kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?йіспеншілік -?мір ?зегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

         Тынышты? с?ті
Баяу ?уен ты?дай отырып жасау. «Н?р?а б?лену»
Ы??айланып отыры?ыздар, денелері?ізді т?зу ?ста?ыздар. Ая? - ?олы?ызды ай?астырма?ыз. ?олы?ызды тізе?ізге немесе ?стелге ?ою?а болады. К?здері?ізді ж?мулары?ызды ?тінемін.
Елестетіп к?рі?із: К?н н?ры сізді? т?бе?ізден ?тіп, кеуде?ізге ?арай бойлап барады. Кеуде?ізді? орта т?сында г?л т?йнегі орналас?ан. Г?лді? т?йнегі н?рдан баяу ашылып келеді. Бал?ын ж?не таза ?сем г?л сізді? ?р ойы?ызды, ?р сезімі?ізді, эмоция?ыз бен тілек - ?алауы?ызды шайып, ж?регі?ізді? ?ауызын ашты.
Н?р с?улесі сізді? бойы?ыз?а а?ырын тарай баста?анын елестеті?із. Ол біртіндеп к?шейе т?суде. Оймен осы н?рды ?олдары?ыз?а т?сірі?із. Сізді? ?олдары?ыз н?р?а б?леніп, с?уле шашуда. ?олымыз тек жа?сы, ізгі істер істейді ж?не барша?а к?мектеседі. Н?р ая?тары?ыз?а тарады. Ая?тары?ыз н?р с?улесін шашуда. Олар сізді тек жа?сылы? жасау ?шін жа?сы жерлерге апарады. Олар н?р мен махаббат ??ралына айналды.
Одан ?рі н?р сізді? аузы?ыз?а, тілі?ізге тарады. Тілі?із тек шынды?ты ж?не жа?сы, ізгі с?здер ?ана айтады. Н?рды ??ла?тары?ыз?а ба?ытта?ыз, ??ла?тары?ыз тек жа?сы с?з бен ?сем ?уенді ?ана естиді. Н?р к?здерімізге де жетті, к?зіміз тек жа?сы?а ?арап, б?рінен жа?сылы?ты ?ана к?реді. Сізді? басы?ыз т?гелдей н?р?а б?леніп, басы?ыз?а тек ізгі, с?улелі ой келеді.
Н?р бірте - бірте ?ар?ын ж?не ш??ылана бастайды, сізді? дене?ізден шы?ып, жан - жа?ы?ыз?а с?уле шашады. Осы н?рды туыс?андары?ыз?а, м??алімдері?ізге, достары?ыз?а, таныстары?ыз?а ба?ытта?ыз.
Осы н?р б?кіл ?лемге: барлы? адамдар?а, жан - жануарлар?а, ?сімдіктерге, барлы? тірі жан?а таралсын. ?аламны? барлы? т?пкір - т?пкіріне н?р ба?ытта?ыз. Ойша айты?ыз: «Мен н?рлымын. Н?р мені? ішімде. Мен Н?рмын».

- Осындай Н?р, Махаббат ж?не Тынышты? к?йінде отыра т?ры?ыз.
- Енді осы Н?рды ж?регі?ізге орналастыры?ыз. Н?р?а толы б?кіл ?лем сізді? ж?регі?ізде. Оны осындай ?сем ?алыпта са?та?ыз. Жаймен к?зі?ізді ашу?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?йіспеншілік -?мір ?зегі»

Өзін-өзі тану сабағынын жоспары

Мектеп:

Мерзімі: 18.11 .2015

№ 10

Тақырыбы: Махаббат –өмір өзегі

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімшіл болу, жанашырлық, шынайлық

Мұғалім: Балтабаева Замзагуль Кадырхановна

Сынып: 5

Оқушылар саны: 10

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға жақын адамдарға риясыз қызмет ету керектігін түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.

Міндеттері:


  • Оқушыларға жанашырлық, шынайлық туралы және олардын өмірдегі маңыздылығы туралы түсінік беру.

  • Оқушылардың бойындағы шынайлық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

  • Оқушылардың достары мен ата-аналарымен, айналасындағы адамдарға кешірімшіл болуға тәрбиелеу


Ресурстар ( құралдар,мәліметтер)

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезені


Тыныштық сәті
Баяу әуен тыңдай отырып жасау. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.


2. Үй тапсырмасын тексеру.














3.Дәйексөз

«Сүйіспеншілік  — жүректен».

Ш.Құдайбердіұлы

( оқушылыр талдап болғасын 1 рет қыздарға айтқызу 1рет ұлдарға айтқызу .Барлығы 1 рет айтып шығады)



4. Әңгімелеу

Мұғалім сыйы( «Сүйіспеншілік» А.Асылбеков)


Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалады да, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге бірге бармаймыз», - дейді. – Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағы болса – Сәттілік. Менің атым – Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:

- Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар, - деді.

..... Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда, қатты қуанған ол: «Қандай жақсы, қандай жақсы» - деп қайталай берді.

- Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз «Байлықты шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйел: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?» - деді. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келеді: «Негізінде, ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз».

Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық», - деді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары да орындарынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң-таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер......» - деді. Қариялар:

- «Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуіміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек», - дейді. Алтынайдың «неге?» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті:

- «Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз – Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз».


Сұрақтар :

  1. Әңгіме не жайлы айтылады?

  2. Базарға шыққан әйел есіктің артында кімді көрді?

  3. Қариялар өздерің қалай таныстырды?

  4. Қарияның біреуі не деді?

  5. Үй иесімен бірге қандай шешімге келді?

  6. Сүйіспеншіліктің артынан кім ерді, және не себептен?

  7. «Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

  8. Сендер болсаңдар қайсысын шақырған болар едіңдер?



5.  Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


Сүйіспеншілік сезімін кескінінде бейнеле. Гүл күлтешелеріне өз сүйіспеншілігіңді кімге, неге арнайтыныңды жаз. Суреттіңді қиып алып, жақсы көретін адамыңа сыйла. 


6.Топпен ән айту:


( Әр қашан күн сөнбесін)

Күн әдемі, көк әлемі, 
Бұл суреті жас баланың. 
Ақ қағазға салған өзі, 
Жазылған бар сөзі. 

Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін, 
Аспаннан бұлт төнбесін, 
Қасымда болсын мамам, 
Болайын мен де аман. 


Айрылмас дос, айнымас дос, 
Бейбіт өмір керек елге. 
Отыз беске біз келсек те, 
Тұрар жүрек сөз есте. 

Анда солдат, мында солдат, 
Халық оқтан шошынады. 
Сұм соғысты, кан төгісті, 
Болдырмаймыз сәби үшін.



 7.     Үй тапсырмасы.

«Махаббат мәні» А.Самиғоллаұлы .39 бет

Өлеңді оқу барысында оқушылар өмірдегі бар жақсылықтың бастауы махаббаттан басталатынын ұғынады


8.     Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка ырғағымен көздерімізді жұмып,бүгінгі сабақта қандай құндылықтар көргеніміз жайлы жүрегіміздің түбіне сақтап қояйық. Сабаққа қатысқандарынызға көп рахмет.Көздеріңді ашуға болады.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?йіспеншілік -?мір ?зегі

Автор: Балтабаева Замзагуль Кадырхановна

Дата: 20.11.2015

Номер свидетельства: 255740


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства