрежеде Құрмалас сөйлем тиянақсыз. Бағына байла
байланысады.Жалғаулық Күрделі ойды білдіреді нысады. Бағыныңқы-
шылаулар,интонация басыңқы.
арқылы байланысады.
Тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңдар. Қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сабақтас сөйлем?
Астыңғы ерні қыбырлап, үстіңгі ерні жыбырлап, Тайбурылға тіл бітті.2.Сен келсең болды. 3. Сырттан құлақ салсақ та ешбір дыбыс естілмеді. 4.Ол өте баяу адам. 5.Әжем баяу адам болғанмен, істің бәрін тындырып істейді.6. Күннің бұзылғанына қарамастан, олар тауға баруға жиналды. 7. Тауға барар жол ауыр болатын сияқты.
Біліммен ой сергіту.
Білімді шыңдау.
Тақтамен жұмыс.
Не ексең, соны .....................
Мезгіл ............., мұз ерір.
Ойнап айтсаң да, ................. айт.
Еңбек етсең .........., тояды қарның ..........
Отан үшін отқа түс, .............
Сын түзелмей, ............. түзелмейді.
Отансыз- ........, ормансыз- .........
8.Досы көппен ......... ,
Досы азбен ............
9.Заттың .......... жақсы,
Достың ......... жақсы.
10.Күлме ........ , келер ........
Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, құрмалас сөйлемнің бағыныңқысын анықтаңдар.
Анама жәрдемім болғандықтан, өзімді жеңіл сезінемін.2. Ол реферат дайындамақ түгілі, шығарма да алмайды. 3. Әкем келген соң, біз жылдам сабаққа отырдық.4. Күн шықпастан бұрын тұрып, тауға жаяу көтерілмекшіміз. 5. Мен сөзімде тұру үшін осы аптада мәтіндерді ағылшын тіліне аударып бітіремін.
Салалас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем
Бұл аз уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті,
адамдар да өзгерді.
Күн батса, тауды қара көлеңке басады.
Далаға киініп шық, әйтпесе суық тиіп қалады.
Біздің отбасымыз демалыс күні бірде тауда болады,
бірде көлге барады.
Білім алуға талпынсаң, бұл да- еңбек.
Көктемде жерді аударып, жеміс ағаштарын
отырғыздық.
Мен компьютермен жұмыс істеп отырмын,ағам мен інім шахмат ойнап отыр.
Біз сабаққа келгенде , мектепте әлі ешкім болмады.
Y. Жаңа сабақты бекіту:
Сабақтас құрмаластың баяндауышы тиянақты бола ма?
А) ия Ә) жоқ
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысы бірінші тұра ма?
А) ия Ә) жоқ
3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тең дәрежеде байланысады ма?