Міндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, шығармаларындағы айтыс орнын анықтау; зейін қойып тындауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ақынның суреті, өлеңдері
Сабақ түрі: аралас
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру: «Қарасай, Қази» дастаны Мұрат Мөңкеұлы
Жаңа сабақ:
Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматыға жақын Қарақыстақ ауылында туған,1898 жылы 83 жасында қайтыс болды. Сүйінбай Аронұлы қазақ тың ХІХ ғасырдағыкөрнекті ақындарының бірі, ақындық айтыстың ірі өкілі.
Сүйінбай Аронұлы өзінің халықтық, демократиялық принциптерін Жамбыл бастаған шәкірттерінің зердесіне ұялатып, тұтас бір мектеп қалыптастырады. Ол атақ, мансапқа сатылып, ұлықтармен ауыз жаласқан төре-сұлтан, билермен бектерді аяусыз сынап, қазақтың тәуелсіз заманындағы ауызбірлігі мен ерлік, еркіндік сүйген рухының өнеге етуге өзінің даңқты замандастары Махамбет, Дулат, Мұрат ақындармен үндес болды.
Махамбет, Дулат, Мұрат туралы не білесіңдер?(қайталау)
Өлеңдерінің идеясы- елдік, ерлік:
«Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр»
Әділетсіздікке, қиянат көрсеткен атқамінерлерді айыптайтын өлеңдері: «Төрелерге», «Датқалар», «Үмбетәліге»
оқулықтан «Үмбетәліге» үзіндісімен танысу, мәнерлеп қайтара оқу, оқыту.(ұлттық бостандық, әлеуметтік әділдік идеялары туралы әңгімелесу, Махамбет, Дулат, Мұрат поэзиясымен ұқсастығын айта кету)
Сүйінбай мен Жамбыл арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелеу
(ұстаздық, үлкенді сыйлау, білімге ынталану туралы сөйлесу)
Бекіту:
Сүйінбай Аронұлы шығармашылығы туралы не айта аласыңдар?
Сүйінбай Аронұлы кім ?
«Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен » шығармаларында не туралы айтады?
Үйде: Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығын оқып келу